I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет145/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   230
Логопедия

Моторлы апраксия
осы бұзылыстардың ең ауыр түрі. Спонтанды, еліктеу 
әрекеттері де бұзылған болады. Қарапайым күнделікті пайдаланатын 
әрекеттер 
ұмытылып 
қалады. 
Идеомоторлы 
апраксия
еліктеуіш 
әрекеттерінің сақтаулы болуымен, қарапайым әрекеттердің, олардың 
реттілігінің бұзылыстарымен сипатталады. 
Конструктивті апраксияда
ауызша және жазбаша нұсқаулар бойынша конструктивті әрекеттерді 
орындауы мүмкін емес. 
Кеністік арақатынастық
апраксияда тұрған 
орнында бағдарлау мүмкіншілігі болмайды. 
Графикалық апраксияда
әріптердің графикалық бейнесін елестету қабілеті жоғалады. 
Оральді 
апраксия
- есту және еліктеу арқылы жеке фонемаларды айту кезінде тілдің 
үйреншікті қимылдарының бұзылуы. Апраксиялар сөйлеу тілін қайта 
қалпына келтіруіне кедергі болады.
Динамикалық афзияны педагогикалық-түзету
жұмысы 
 
Динамикалық афазияны түзету жұмысының негізгі міндеті – ішкі сөздік 
бағдарламалауының ауытқуларын жою.
Науқасқа әр түрлі белгілері бойынша заттарды топтастыруға арналған 
(көлік, киім, ыдыс, жиһаз, ағаштан, темірден, шыныдан жасалған заттар,
дөңгелек, шаршы, т.с.с.); тура және кері санау тапсырмалары беріледі. Ішкі 
сөздік бағдарламалауының ауытқуларын жою үшін науқасқа арналған 
сөйлеуінің бағдарламасы құрастырылады. Бұл кезде науқастың сөйлеуі 
сыртқы сүйеуді (сұрақтар, сөйлемнің үлгілері, текшелер) қолдану арқылы 
мүмкін болады. Бірте-бірте бұл сүйеніштер қысқыртылып, «ішке» 
жинақталады. Науқас сұқ саусағын бір текшеден екінші текшеге қарай 


302 
жылжыта отырып, біртіндеп сюжетті сурет бойынша сөйлеуін өрістетеді, 
соңында фразаларды сыртқы сүйеніштерді пайдаланбай айтатын болады.
Сөйлеуін өрістетуге сабақта қарастырып жатқан сюжетті сурет немесе 
ситуация бойынша қойылатын сұраққа кіретін сөздер көмектеседі. Мысалы,
«Бүгін қайда барасыз?» деген сұраққа — науқас: «Мен киноға барамын» 
немесе «Мен шаштаразға барамын» деп жауап береді, яғни ол бір-ақ сөз 
қосады. Сөйлеудің құрамын қалыптыстырудің басқа тәсілі - сүйеніш сөздерді 
пайдалану болып табылады. Олар арқылы науқас сөйлем құрастырады. Бара-
бара сөйлем құрастыру үшін ұсынылған сөздердің саны бес-алтыдан 
қысқарады. Науқас өз қалауы бойынша сөздерді керекті грамматиткалық 
формада қолданады. Динамикалық афазияда көбінесе фразаларды емес, 
мәтінді құрастыруда бұзылыстар кездеседі. Сондықтан сыртқы сүйеніштер 
ретінде суреттер сериясы пайдаланылады.
Динамикалық афазияда сөйлеудің енжарлығы жойылып, сөйлеу 
бастамасының жоғарлауына мүмкіндік жасайды. Ол үшін науқасқа ауызша 
түрде логопедтің өтінішін біреуге жеткізуді сұрайды, т.с.с. Сөйлеу белсендігі 
арнайы сөздік сахналау жағдайларын жасау үдерісінде арта түседі. Бұл кезде 
диалог жүргізуде жетекші рөл науқасқа беріледі. Диалог тақырыбы 
науқаспен алдын ала талқыланып қойылады. Оған әңгіме кезінде қолануға 
болатын сұрақтар, басты сөздер және жоспар беріледі. Сөйлеу белсендігін 
ынталандыру сабағында дәрігермен, қонақта, дүкенде, дәріханада мүмкін 
болатын әңгімелер сахналанады.
Динамикалық афазияның жеңіл түрінде мәтіннің мазмұнын айтып беру 
ұсынылады. Алғашқыда жайылмалы сұраулар тізімі бойынша, кейін мәтіннің 
жеке абзацтарына қойылған басты сұрақтар көмегімен, соңында жоспарға 
сүйене отырып, оқығанды қайта айтып беруі қажет. Сонымен қатар науқас өз 
бетімен мәтін бойынша алғашқыда толық, кейін қысқаша жоспар құруды 
үйренеді. Соңында алдын ала жоспар құрып, оған қарамай мәтінді қайта 
айтып беретін болады. Сонымен, оқығанды қайта айтып беру кезінде 
жоспардың итериозациясы пайда болады.
Динамикалық афазияның ауыр түрінде күн бойы болған әр түрлі 
оқиғаларды талқылау арқылы ситуативті сөйлеу тілін түсінуін қалпына 
келтіру жұмысы жүргізіледі. Содан кейін логопед науқастың назарын жаңа 
тақырыпқа аударады. Мысалы, 
жақында оған кім келді

Экспрессивті, ауызша сөйлеу тілін қалпына келтірумен қатар мәтін 
ішінде тастап кеткен көмекші сөздерді, етістіктерді, үстеулерді қалпына 
келтіру жұмысы жүргізіледі. Сүйеніш сөздермен сөйлемдер, мәтін бойынша 
сұрақтарға жауаптар құрастырылып жазылады, сюжетті суреттер арқылы 
шығармалар, зейнетақы алуға сенімхат, өтініш, таныстарына хаттар 
жазылады және т.с.с.
Көп жағдайда педагогикалық-түзету жұмысының нәтижесі логопед пен 
науқастың қажырлылығына байланысты болады. 
 
Қорытынды 


303 
Афазияға шалдыққан адамдармен сөйлеу тілі қызметін қайта қалпына 
келтіру кезінде алдын ала сөзсіз жұмыс жүргізу қажет, педагогикалық-түзету 
жұмыс мәселесін шешу барысында «айналма» жол пайдаланған жөн.
 
Афазиялық бұзылыстың жүйелі сипатына байланысты жұмыс сөйлеу тілінің 
барлық компоненттерін қамтиды. Жұмыс барысында афазияның барлық 
түрлерінде әр сөйлеу функциясының бұзылу ерекшелігі ескеріліп 
отырылады. Афазия кезінде сөйлеу тілін қайта қалпына келтіруде нақты 
перспективті мақсат қойылып, науқастың жеке ерекшеліктері мен 
мүмкіндіктеріне сәйкес жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіледі. Афазияның 
барлық түрлерінде сөйлеу тілін қалпына келтіру бағдарламалары 
дифференциалды түрде болады. Бірақ инсультан кейін, алғашқы кезеңде 
сөйлеу тілінің мағыналық жағының екіншіреттік бұзылыстарын жою үшін 
ұқсас әдістемелік тәсілдер қолданылады.

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау