I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет144/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   230
Логопедия

кесені қой, кесені 
төңкеріп қой, т.с.с. 
Динамикалық афазия 


300 
 
Динамикалық афазия Брока орталығының алдыңғы жағында 
орналасқан ми орталықтарының және қосымша сөйлеу «Пенфилд 
аймағының» зақымынан пайда болады. Динамикалық афазия сөйлем 
деңгейіндегі тілдің бұзылуымен, сукцессивті сөйлеудің (бөлшектеніп 
орындалатын талдау мен жинақта) бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда 
сукцессивті сөйлеу – сөйлем мағынасын білдіретін бір сөзбен жеткізілген ой.
Сукцессивті сөйлеудің қалыптасуы іштей сөйледің деңгейінде іске асады. 
Бұл жағдайда алдымен сөйлеудің семантикалық, синтаксистік және 
грамматикалық схемасы құрастырылады, кейін сөйлемнің қажетті 
динамикалық мағынасы, сөздің керек мәні таңдалады. Іштей сөйлеу 
деңгейінде сөйлеудің психологиялық бағдарламалауы, кейін психологиялық 
бағдарламалаудың (сөйлеудің мазмұнының, өзіндік синтаксисінің, жалпы 
маңыздар мен мәнінің) сыртай сөйлеудің құрылымдық формаларына қайта 
құрылуы іске асады. Бұның бәрі жалпы және вербальді белсендікті қажет 
етеді. Динамикалық афазияда дәл белсенді психологиялық бағдарламалау, 
бәрінен бұрын сөйлемнің динамикалық схемасын белсенді түрде құру 
процестері бұзылады.
Сонымен, динамикалық афазияда сөйлеу тілінің орталық бұзылуының 
негізінде іштей сөйлеудің бұзылуы жатыр, әуелі оның предикативті 
жағының бұзылуы. Орталық ауытқу – белсенді, өнімді сөйлеудің бұзылуы, 
белсенді сөйлеудің мүмкін еместігі.
Клиникалық көрінісінде бұл ауытқу келесі жағдайларда көрінеді: 
1) 
Белсенді, өнімді сөйлеуде. Сөйлеуді сөздік шаблондар және 
стереотиптермен алмастыруы білінеді.
2) Предикативті сөйлеуінің бұзылуы: сөйлеу тілінде етістіктер аз немесе 
мүлдем жоқ, қысқа, «бөлшектенген» фразалар, сөз арасындағы ұзақ 
кідірістер. 
Науқастарда ырғақ ренкісінің жоқтығы және просодикасының 
бұзылуы, психологиялық белсендігінің төмендеуі, вербальді белсендігінің 
жоқтығы байқалады.
Психологиялық көрінісі сөйлеу тілдің белсенділігі, эмоционалды –
мәнерлік қызметтерінің ауытқуынан коммуникативті қызметінің бұзылуымен 
сипатталады. Ауызша экспрессивті және іштей сөйлеудің формалары 
бұзылған, ал қайталау, номинативті формалары, оқуымен жазуы сақтаулы 
болады. Динамикалық афазияда монологты және толық диалогты сөйлеу 
тілінің ауытқуы айқын көрінеді. Экспрессивті сөйлеуінің күрделі 
бұзылуының өзінде қарапайым есептеу дағдылары сақтаулы болады. 
Дегенмен әрекеттің жоспарын құруды талап ететін арифметикалық есептерді 
шешуі күрт бұзылады. (А. Р. Лурия, Л. С. Цветкова, 1966). 
Афазияның барлық түрлерін бір ортақ қасиет біріктіреді: басқада 
жоғары психикалық қызметтері және адам тұлғасымен байланысты күрделі 
психикалық қызметі түрінде сөйлеу тілінің терең зақымдалуы орын алады.
Сөйлеу тілінің коммуникативті қызметінің бұзылуы бірінші орында тұрады. 
Афазия тәріздес сөйлеу тілінің бұзылуы бөлектенген түрінде сирек кездеседі.


301 
Бұл бұзылыстар мидың зақымдалуының салдарынан пайда болған басқада әр 
түрлі кемістіктердің күрделі кешеңінін симптомдарының бірі болып келуімен 
түсіндіріледі. 
Сондықтан 
олар 
қозғалыс, 
сезімдік, 
кейбір 
кезде 
интеллектуалды бұзылыстармен қоса жүреді. Осы жағдайда әсіресе 
қимылдың бұзылыстары күрделі болып келеді. Бұл қозғалыстың ерекше түрі 
клиникада апраксия деп аталады. 
Апраксия – мақсатты әрекеттің бұзылуы.
Қимылдың дәл осы бұзылыстары координациясының бұзылуына, сүйек-
бұлшық ет жүйесінің ауыруларына немесе сал және шала салдануына сертті 
емес. Бұл жағдайда қозғалыс мүшелерінің және қимылға келтіру қабілетінің 
тұтастығына қарамай, күрделі қозғалыс актісінің жеке компоненттерін 
керекті іске жұмылдыру реттілігі жойылады. Қимылдар өз мақсаттылығын 
жоғалтады. Моторлы афазия едәуір дәрежеде апраксиялық бұзылыстармен 
серттелген. Осы жағдайда сөйлеу актісін іске асыратын бұлшық еттердің 
салдануы (паралич) немесе шала салдануы (парез) болмайды. Дегенмен, 
артикуляция мүшелерінің қимыл реттілігінің жоғалуына байланысты сөйлеу 
мүлдем мүмкін болмайды немесе күрт шектелген болады.
Қазіргі таңда апраксияның келесі түрлері ажыратылады: моторлы, 
идеоторлы, конструктивті, кеністік арақатынастық апраксия, графикалық, 
оральді. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау