I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет148/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   230
Логопедия

 алғашқы, негізгі, соңғы.
Алғашқы кезеңде
дауыс перделерінің болымсыз қызаруы (гиперемиясы) 
байқалады. 
Негізгі кезеңде
бүкіл көмейдің гиперемиясы, кейбір жағдайда 
дауыс перделерінің артқы үш бөлігінің тең бүйірлі үшбұрыш тәрізді 
(«мутациялық үшбұрыш») қабыспауы байқалады. Дауыс перделерінің 
синхрондық және асинхрондық тербелістері байқалады. Бұл көмейдің 
сыртқы және ішкі бұлшық ет қызметтерінің, тыныс алудың және дауыс 
шығаруының үйлесімінің бұзылуын көрсетеді.
Мутацияның 
соңғы кезеңі
ересек адамның дауыс шығару механизмін 
бекітеді.
Мутациядан 
кейінгі кезеңге
жетіліп болмаған дауыс аппаратының 
жарақаттанғыштығы, дауыс шаршағыштығы тән болады. Бұл кезең бірнеше 
айға созылады, осы кезде дауыс диапазоны кеңейіп, дауыстың жеке тембірі, 
күші, жоғарлығы анықталады. Логопед дауыс аппаратының құрылысы мен 
қызметін білуі тиіс, әр түрлі жастағы балалардың көмейінің анатомиялық 
және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Мутация кезінде дауыс 
тәртібін сақтау жеке орнатылады. Мүлдем үндемеу тәртібі тек көмейдің 
шырышты қабығының ісінуі кезінде ұсынылады. Мутация кезінде 
жасөспірімнің дауыс аппаратын сақтау қажет. Сөйлеу жүктемесі орташа, 
дауысына күш түсірмеу керек. Дауыс тәртібін сақтамаған жағдайда көмейдің 
ішкі бұлшық ет қызметінің тұрақты бұзылуы орын алуы мүмкін.
Мутация кезеңін жеңілдету үшін жасөспірім организмін шынықтыру, 
денеге түсетін ауырлығын мөлшерлеу, демалысы мен еңбек жүктемесін 
дұрыс бөлу пайдалы.
Дауыс аппаратының қызметі мен адам организмінің қалыптасу және 
сенімді қызмет атқару кезеңі
дауыс шығару механизмінің тұрақтылығымен, 
кең дауыс диапазонымен, ең жоғары күш және интонациялық 
мүмкіндіктерімен сипатталады.
Бұл кезеңде де дауыс аппаратының функционалды қалпына әсер ететін 
жеке физиологиялық функцияларының өзгерістері байқалуы мүмкін. 
Көбінесе олар гармонды статусқа байланысты болады (қалқанша безі,
бүйрек 
үсті безі, гипофиз гармондары). Қалқанша безі гармондарының балансы 


307 
бұзылған кезде ауырудың алғашқы белгілерінің бірі дауыс сапасының 
бұзылуы болады. Қалқанша безінің функциясының жоғарлау жағдайында 
дауыс тембрінің және жоғарлығының аяқ астынан өзгеруі, тез шаршап қалуы 
айқын көрінеді. Ал қалқанша безі гармондарының деңгейі төмендеген кезде 
дауыс диапазонының тарылуы байқалып, артық шулар пайда болады, дауыс 
бәсең тонға ие болады. Сөйлеу тілі баяу, дауыс ырғағы кедей болады. Бүйрек 
үсті безі қызметінің төмендеу кезінде сөйлеу шаршағыштығы, дауыс күшінің 
күрт төмендеуі (афонияға дейін баруы мүмкін), бұл қызметінің жоғарлау 
кезінде әйелдерде варилизация белгілері (дауыстың еркектерге тән тембрі) 
байқалады. 
Басылу кезеңі
(60 жас және одан жоғары) – дауыс аппаратының барлық 
функционалды мүмкіншіліктерінің төмендеуімен сипатталады. Мұндай 
төмендеу жүйке импульстарының өтуінің жас ерекшелігіне байланысты 
өзгеруінің (жүйке қоздырғыштардың жылдамдығының төмендеуі және нерв 
процестерінің қозғалғыштығының шектелуі), дауыс бұлшық еттерінің 
солуының, өкпенің тыныс алу көлемінің азаюының салдарынан пайда 
болады. Кәрілік дауыс акустикалық жағынан төмен диапазонмен, тұрақсыз 
тембрімен, «салдырлаған», «жарықшақтанған» тонымен, төмендеген 
күшімен сипатталады. Бірақ дауысты кәсіби әрекетте белсенді пайдалану 
(актерларда, педагогтарда, вокалистерде) кезінде дауыс аппаратында жас 
ерекшелігіне байланысты айқын өзгерістер байқалмайды. 
Дауыс бұзылуының түрлері 
 
Дауыстың бұзылуы
– дауыс аппаратының патологиялық өзгерістеріне 
байланысты фонацияның бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Дауыс 
патологиясын негізгі екі терминмен атайды:
афония
(грекше «а» - теріс 
мағыналы қосымша, «phone» - дауыс) – сыбырлап сөйлеу сақталғанның 
өзінде де дауыстап және қатты сөйлеуге қабілетсіздік. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау