«Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 050001, Республика алаңы, 4; 112-бөлме, анықтама телефондары, факс 8 (727) 264-28-54, 262-16-13, e-mail: uprirp@mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-О-4 санаты үшін: жоғары білім;
Экологиялық ақпарат бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік.
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
D-O-4
|
83 282
|
112 431
|
Функционалдық міндеттері: Алматы қаласының табиғи аумағын күтіп ұстауға бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымдар мен мекемелердің жұмысын үйлестіреді. Алматы қаласы бойынша экологиялық ақпараттарды, соның ішінде Басқарманың және Алматы қаласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметі жөнінде фото-бейне материалдарды жинау, талдау жәнек деректер қорын қалыптастыру. Алматы қаласы әкімінің сайтына және Басқарманың сайтына келіп түскен жұртшылықтың сұрақтарына жауаптарды Басқарманың тиісті құрылымдық бөлімшелерінен жинайды, өз құзыреті шегінде келіп түскен сұрауларға уақытында жауап береді. Орталық атқарушы органдарға, Алматы қаласының әкіміне және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарға басқарманың, бөлімнің жұмысы туралы, негізгі қызмет мәселе- лері бойынша есептерді, талдамалық анықтамаларды, шолуларды, экологиялық ақпараттарды дайындауға және уақытында ұсынылуына жауап береді. Өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге қажетті, Алматы қаласы бойынша іс-шараларды өткізуге негізделген ұсыныстар дайындайды. Алматы қаласында экологиялық ахуалды сауықтыру мәселелері бойынша кеңесші органның жұмысын ұйымдастырады. Басқа да мемлекеттік органдармен және экологиялық бағыттағы ҮЕҰ экологиялық ағарту және білім беру бойынша іс-шараларды және акцияларды ұйымдастырады және өткізеді, олардың БАҚ-та жариялануын ұйымдастырады; БАҚ-та жариялау үшін Басқарманың және ведомстваға қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызметі жөнінде материалдарды дайындайды, экологиялық бағыттағы жариялымдарға талдау жасайды және анықтама, баспасөз релиздерін дайындайды. Өзекті экологиялық мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастырады, қоршаған ортаны қорғау саласындағы семинарларға, конференцияларға қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім беру саласы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары немесе құқық саласы.
Мынадай құзіреттердің болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін басқа да міндетті білімдер.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылғансауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша басқармаға тапсырылуы тиіс.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін тестілеу бағдарламасы:
B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.
екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жеке қасиетін бағалайтын тестілеу бағдарламасы:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының www.almatyeco.gov.kz интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |