Дисфония
(«dis» -
бұзылу, «phone» - дауыс) – жарым-жартылай дауыс бұзылуы, осы кезде
афониядан айырмашылығы дыбыс шығаруы сақталынып, бірақ ерекше
тембр, әлсіздік немесе үзілмелілікпен сипатталады.
Дауыс аппаратының әр түрлі ауруларына байланысты дауыстың
бұзылуы ересектерде де, балаларда да кездеседі. Бірақ дауыс
функцияларының бұзылуы балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша созылмалы ларингиты бар балалар саны
көбеюде. Оқушыларды өзіндік жұмысқа тарту, гигиеналық тәртібін сақтамай
дауыс жүктемесін көтеру дауыс патологиясына әкеледі. Дер кезінде көмек
алмаған балаларда дауыс аппараты тұрақты олқылыққа ие болады.
Болашақта бұл мамандық таңдауға әсер етеді, әр түрлі дауыс функциялары
бұзылған адамдардың санын толықтырады.
Ю. С. Василенконың (1983) мәліметтері бойынша он мың қала
тұрғындарының үшінде 60 дауыс аппаратының созылмалы ауырулары бар
адамдар екен, ал дауысқа және сөзге қатысы бар мамандар дауысы бұзылған
308
адамдардың 30-40 % құрайды. Әсіресе дауыстың бұзылуы мұғалімдер мен
тәрбиешілер арасында жиі кездеседі.
Дауыс патологиясын және оны қалпына келтіру тәсілдерін зерттеу
логопедияның қарастыратын мәселесінің бірі болып табылады. Соңғы
жылдары дауыс аппаратының бұзылыстарына педагогикалық ықпал ету
аймағы кеңейіп, фонопедия деп аталды.
Фонопедия — арнайы жаттығулар арқылы көмейдің жүйке-бұлшық ет
аппаратын белсендендіруге және координациялауға, тыныс алуын және
тұлғасын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал кешені.
Бұл дауыс
шығарудың физиологиясына, логопедияның негізгі дидактикалық және
методологиялық қағидаларына негізделген педагогикалық процесс.
Шеткі табиғи (органикалық) бұзылуы дауыс шымылдықтарының
фибромасы, папилломасының болуы кезінде туындайды, бұл олардың тығыз
емес қабысуына әкеліп соғады. Дауыс қарлыққан түр алады, одан да ауыр
жағдайларда афония дамиды.
Сонымен,
дауыс бұзылуына жататындар: афония, дисфония, фонастения.
Дауыстың бұзылуының себептері, механизмі және классификациясы
Дауыс бұзылуының себептері алуан түрлі: көмей, мұрын қуысы мен
жұтқыншақтың қосылған жерінің, өкпе, бронх және кеңірдек, жүрек және
жүрек-тамыр жүйесінің ауырулары, дауыс гигиенасын ережелерін сақтамау,
есту қабілетінің төмендеуі. Аталған этиологиялық факторлар дауыстың
органикалық және функционалды бұзылыстарына соқтырады. Бірақ дауыс
бұзылуының осы түрлерінің арасында шек қою өте қиын. Органикалық
бұзылыстың алғашқы симптомы көмей функцияларының жартылай бұзылуы
және жеңіл түрде қырылдауы болуы мүмкін, ал функционалды бұзылыстар
көмейдің ауыр органикалық өзгерістерінің, тиісінше дауыстың созылмалы
бұзылыстарының себебінің бірі болуы мүмкін.
Дауыстың бұзылуы орталық және шеткі (перифериялық) болып
бөлінеді. Бұның әр қайсысы органикалық немесе функционалды болуы
ықтимал. Бұзылыстардың көпшілігі жеке бұзылыс болып келеді. Олардың
себептері тек дауыс аппаратының әр түрлі өзгерістерінің немесе
ауруларының пайда болуына байланысты. Бірақ, олар басқа да күрделі тіл
кемістіктерімен бірге жүруі мүмкін (афазия, ринолалия, дизартрия, тұтықпа
кезінде).
Дауыс
бұзылуының
механизмі
көмейдің
жүйке-бұлшық
ет
аппаратының өзгеруінің сипатына, бәрінен бұрын дауыс перделерінің
қозғалуы және тонусына байланысты болады. Ол гипо- немесе гипертонус
түрінде байқалады. Екеуінің тіркесуі сирек кездеседі.
Дауыстың органикалық бұзылысы.
Дауыс аппаратының созылмалы
асқыну процестерінің немесе анатомиялық өзгерістерінің салдарынан пайда
болған дауыс патологиясын органикалық бұзылыс деп есептейді.
309
Перифериялық органикалық бұзылыстарға созылмалы ларингиттер, көмейдің
парезі мен салдануы, ісікті сылып тастау кезіндегі афония мен дисфониялар
жатады. Дауыс ақаулығы ауырудың түріне емес, оның ауырлығына
байланысты болады. Көмейдің шала және толық салдануымен байланысты
дауыс бұзылуы көмейдің төменгі немесе қайтару жүйкесінің инфекциялық
зақымдалуынан немесе жарақаттануынан пайда болады. Көмейдің орталық
парезі мен салдануы бас ми қабығының, сопақша мидың, өткізгіш
жолдарының зақымдалуына байланысты болады. Балаларда балалар сал ауру
кезінде кездеседі. Көп жағдайда ісіктер және оларды сылып тастағаннан
кейінгі жағдай (адамның халі) дауыстың органикалық бұзылыстарының
себебінің бірі болып келеді. Ересектер мен балаларда зарарсыз ісіктер
қатерлі ісіктерге қарағанда жиі кездеседі. Ісіктердің дауыс қатпарларында
оқшаулану кезінде бірте-бірте ісіктің өсуіне қарай дауыс патологиясы пайда
болады. Көптеген папилломалар балаларда жиі кездеседі. Олар бүкіл көмейде
жайылуы мүмкін және оларды алып тастағанның өзінде қайталануы (рецидив
беруі) ықтимал. Кең таралған папилломатоз және қайта-қайта жасаған
операциядан кейін пайда болған берішті өзгерістер тыныс алу мен дауыс
шығарудың ауыр бұзылыстарына соқтырады. Бұл дерттің этиологиясы мен
патогенезі әлі де белгісіз. Ерте пайда болған папилломатоз тыныс алу және
дауыс функцияларының бұзылуымен бірге баланың сөйлеу тілі
қалыптасуына және тұлғасына кері әсер етуі мүмкін. Қатерлі ісіктің кесірінен
көмейді мүлдем алып тастау адамды дауысынан айырады және тыныс алу
функциясын күрт бұзады, өйткені кеңірдек пен көмей байланыссыз қалады.
Жоғарыда аталған дауыс бұзылулары созылмалы түрлеріне жатады
және өз бетімен жойылмайды.
Дауыстың бұзылуы сөйлеу тілі жүйесінің қалыптасуына әсер етпейді.
Тек ерте жастағы ауыр патологиялары сөйлеу тілі дамуына кері әсерін
тигізеді. Бұндай жағдай сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін пайда болған көптік
папилломалары және көмейдің берішті стенозы бар балаларда байқалады.
Қайта-қайта жасаған операциялар, дауыстың жоқтығынан табиғы
жолдармен тыныс алудың бұзылуы баланың соматикалық әлсіреуіне әкеледі,
сонымен қатар оның сөйлеу тілі және психикалық дамуының тежелуінің,
ерік-жігер аймағының ауытқуларының себебі болуі мүмкін. Балалар
өздерінің олқылықтарын сезінеді, оларда тұйық, ұшқалақ, ерке мінез пайда
болады. Бұндай балалар қатынасқа әзер түседі. Олар дыбыс айтуды әзер
меңгереді, сөздік қоры кедей болады. Осыған байланысты балалардың
мектепте ойдағыдай оқуы шамалы. Дауыс бұзылудың жеңіл түрлерінде
балалар өздерінің күйіне жай қарайды. Кейбір балалар өз ақауына сын көзбен
қарап, оны жоюға тырысады. Басқалары өз олқылықтарын сезбейді,
сондықтан дауысының өзгеруіне немқұрайды қарайды.
Ересектер дауысының бұзылуын қатты ұайымдайды. Бұның бірнеше
себебін атауға болады: тұлғалық ерекшеліктері; өзінің күйін дұрыс
бағаламау; дауыс бұзылуының ұзақтылығы және емнің нәтижесіз болуы;
еңбек қызметіндегі дауыстың орны.
310
Перифериялық органикылық бұзылыстарға
Достарыңызбен бөлісу: |