Кесте – 2. Сүт өңдеу жөніндегі кластердің өндірістері
М
Майсу, көксүт
Салалық журнал
Салалық институт
Министрліктер мен ведомствалар
Салалық
ассоцациялар
едициналық
тауарлар
К
Құрама жем
ондитерлік Лактоза
бұйымдар сүт (қанты)
Ауылшаруа шылық шикізат
Құрғақ сүт
Сүт өңдеу
Қорап, буып-түю
Қаймақты пастерленген сүт
Импорт
Маргарин
Сары май
Құрғақ сүт
Кепкен сүт
Ұзақ мерзімге сақталатын қаймақты сүт
Тортасы айырылған май
Балалар үшін және диета лық тамақ
Шапашаң дайындалатын тамақ
Қышқыл сүт өнімдері
Кондитерлік бұйымдар
Ұзақ мерзімге сақталатын қышқыл сүт өнімдері
Балмұздақ
Ірімшік, ақ ірімшік
Консервілер
Балалар үшін
консервіленген
және диеталық
тағам
Жаңа ашытқылар Мұздатылған Диеталық Жеміс және әр түрлі
негізінде қышқыл кондитерлік балмұздақ қоспалармен жасалған Экспорт
сүт өнімдері бұйымдар балмұздақ
2.1.3. ЕТ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕР
Статистикалық деректер мен 2000-2002 жылғы салааралық балансқа сәйкес осы кластер бойынша ілеспелі өндірістердің қазіргі жағдайы ресурстар бойынша отын-энергетика кешенінің және материалдар бойынша металлургия мен өзара байланысының күшеюімен сипатталады.
Кластердегі өнімаралық серпіні Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік (Алматы облысы және Алматы қаласы) және Солтүстік (Қостанай, Ақмола облыстары) Қазақстан облыстарында күшейеді, оларда мүйізді ірі қара мен құстың едәуір саны шоғырланған жіне олар ет өндіру мен өндеуге маманданған.
Үшінші суретте Республикада еттің тауарлық ресурсының жалпы көлемінде етті өнеркәсіптік өңдеудің үлесін көтерудің, етті өңдеуде тереңдетудің, ет өнімінің жаңа түрлерін игерумен (ауыл шаруашылық шикізатын толығырақ пайдалану мақсатында жаңа өндірістерді орналастыру, ұзақ мерзімге сақталатын ет өнімдерінің өндірістерін құрудың) көкейкестілігін көресіз. Қазіргі заманғы қоймаларды және инновациялық инфрақұрылымды құру маңызды міндет болып табылады.
Осы кластердің өмірлік мамандануы немесе қызмет істейтін аймағы Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына, Алматы қаласында, Қостанай, Ақмола облыстарына (жаңа, салқындатылған немесе мұздатылған тұтас күйіндегі етті өндіру және етті өлшеп орау), сондай-ақ, ауыл шаруашылық шикізат пен ет өнімін тұтынушыға тез жеткізуге мүмкіншілігі бар ірі қаралар маңындағы елді мекендерге қатысты.
Кесте – 3. Ет өңдеу жөніндегі кластердің өндірістері
Кадрлар
Мамық қауырсын бұйымдары
Кондитерлік бұйымдар
Тері зауыттары
Емдік Экспорт Машиналар мен
мармелад жабдықтвр
Қаптама (қаңылтыр)
Қауырсынды алғашқы өңдеу
Былғары мен терілер
Ет, балық консервілері
Жеміс Шұжық үшін қабық
к
Ет өңдеу
онсервілері
Ферменттер
Ж
Салалық ассоцациялар
елатин
желім
Ауыл шаруа шылық шикізат
Миничтрліктер мен ведомствалар
Салалық институт
Ет өндіру
Мүйіздер, тұяқ тар, сүйектер
Май
Шек-қарын, өкпе-бауыр
Етсүйек ұны
Ысталғандар Шұжық Консерві Сублимация Мұздатылған
бұйымдары лер ланған ет жартылай
Құрама жем
Үй малдары үшін азық
Балалар фабрикаттар
тағамы Мал үшін суб
лимацияланған
Сүйек майы
азық
Биологиялық препараттар
Малдар үшін
Кір сабын
консервілер
Иіс сабын
Экспорт
2.2. Қазақстанда негізгі кластерлік даму бағыттарының нобайлары
Бірінші мақалада Агроөнеркәсіп кешенінің үш түрлі кластері жайында толығырақ жазған едік. Қазақстанда белгілі жағдайында жүзім, мақта, жүн, тері өңдеу жөніндегі кластерлерді құруға да және дамытуға да болады. Ол үшін елімізде шикізат мол, бұрынғы кезде осы өнімдерді өідеп, олардан дайын өнім өндіретін кәсіпорындар болғаны да белгілі.
Мәселен, жүзім шаруашылығын алып қарасақ, 1990 жылы Қазақстанда жүзім егісінің көлемі – 24,9 мың гектар еді, 2003 жылы одан 10,4 мың гектар қалды. Бұл да аз емес және болашақта егістік көлемін кеңейтуге болады. 1990 жылы Қазақстанда 138,7 мың тонна жүзім жиналды, 2003 жылы – 28,0 мың тонна, бір гектардан алынған түсім, тиісінше 80,5 және 29,1 центнер. Бұдан қазіргі кезде жүзім шаруашылығының құлдырап түрғаны айқын көрінеді. Алайда, жүзімнен түрлі – түрлі дайын өнімдер өндіруге болатынын және оларға сұраныс табылатынын ескерсек, бұл салада шикізат өндіру тез арада өсіп шыға келетіні анық. Мәселенің түйіні осы салада кластер құруға ынталы министрліктің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, салаға инвестиция жұмсаушы қаржы көздері, солардың ынтымақтастығы, бірлестігі болуына байланысты. Жүзімнен шырын, шарап, балалардың дайын тағамы, медициналық препараттар, тағы басқа да дайын өнімдер шығаруға болатыны белгілі. Елде шампан өндіретін ірі кәсіпорын бар.
Қазақстан экономикасында мақта шаруашылығы елеулі орын алатыны белгілі. Мәселен, 2003 жылы Қазақстан басқа елдерге 124,1 млн. тонна мақта талшығы 140,3 млн. долларға экспортқа шығарды. Экспорттың жалпы сомасының 1,1 пайызын ғана құрағанына қарамастан мақта талшығы Қазақстан ауыл шаруашылығы экспортқа шығаратын екі өнімнің бірі. 140,3 млн. доллар аз ақша емес. Әттеген-айы сол, мақтаны біз негізінен мақта талшығы күйінде экспортқа шығарамыз. 2003 жылы экспортқа 1,9 мың тонна ғана мақта маталары – 3,7 млн. долларға шғарылды. Ал дайын өнім шығару деген атымен жоқ. 2003 жылы 403 мың тонна шитті мақта өндіріп, 124,1 мың тонна мақта талшығын экспортқа шығара отырып, басқаны былай қойғанда, өзімізде еркектің шұлығын, ішкиімдерін шығара алмай отырмыз. Ал мақтадан дайын өнім шығарып сатсақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады, жұмыссыздық азаяды, жұмысшылар жалақы алып, табыс табады, дайын өнім өндіру ішкі жалпы өнімнің, экспорттың көлемін арттырады, басқа да жетістіктерге жеткізеді. Осы жерде айта кетерлік бір жәйт, біз мақта талшығын да дұрыс сата алмай отырмыз. Мәселен, 2003 жылы оның 1 тоннасын Иранға 1300 доллардан, Латвияға 1200 доллардан сатсақ, Ресейге, Қытайға, АҚШ-қа 1000 доллардан сатыппыз.
Мақта өңдейтін кластер құрсақ матадан бастап, киім-кешектің, төсек-орынның неше алуан түрлері, өсімдік майы, бояулар, медициналық, косметикалық тауарлар сияқты өнімдер өндіретін тігін өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, медицина өнімдерін шығаратын өнеркәсіптер елімізде кеңінен дамитын болар еді.
Мақта шаруашылығының осындай маңыздылығын ескере отырып мақта өңдеу жөніндегі кластердің суретін беруді ұйғардық.
1-кестеден қараңыз.
Суреттен көрініп тұрғандай, мақта өңдеу жөніндегі кластердің құрамына мақтаны өңдеу мен маталар өндіру, медициналық және техникалық мақта және басқа да тауарлар шығару үшін шикізат ретінде мақтаны кешенді өндеу енеді. Кластерді құру үшін осы салаға қатысты ғылым саласын және қолданбалы ғылыми-зерттеу тәжрибелік-конструкторлық әзірлемелерді, нақты кәсіпорындарында осы сала бойынша жаңа технологияны енгізу жөніндегі экономикалық және маркетингтік зерттеулерді дамытудың арнайы бағдарламасын жүзеге асыру қажет.
Қазігі кезде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында 9 мақта зауыты бар. Сондай-ақ, салынып жатқан кәсіп орындарда баршылық, олар:
Шымкентте қуаты жылына 30 мың тонна мақта өңдейтін зауытты “Шампиев” АҚ және Атакент салып жатыр. Оның тауарлы өнімінің жылдық сомасы 10 млн. доллар болмақ.
Шымкентте “Әсем” ЖШС пен Атакент медициналық мақта шығаратын цех салынуда. Ол біткен соң жылына 1000 тонна өнім (құны 3млн. доллар тұратын) шығармақ.
«НИМЭКС корпорация» ЖШС қуаты 80 мың тонна мақта өңдеуге жететін мақта зауытын салуда. Келешекте осы зауыт мақта майы мен мақтадан иірген жіп шығармақшы.
«Қазақстан мақтасы» корпорациясы Жетісай қаласында қуаты жылына 35 мың тонна мақта өңдеуге жететін мақта зауытын салуда.
«INADA TEXTILE» Қазақстан-Қытай кәсіпорны Коңырат селосында жылдық қуаты 6 мың тонна зауыт салуда.
Бүгінде жұмыс істеп тұрған тоқыма өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Алматыдағы АММК тоқыма компаниясы мен Шымкенттегі «Эластик» галантериялық фабрикасы. Тігін кәсіпорындарын келешекте Алматы қаласында дамыту тиімді сияқты. Бұл облыс әкімдері мен Алматы қаласы әкімі бірігіп шешетін мәселе деп санаймыз.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің кластер арқылы қарқынды дамитын келесі саласы жүн өңдеумен байланысты. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында жүн жуатын және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары қайта дами бастады, Алматы, Өскемен, Семей қалаларында жүннен жасалатын тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі ұлғайып келеді. Әскерилер мен Ішкі істер қызметкерлері үшін тауар өндірудің (ең алдымен шұғадан жасалатын) көлемі де өсуде.
Суреттен көруге болатындай көңіл аударарлық жәйттің бірі – ол жаңа өндірістерді (ланолин, киізден жасалатын қысқы демалыс үшін арнайы аяқкиім өндіру т.б.) орналастыру, костюмдік маталар, жүн өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндіру сияқты өндірістерді құру арқылы қосылған құнды арттыру болып табылады. Сондай-ақ бұл кластерді құрған кездегі ең басты және маңызды міндеттерге инновациялық инфрақұрылымдарды жасау, көтерме сауда фирмаларын құру жатады.
Ауыл шаруашылығымен байланысты құруға болатын кластердің бір түрі тері өңдеу және аяқкиім шығару жөніндегі кластер болмақ. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Семей қаласында былғары-тері өнеркәсібінің кәсіпорындары өз қуаттарын арттыра түсуде, ал Алматы, Қаскелең, Қызылорда және Жамбыл қалаларында аяқкиім өндірісінің көлемі өсе бастады.
Қазақстанда жиһаз өндіру жөніндегі кластер құрудың мүмкіндігі де, экономикалық тиімділігі де үлкен. Жиһаз халық тұтынатын тауарлардың ең маңыздыларының бірі, оның үлесіне халық сатып алып ұзақ мерзімге пайдаланатын тауарлардың жалпы сомасының 40 пайызы келеді.
1-кесте. МАҚТА ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕРДІҢ ӨНДІРІСТЕРІ
Кадрлар
Жоғары оқу орындары
Консалтингтік
фирмалар
Салалық қоғам
дық асоцация
Министрлікьер
мен ведомствалар
Салалық Тоқыма өнер
журнал кәсібінің ҒЗИ
Коледжілер
Заң жөніндегі және аудитор лық қызметтер
Банктер және басқа қаржы мекемелері
Дизайнерлік Инновациялық Машиналар мен
фирмалар инфрақұрылым жабдықтар
Мақта өңдеу
Импорт
Бояғыштар
Фермерлік шаруашылықтар
Шитті мақта
Тамақ өнеркәсібі
Өсімдік майы
Ц
Мақта талшығы
еллюлоза
Құрылыс өнеркәсібі
Сырмай бояулар
Мақта линті
Мақта-мата иіріл ген жібі
Медициналық мақта
Мақта-ата
Техникалық мақта
жіптері
Медициналық тауарлар
Шұлық-ұйық бұйымдары
Шілтер Экспорт
Киім
Маталар
Косметикалық Тігін Тоқыма
тауарлар Өнеркәсібі өнеркәсібі
Көрпелер
Экспорт Тоқыма матасы
2-кесте. ЖҮН ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЛАСТЕРДІҢ ӨНДІРІСТЕРІ
Министрліктер мен
ведомствалар
Салалық
ассоцациялар
Салалық журнал
Салалық институт
Ауылшаруашы
лық шикізаты
Машиналар мен жабдықтар
Синтетикалық талшық
Импорт
Экспорт
Жуылған
жүн
Жүн өңдеу
Бояғыштар
Киіз
Көрпелер
Ланолин Техникалық
Маталар
Жүннен иірілген жіп
майлар
Киім
Киіздер, киіз
үйлер
Киіз
Фетр
Күспе
Сыртқы және
ішкі тоқылған
киімдер
Экспорт
Тоқыма
матасы
Қолмен тоқу үшін
жасалған жүн жібі
Киім
Бас
киімдер
Былғары және
синтеткалық
бөлшектері бар
балалар аяқ
киімі
Аяқ киім
Шұлық-
ұйық
бұйымдары
Жұмыс
аяқ
киімі
Экспорт
Қысқы демалыс аяқ киімі
Реформа жылдары 1999 жылғы дейін ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі қатты күйзеліске ұшырап, құлдырап кетті, 1990 жылмен салыстырғанда тауарлы өнім көлемі 6 есеге қысқарды. Ағаш дайындау 1991 жылғы 2,5 млн. текшеметрден 1999 жылы 885 мың текшеметрге дейін немесе 2,8 есеге азайды.
Орман өнекәсібі кешенінің дамуына кедергі келтіріп отырған бөгеттер де жетерлік. Олардың кейбірін ғана атасақ: салаға жұмсалатын инвестициялық деңгейінің төмендігі, өндірістің техникалық және технологиялық тұрғыдан кейін қалуы, ағаш даярлайтын саладағы жабдықтардың моральдық және табиғи тозуы, 2002 жылы кесілген ағашты, жартылай дайын өнімдерді, ағаштан жасалған дайын өнімді экспортқа шығаруға тыйым салынғаны, 2001 жылмен салыстырғанда өсіп тұрған ағаштың құнының16-20 есеге қымбаттауы, ағаш тақталарын және кесілген ағаштарды шығару жөніндегі отандық өндірісті жою, техникалық кадрларды дайындаудың сан жағынан да, сапа жағынан да қанағаттанғысыздығы, оқытушылар мен кәсіпорын басшыларының мамандығын көтеретін орталықтың жоқтығы, оқу орындарының материалдық базасының әлсіздігі. Саланы ойдағыдай дамыту үшін осы аталған және басқа да проблемаларды шешу қажет.
Қазақстан экономикасында отын-энергетика кешені жетекші орын алады. Оның үлесіне негізгі құралдардың 36 пайызы, өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің 29 пайызы келеді және оның өнімі ЖІӨ-де 39-44 пайыз аралығында болып келеді. Саланың түпкі өнімі жылу энергиясы, электр энергиясы, қатты және сұйық отындар.
Отын-энергетикалық кешенде кластерлерді дамыту жөнінде екі басымдықты өңірді атауға болады – бұлар Батыс Қазақстан мен Павлодар-Екібастұз өңірі.
Батыс Қазақстанда мемлекетаралық кластерлер дамуы мүмкін, олар мұнай мен газды өндіру және өңдеу жөніндегі трансұлттық корпорациялармен байланысты болмақ. Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе қалалары бойынща нақты кластерлер облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып анықталуға тиіс. Олар, ең алдымен жұмыс істеп тұрған өндірістердің базасында анықталғаны жөн. Мәселен, Атырау қаласында мұнай өңдеу зауытының базасында. Ақтау қаласында да алдағы уақытта мұнай өңдейтін зауыт салынуы мүмкін және ол полистрол шығаратын зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін болады.
Павлодар - Екібастұз өңірінде энергетикалық кластер қалыптаса бастады десе болғандай, ол Екібастұздың көмірін өндірумен және Ресейге электр энергиясын берумен байланысты. Көмір өндіру саласында қалыптасатын бұл кластер Екібастұздың көмірін байытумен және әртүрлі ассортименттегі көмір брикеттерін шығарумен, синтетикалық сұйық отын шығару және су эмульсиялық суспензияны өндіру игеру үшін көмірді шикізат ретінде кешенді түрде өңдеумен шұғылданатын болады. Бұл кластер үшін саланы және қолданбалы ҒЗТКЖ, осы салада жаңа технологияны енгізу үшін экономикалық және маркетингтік зерттеулерді дамытудың арнайы бағдарламасы жасалып, жүзеге асуға тиіс.
Басымдықты кластерлердің үшінші тобы мұнай-химия өндірісін дамытумен байланысты. Мұндай кластерлерді ұйымдастыру ішкі және сыртқы рыноктарда сұраныс табатын өнімдерді, соның ішінде этилен, полтэтилен, полистрол, поливинилді өндірумен байланысты.
Электр энергетикалық кластердің негізін электр станциялары және жылу энергиясын беретін аудандық ірі қазандар құрайды. Аталған кластердің құрамына электр және жылу энергияларын өндірушілерден басқа жүйелік құрылысты, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын жүзеге асырушы, жабдықтар, құбырлар мен ток өткізбейтін материалдар өндіретін кәсіпорындар кіруге тиіс.
Атырау облысында мұнай-газ кластері құрылса, ол мұнай өнімдерін, мұнай коксін, мұнай битумын, табиғи және сұйытылған газды, грануленген күкіртті, т.б. түпкі өнімдерді шығаратын болады.
Осы облыста мұнай-химия кластері құрылса, ол полиэтиленді құбырлар, полирпопилен пластмассасын, пластмассадан жасалған бұйымдар: құбырлар, түтіктер, тақталар, табақтар, пленкалар, қаптар, сөмкелер, есіктер, терезелер, есіктің кораптары, терезе рамалары, терезе қақпағы, терез жапқыштар және басқаларын шығаратын болады.
Кестеде көрсетілгендей, мұнай-химия өніидерін шығаратын дербес кәсіпорындардан басқа кластер құрамында үкімет органдарының өкілдері, ғылыми мекемелер, оқу орындары менеджмент және маркетинг орталығы болуға тиіс. Атырау қаласында қазіргі кезде полипропилен пластмассасын шығаратын «Полипропилен зауыты» ЖШС, полиэтилен құбырларының зауыты, пластмассадан бұйымдар жасап шығаратын бірнеше ЖШС жұмыс істейді.
Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кешені металлургиялық шикізат өндіретін, оны байытатын және шойын, болат, қара және катодтық мыс, қорғасын мен мырыштан кесек бұйымдар түрінде өнім шығаратын 99 кәсіпорыннан тұрады.
3-кесте. МҰНАЙ-ХИМИЯ КЛАСТЕРІНІҢ НОБАЙЫ
Атырау облысындағы мұнай-химия кластері
Институттар
Мемлекет
Бизнес
Дербес кәсіпорындар-мұнайхимия кластерінің мүшелері
Атырау мұнай және табиғи тұздар ҒЗИ
Қазақтың мұнай және газ ҒЗИ
Облыс әкімінің өкілі
Менеджмент және маркетинг орталығы
Этилен, пропилен өндіру
Қала әкімінің өкілі
Пропилен грануласын, көпшілік тұтынатын тауарлар өндіру
Атырау мұнай және газ институты
Атырау мұнай колледжі
Хұқық қорғау органдарының өкілі
Полиэтилен грануласын, көпшілік тұтынатын тауарлар, жинақтаушы бөлшектер мен заттар өндіру
Полиэтилен құбырларын өндіру
Түпкі өнім-синтетикалық материалдардан жасалған бәсекеге қабілетті бұйымдар
Қазақстанның қара металлургиясына оның өнімін қайта өңдеудің қысқа циклі тән, өнімнің негізгі көлемі (97%) қайта өңдеудің 2-3 деңгейімен шектеледі. Басқадай сипатына оның ішкі рынокке түпкі өнім шығаруға бейімделмегені, сала инвесторларының Қазақстанның индустриалдық–инновациялық даму стратегиясына мүдделі еместігі жатады.
Металлургия кешені домналық кокске аса зәру. Жыл сайын 1 млн. тоннаға жуық кокс Ресей мен Қытайдан әкелінеді. Мәселен, 2003 жылы оның импорт көлемі 959 мың тонна болып, 58,9 млн. долларға сатып алынды.
Қазіргі кезде қара металлургиялық өнімдерін бәсекеге қабілеттілері темір мен болаттан жасалған илек. Бұл саланың ірі бөлігі ферроқорытпа өндірісі болып табылады. Оның құрамына «Дон ТБК» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа зауыты», «Феррохром» АҚ кіреді. Бұл өнімді шығаруда кәсіпорындар арнайы кокске зәру. Домна коксі бұған жарамайды. Қара металлургия саласында құрылып дамытылмақ кластері келесі суреттен көрінеді.
Кестеде қара металлургияның түпкі өнімдері аталып көрсетілмеген. Өйткені, біріншіден ондай өнімдер саны өте көп болуы ықтимал, қайта өңдеу деңгейі артқан сайын түпкі өнім саны да өсе береді.
Екіншіден, сол өнімдерді қай қалада, қандай зауытта, қандай көлемде өндіру мәселесі әлі де болса көп ойланып, жан-жақты зерттеп анықтауды талап етеді. Екіншіден, бұл саланың қожайындары Қазақстанның ішкі мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін қандай өнімдерді, қандай көлемде өндіретінін, қандай кәсіпорындар салатынын және экспортқа қандай түпкі өнім шығаратынын, осылардың бәрі үшін қанша инвестиция жұмсалатынын есептеулері керек. Ел үкіметі олармен қашан, қалай тіл табысады, мәселені қалай шешеді, міне, көп нәрсе осыған байланысты.
Түсті металлургияға келетін болсақ түсті асыл, сирек кездесетін және радиоактивтік металдарды өндірумен 65 кен орны, 20 байыту фабрикалары және 9 металлургиялық кәсіпорны шұғылданатыны белгілі. Бұл салада 140 мыңдай адам жұмыс істейді.
3-кесте. ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ КЛАСТЕРІНІҢ НОБАЙЫ
Достарыңызбен бөлісу: |