48
г) барлығы.
4. Жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті
өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық
құралдар-?
а)ұжымдық қорғану құралдары;
ә) жеке қорғану құралдары;
б) кезкелген қорғану;
в) ұжымдық техникалық құралдары.
5. ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы
мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық
акт-?
а)ұжымдық қорғану құралдары;
ә) жеке қорғану құралдары ;
б) кезкелген қорғану;
в) ұжымдық техникалық құралдары;
г)ұжымдық шарт.
6.Қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен
(курьерлік почта, почта байланысы, факсимильді байланыс және электорндық
почта арқылы) берілген өтініштер-?
а) еңбек құқығының түсінігі;
ә) еңбек құқығының әдісі;
б) еңбек қатынастары;
в) хабарлама;
г) ұжымдық шарттар.
7. Жұмыс берушінің өкімі бойынша қызиеткерді тұрақты жұмыс орнынан тыс
жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ
қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға
жіберу-
а) іссапар;
ә) еңбек құқығының әдісі;
б) еңбек қатынастары;
в) хабарлама;
г) ұжымдық шарттар.
8.Ауысымдық жұмыс –
а) тәулік ішінде екі үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
ә) еңбек құқығының әдісі;
б) еңбек қатынастары;
в) хабарлама;
г) ұжымдық шарттар.
9.әлеуметтік әріптестік –
а) еңбек құқығының түсінігі;
ә) еңбек құқығының әдісі;
б) еңбек қатынастары;
в) қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс
берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын
және олармен тікелей байланысты өзгеде қатынастарды реттеу мәселелері
49
бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара
қатынастар жүйесі;
г) ұжымдық шарттар.
10.бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім –
а) әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің
мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде
қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік
ә) жеке қорғану құралдары
б) кезкелген қорғану
в) ұжымдық техникалық құралдары
Пайдаланылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1.
ҚР Еңбек кодексі. 2007
2.
Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.
3.
АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
4.
Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана:
Атамұра. 2004
Қосымша әдебиеттер:
5.
Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.
6.
Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.:
Юрист, 1997.
7.
Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.
№2 Сабақ. Еңбек құқығының қағидалары
Сабақтың мақсаты: Студенттерге еңбек құқығының қағидалары туралы, оның
қайнар көздеріне қандай актілер мен ережелер жататындығы туралы мәлімет
беру.
Сұқбат сабақтың жоспары
1.
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі және олардың жіктелуі.
2.
Еңбек құқығының жалпы, салалық және салаларалық қағидалары.
3.
Еңбек құқығының қайнар көздері және түрлері, олардың ерекше
белгілері.
4.
Еңбек туралы нормативтік актілердің уақытқа қарай, кеңістікте және
тұлғаларға қарай әрекет етуі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Еңбек құқығының салалық және салааралық қағидаларын ажыратын,
оларға талдау жасаңыз.
2.
Еңбек заңнамасы дегініміз не?
3.
Еңбек туралы қандай заң актілерін білесіз?
Глоссарий
1) Еңбек құқықтық реттеудің негізгі қағидалары-бұл қолданыстағы еңбек
заңнамасының мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер.
50
2) Еңбек құқығының қайнар көздері - бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды,еңбек нарығын
реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
3) Ауысымдық жұмыс – тәулік ішінде екі үш немесе төрт жұмыс
ауысымындағы жұмыс;
4) Әлеуметтік әріптестік – қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс
берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы
еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзгеде қатынастарды
реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге
бағытталған өзара қатынастар жүйесі;
5) Бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - әлеуметтік
әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және
республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек
жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу
жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт;
6) Бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық,
өзгеде өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың
уақытша тоқтап тұруы;
7) Біліктілік санаты (разряды) – орындалатын жұмыстардың күрделілігін
көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
8) Бітімгерлік комиссиясы – ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру
жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері)
арасындағы келісім бойынша құрылатын орган;
9) Бітімгерлік рәсімдері – ұжымдық еңбек дауын алғашында – бітімгерлік
комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген кезде еңбек төрелік сотында өз
кезегімен қарау;
10) Делдал – еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде
қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
Схемалар, тапсырмалар, жағдайлар
Еңбек құқығының қағидаларының түрлері бойынша және қайнар
көздерінің түрлері кроссворд құру.
Блиц – тест
1.Төмендегілердің қайсысы еңбек заңдылығының қайнар көздері болып
табылады?
а) халықаралық шарттар;
ә) Конституциялық Кеңес қаулылары;
б) Жоғарғы сот қаулылары;
в) Сенат және Мәжіліс қаулылары;
г)жергілікті әкімшілік актілері.
2.Төмендегілердің қайсысы еңбек заңдылығының қайнар көздеріне жатпайды?
а) Конституция;
ә) еңбек кодексі;
б) Конституциялық Кеңес қаулылары;
в) Ұжымдық шарт туралы заң;
г) еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау тәртібі туралы нұсқаулық.