|
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикумТақырыбы: педагогикалық қарым-қатынас – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті ретінде
|
бет | 7/62 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 0,97 Mb. | | #42615 | түрі | Практикум |
| Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы Тақырыбы: педагогикалық қарым-қатынас – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті ретінде
Мақсаты: педагогикалық қарым-қатынасты педагогикалық іс-әрекеттің маңызды бөлігі және мұғалім еңбегінің сәттілігіне қажетті шарт ретінде мәнін анықтау.
Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы және оның мәні. Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы: коммуникативті, интерактивті, перцепциялық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері. Педагогикалық қарым-қатынас кезінде кезедесетін қиындықтар. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері: авторитарлы, либералды, демократиялық қарым-қатынас стилі. Қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері.
Педагогикалық қарым-қатынас құралдары: вербальды қарым-қатынас құралы, вербальды емес қарым-қатынас құралы. Вервальды қарым-қатынас құралы – сөз. Сөйлеу түрлері. Вервальды емес қарым-қатынас құралы: мимика, жест, понтомимика және т.б. Педагогикалық техниканың мәні: өзара әрекеттесу іскерліктері және өзі-өзі басқару іскерліктері. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті. Мұғалім сөзіне қойылатын талаптар
Семинар сабағының жоспары
1. Педагогикалық қарым-қатынас ұғымының мәні
2. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
3. Педагогикалық қарым-қатынас құралдары
4. Педагогикалық техниканың мәні
5. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Семинар сабағына тапсырма:
«Педагогикалық қарым-қатынас», «сөйлеу мәдениеті», «педагогикалық конфликт» ұғымдары бойынша сөздікпен жұмыс.
Тақырып бойынша баяндама дайындау
Әдістемелік нұсқау:
Педагогикалық қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы ролін қарастырыңыз.
Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Педагогикалық қарым-қатынас тақырыбына қатысты терминдерге анықтама беріңіз (қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық техника, педагогикалық такт, педагогикалық техника, сөйлеу мәдениеті және т.б.
Термин атауы
|
Анықтамасы
|
Авторы
|
|
|
|
2. Қарым-қатынас сабақтың "жүрегі" деген пікірді қалай түсінесіз?
3. Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдерін атаңыз, олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз
4. Кестені толтырыңыз. Қарым-қатынас стилдерін салыстырыңыз
|
Авторитарлы қарым-қатынас стилі
|
Либералдық қарым-қатынас стилі
|
Демократиялық қарым-қатынас стилі
|
Жалпы сипаттама
|
|
|
|
Мұғалімнің негізгі іс-әрекеті, қолданатын әдістері
|
|
|
|
Оқушы іс-әрекеті, жағдайы
|
|
|
|
Қарым-қатынас стилінің нәтижесі
|
|
|
|
5. Педагогикалық техника қандай іскерліктерден құралады, олардың мәні неде?
6. Ауызша сөйлеуге сөз дайындаңыз. Мақсаты – педагогикалық техника дайындығын байқау. Мазмұны – жест және мимиканы ескере отырып, белігілі бір тақырыпта сөз дайындау. әдістемелік нұсқау – педагогикалық мәселе бойынша 3 минутқа сөз дайындау. Сөзді дайындауда мимика, жест, позаны ескеріңіз. Сонымен қатар, сөздің мәнері, дауыс дикциясы, тембріне мән беріңіз. Сөзді дайндауда айна алдында отырып дайындалуға болады, ол өзіңіздің сөйлеу барысыңызды сырттай бақылауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|