Мазм±ны
Кіріспе ..................................................................................................................3-6
І Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, осы күнгі концепциясы............................................................................................................7
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы,теориясы....................................................................7-26
1.2. Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері....................................................................................................27-55
ІІ Ќазаќстанда кластердіњ даму м‰мкіншіліктері жєне баѓыттары .................................................................................................................................56
2.1. Агроµнеркєсіп кешеніндегі кластерлер..................................................56-63
2.2. Ќазаќстанда негізгі кластерлік даму баѓыттарыныњ нобайлары ...................................................................... .....................................................63-81
ІІІ Кластер ж‰йесіндегі кєсіпкерлік жєне кєсіпорындар: жаѓдайлары, талаптары жєне басќару єдістері .................................................................................................................................82
3.1. Кластерлікке ќажет экономикалыќ, єлеуметтік, праволыќ жаѓдайлары, т‰рлері, механизмі .............. ..........................................................................82-94
3.2. Кластер жаѓдайында кєсіпкерлік істі ±йымдастыру жєне дамыту ................................................................ .........................................................94-108
3.3. Кластер жаѓдайында кєсіпкерлік тєуекел жєне оны реттеу ........................................................................................................................108-114
3.4. Кластер жаѓдайында кєсіпкерлік бєсекелестік ..................................114-121
3.5. Кластер жаѓдайында кєсіпорынды басќару єдістері ........................................................................................................................121-129
Ќорытынды ..................................................................................................130-133
Єдебиеттер…………………………………………….......................................13
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Рынокты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар, рыноктың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерлердің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Қазақстан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ұсынылған және қоғамды одан әрі демократияландырып, аса маңызды экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған бастамалары арқасында оңтайлы экономикалық жағдайлар қалыптасып, кез – келген тұлғаның кез – келген экономикалық тұрғыда негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асырылуға, адамдарға материалдық және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша айтсақ, қоғамда кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр.
Дүние жүзі тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, рынокты экономикаға өту жеке меншік қатынасының дамуымен байланысты болып отыр. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын демократияландыру қазіргі таңда жалпы теориялық мәселелерді ғылыми түрде зерттеуді талап етеді және де рынокты қатынастарға оңтайлы жолмен өтудің өзі де, соның ішінде жаңаша жеке меншік қатынасының қалыптасуының өз сатысы бар екендігін көрсетеді. Сондықтан да меншік көптүрлілігінің болмысын зерттей отырып, оларға шынайы теориялық тұжырым жасау – теориялық экономика ғылымының басты міндеттері болып есептеледі. Дәлірек айтсақ, жеке кәсіпкерліктің теориялық негізін, оның еліміздегі, қазіргі жағдайын, мәселелерін және оны дамыту жолдарын қарастыру болып табылады. Рынокты экономикасына өтпелі кезеңдегі алуан түрлі меншік қатынастарын жан – жақты қарастырып, кәсіпкерліктің даму жолдарын объективті тұрғыдан зерделеу негізгі ғылыми мәселеге айналып отыр.
Қазақстан кәсіпкерлерінің 2002 жылдың қыркүйек айында өткен Форумында сөйлеген сөзінде Президент Н. Ә. Назарбаев: “Осы кезге дейін тіпті ұғымдық аппарат түпкілікті талдап жасалмаған, микро бизнес деп, шағын, орташа және ірі бизнес деп нені түсіну керектігінің нақпа – нақ анықтамасы жоқ. Дербес кәсіпкерлік түсінігі де талдап жасалмаған. Бизнес категорияларының нақпа – нақ құқықтық анықтамасының жоқтығынан статистика саласы мен заңнамада да проблемалар төбе көрсетуде” деп атап көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жеке кәсіпкерлік мәселелері жалпы әлемдік дамудың бағыты ретінде республикамызда орын алған рынокты экономиканың басты ерекшелігімен айқындалады. Осыған орай, жеке кәсіпкерліктің ерекше бір түрі боп табылатын жеке – дара кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесін терең зерттеп, оның жүзеге асырылуындағы ұстанымдары (принциптері) мен бағыттарына талдау жасау тақырыптың өзектілігін аша түседі.
Қазақстанның ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі қоғам экономикалық реформа шартында жеке кәсіпкерліктің қалыптасып даму мәселелері әлде болса толыққанды шешімін тапқан жоқ. Бұған себеп жеке кәсіпкерлік біздің елімізде біраз уақыт зерттеліп қаралған жоқ. Жеке меншік және кәсіпкерлік категориялары капиталистік қоғамға тән және оның идеологиялық сарапталуы арқылы анықталған. Өткен ғасырдың 90 - шы жылдары қазақстандық қоғамда жүргізілген реформа тұрғындарға елеулі әсер етіп, оның тіршілік әркетіне терең өзгерістер әкелді. Соңғы он жылдағы өзгерістер нәтижесінде жоғарыда аталған категориялардың құрамдас бір бөлігі жеке – дара кәсіпкерліктің ғылыми теориялық және практикалық маңыздылығы дипломдық жұмыс тақырыбы ретінде таңдап алынуы арқылы өзінің өзектілігін айшықтай түседі. Және де оның мақсат – міндеті Республикамыздағы жеке – дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтарды болдырмау шараларын қалыптастыруға бағышталған. Сондай – ақ, оның ғылыми – зерттеу мақсатын, міндеттері мен ұстанымдарын да ғылыми тұрғыдан жете зерттеудің қажеттілігі мен маңызы арта түсті.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлік жайлы ғалымдар мен зерттеушілер әр уақытта өздерінің әр – алуан түсініктерін ұсынды, ол әртүрлі қоғамда түрліше талқыланды.
Кәсіпкерлікті кешенді зерттеуге өздерінің классикалық еңбектерін арнаған авторлар мыналар: Ибн-Хальдун, Р. Контильон, А. Смит, Ф. Кенэ, Ж. Тюрго, Ж. Б. Сэй, К. Маркс, А. Маршалл, Л. Вальрас, К. Менгер, Ф. Визер, Ф. Найт, Й. Шумпетер, И. Тюнен, П. Дракер, Р. Хизрич.
Кәсіпкерліктің отандық нұсқасы классикалық кәсіпкерлік теориясы мен рыноктық зерттеушілерге әдістемелік жағынан жақындалуына ТМД елдерінің мынандай ғалымдарының еңбегі сіңді: А. А. Агеев, М. Г. Лапуста, А. А. Крупанин, А. В. Бусыгин, А. О. Блинов.
Кәсіпкерліктің әртүрлі нышандарының (формаларының) орын алуына байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің әр алуан тұжырымдарын ұсынады. Жалпы кәсіпкерлік туралы Т. Ә. Әшімбаевтың, А. Қ. Қошановтың, М. Б. Кенжегузиннің, Р. А. Алшановтың, О. Ж. Әлиевтің, Т. Ә. Есіркеповтың, Н. Қ. Мамыровтың, Р.Е. Елемесовтың, Б. Т. Болсанбектің, К. Сағадиевтің, К. О. Оқаевың, С. Г. Борисованың, З. А. Болатханованың, А. С. Шайнұровтың және тағы басқалардың еңбектерінде қаралды.
Ал кәсіпкерліктің жеке нышанының рөлі, қалыптасу көздері және орны туралы ой – пікірлер Е. Б. Жатқанбаев, А. А. Әлімбаев, О. С. Сәбден, А. Е. Есентүгелов, Р. Ә. Байжолова, Б. Г. Мұхамеджановтардың жұмыстарынан көруге болады. Қоғамның өмір сүру жағдайына немесе дамуына байланысты жеке – дара кәсіпкерлік ұғымы түрліше талқыланады. Яғни, бұрынғы Одақ кезінде зерттеуші экономистер, атап айтсақ, Корятина Т. И., Лушина Н. Л., Осипенко, Савченко П. В., Шмелев Г. И., Федорова М. Н. және тағы басқалары жеке – дара кәсіпкерлікті социалистік заманға сай етіп қарастырса, ал қазіргі уақытта рынокты экономикаға тән жеке кәсіпкерліктің орны алуына байланысты іскерліктің осы нышанына байланысты қалам тербелген отандас ғалымдар еңбектерінен де көруге болады. Олардың қатарына Көшербаева А. Б., Смағұлова Н. Т., Бектемісова С. Т., Алталиева А. А., және басқалары жатады.
Дегенмен, осы күнгі кәсіпкерліктің кейбір мәселелеріне қатысты еңбектердің барлығына қарамастан, бұл тақырып бір жүйеге келіп, кешенді түрде әлі зерттелген жоқ. Ал, кластерлік кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы туралы республикамызда бүгінге дейін жүргізілген арнайы диссертациялық жұмыс кездеспейді. Сондықтан рынокты экономиканың талаптарына жауап беретін кластерлік кәсіпкерлік шаруашылық түрін теориялық тұрғыдан тереңірек зерттеудің қажеттілігі туындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл мәселенің зерттелу деңгейі ғылыми тұрғыдан қазіргі талапқа сай емес және тақырып арнайы зерттелмеген. Осыған орай, диплом жұмысының мақсаты- теориялық жеке кәсіпкерліктің жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде Қазақстандағы кластерлік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен шешілмек мәселелерін теориялық экономика тұғысынан зерделеп кластерлік кәсіпкерлікті республикамызда нақты жүзеге асыру шарттарын құрастыру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қажет деп таптық:
кластерлік кәсіпкерліктің теориялық негіздерінің қарастырылуы және қалыптасуының қажеттілігі (орны, мақсаты) және де оның дамуының шетелдік тәжірибесін зерделей отырып, Қазақстан экономикасына оны қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
кластерлік кәсіпкерліктің экономикалық және құқықтық табиғатын айқындауға байланыстымәселелерді ғылыми тұрғыданзерттеу арқылы кластерлік кәсіпкерліктің алғашқы даму кезеңінен қазіргі кезге дейінгі жағдайларына салыстырмалы талдау жасау;
шағын кәсіпкерліктің, оның ішінде кластерлік кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау және шешілмек мәселелерін анықтау;
рынокты экономикада жеке – дара кәсіпкерліктің тиімді әрекет етуіне байланысты жағдайларды айқындау, яғни жеке – дара кәсіпкерліктің дамуына негіз болатын ішкі қайшылықтарын - әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық – басқару қатынастарын, заңды құқықтарының ерекшелігі мен қауқарын өзара тәуелді тұрғыдан байланысын ашып көрсету. Басқаша айтсақ, жеке – дара кәсіпкерлікті Қазақстан экономикасының елеулі аялы және де қазіргі рынокты экономиканың маңызды субъектісі ретінде қарастыру.
Зерттеу нысаны (объектісі) – Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасында қызмет етіеп отырған кластерлік кәсіпкерлік пен кәсіпорындар.
Зерттеу пәні – қазіргі таңда республикамызда орын алған кластерлік кәсіпкерліктің іс - әрекетіне байланысты туындайтын әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық – басқару, құқықтық – экономикалық қатынастар.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының кластерлік кәсіпкерлікке қатысты заңдарды, жеке меншік қатынасы туралы шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері пайдаланылады және де деректік және айғақтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Статистика Агентствосының статистикалық баспасөз материалдары алынды.
І КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ,ОСЫ КҮНГІ КОНЦЕПЦИЯСЫ.
1.1. КӘСІПКЕРЛІК ҰҒЫМЫ, ТЕОРИЯСЫ
Жалпы “кәсіпкерлік” ұғымы туралы экономикалық әдебиеттерде көзқарастар әртүрлі болғанымен олар бірін – бірі толықтырады және де кәсіпкерлікке байланысты анықтамалардың қалыптасып дамуы (эволюциясы) оның атқаратын нақты қызметтерінде көрсетіледі. “Кәсіпкер” туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін қандай, теориялар мен тұжырымдамалар қалыптасқаны жөнінде біздің отандасымыз О. Ж. Әлиев ғылыми маңызды зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсеткен.
Алғашқы кезеңде көрсетілген “кәсіпкерлік – адамның қандай да бір іс - әрекетпен айналысуы,” – деген түсінігі бүгінгі күнгі “кәсіпкерлікке” берілген анықтамалардан біршама өзгеше мән – мазмұнға ие екендігі айқын. Кәсіпкерлік туралы алғашқыдан кейінгі екі кезең ІХ – Х ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық араб ойшылдарының еншісінде.
Екінші кезең біздің дәуіріміздің ІХ – Х ғасырда өмір сүрген Аль-Ашари (873-935 жж.) атымен байланысты. Яғни, ашариттер (Аль-Ашариге қатысты), жәбраиттер (жәбр – арабша - еріксіз), кадариттер (кадар – арабша – қабілеттілік, құдіреттілік), мутазалиттер (арабша –айрықша, яғни еркін ойлайтын адамдар) кәсіпкерлік туралы Ислам діні шеңберінде ой толғап, тарихта алғашқы болып “Касб” тұжырымының негізін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Үшінші кезеңде аталған тұжырымды кеңейтілген түрде әйгілі орта ғасырлық араб ойшылы, оқымыстысы және мемлекет қайраткері Ибн – Хальдун (1332-1406 жж.) өз еңбектерінде “касб” (“касабун”) ұғымын одан әрі зерттеп, ол туралы өз тұжырымдамасын жасады. Ол кәсіпкерлікті меншікті иелік етумен, еңбекпен, адамның еңбекқорлығымен байланыстырады. Осыған орай, кәсіпкерлікті өмір сүру құралы (“мааш”), баю құралы (“райаш”) ретінде қарастырады. Сонымен қатар, оның кәсіакерлік теориясы өзі қалыптастырған меншік (“мульк”), тауар өндірісі және айырбас, қажетті және қосымша еңбек және өнім қағидаларымен тығыз байланыста болады.
Келесі, төртінші кезең ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында өмір сүрген Р. Контильон атымен байланысты. Яғни, ол берілген анықтамада кәсіпкер – тәуекелге бара білетін адам, ал байлық көзі – экономикалық игіліктердің дәл бағасын анықтайтын жер мен еңбекте, - деп көрсеткен. Бұдан соң ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ басында француз экономисі Ж. Б. Сэй кәсіпкерлікті үш өндіріс факторының (жер, капитал, еңбек) бірігуінен тұрады деп қарастырады. Және сонымен қатар ол ағылшын кәсіпкерлерінің ерекшеліктерін Англия өнеркәсібінің жеткен жетістіктерінен көруге болатынын да айта кетті. Сэйдің негізгі тұжырымы кәсіпкерлердің өнім өндіруге қатысқан зор үлестерін айқындауында. Сэй “кәсіпкерлік табысты - кәсіпкердің еңбегі үшін алынатын сыйлығы”, - деп есептеді, ал “кәсіпкердің өзі – қандай да бір өнімді өндіру үшін пайда табу мақсатында өз атынан тәуекелге бара алатын адам ”, - деп ұғынды.
Кәсіпкерліктің бесінші кезеңі И. А. Шумпетер (1883-1950 жж.) атымен байланысты. Ол “кәсіпкер” ұғымын жаңалық ашушыретінде қарастырды. Оның негізгі қызметі экономикалық өсуді қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын жаңашылдықты іске асыру деп түсінді. Яғни, жаңа бағыттарды ойлап тауып, іске асыратын шаруашылық субъектілерін кәсіпкерлер, - деп атады.
Ал, алтыншы кезең Л. Мизес, Ф. А. Хайек, И. Карцнерлермен байланысты. Бұл кезеңде, кәсіпкерді өзіндік ерекшеленген белгісімен іскерлік жүргізетін адам, ал кәсіпкерлік – экономикалық мүмкіндіктерді іздену мен зерттеу арқылы жүзеге асыру, - деп қарастырылған.
Соңғы, жетінші кезеңде кәсіпкерлікті қазіргі уақытта кең орын алған “менеджментпен” ұштастырады.
Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін қалыптасқан “батыстық дәстүр” тұрғысынан алғанда ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір түрін ресурстарды тиімді пайдалана отырып, ақыл – ой, зерделік меншікті және меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру болып табылады. Ал, кәсіпкерлік қызмет – бұл меншік қатынасының әр түрлі нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекеті.
Сонымен “кәсіпкерлік” ұғымының мәні мен ол туралы әр кезеңде қалыптасқан тұжырымдамаларға қысқаша тарихи шолу жасай келе біз “кәсіпкерліктің” мазмұны неғұрлым кең тұрғыдан түсінуді ұстанамыз. Басқаша айтсақ, кәсіпкерлікпен кез – келген халық, кез – келген адам, кез – келген уақытта (хайуанаттар дүниесінен бөлініп шыққаннан бастап) айналысады. Солай бола тұра, әдебиеттерде, әр заманда, әр халықта, тіпті әр адамның кәсіпкерлік іс - әрекетінің ішкі сипаты мен мазмұны әр түрлі болуы хақ. Баса айтатын нәрсе, “кәсіпкерлік” туралы осы уақытқа дейін қалыптасып, сіресіп қалған “дәстүрлі”, яғни “батыстық” көзқарастан түбегейлі бөлекше кең тұрғылы тұжырымдама Қазақстан зерттеушілерінің еншісінде.
Кәсіпкерлік туралы аталмыш кең көлемді тұжырымдама шеңберінде оны ғылыми тұрғыдан жіктеп, жүйелі түрде қарастыруға да мол мүмкіншілік туады. Мысалы, О. Ж. Әлиев негіздеген “меншік – кәсіпорын – кәсіпкерлік” экономикалық “формуласын” негізге ала отырып, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында орын алып отырған кәсіпкерлік тәжірибені терең зерттеп түсінуге болады. Әңгіме меншік, кәсіпорын, кәсіпкерлік тектерінің (түрлерінің, нышандарының) өзара сапалық байланысы мен өзара тәуелділігі туралы турала болып отыр.
Осы “формулаға” сүйене отырып, республикамызда кәсіпкерліктің ұлттық жүйесінің қалыптасу ахуалын зерттеп ұғыну методологиялық тұрғыдан біршама оңайға түседі. Нақты айтсақ, кәсіпкерліктің ұлттық жүйесінің үш классикалық тегінен (түрінен, нышанынан), яғни “мемлекеттік”, “жеке”, “дара”, және екі бейклассикалық (классикалық емес) “ұжымдық” және “аралас” тектерінен (түрлерінен, нышандарынан) тұратынын айту керек.
Дипломдық жұмыста жеке кәсіпкерліктің бір тармағыболып келетін кластерлік кәсіпкерлікке “меншік – кәсіпорын – кәсіпкерлік” экономикалық формуласына сәйкес олардың мәнін құрайтын ұғымдар анықталады. Яғни, жеке меншік және осы меншік негізінде құрылған кәсіпорын: а) белгілі бір топтың меншігіне негізделіп құрылған жеке – топтық меншік (заңды тұлға меншігі), кәсіпорын және кәсіпкерлік. Бұл жеке кооперативтік, жеке ационерлік, жеке бірлескен, жеке шағын кәсіпорындар. Жеке тектегі кәсіпорындардың бұл нышанының қызметі меншікті жекешендірумен байланысты; ә) дара тұлғаның немесе отбасы меншігіне негізделіп құрылған жеке – дара меншік (жеке тұлға меншігі), жеке – дара кәсіпорын және жеке – дара кәсіпкерлік. Бұл – кластерлік еңбек және жеке отбасы еңбек шаруашылығы арқылы жүзеге асырылады.
Жеке топтың меншігі, сәйкесінше кәсіпорыны заңды тұлғалардың іс - әрекетін жүзеге асырады. Яғни, жеке - топтық меншік субъектілеріне осы топты ұйымдастырушы меншік иелері жатады. Ал кластерлік меншік субъектісі ретінде заңды тұлға болып табылмайтын дара бір тұлға, ерлі – зайыпты адамдар (екі адам) немесе отбасы толығымен бола алады.
Жеке меншіктің кластерлік нышанын нысандарына (объектілеріне) байланысты екі топқа бөлуге болады: а) жеке – дара тұтынушы, яғни меншік нысандарына тұрғын үй, көлік, үй шаруашылық заттары, қарапайым өндіріс құралдары және киім - кешек жатады; ә) кластерлік өндіруші, яғни меншік нысандарына жек шаруашылық қожалықтары, акциялар, облигациялар тағы да басқа бағалы қағаздар, олардан түскен табыстар мен басқа да табыстар және өндіріс құралдары жатады.
Дипломдық жұмыста кластерлік кәсіпкерлік негіздерінің бірі болып табылатын дара меншікке (индивидуальная собственность), өзіндік меншікке сипаттама беріледі. Дара меншік туралы пікірді біз К. Маркстің “Капитал” еңбегінен көре аламыз. Маркс дара меншіктің екі түрін атап көрсетеді. Біріншісі, өз еңбегіне негізделген дара меншік. Екіншісі – кооперацияға және жер мен құрал – жабдықтарды ортақтасып иеленуге негізделген дара меншік. Өз еңбегіне негізделген дара меншік жеке (немесе дербес) меншіктің қарапайым және дамымаған түрі болып табылады. Дара меншіктің осы түріне негізделген өндіріс негізінен капиталистік қоғамға дейінгі және оның кезеңдерінде ұсақ тауарлы өндіріс түрінде орын алды. Қазіргі заманда бұндай меншік және соған сәйкес өндіріс нышаны тоталитарлық – жоспарлы экономикадан рынокты экономикаға көшіп жатқан елдерде кеңінен орын алып отыр. Ал дара меншіктің екінші түрін, яғни жер мен құрал – жабдықтарды ортақтасып иеленуі арқылы орын алуы капиталистік өндірістің шарықтап даму кезеңінде орын алатындығын, олай болса буржуазиялық қоғамның өзі жеке меншікті қайта орнататындығы объективті заңдылық деп көрсетті К. Маркс. Бірақ ол осы дара меншік туралы ой пікірлерін барынша терең де, жан – жақты қарастыра алмады. Дегенмен, К. Маркстің “жеке” меншік пен “дара” меншікті әр түрлі меншік болып табылады деген тұжырымы көңілге қонымды.
Жер мен құрал – жабдықтарды ортақтасып иеленуге негізделген дара меншіктің нышаны, біздің ойымызша, жалпы дара меншіктің классикалық түрі болып табылады және ол әлемнің кейбір елдерінде, мысалы, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Эмиратында және тағы басқа елдерде орын алып отыр (мұндайдан түскен табыстан сол ел азаматтарының әрқайсысының дара үлесінің болуы).
Социализм қоғамында Маркстің идеяларын басшылыққа ала отыры, дара меншіктің орын алу мүмікдігін, оның саясы, экономикалық ерекшелігін талдаған экономистердің алғашқысы В. Т. Кондрашов. Бірақ, ол өз еңбектерінде дара меншік пен қоғамдық меншіктің арақатынасын дөп басып ажырата алмады, осыдан кейін дара меншіктің жүзеге асу нысандарын, нақты экономикалық көріністерін айшықтай алмады. Ал оған қарсы пікір айтқан экономистер, керісінше, дара меншік пен өзіндік меншікті (личная собственность) бір – бірімен шатастырды. Осылардың нәтижесі ретінде соңғы кезге дейін “дара меншік” туралы біртұтас теорияның қалыптаспауы объективті шындық.
Дара меншік дегеніміз – қоғамның барлық мүшелерінің (әр пенденің) қоғамның байлығының бір бөлігін үлестік пайы түрінде иемденуі. Яғни, дара меншіктің жеке меншіктен айырмашылығы қоғамның әрбір мүшесінің әрқайсысының қоғамдық байлыққа дара (пенделік) иелік ететін өз үлестерінің қалыптасуында. Ал, олардың үлестік жарнасы қоғамдық байлықтың (мысалы, ұлттық қордың) әрбір адамға тиесілі бөлігі арқылы құрылады. Демек, дара меншіктің әрбір адамдүниеге келгеннен бастап қалыптасуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамда (дүниеде) қанша адам болса, сонша дара меншік бар болады. Дара меншік мемлекеттік меншікті дараландыру (индивидуализация) және оны жүзеге асыру арқылы қалыптасады.
Енді “өзіндік меншік” туралы айтатын болсақ, ол адамдардың өз бастарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттары және дербес тұтынуды жүзеге асыратын өндіріс құралдары ғана емес, сонымен қатар пайда, табыс әкелетін барлық қарапайым өндіріс құралдары және өндіріс заттары. Яғни, өзіндік меншік материалдық игіліктерді өзіндік тұтыну және оларды сатуға байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Жеке – дара меншік, дара меншік бір – бірімен тығыз байланысты. Олардың әрқайсысының қалыптасу тарихын бұл жерде қарастырмаймыз. Олардың иемдену объектілерінің өндіруші, тұтынушы нышандарының өзара байланысы бар.
Өзіндік меншік нысанының өндіруші нысаны кластерлік, дара меншіктердің өндіруші нышанының нысандарынан, ал тұтынушы нышаны, сәйкесінше, аталған меншіктердің тұтынушы нышанының нысандарынан тұратындығын байқаймыз.
Иемдену субъектілеріне қарай дара, кластерлік, өзіндік меншіктердің бір – біріне ұқсастығы бар. Жеке – дара меншік те, дара меншік те, өзіндік меншік те бір тұлғаға немесе отбасы мүшелеріне тиесілі. Олар басқа тұлғалардан, мысалы, мемлекеттен экономикалық жағынан тәуелсіз. Мемлекет тек қана осы меншік түрлерінің толыққанды орын алуына, жүзеге асуына ықпалын тигізеді. Сөйтіп меншіктерді институциональды (мысалы, ұйымдастырушылық, құқықтық) заңмен реттеу орын алады. Меншік субъектілері өздерінің меншіктік әрекеттерін заңда белгіленген ережелерге байланысты шектейді, ал қалған шаруашылық әркеттерін өз еркінше жүргізеді.
Жеке – дара меншік пен дара меншік негізінде құрылған жеке – дара, дара кәсіпорындар, сәйкесінше, жеке – дара кәсіпкерлік пен дара кәсіпкерлікті жүзеге асырады. Бұл кәсіпкерлік нышандарының өзіндік меншікпен байланысын және жеке – дара кәсіпкерлік түрлерін 1 – кестеден көруге болады.
1-кесте Кластерлік кәсіпкерліктердің меншікке қатысты құрылымы
Жеке – дара кәсіпкерлік
Дара кәсіпкерлік
Жеке – топтық кәсіпорын
(заңды тұлғалар)
Жеке –дара кәсіпорын
(жеке тұлғалар)
Дара кәсіпорын
Жеке топ
меншігі
Отбасы меншігі
(ортақ меншік)
Жеке тұлға меншігі
(бір адам меншігі)
Әрбір пенде меншігі (дара меншік)
Қоғамдық тұтыну қорларына, қоғамдық мүлікке, ұлттық қорға әркімнің меншігі
Өзіндік меншік
Отбасы мүшелерінің әрқайсысына тиесілі меншік
Өзіндік меншікке кіретін “тұлға меншігі” дегеніміз – қазіргі құқықтық құжаттарда айтылып жүрген жеке тұлғаның (бір ғана адамның) иелігіндегі барлық тұтыну заттары мен барлық өндіріс құралдары. Демек жеке тұлға меншігіне негізделіп құрылған жеке дара кәсіпорын бір адамның, жеке тұлғаның иелігінде болады. Ал отбасы меншігі дегеніміз – ерлі – зайыпты адамдардың немесе олардың балаларының иелігіндегі барлық тұтыну заттары мен барлық өндіріс құралдары. Демек, жеке – дара меншік субъектісі болып жеке тұлға немесе отбасы толығымен бола алады.
Өзіндік меншікке кіретін дара (әрбір пенде) меншігі дегеніміз – қоғамның барлық мүшелерінің әрқайсысына, әрбіреуіне бірдей, кейбір жағдайда бір мөлшерде тиесілі меншігі. Классикалық дара (пенде) меншігі қоғамдық меншіктен, ұжымдық меншіктен, жеке меншіктен дараланып бөлінеді.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының 1997 жылы 19 маусымда қабылданған “Жеке кәсіпкерлік туралы” (“Об индивидуальном предпринимательстве”) заңының атауына және оның баптарында қарастырылып отырған ұғымдарға жоғарыда көрсетілген анықтамалар негізінде мазмұн – мағынасына сәйкес жаңа түсініктер мен ұғымдар ұсынылған.
Зерттеу жұмысында жеке меншік қатынасын дүние жүзінде елдер басқару жүйесіне байланысты үш тобы: дамыған капиталистік елдердегі, социалистік елдердегі, дамушы елдердегі жеке меншік қатынастары қарастырылды. Дамыған капиталистік елдерде жеке және мемлекеттік меншік қатынастары өндірістік, коммерциялық және қаржы іскерлігі бойынша бір – бірімен тығыз байланыста. Индустриясы дамыған елдерде жеке меншік қатынасы осы уақытқа дейін жетіліп, қазіргі таңда меншік көптүрлілігінің қарекеті жоғары деңгейге жетті. Дамыған шет елдерде кәсіпорынның негізінен үш түрі қалыптасқан: мемелекеттік, ұжымдық (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия) және жеке. Жеке кәсіпорындарды ұйымдық құрылымына және меншікті иеленуге байланысты жалғыз адам иеленетін кәсіпорын, серіктестік немесе сыбайлас компаниялар деп бөледі, мемлекет меншігіне ірі корпорациялар, ал ұжымдық меншікке негізінен орташа кәсіпорындар жатады. Социализм мен жеке меншік қатынасының бірдей әркет етуі мүмкін емес деген пікірге сүйенсек, соцалистік жүйеде жеке меншік қатынасының мүлдем болмайтындығын көрсетеді. Бірақ, жеке меншік қатынасы социализм тұсында да әрекет етіп, “астыртын” дамиды.
Жекешелендіру саясатын ұстанған көптеген социалистік елдерде жеке сектор қызметінің дамуы екі бағытта әрекет етеді: кәсіпкерлік қызметті өздерінің бұрынғы (кейбір жағдайда “жасырын”, “астыртын” түрінде орын алған) жеке меншік иелігіндегі өндіріс құралдары қазіргі жағдайда ашық түрде жүзеге асыратын кәсіпорындар жекешелендіру нәтижесінде пайда болған кәсіпорындардың және дараландыру арқылы қызмет жасайтын шаруашылықтың іс - әрекеті. Яғни, бірінші және екінші бағытта кәсіпкерлікті жүзеге асыратын кәсіпорын жеке – дара нышанға (бұл жерде жеке – топтық түрін қарастырмаймыз) жатады да, үшінші бағытта әрекет ететін кәсіпорындар классикалық дара кәсіпкерлікті жүзеге асырады.
Дамушы елдердегі жеке меншік қатынасына тоқталатын болсақ, дамушы елдерде рынокты дамыған елдердегідей, жеке және мемелекеттік меншік қатынастары бірдей әрекет етіп ел экономикасының барлық салаларында қажеттерін жүзеге асырып жатыр.
Жеке меншік қатынасының тиімді әрект етіп дамуы осы меншік негізінде өз іскерлігін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің тұрмыс деңгейлерін, яғни олардың табыстарының жоғарылауына мүмкіндік береді. Кез келген кәсіпкер өзінің еңбекқорлығы арқылы қандай да бір іс – әрекетпен айналасу нәтижесінде барынша тұрақты табыс табуға мүдделі болғандықтан, олар өздерінің кәсіпкерлік өсу деңгейін көтеру үшін барлық күш жігерін жұмсауға тырысады. Осылардың нәтижесінде олар өздерінің тұрмыс жағдайын жақсартып, төлем қабілеттерін арттыруға мүмкіндік алады.
Тұрмысжағдайының жақсару мен төлем қабілеттерінің жоғарылауы кәсіпкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің білім деңгейін көтеруге, олардың көптеген ақылы қызметтерді, соның ішінде ақылы жоғары сапалы білім алу, медициналық қызметтерді пайдалануларына мүмкіндік береді. Ал бұл адамдардың қоғамда өздерін тұлға ретінде сезініп, ары қарай кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға кең жол ашады. Кәсіпкерлердің тұрмыс дәрежесінің және өмір сүру салтының сапалы өзгеру нәтижесінен олардың патриоттық сезімінің оянуы орын алады. Яғни, кәсіпкерлер өздерінің іскерлігін жарнамалау есебінен өз кәсіпорындары атынан демеушілік жасауға, қайырымдылық қорларға қатысуға, садақалар беруге тырысады. Демеушілік пен қайырымдылық қорлары қоғамымызға, яғни елдегі тұрғындардың өмір сүруіне, әсіресе әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған адамдарға қажетті көмектердің бірі болып есептеледі, ал садақа беру біздің ата – дәстүрімізде қалыптасқан қасиеттердің бірі болып саналады. Сайып келгенде, салауатты кәсіпкерлікті жүзеге асыру – қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық қатынастарының неғұрлым мазмұнды да өркениетті, салиқалы да иманжүзді сипатқа ие бола білуіне оң әсерін тигізері хақ. Сондықтан да кәсіпкерлікті оның ішінде жеке – дара кәсіпкерлікті тек жалаң экономикалық тұрғыдан талдау сыңаржақтықты көрсетеді. Оған әлеуметтік, рухани, мәдени шараларды жүзеге асыру, қала берді, этникалық генофондты сақтау тән міндет. Олай болса жеке – дара кәсіпкерлікті одан әрі шыңдау оны тағы басқа тұрғылардан қарап зерттеу, дамыту шынайы ғылыми әдіснама деп түсінеміз.Осы тұрғыдан алғанда жеке – дара кәсіпкерліктің өндірістік қатынаста аймақтық ресурстарды тиімді пайдаланып қызмет жасауы кәсіпкерлердің тұрмыс жағдайларын жақсартумен қатар, республикамыздағы басы бос еңбек күшін жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін арттырады, басқаша айтқанда, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады. Ал тұрғындардың бір кәсіпорында қалыптасып еңбек етуі олардың сол жерде тұрғылықтануына мүмкіндік береді. Яғни, жеке – дара кәсіпкерлік бей – берекет миграцияны азайтуға да өз үлесін қосады.
Жеке – дара кәсіпкерлікті дамыту, түптеп келгенде, тұрғындардың табыстарын, өмір сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі әлеуметтік – рухани мәселелерді шешуге де өз оң ықпалын тигізеді.
Дипломдық жұмыста жеке – дара кәсіпкерліктің елімізде дамуы осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп көрсетілген. Бірінші кезең – алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық. Бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс – тіршілігіне сай болып отырды.
Екінші кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке – дара кәсіпкерлікке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағандығы туралы айтылған. Сол кезде КСРО – да, Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда “социалистік тауарлы өндіріс”, “социалистік рынокты экономика” деген тұжырымдамалардың, қала берді Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерде (Польша, Венгрия) жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептәуір шеңберде орын алғанына қарамастан “жеке меншік өндірісі социалистік өндіріс тәсіліне сай емес”, - деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі. Сондықтан да, кәсіпкерліктің жеке – дара нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.
Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО – ның “Жеке еңбек қызметі туралы” (“Об индивидуальной трудовой деятельности”) заңы шыққанынан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл уақыт аралығында кластерлік кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылды. Үшінші кезеңде жеке – дара кәсіпкерлік, негізінен, социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да, тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына “жат” әрекет деп қарады және де оны социализімнің экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің “шектелген” мүмкіндіктеріне қарамастантұтынушылар сұранымына және оның өзөгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемелекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлар мен қызметтерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік шаруашылық жүйесінде жақтамағандықтан, ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен “негізделген” болды. Осының нәтижесінде жеке – дара кәсіпкерлік айналасында жағымсыз әлеуметтік – экономикалық орта қалыптасты. “Жеке еңбек туралы” заң қабылданғанмен жеке кәсіпкерлікпен айналасушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілдік - әміршілдік билік ету осы заңнан да өз көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық, қаржы мекемелері, құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады.
Төртінші кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни, егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінге дейінгі аралық жатады.
Қазақстандағы экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа “көкжиектер” мен олардың болашақтылығын ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні мен мақсаты рынокты экономиканың әрекетіне икемділік, көпқырлылық сипат беріп, тұрғындардың кәсіпшілік белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік – экономикалық енжарлығына шек қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда республикамызда кәсіпкерлік қызмет бірнеше түрге қатысты, яғни іскерлік түріне байланысты - өндірістік, коммерциялық, қаржылық; шаруашылық субъектілеріне байланысты – ірі, орта және шағын, меншікке байланысты – мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас, дара; ұйымдастырылу нышанына байланысты жеке, топтық, жеке – дара түрлерінде дамып отыр.
1.2. Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері
Белгілі амарикандық ғалым Майкл Портер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай-ақ, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.
М.Портер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамдық экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса – ол бір басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екнін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз.
Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс М. Портердің әдістемелік ұстамы – ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден ізлеу дұрыс емес деп санайды. Жіңішкерек амал, ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы елде негізделген фирмалар өз саласындағы ең жақсы шетелдік фирмаларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды?
Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады? Немесе неліктен кіп-кішкентай Щвейцарияда фармацептикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге, ауыр жүк машиналарын және тау-кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған? Неге, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалар, орайтын жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника, робот, фото, кошірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтан ұстауда?
Атап айтқанда, сол елдің фирмалары өз саласында бәсекелестік артықшылықты қалай жасай алатынының және ұстап тұра алатынының себептерін түсіне білу жеке фирманың саясатын жасау кезінде ғана емес, сонымен бірге, жалпы ұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін қажетті дұрыс амал.
Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір-біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге (шоғырларға) байланыстырылған. Мысалы, Италияда экспорттың 40 пайызға жуығы азық түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді көркейтуге байланысты салалар кластерлерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық экспорттың 50 пайызынан астамын тасымалдаумен, метталургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.
Данияда үй үшін тауарлар өндіретін және денсаулық сақтаумен (фармацептика, витаминдер, медициналық жабдықтар және т.б.) байланысты бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері бар. Швеция целлюлоза мен қағаз өндіруде ғана бәсекеге қабілетті болып қоймайды, сондай-ақ, ағаш өндейтін жабдықтар, металл қорытатын қазандар, конвейерлік жүйелер, бақылаушы өлшеуіш қажет жабдықтар, қағаз кептіретін жабдықтар шығаруға да бәсекеге қабілетті.
Ірірек елдерде кластерлердің саны көбірек болып келеді, олардың бар екендері әрқашан айқын көрінеді. Германияда жоғарыда атап көрсетілген ірі кластерлерден басқа да кластерлер бар және ол кластерлер келесі салалардан көрінеді: химия өндірісінде, металлургияда, көлікте және баспада. Осы салалардың әрқайсысында да ақырғы негізгі өнімді, осы өнімді даярлау үшін қажет жабдықтарды өндіруде ел табысқа жеткен.
Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілеттілігін жасауға көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік тұғызады. Олар екіншілерін технологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ өндірістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда байланысының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбесін өсіре түседі.
Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы – ішкі бәсекелестік тобы бар жерде факторларды тудыру процесін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмаларды маманданған, бірақ та біртектес технологияларға, ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп соғады. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жасауға және мамандануға мүмкіндік тудырады.
Бәсекеге қабілетті салалар кластерді оның жеке бөліктерінің жай ғана қосындысынан үлкен болып шығады. Оның ұлғаю тенденциясы бар, өйткені, бір бәсекеге қабілетті сала басқасын туындатады. Мұндай өсудің бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар әр елде әртүрлі.
Айқын екі мысал: Жапонияда кластерлердің көлденең бағытта даму тенденциясы байқалады, өйткені танылған Жапон компаниялары тектес салаларға кіруге белсенді түрде тырысады, бұған олардың мақсатының табиғаты мен ішкі әртараптануға деген бейімділігі мүмкіндік тудырады. Италияда кластерлер тік бағытта дамуда, өйткені, жаңа компаниялар бұрынғыдан көбірек маманданған орындарға қызмет көрсету үшін бөлініп шығады және жабдықтаумен шұғылдана бастайды.
Кластерлер даму процесінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салалар арасында қажеттілік, техника мен технология жөнінде ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде және сонымен қатар, әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады.
Әртүрлі елдерде, ал елдердің ішінде - әртүрлі салаларда кластерлердің сипатында және қызметтің тиімділігінде қатты айырмашылықтар байқалады. Қай жерде ұлттық ерекшеліктер кластер ішінде өзара алмасуға мүмкіндік тудырса, елдің маңызды артықшылыққа қолы сол жерде жетеді.
Ақпараттың жеңілірек қозғалысына сондай-ақ көлденең және тік байланыстардың фирмалардың мүдделерін үйлестірудегі мүмкіндік беретін жағдайлар кластерлер арасында өзара алмасуға мүмкіндік тудыратын тетіктер болып табылады.
Ақпарат қозғалысын жеңілдететін факторлар:
бірге оқу немесе әскерде бірге қызмет атқару негізінде қалыптасқан жеке қарым-қатынас;
ғылыми қоғамдастықтарда немесе кәсіби ассоцацияларда пайда болатын байланыстар;
салалық ассоцациялар, қызмет көрсетуші кластерлер;
ұзақ мерзімді және баянды өзара қарым-қатынасқа сенім сияқты мінез-құлық ережесі;
мақсаттардың сай келуін және кластер ішіндегі сиысушылықты анықтайтын фактрлар;
фирмалар арасындағы семьялық және семья төңірегіндегі байланыстар;
өнеркәсіптік топ ішіндегі жалпы меншік;
акционерлік меншіктегі үлестік қатысу;
фирма директорлары арасындағы қарым-қатынастар;
ұлттық патриотизм.
Кластерлердің пайда болуының тәсілдеріндегі ұлттық айырмашылықтар фирмалардың сол елге тән үлгілерінің әртүрлігіне байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалар үшін қозғаушы күш тұтынушылар мен дайын ақырғы өнімге қойылатын талаптың жоғары деңгейі болып табылады.
Экономикалық әртүрлі салаларында және әртүрлі елдерде кластерлердің қалыптасуының жоғарыда баяндалған жағдайларын біз осы мақалада әдейі келтірдік. Қазақстанда осы уақытқа дейін дамыған кластерлер болған емес. Әзірге барыс – Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриялдық-инновациялық дамуының стратегиясын жүзеге асыруға байланысты таяу болашақта бірнеше кластер құру жөніндегі үкіметтің ниеті мен идеясы ғана. Осы ниеттер жекеменшіктегі бизнес тарапынан қолдау таба ма, Үкімет пен жеке сектор арасында тиімді қарым-қатынас жөнге келе ме, мұндай қарым-қатынасқа ғылымды, творчестволық әлеуетті тартудың мүмкіндігін бірлесе отырып таба ала ма? Міне, мәселе осында жатыр.
Қазіргі кездегі Қазақстан өнеркәсібі шикізаттық сипатта болып отыр, экспорттық тауарлар құрамында бәсекеге қабілетті дайын тауарлар жоқ, экспорт арқылы негізінен минералдық өнімдер, өнднлмеген немесе шала өнделген қара және түсті металдар ғана сатылады. Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газдың, қара және түсті металдардың меншік иелері шетелдік компаниялар болып табылады, мемлекеттің шетелдік және отандық акционерлік компанияларда акция пакеті жоқ, тек қана мұнай өндірудегі аз-мұз қатысынан басқа қомақты түрде қолға ұстары тағы жоқ.
Негізгі капиталға деген инвестициялар, көбінесе, кен өндіру өнеркәсібіне келіп түседі, ақырғы дайын өнім шығару үшін өндеуді өнеркәсіпке инвестиция салушылар әзірге байқалмайды.
Өңдеуші өнеркәсіп салалары айтарлықтай дамымағандықтан, сондай-ақ, олардың қолданбалы ғылыммен байланысты жеткілікті түрде жолға қойылмағандықтан, Қазақстанда өнеркәсіпті дамытудың инновациялық факторының әзірге экономикаға тигізетін әсері азын-аулақ қана дәрежеде.
Осындай жағдайда кластерлерді әзірлеуге қатысушылар – тік және көлденең бағыттарда, табиғи факторларды да, инвестициялық факторларды да естен шығармай кластерлерді құру және дамыту жөніндегі әлемдік тәжірибені жан-жақты, өте мұқият ескерулері қажет. Сонымен бірге, Қазақстан экономикасының басты ерекшелігімен санасуға тура келеді,өйткені, бүгінгі Қазақстанда өндірілетін басты өнімдердің бәрі де шетелдік компаниялардың меншігінде, ал олар болса барлық шикі мұнайды құбырлар арқылы сыртқа шығаруға, өндірілген барлық қара және түсті металлдарды, атап айтқанда темір кені, ферроқорытпа, қара металлдың жалпақ илектері, тазартылған және тазартылмаған мыс, өңделмеген мырыш, қорғасын және басқа түрдегі өнім түрінде шетелдерге жөнелтуге ғана ынталы.
Осындай жағдайда құрылатын кластерлердің құрамында әртүрлі ұйымдар және мекемелермен қатар Қазақстанның өкіметтік құрылымдары мен ғылыми күштер де болуға тиіс және олар кластерге қатысушыларға елеулі түрде өз ықпалын жүргізетіндей ықпалда болулары керек. Бұл жерде Даму Банкі, Инвестициялық және Инновациялық қорлар сияқты Даму институттары деп аталатындардың қатысуымен ғана шектелуге ғана болмайды. Мұны алғашқы кластерлерде құру барысында-ақ таяу арада өмірдің өзі көрсететін болады.
II Қазақстанда кластерлердің даму мүмкіншіліктері және бағыттары
Қазақстан таяу болашақта кластерлер үшін құрылыс алаңына айналады деген үміт бар. Қазақстанда кластерлер экономиканың барлық салаларында – агроөнеркәсіптік, ағаш өндеу, отын энергетикалық, металлургиялық, химиялық, жалпы машина жасау, құрылыс, көлік, телекомуникациялық кешендерде құрылуы және дамуы мүмкін. Осы және келесі мақалаларда біз осы аталған кешендерде кластерлердің даму мүмкіндігін көрсетуге тырысамыз.
2.1. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ КЛАСТЕРЛЕР
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені ұлттық агроөнеркәсіп кешенінің ақырғы дайын өнімдеріне жататындар: азық-түлік өнімдері, киім, темекі бұйымдары.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесідей кластерлер дамуы мүмкін: астық өңдеу жөніндегі, сүт өңдеу жөніндегі, ет өңдеу жөніндегі кластерлер. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін және жүнді өңдейтін кластерлер өркендеуі мүмкін. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені шеңберінде тігін бұйымдарының кластері және тері мен аяқкиім өндіру жөніндегі кластер құрудың мүмкіндігін қарастыруға болады.
2.1.1. АСТЫҚ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕР
Қазіргі кезде Республикада дәнді дақылдарды өңдеу жөніндегі 1922 кәсіпорын (ұн тартатын комбинаттар) бар. Ұн өндіру жөніндегі құаттарды пайдалану коэффиценті – 38,7 пайыз. Негізгі қорлардың ьозу деңгейі 26,1пайыз.
Бірінші суретте астықты тереңірек өңдеудің, жаңа өнімдерді (құрғақ және тоңазытылған ұлпа, кондитерлік өнеркәсіп және басқа салалар үшін жартылай фабрикаттар, диеталық тамақтардың өнімдері және т.б.) игерудің қажеттігі көрсетілген. Жаңа өндірістер ауыл шаруашылық шикі затты толығырақ пайдалану, өндірістік қуаттарды пайдалану деңгейі көтеру мақсатында және сондай-ақ ұзақ мерзімге сақталатын астықтан жасалатын өнімдердің әртүрлі ассортиментімен халықты қамтамасыз ету үшін орналастыратын болуға тиіс. Кластердің инновациялық құрылымын дамыту маңызды міндет болып табылады.
Бұл кластердің өмірлік мамандануын немесе қызмет істейтін аймағы Республиканың тауарлы астық өндіретін облыстарына, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облыстарына таралыду. Астық кластерлері ірі қалаларға жақын орналасқан елді мекендерде де дамуы мүмкін, оларда астық өңделгенде табыстылығы төмен өнімдер (дән негізіндегі құрғақ тағамдар, ұннан жасалған және кондитерлік бұйымдар, диеталық тамақтануға арналған өнімдер және т.б.) өндіру жөніндегі кәсіпорындар орналасуы саналы түрде шартты нәрсе.
Кесте - 1. Астықты өңдеу жөніндегі кластерлердің өндірістері
Экологиялық
қаптама
Кепкен және мұздатыл
ған клейковина
Кондит өнеркәсібі мен басқа салалар үшін
жартылай фабрикаттар
Астық кластері
Киім
Крахмал майсу
өндірісі
Экспорт
Өсімдік майы
Құрама жем
Кебу тамақ
Экспорт
Лактар мен
бояулар
Солод
Жарма
Астықты өңдеу
Қант ауыстыру
шылар
Тез даярланатын
концентраттар
Консервілер
Кондит бұйымдар
Мед/лық препараттар
Сыра
Ұн
Ұннан жасалған тағам
_
Спирт
Косметикалық құралдар
__
Шарап-арақ
бұйымдары
Консервілер
Кондит
бұйымдары
Салалық ассоцациялар
Диеталық тағам
Мед
препараттар
Макарондар
Парфюмерия косметика
ҚРИж СМ
Белоктік
концентраттар
Балалар үшін
және диеталық
өнімдер
Салалық институт
Көтерме фирмалар
Кондит бұйымдар
Дүкендер
Отын
Құрама жем
Химиялық шикізат
Салалық журнал
Диеталық өнімдер
Экспорт
2.1.2. СҮТ ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕР
Бұл кластер бойынша статистикалық деректер мен 2000-2002 жылдарғы салааралық балансқа сәйкес ілеспелі өндірістердің қазіргі жағдайы энергетика салаларымен өзара байланысының күшеюымен сипатталады.
Кластердегі өнімдер арасындағы байланыстар серпіні Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік (Алматы облысы мен Алматы қаласы) және Солтүстік (Қостанай, Ақмола облыстары) облыстарда күшейе түсүде, оларда ірі қараның едәуір саны шоғырланған және олар сүт өндіру мен өңдеуге маманданған.
Келтірілген суреттен сүтті өңдеуді тереңдете түсүдің сүт өнімдерінің жаңа түрлерін игерудің (ауыл шаруашылық шикізатын толығырақ пайдалану, өндірістік қуаттарды пайдаланудың деңгейіне көтеру, халыққа ұзақ мерзімге сақталатын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету және т.б. мақсатында жаңа өндірістерді орналастырудың) күн талабына сай екендігін көруге болады. Кластерді қалыптастыруды оңтайландыру сүт өнімдерінің импортын азайтуға жағдай тудыратын болады. Инновациялық инфрақұрылымды құру маңызды міндет болып табылады.
Өмірлік мамандану немесе осы кластердің қызмет ететін аймағы Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына және Алматы қаласына, Қостанай, Ақмола облыстарына (сүт өндіру, ірімшік, сүт косервілерін өндіру және т.б.) сондай-ақ ауыл шаруашылық шикізаты және сүт өнімін тұтынушыға тез жеткізетін мүмкіншілігі бар ірі қараларға жақын орналасқан елді мекендерге қатысты болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |