I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет8/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230
Логопедия

1- сурет
1.
көмей қақпашығы; 2. өңеш; 3. кеңірдек; 4. мұрын қуысы; 5. таңдай; 
6. тіл; 7. қалқандық шеміршек. 
Сөйлеу процесі дем алып дем шығаруына тікелей байланысты. Сөз дем 
шығару кезінде пайда болады. Дем шығару кезінде негізгі ауа ағыны газ 
алмастыру қызметінен басқа дауыс шығару мен артикуляция қызметін қатар 
қамтиды Адамның сөйлеген кездегі дем алуы мен дем шығаруы үнсіз 
(сөйлемеген кездегі) отырғаннан өзгеше болады.
Сөйлеген кездегі дем алу-дем шығару процесінің ерекшеліктері: ауыз 
арқылы дем алу; дем шығару процесі дем алу процесі мен салыстарғанда 
ұзаққа созылады (1:20); сөйлеген кезде адам өкпеге ауаны жай кездегімен 
салыстарғанда 4 есе көп жұтады. Демалу фазасы өзгеше болады (демалу 
тоқтау- дем шығару). 
Дауыс шығару бөлігі
дауыс қатпарлары бар көмекейден тұрады. 
Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен 
және жұмсақ еті бар сақиналардан құралған кең де қысқа түтікше. Көмекей 
мен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын 
қалқанша орналасқан. Соның арқасында жұтқан тамақпен сілекей көмекей 
қуысына түспейді. Көмекейдің ішіндегі кілегей қабығының қатпарлары шын 
дауыс перделерінен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс пердесінен 
тұрады.


18 
Ер адамдардың көмекейі әйелдерге қарағанда ірі, ал дауыс перделері 
ұзын және жуан болады. Әйел адамның дауыс перделерінің ұзындығы 
мөлшермен 18-20 мм. болса, ер адамдарда ол 20-24 мм. болады. Қыз және ұл 
балаларда пубертатты (жыныстық жетілу) кезіне дейін көмейкейдің 
құрылымы мен көлемінде айырмашылық байқалмайды. 
Балардың көмекейі өте кішкентай болып келеді және әр кезеңде әр 
қалай дамиды. Оның қарқынды дамуы 5-7 жас аралығында, содан кейін–
пубертатты кезеңде: қыздарда – 12-13 жаста, ал ұлдарда – 13-15 жаста 
байқалады. Осы кезде көмекей өлшемі қыздарда 1/3, ал ұлдарда 2/3 – ге 
өседі, дауыс перделері ұзарады. 
Ерте жастағы балалардың көмекей формасы шұңғыма тәрізді болады. 
Бала өскен сайын оның формасы бара-бара цилиндр формасына 
жақындайды. 
Дауыс перделері көмекей саңылауын түгелге жуық жауып тұрады. Жай 
тыныс алу кезінде дауыс перделері аралығы кең ашылған күйде және тең 
бұйірлі үшбұрыш тәрізді болады. Дем алу және дем шығару кезінде ауа кең 
ашылған дауыс пердесі аралығынан дыбыссыз өтеді. 
Адамның дауысы (фонация) қалай шығады? 
Фонация кезінде дауыс перделері жабық күйде болады. Дем шығарғанда ауа 
бір–біріне жақын тұрған дауыс сіңірлерінің арасынан өтіп, оларды 
ажыратады. Көмекей бұлшық еттерінің жиырылуы арқылы дауыс перделері 
қайтып өз орнына келеді. Дауыс перделерінің арасының осылайша ашылып-
жабылуы сыртқа шығатын ауаның қысымы біткенше созылады. Осылайша 
фонация кезінде дауыс перделері шиеленіседі және тербеліс қимылдар пайда 
болады. Дауыс сіңірлерінің осы тербеліс қимылдары дыбыс толқындарын 
тудырады. Сөйлемеген кезде дауыс перделері ашық болады (3 сурет). 
Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс перделерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа 
түседі. Дауысты және үнді дыбыстарды айтқан кезде дауыс перделері жабық, 
ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда олар ашық күйде болады. 
Сонымен, фонация кезінде дауыс перделері тербеліске түседі. Бұл 
тербелістер бойлық емес, көлденең бағытта болады, яғни дауыс перделері 
төмен және жоғары қарай емес, іштен сыртқа қарай қозғалады.
Адамның дауысы күшіне, жіңішке-жуандығына және тембіріне қарай 
бөлінеді.
Дауыстың күші көбіне дауыс перделерінің қозғалу амплитудасына 
(қарқынына) байланысты. Ол ауа ағымының қысымымен, яғни дем шығару 
күшімен белгіленеді. Сонымен қатар дауыс күшіне дыбыс күшейткіш болып 
табылатын жұтқыншақ, ауыз және мұрын қуысы да әсер етеді. 
Резонаторлық қуыстың формасымен көлемі және көмекейдің құрылымының 
ерекшеліктері дауыстың дара реңкіне немесе тембріне әсер етеді. Адамдарды
дауысынан дәл осы тембріне қарай ажыратуға болады. 
Дауыстың жіңішке-жуандығы дауыс перделерінің қозғалуының жиілігіне 
және дауыс перделерінің ұзындығына, жуандығына және керілу дәрежесіне 
тікелей байланысты. Дауыс перделері неғұрлым ұзын және кернеу аз 
мөлшерде болса, соғұрлым үн дыбысы төмен болады. 


19 
 
Артикуляциялық бөлім.

Артикуляциялық аппараттың құрамына
 
ауыз және мұрын қуыстары 
мен жұтқыншақ кіреді. Артикуляция мүшелері белсенді – қозғалмалы (тіл, 
жұмсақ таңдай, ерін, төменгі жақ сүйектері) және енжар – қозғалмайтын 
(қатты таңдай, жоғарғы жақ сүйектері, тістер) мүшелер болып бөлінеді (2-3 
сурет). 
Тіл-артикуляцияның негізгі мүшесі болып табылады. Тіл–көлемді, 
сіңірлері жоқ бұлшық етті мүше. Жақ сүйектері қабысқан кезде ол бүкіл ауыз 
қуысын толтырады. Тілдің алдыңғы бөлігі қимылды, артқы бөлігі тіл түбірі 
деп аталады. Тілдің қимылды бөлігінің ұшы, алдыңғы және бүйір жақтары, 
тіл
арқасы (2 сурет). Тілде сөйлеу кезінде әр түрлі міндет атқаратын көптеген 
бұлшық ет топтарын ажыратуға болады. Мысалы, тіл үшы, тілдің бүйір 
бұлшық еттері, тіл арқасы, тіл түбірі бұлшық еттері, т.б. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау