I теоретические основы логопедии


-бөлім ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет156/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   230
Логопедия

14-бөлім

ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ 
Жазбаша сөйлеу тілі ұғымына оқу мен жазу кіреді. Жазу-бұл графикалық 
элементтердің көмегімен информацияны қашыққа жіберіп сөйлеу тілін 
белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі арқылы қатынас 
жасаудың ерекше түрі. 
А. Р. Лурия оқу импрессивтік сөйлеу тілінің ерекше түрі, ал жазу 
экспрессивті сөйлеу тілінің ерекше түрі деп сипаттайды. Жазбаша сөйлеу тілі 
ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасады. Дегенмен, екеуінің арасында 
айырмашылықтар болады: 
- ауызша сөйлеу тілі бір жаста, ал жазбаша сөйлеу тілі 5-6 жаста 
қалыптасады; 
- ауызша сөйлеу тілі үлкендермен қатынас үдерісінде пайда болса, жазбаша 
сөйлеу тілі саналы түрде, оқыту процесінде қалыптасады; 
- жазбаша сөйлеу тілінде күрделі пунктуациялық ережелер жүйесін 
қолданады; 
- жазбаша сөйлеу тілінде эмоционалды қатынас түрлері (мимика, жест, т.б) 
қолданбайды; 
- оқушыға немесе тыңдаушыға түсінікті болу үшін хабарланатын ақпарат 
толық, нақты болу керек. Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу 
тілінің бұзылуының (ЖСТБ) білдіретін әр түрлі терминдер қолданады: 
жазудың жартылай бұзылуы – дисграфия; жазудың мүлдем қалыптаспауы – 
аграфия; оқудың жартылай бұзылуы – дислексия; оқу дағдыларының мүлдем 
болмауы – алексия; орфографиялық біліктілігі мен дағдыларын менгере 
алмауға байланысты жазудағы тұрақты кездесетін қателер – дизорфография 
деп аталады. 
ЖСТБ-н атап айтсақ, дисграфия мен дизорфографияны ажыратудың 
негізгі критерийлері сауатты жазудың принциптері болып табылады. Жалпы 
орфографияда негізгі үш принцип белгілі: 
фонетикалық, морфологиялық, 
дәстүрлі. 
Фонетикалық принциптің
негізінде дыбыстық талдау жатыр. Сөз қалай 
естілсе, айтылса солай жазылады (бас, шана, т.б.). 
Морфологиялық принцип
бойынша айтуына қарамастан морфемдегі 
(түбір, жұрнақ, жалғау) әріп белгісі тұрақты сақталады. Морфологиялық 
талдау деңгейі сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының 
дамуымен тығыз байланысты болады. 
Дәстүрлі
принципте
сөздің ескі тарихи жазылуы сақталады. Мектеп 
тәжірибесіне ол сөздер «сөздік сөздер» деп аталады. 
Орфографиялық принциптерді ескере отырып дисграфия фонетикалық 
принциптің, ал дизорфография морфологиялық, дәстүрлі принциптердің 
қолдануының бұзылуынан деп тұжырымдауға болады. 
Жазу үрдісінің психофизиологиялық құрылымы 


321 
Жазбаша сөйлеу тілі сөйлеу тіл іс-әрекетінің күрделі түрі және көп 
деңгейлі үрдіс болып табылады. Оған түрлі анализаторлар қатысады: 
сөйлеу- 
есту, сөйлеу-қимыл-қозғалыс, көру, жалпы қимыл-қозғалыс.
Олардың 
арасында жазу үрдісі кезінде өзара шартталған тығыз байланыс орнайды. 
Жазбаша сөйлеу тілін менгеру есту және дыбыс айту қасиетінің, көрінетін 
және жазылатын сөздің арысындағы жаңа байланысын орнату сипатынан 
тұрады, өйткені жазу үрдісі төрт анализаторлардың: сөйлеу қимыл-
қозғалысты, сөйлеу-есту, көру және қимыл-қозғалыстардың бірлескен 
жұмысымен қамтамасыздандырылады. 
Сөйлеу тілінің қысқа бірлігі, осыған сәйкес шартты түрде келесі бейне 
бойынша көріністе болуы мүмкін: 
Бұл үрдістің құрылымы дағдыны меңгеру кезеңіне, жазу міндеттері мен 
сипатына байланысты. Жазу ауызша сөйлеу тіл үрдісімен тығыз байланысты 
және тек оның дамуының жеткілікті жоғарғы деңгейі негізінде іске 
асырылады.
Үлкен адамның жазуы жатық машықтандырылған, сондықтан осы 
дағдыны меңгерген баланың жазуынан ерекшелеу болады. Үлкен кісінің 
жазуы – мақсатталған іс-әрекетті, мағынаны жеткізу немесе оны 
фиксациялау. Оның жазу үрдісі тұтастықпен, байланыстылықпен 
сипатталады, синтетикалық үрдіс болып табылады. Жазу үрдісі 
машықтандырылған және екі жақты бақылау: кинестетикалық және көру 
бойынша жүреді. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау