318
Буындарды қатты, жетік айтуын үйренгеннен кейін 5 жаттығуды орындауға
көшеді.
5-
жаттығу
.
и
дыбысымен дауыстыларды айтып жаттықтыру.
Дыбыс азғантай шумен айтылады, дауыс қатпарлары тербеледі.
j дыбысының үлкен импедансы және дауысты дыбыстардың қатты атакада
айтылуы дауыс қатпарларының қабысуына әсер етеді. Дауысты дыбыс
қысқа, қатты айтылуы тиіс, ал
и
— ұзақ айтылуы керек:
аи... яй..., ой... ей...,
уй... юй..., эй... ей...
Кейін үнді дыбыс шығып, қалыптасқананан кейін кинестезияларды бекіту
үшін тыныс алу мен дауыс шығаруды үйлестіру қажет. Ол үшін 1, 2, 3, 4,
және 5 дауысты дыбыстар тіркесін бір демде айтқызу керек.
6-
жаттығу
. Дыбыс тіркестерін дыбыстап айт:
а, ао, ау, аэ, аи, аоу, аоэ, аои,
аоуэи, аоуи, т.с.с.
Алғашқыда дыбыс тіркестері логопедтен кейін, содан соң өз бетінше
айтқызылады. Егер жаттығулар қиналмай, жеңіл орындалса, дауыс
шаршағаны байқалмаса, дауыс қатты және жарқын шықса, сабақтың бұл
кезеңі аяқталды деп санауға болады.
Буындық және дыбыстық жаттығулар аяқталғаннан кейін дауысты
қалпына келтірудің машықтандыру кезеңі басталады. Ол үшін ашық буыннан
басталатын сөздер іріктеліп, алынады —
ма, мо, му, мэ, мы
. Мата, маса,
мақал, мысық сияқты сөздер айту кезінде жоғарғы резонатор іске қосылып,
дыбыстауға қолайлы жағдай туындайды. Ары қарай сөйлемге, өлең және
прозаны оқуға көшеді. Оқытудың соңғы кезеңінде сөйлеу материалы
фонетикалық принцип бойынша емес, адамның жасын және қалауын ескере
отырып іріктеледі.
Сөйлеу материалымен вокалды жаттығулар да қатар жүреді. Қалпына
келді деп сөйлеу кезінде тыныс алуы ұйымдастырылған, тамағында
ешқандай жағымсыз сезім жоқ кезде қатты, үнді дауысты санауға болады.
Оториноларингологиялық тексеру кезінде көмейдің сау жағының
компенсациясына байланысты дауыс қатпарларының қабысуы және
салданған
жақтағы
дауыс
қатпарларының
тербелісі
байқалады.
Глоттография арқылы дауыс қатпарларының біркелкі тербелісінің анық
көрінетін фазаларын көруге болады.
Логопедиялық-түзету жұмысы 2-4 айға созылады. Түзету жұмысының
ұзақтылығы бұзылыстың күрделене және сабақ бастау мерзіміне байланысты
болады. Дауысты қалыптастыруды ерте бастаған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: