«ЭТНОПЕДАГОГИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
Тақырыбы: Этнопедагогика ғылым ретінде
Мақсаты: этнопедагогиканы педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде мәнін ашу, оның ғылыми-әдістемелік негіздері туралы білім беру.
Этнопедагогика туралы ұғым. Этнопедагогиканың теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздері. Этнопедагогиканың зерттеу нысаны және пәні. Халықтық педагогика. Халықтық педагогиканың зерттеу нысаны мен пәні. Халықтық педагогика мен этнопедагогиканың өзара байланысы. Этнопедагогикалың оқу пәні ретіндегі негізгі міндеттері мен мақсаттары. Зерттейтін мәселесі. Этнопедагогиканың даму кезеңдері. Этнопедагогиканың зерттеу әдістері. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы: философия, психология, этнопсихология, педагогика, этноргафия, археология, әлеуметтану, лингвистика, әдебиет, тарих және т.б. Этнопедагогиканың негізгі категориялары.
Студенттердің өзІНДІк жұмысыНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАлар:
1. Этнопедагогика пәні, оның негізгі мақсаттарын анықтаңыз.
2. Халықтық педагогика мен этнопедагогика арасында қандай айырмашылықтар бар?
3. Тәрбие және оқу мәселелерін тиімді жүргізу үшін этнопедагогика қандай ғылымдармен тығыз байланыста болуы қажет?
4. Этнопедагогиканың оқыту әдістерін сипаттаңыз.
5. Этнопедагогика ғылымының негізгі категориялары бойынша педагогикалық сөздік әзірлеңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: әдебиеттерді оқу барысында берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Тақырыбы: Ежелгі және орта ғасырлардағы тәлім-тәрбиелік ойлар
Мақсаты: ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ойлар жайлы білім беру.
Көне түрік жазба ескерткіштері: «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк жазбалары». Орхон жазба ескерткіштерін зерттеушілер. Тасқа қашалып жазылған мұралардың маңызы. Жазба ескерткіштердегі тәрбие мәселелері: ерлік, батрлық, бірлік, достық, сыйластық, отбасы тәрбиесі және т.б. «Оғызнама» дастаны – тарихи, әлеуметтік шығарма ретінде. Оғызнаманы зерттеуші ғалымдар. Дастанның тәрбиелік маңызы. Қорқыт ата, оның шығармалары. «Қорқыт ата» кітабындағы қарастырылған мәселелер. Дастанның тәрбиелік маңызы. «Мәңгілік өмір» мәселесі.
Әбу насыр әл- Фараби. Әл-Фарабидің мұралары. Әл-Фараби еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мәселелері. Жүсіп Баласағұни еңбектері, оның тәрбиелік маңызы. «Құтты білік» дастанындағы халықтық тәрбие мәселелері. Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» және Махмұт Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің сөздігі) ұлттық тәрбие мәселелері.
Семинар сабағының жоспары:
Орхон жазба ескерткіштері - «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк жазбалары»
«Оғызнама» дастаны, «Қорқыт ата» кітабы
Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық еңбектері
Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік»
5. Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» және Махмұт Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік» ұстаздық еңбектері
Студенттердің өзІНДІк жұмысыНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАлар:
Қазақстандық этнопедагогикалық ойлардың даму кезеңдерін кестеге толтырыңыз.
Кезеңдері
|
Өкілдері, ескерткіштері
|
Ерекшелігі, сипаттамасы
|
1 кезең
|
|
|
2 кезең
|
|
|
3 кезең
|
|
|
4 кезең
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |