V. Еңбек ақы төлеу және еңбек нормалары
5.1. Тараптар білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында ұжымдық шарттың қолданылу мерзімінде колледж қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу жағдайын мүлтіксіз орындауды, жалақы бойынша қарызды болдырмау және жою жөнінде шараларды жүзеге асыруды басымды бағыт ретінде санауға келісті.
5.2. Тараптар білім ұйымы қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы және жұмыс уақытын есепке алу табелі негізінде жүзеге асырылады.
5.3. Білім беру ұйымдарының педагог, медицина, кітапхана қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеу экономиканың тиісті салалары қызметкерлерінің ұқсас санаты үшін белгіленген еңбекке ақы төлеу жағдайларына сәйкес, ал жұмысшылар қатарындағы қызметкерлерге – қызметкерлердің осы санаты үшін қарастырылған разряд бойынша жүргізіледі.
5.4. Қызметкерлерге жалақы жұмысты орындағаны үшін ай сайын ақшалай түрде төленеді. Уақтылы қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, жалақы қызметкерлерге келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс.
5.5. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және оған:
- лауазымдық айлық (тарифтік ставка);
- мемлекеттік бюджет қаражатының есебіндегі ұйымдардың қызметкерлеріне, азаматтық қызметшілерге, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме ақылар мен қосымша ақылар;
- ұйымның жергілікті нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да төлемдер қосылады.
5.6. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбек жағдайы үшін ақы төлеуді «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы№ 1193 Қаулысы негізінде төмендегідей мөлшерде қосымша және үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды:
5.6.1. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюі) үшін ауыстырылатын қызметкердің лауазымдық жалақысының 50%-ға дейін қосымша ақы:
5.6.2. Колледждің барлық қызметкерлеріне еңбектің ерекше жағдайлары үшін лауазымдық айлықтан 10% мөлшерінде үстеме ақы тағайындалады және төленеді.
5.7. Тараптар, ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 31-желтоқсанындағы № 1193 қаулысымен белгіленген төмендегі көтерме, қосымша және үстеме ақылардың сомасы, педагог қызметкерлердің нақты оқу жүктемесіне барабар төленеді деп келісті:
- дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін;
5.8. Тараптар, оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезінде жұмыс уақыты үшін педагог қызметкерлерге еңбектеріне ақы төлеу, каникул басталғанға дейін болған тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен төленеді деп ұйғарды.
5.9. Штаттық лауазымсыз (оқытушылар, шеберлер, қосымша білім беру педагогтары) педагогикалық жұмысты атқаратын педагог қызметкерлерге жаңа оқу жылының басында тарифтеу тізімі жасалады және бекітіледі. Тарифтеу тізімдері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен, оларға Еңбек ұжымы Кеңесінің өкілін міндетті түрде қосып құрылған тарифтеу комиссияларымен жасалады.
5.10. Жұмыс берушінің өкілі ай сайын қызметкерлерге жалақы төленетін күні, әрбір қызметкерге оған тиесілі жалақының құрамдас бөлігі туралы, ұсталынған ақшаның мөлшері мен негіздемесін, соның ішінде аударылатын міндетті зейнетақы жарналары, төленуге тиісті жалпы сома туралы жазбаша түрде хабарлауға міндеттеме қабылдайды.
5.11. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы негізінде Жұмыс беруші қаржыландыру жоспары бойынша кредиторлық берешек болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік мекемені қамтамасыз етуге көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен немесе қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу ережесімен белгіленген тәртіпте, материалдық көмек көрсетуге, дербес қосымша ақылар тағайындауға, қызметкерлерді сыйақымен қамтамасыз етуге құқылы.
5.12. Еңбек ақыны өзгерту :
- мамандығы бойынша жұмыс өтілін көбейген кезде - егер құжаттар ұйымда болса, тиісті өтілге жеткен күннен бастап немесе жалақы ставкасының (айлықтың) мөлшерін көбейтуге құқық беретін өтіл туралы құжатты ұсынған күннен бастап;
- білім туралы құжатты қалпына келтіру немесе білім алған кезде- тиісті құжатты ұсынған күннен бастап;
- «Еңбек сіңірген» құрметті атағы берілген кезде – берілген күннен бастап;
- ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері берілген кезде – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Комитет Алқасы немесе Төралқаның диплом беру туралы шешімі шығарылған күннен бастап жүргізіледі.
5.13. Қызметкердің жыл сайынғы немесе басқа еңбек демалысында болған кезінде жалақы (лауазымдық айлығының) ставкасын және (немесе) еңбекақысын өзгертуге құқығы болған кезде, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде еңбекақының анағұрлым жоғары разрядының ставкасы мөлшеріне негізделіп жалақыны төлеу еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүзеге асырылады.
5.14. Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен анықталатын оқытушылардың, тәрбиешілердің, басқа қызметкерлердің тарифтік тізімдері мен оқу жүктемесі нормативтік құқықтық актілермен және білім стандарттарымен сәйкес топтардың белгіленген шектеулі топтасуын ескеріп анықталатынына келісті.
5.15. Тараптар қызметкерлерге берілген мүліктер мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етпегені үшін толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасау мүмкін болатын қызметкерлермен орындалатын немесе айналысатын лауазымдар мен жұмыстар тізіміне барлық қызметкерлер кіреді, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы типтік шарт Еңбек ұжымы Кеңесінің пікірін ескере отырып, жұмыс берушінің актісімен бекітіледі деп келісті.
5.16. Тараптар жұмыс берушінің және қызметкердің еркінен тыс себептерге байланысты бос тұрып қалуы бойынша, ең төменгі жалақы мөлшерінен белгіленеді, жұмыс берушінің кінәсінен бос тұрып қалу уақыты ретінде қызметкердің орташа жалақысының 50% мөлшерінде төленеді деп келісті.
5.17. Ереуілге әкеліп соққан ұжымдық еңбек даулары жағдайында, жұмыс беруші ереуілге қатысқан қызметкерлердің жалақысын толық көлемде сақтайды.
5.18. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 13 бапқа сәйкес
ұйым қызметкерлеріне ай сайын тұрғылықты жеріне байланысты, айлық есептiк көрсеткiштiң радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы мен қосымша демалыс жүргізіледі.
VI. Жұмыспен қамтылуға, біліктіліктерін арттыру және
кәсіптік кадрларды бекітуге жәрдемдесу
6.1. Тараптар жұмыспен қамту, қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, жас мамандарға кәсіптік және әлеуметтік бейімделуде тиімді көмек көрсету саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне жәрдемдеседі.
6.2. Тараптар келісті:
6.2.1.Еңбек ұжымы Кеңесін қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы туралы ол басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын, ал жаппай жұмыстан босатуға әкеліп соғатын жағдайларда, ол басталғанға дейін екі ай бұрын жұмыс беруші жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
6.2.2.Қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан шығару туралы хабарлама алған қызметкерлерге жалақысын сақтай отырып, жаңа жұмысты өзі іздеу үшін аптасына кемінде бес сағат жұмыстан бос уақыт беріледі.
6.2.3. Қызметкерлердің санын немесе штатты қысқарту жағдайында жұмыста қалдыруға басымды құқыққа ие болатын қызметкерлер:
- Зейнеталды жасындағы қызметкерлер (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген зейнеткерлік жасына дейінгі үш жыл)
- осы ұйымда 10 жыл немесе одан да көп жұмыс істеген қызметкерлер;
- көп балалы ата-аналар(төрт және одан да көп балалы);
- 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер;
- 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар.
- жұмыста жоғары сапалы көрсеткіштері бар қызметкерлер
6.3. Жұмыс беруші:
- педагог қызметкерлерді (мамандықтар тұрғысында) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыруға;
- педагог қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктіліктерін арттыруға;
- қызметкерді біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберген жағдайда, оның жұмыс орнын (лауазымын), негізгі жұмыс орны бойынша жалақысын сақтауға, және егер қызметкер біліктілігін арттыру үшін басқа жерге жіберілетін болса, онда оған қызметтік іссапарларға жіберілетін тұлғалар үшін көзделген тәртіп пен мөлшерде іссапар шығындарын төлеуге;
- жұмысымен қатар жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында жетістікпен оқуды орындап жүрген қызметкерлерге атқаратын лауазымына сәйкес білім алу кезінде тиісті қаржы көзделген жағдайда кепілдіктер мен өтемақылар беруге міндетті.
VII. Еңбек жағдайы және еңбекті қорғау
7.1. Жұмыс берушінің өкілі :
7.1.1. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады.
Барлық жұмысқа қабылданушылармен, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған колледждің қызметкерлерімен еңбекті қорғау, студенттердің өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде оқыту мен нұсқамалық жүргізеді.
7.1.2. Колледж қызметкерлерінің таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын, өндірістік жарақат пен қызметкерлердің кәсіби ауруларының пайда болуын ескертетін еңбек қауіпсіздігінің қазіргі заманғы құралдарын енгізуді қамтамасыз етеді.
7.1.3. Еңбек ұжымы Кеңесімен бірлесе еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, оның орындалу мерзімі, орындауға жауапты лауазымдық тұлға туралы еңбек келісімін әзірлейді.
7.1.4. Колледждің қаражаты есебінен еңбек шарттарын орындауға қажетті материалдармен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді.
7.1.5. Колледж қызметкерлерін еңбекті қорғау жөнінде уақытында оқытуды, нұсқамалықты және білімдерін тексеруді жүргізеді.
7.1.6. Белгіленген тәртіпте қызметкерлермен болған жазатайым оқиғаларға тексеру жүргізеді.
7.1.7. Қызметкерлерге олардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау, оларға тиесілі өтемақылар мен жеке қорғану құралдары туралы ақпарат береді.
7.1.8. Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен, колледждің еңбекті қорғау жағдайына жауапты тұлғаның нұсқама журналымен қамтамасыз етеді.
Қызметкерлермен еңбекті қорғау бойынша талаптардың, ережелердің және нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз етеді
7.1.9. Жұмыс беруші қызметкерлердің жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуін талап етуге құқылы.ҚР ЕК 48 бап.2т.
7.1.10. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектордың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
7.1.11. Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының қызметкердің кінәсінен болмаған еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан еңбек заңнамасын қадағалауға жұмысты тоқтату кезінде, қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымын) мен орташа жалақысын сақтайды.
7.1.12. Қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде, қызметкерге ондай қауіпсіздікті жою уақытына басқа жұмысты ұсынады немесе осы себептен бос тұрып қалған уақытына орташа жалақысы мөлшерінде ақы төлейді.
7.2. Еңбек ұжымы Кеңесі:
7.2.1. Колледж әкімшілігі тарапынан еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың қадағалануына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
7.2.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторды сайлайды.
7.2.3. Жұмыс берушіге еңбекті қорғау талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс білдіреді.
7.2.4. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың, ұжымдық шартпен көзделген міндеттемелердің бұзылуымен байланысты еңбек дауларын қарауға қатысады.
VIII. Әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар
8. Тараптар өзара келісті, Жұмыс беруші :
8.1. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде, лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы№1193 Қаулысы негізінде және Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 бұйрығына сәйкес жәрдем ақы мөлшері есептеледі.
Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерге, тәртіптік жаза болмағанда, көтермелеу ретінде ақылы еңбек демалысында сауықтыруға арналған күнтізбелік жылда 1(бір) рет, бюджеттен тыс қаражаттан материалдық көмек көрсетіледі
8.2. Қоғамдық тамақтануды ұйымдастырады (асханалар, буфеттер, тамақтану бөлмелері (орындары).
8.3. Қызметкерлерге ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде;
- медициналық тексеруге жіберу кезінде;
- қызметтік іссапарларға жіберу кезінде;
- донор болып табылатын қызметкерлер үшін;
- жұмысынан айырылған жағдайда (ҚР ЕК 131 бап.);
- заңнамамен көзделген басқа да жағдайларда кепілдіктер мен жәрдемақылар ұсынады.
8.4. Қызметкерді зейнетақы жасына жетуіне байланысты жұмыстан шығарған кезде нақты жұмыс істелген уақыт үшін жәрдемақы төлеуді жүргізеді.
8.5. Қызметкерлерді қызметтік мақсатта білім беру ұйымдарының кітапхана қорымен тегін қамтамасыз етеді.
8.6. Азаматтық қызметшілерді және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмысты өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыстағы жетістіктері үшін:
1) азаматтық қызмет бабында көтерілумен;
2) ақшалай сыйақымен (бюджеттен тыс қаражат болған жағдайда);
3) алғыс жариялаумен;
4) Грамотамен марапаттаумен ынталандырады.
IХ. Жастардың еңбек жағдайы және әлеуметтік кепілдіктері
9.1. Тараптар:
9.1.1. Жас қызметкерлерге заңмен көзделген кепілдіктер мен әлеуметтік жеңілдіктердің берілуіне кепілдік береді.
9.1.2. Колледжде жас педагогтар мектебінің құрылуына ықпал етеді.
9.2. Тараптар өзара келісті:
9.2.1. Жас мамандардың аттестаттаудан ойдағыдай өтуіне жәрдемдесуге;
9.2.2. Еңбекте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және колледждің қоғамдық өмірге белсене қатысатын жас қызметкерлерді ынталандырудың түрлі нысандарын енгізуге;
9.2.3. Жастардың спортпен, көркемөнер және техникалық шығармашылықпен айналысуларына қол жетімділікті, шығармашылық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге;
9.2.4. Жас оқытушыларға олардың ойдағыдай психологиялық-педагогикалық бейімделулері үшін жағдай жасау, кәсіби көтерілулері үшін уақыт босату мақсатында жұмыс режимдерін реттеу жөнінде жұмыс жүргізуге келісті.
X. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау
және тараптардың жауапкершілігі
10.1. Осы ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды тараптар мен олардың өкілдері жүзеге асырады.
10.2. Тараптар өкілдері ұжымдық шартты жасау, өзгерту жөнінде келіссөздерге қатысудан бас тартқаны үшін, ұжымдық келіссөздерді жүргізуге және ұжымдық шарттың ережелерін қадағалауға бақылауды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты бермегені үшін, ұжымдық шартпен көзделген міндеттемелерді бұзғаны немесе орындамағаны үшін, басқа құқыққа қарсы әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Жалпы ережелер
Ішкі еңбек тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасы еңбек Кодексіне, «Білім туралы» ҚР Заңына, басқа да нормативті құқықтық актілерге, ұжымдық келісімге сәйкес жасалды.
Ішкі еңбек тәртібі туралы ереже( ары қарай- Ереже)- қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен босату тәртібін, еңбек келісімшарты тараптарының міндеттері мен жауапкершіліктерін, құқықтарын, қызметкерлерге қолданылатын көтермелеу мен жазалау шараларын, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін басқа да сұрақтарды ҚР ЕК сәйкес реттейтін жұмыс берушінің актісі.
Ереже еңбек тәртібін күшейту, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, еңбекте жетістікке жету үшін жағдай тудыру, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Ережені жұмыс беруші Еңбек ұжымы Кеңесінің пікірін есепке ала отырып бекітеді.
ІІ. Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және босату тәртібі
2.1. Жұмысқа қабылдау тәртібі:
2.1.1. Қызметкерлер осы мекемеде еңбек етуін еңбек келісімшартын жасасу жолымен жүзеге асырады.
2.1.2. Еңбек келісімі ереже бойынша 1 жылдан кем емес мерзімге жасалады.
2.1.3. Еңбек келісімін жасақанда тараптардың келісімі бойынша қызметкердің осы тапсырылған жұмысқа сәйкес келетіндігін тексеру мақсатында сынау туралы шарт қарастырылуы мүмкін.
2.1.4. Сынау мерзімі үш айдан артық болмауы керек, мекеме басшысы, оның орынбасарларына, бас есепшіге, құрылымдық бөлім басшыларына – алты айдан артық емес мерзімге.
2.1.5. Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалады және екі тараптың қол қоюымен екі дана жасалып, біреуі мекемеде, екіншісі – қызметкерде сақталады.
2.1.6. Педагогикалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау білім туралы заңнамада қарастырылған талаптарды есепке ала отырып жасалады.
2.1.7. Жұмысқа қабылданған тұлға еңбек келісімін жасасқанда, ҚР ЕК 32б. сәйкес жұмыс берушіге:
- жеке куәлік немесе паспорт, оралмандар жергілікті атқарушы бөлімі берген оралман куәлігін;
- азаматтығы жоқ тұлғалар ықтияр хат немесе куәлік ( Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел ел азаматтары үшін) немесе босқын куәлігін;
- білімі туралы құжатты, біліктілігі, сәйкес білімі, білігі, дағдысын талап ететін жұмысқа қабылданғанда еңбек келісімшартына отырған кездегі кәсіби дайындығы мен арнайы білімі барлығы туралы құжатты;
- еңбек қызметін растайтын (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) құжатты;
- алдын ала медициналық куәлендіруден өтуі туралы құжатты;
- адам өлтіру, денсаулыққа, жұртшылықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қасақана зиян келтіру, жыныстық тиіспеушілік, экстремистік және террорлық қылмыс, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтің барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама ұсынады.
2.1.8. Басқа жұмыс берушімен қоса атқару бойынша жұмыс істеуі туралы еңбек келісімшартын жасасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орнындағы еңбек жағдайы мен сипаты ( жұмыс орны, лауазымы, еңбек шарты) туралы анықтама ұсынады.
2.1.9. Құжаттарының түпнұсқаларының жұмыс берушіде сақталуына келісімін бергенде немесе ҚР заңнамасында көрсетілген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдырған жағдайда жұмыс беруші қызметкерге құжаттарды қайтарып беретіні жайлы жазбаша міндеттеме береді.
2.1.10. Жұмысқа қабылданушыдан ҚР ЕК көрсетілгендерден тыс құжаттарды талап етуге тыйым салынады, заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайларды ескермегенде.
2.1.11. Еңбек келісімін жасасқанда алдымен еңбек кітапшасын жұмыс беруші рәсімдейді. Еңбек кітапшасының түрі, жүргізілу және сақталу тәртібі, сонымен қатар еңбек кітапшасы бланкісін дайындау тәртібі және оның жұмыс берушімен қамтамасыз етілуі ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2.1.12. Қызметкерлер ҚР ЕК қарастырылған тәртіп бойынша қоса атқарылатын жұмысты істеуге құқықтары бар.
Білім мекемесі басшысының лауазымдық міндеті қоса атқаруға жатпайды.
2.1.13. Жұмысқа қабылдау еңбек келісімшартының негізінде жасалған жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.Жұмыс берушінің бұйрығының мазмұны еңбек келісімінің шартына сәйкес болуы керек.
Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы нақты жұмысқа шыққан күннен үш күн ішінде қызметкерге қол қойдыра отырып хабарлануы тиіс. Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші осы бұйрықтың расталған көшірмесін беруге міндетті.
2.1.14. Жазбаша түрде рәсімделмеген еңбек келісімі қызметкер жұмысқа жұмыс берушінің немесе оның өкілінің жетегімен немесе тапсырмасымен кіріссе, бекітілген болып есептеледі.
2.1.15. Қызметкерлердің еңбек кітапшалары жұмыс берушіде сақталады. Еңбек кітапшасы бланктері немесе олардың қосымшалары қатаң есеп құжаты ретінде сақталады.
2.1.16. Еңбек кітапшасына атқаратын жұмысы, басқа тұрақты жұмысқа ауыстырылуы немесе жұмыстан босатылуы туралы бұйрық негізінде енгізілген әрбір жазбамен жұмыс беруші оның иесін жеке картасына қол қойдыра отырып таныстыруға міндетті.
Лауазымдардың, кәсіп немесе мамандықтардың атауы және квалификациялық сипаты белгіленген тәртіп бойынша бекітілген типтік квалификациялық сипаттамаларда көрсетілген атаулар мен талаптарға сәйкес келуі тиіс.
2.1.17. Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ішкі жұмыс тәртібімен, қызметкердің жұмысымен , ұжымдық келісіммен тікелей байланысты басқа да актілермен таныстыруға міндетті.
2.2. Жұмысқа қабылданған кездегі кепілдіктер:
2.2.1. Еңбек келісімін жасаудан негізсіз бас тартуға тыйым салынады.
2.2.2. Жынысына, нәсіліне, терісінің түсіне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, дүниелік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, жасына, тұрғылықты орнына (оның ішінде тұрғылықты мекен-жайы немесе келуі бойынша тіркеуде болуы немесе болмауы) байланысты, сонымен қатар қызметкердің іскерлік қасиетімен байланысты емес басқа да жағдайларда еңбек келісімін жасағанда тікелей немесе жанама артықшылықтар беруге немесе тікелей немесе жанама құқығын шектеуге жол берілмейді.
2.2.3. Аяғының ауырлығын немесе баласының барлығын себеп етіп әйелдермен еңбек келісімін жасаудан бас тартуға тыйым салынады.
2.2.4. Еңбек келісімін жасасудан бас тартқаны үшін сотқа шағым түсіруге болады.
2.3. Еңбек келісімі шартының өзгеруі және басқа жұмысқа ауысу:
2.3.1. Тараптармен келісілген еңбек келісімінің шарттары өзгеруі, оның ішінде басқа жұмысқа ауысу, тек еңбек келісімшарты тараптарының келісімімен рұқсат етіледі, ҚР ЕК қарастырылған жағдайларды ескермегенде.
Тараптармен келісілген еңбек келісімінің шарттарының өзгеруі туралы Келісім жазбаша түрде жасалады және еңбек келісімшартына қосымша келісім ретінде рәсімделеді.
Еңбек келісім шартының (мазмұнының) өзгеруі келесі негіздерге байланысты болуы мүмкін:
еңбектің технологиялық және ұйымдастырушылық жағдайының өзгеруімен байланысты себептермен еңбек келісімі шартының өзгеруі;
басқа жұмысқа ауысу (қызметкердің еңбек функциясының немесе ол жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің уақытша немесе тұрақты өзгеруі).
Еңбектің технологиялық және ұйымдастырушылық жағдайының өзгеруімен байланысты себептермен еңбек келісімі шартының тараптарымен белгіленген еңбек келісімі шартының өзгеруі ( өндірістің технологиясы мен техникасындағы өзгерістер, өндірістің құрылымдық қайта құрылуы, басқа да себептер) сақталмайды, тек жұмыс берушінің бастамасымен өзгеруі мүмкін.
Мұндай себептерге:
Қайта құрылу( қосылу, бірігу, бөліну, бөлісу, қайта құрылу), сонымен қатар ішкі қайта құрылу;
Блім беру үрідісін жүзеге асырудағы өзгерістер (топтардың санының қысқаруы және т.б.).
Еңбек келісімі тараптары белгілеген күтілетін өзгерістер туралы, сонымен қатар осындай өзгеріс жасауға қажеттілік туындатқан себептер жайлы қызметкерлерді жұмыс беруші жазбаша түрде бір ай бұрын ескертуі тиіс.
Басқа жұмысқа ауыстыру тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады. Қызметкерді медициналық қорытындысында көрсетілгендей денсаулық жағдайына кері әсер ететін басқа жұмысқа ауыстыруға рұқсат берілмейді.
Жұмыс беруші қызметкерді басқа елді мекенге ауысуы жайлы бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуі керек.
Қызметкер басқа жерге жұмыс берушімен бірге бірге ауысудан жазбаша түрде бас тартса, қызметкермен еңбек келісімі ҚР ЕК 58 б., 1т.,1тт негізінде бұзылады.
Жұмыс беруші өндірістік қажеттілікке байланысты, оның ішінде уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру мақсатында, қызметкерді оның келісімінсіз үш айға еңбек келісімінде көрсетілмеген және денсаулық жағдайына кері әсері жоқ жұмысқа ,осы атқарған жұмысының төлемімен, бірақ бұрынғы орташа жалақысынан төмен емес ақымен ауыстыруына құқы бар.
Жұмыс беруші бос тұрып қалу уақытына қызметкерді оның келісімін алмай-ақ бос тұру кезеңіне денсаулық жағдайына кері әсері жоқ жұмысқа ауыстыруына құқы бар. Бос тұрып қалуына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауыстырғанда қызметкердің жұмыс ақысы осы атқарған жұмысы бойынша төленеді.
Еңбек келісімінде көрсетілмеген басқа жұмысқа қызметкердің келісімінсіз ауыстыру, тек ҚР ЕК көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін болады.
Уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындау (еңбек демалысы, науқастану, біліктілікті көтеру және т.б.) жұмыс беруші осы жұмысты тапсырып отырған қызметкердің келісімімен және ҚР ЕК көрсетілген жағдайларда мүмкін болады- негізгі жұмысынан босамау немесе уақытша басқа жұмысқа ауыстыру.
Медициналық қорытындыға сәйкес басқа жұмысқа ауыстыру ҚР ЕК 43 б. көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші ҚР ЕК 48б. көрсетілген жағдайларда , ҚР ЕК сәйкес қызметкерді жұмыстан шығаруға (жұмысқа жібермеуге) құқы бар.
Еңбек келісімін бұзу:
2.4.1. Еңбек келісімін бұзу еңбек заңнамасында көрсетілген негіздемелер бойынша ғана жүргізіледі.
2.4.2. Еңбек келісімі кез келген уақытта еңбек келісім шарты тараптарының келісімімен бұзылуы мүмкін ( ҚР ЕК 50 б.).
2.4.3. Қысқамерзімді еңбек келісімі қолдану мерзімі бітісімен тоқтатылады
(ҚР ЕК 51б.).
Белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалған еңбек келісімі осы жұмыстың бітуімен тоқтатылады.
Маусымдық жұмысты орындауға жасалған еңбек келісімі осы маусым бітісімен тоқтатылады.
Уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындау уақытына жасалған еңбек келісімі ол қызметкердің жұмысқа шығуымен тоқтатылады.
2.4.4. Қызметкер жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек келісімін бұзуға құқы бар. Көрсетілген мерзім қызметкердің жұмыстан шығу туралы арыз берген күнінен басталады.
2.4.5. Жұмыс беруші мен қызметкердің келісуімен еңбек келісімі жұмыстан шығу туралы ескерту мерзімі бітпей де бұзылуы мүмкін.
Қызметкердің жұмыстан шығу туралы өтініші оның жұмысты ары қарай жалғастыра алмауы, жұмыс берушінің еңбек заңнамасын, келісімнің шарттарын немесе еңбек келісімін бұзуымен негізделген болса, оның өзінің бастамасымен (өз еркімен) берген өтінішінде көрсетілген мерзімде жұмыс беруші еңбек келісімін бұзуға міндетті.
2.4.6. Жұмыстан шығу туралы ескерту мерзімі бітпей қызметкер жұмыс берушінің келісімімен өзінің өтінішін кері қайтарып алуға құқы бар.
Жұмыстан шығу туралы ескерту мерзімі біткенде қызметкер жұмысты тоқтатуға құқы бар.
Егер жұмыстан шығу туралы ескерту мерзімі біткенде еңбек келісімі бұзылмаса және қызметкер жұмыстан шығуды талап етпесе, онда еңбек келісімі жалғасады.
2.4.7. Қызметкерлерді аттестаттаудың қорытындысы бойынша, сонымен қатар ұйым қызметкерлерінің саны мен штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан шығару ,егер қызметкерді өзінің келісімімен басқа жұмысқа ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
Қызметкерлерді, оның ішінде педагогикалық қызметкерлерді ҚР ЕК 52б. 1т.2тт. бойынша жұмыстан шығарудың себептері болып:
кәсіпорыннның қайта құрылуы;
штаттық кестеден кейбір лауазымдардың алынуы;
қызметкерлердің санын қысқарту;
топтардың санын азайту;
оқу бағдарламасының өзгеруі және т.б.
2.4.8. Колледждің қайта құрылуы, қызметкерлердің штаты немесе санының қысқаруына байланысты қызметкерлерді қысқартуға әкеліп соғатын болғандықтан , тәртіп бойынша оқу жылы біткенде жүзеге асырылады.
2.4.9. Еңбек келісімі тәрбие функциясын атқаратын қызметкердің адамгершілікке жат қылық жасауына байланысты, егер ол жұмысты ары қарай істеуіне болмаған жағдайда 52б. 1т. 14тт. бойынша тоқтатылады.
Адамгершілікке жат қылық болып негізгі қоғамның моральдық нормаларын бұзатын және педагогикалық қызметкерге жат қылық (мысалы, тәртібі, адамды кемсіту, алкогольдік немесе наркотикалық мас болу жағдайында болуы және т.б.) танытудағы кінәлі әрекеті немесе әрекетсіздігі болып табылады.
Тек тәрбиелік қызметпен айналысатын қызметкерлерді шығаруға ғана жол беріледі және адамгершілікке жат қылық қайда жасалғандығына қарамастан( жұмыс орнында ма , тұрмыста ма).
2.4.10. Қызметкермен еңбек келісімін бұзуға тәрбиеленушіге физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетумен байланысты тәрбиелеу әдісін қолдану , оның ішінде бір рет болса да негіз бола алады.
2.4.11. Еңбек келісімін бұзу жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.
Еңбек келісімін бұзу туралы жұмыс берушінің бұйрығымен қызметкер қол қоя отырып таныстырылады. Қызметкердің талап етуімен жұмыс беруші аталған бұйрықтың расталған көшірмесін беруге міндетті.
2.4.12. Еңбек келісімін тоқтату күні болып барлық жағдайда , қызметкердің соңғы жұмыс күні болып табылады, мына жағдайды ескермегенде, қызметкер жұмыс істемеді, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) ҚР ЕК сәйкес сақталып қалды.
2.4.13. Еңбек келісімі тоқтаған күні жұмыс беруші қызметкерге оның еңбек кітапшасын жұмыстан шығу туралы жазбасын енгізе отырып қолына беруге және толық есеп жасасуға міндетті.
Еңбек кітапшасына еңбек келісімін бұзудың себебі мен негіздемесі туралы жазба ҚР ЕК сәйкес бабының тармағы, тармақшаларына сілтеме жасай отырып ҚР ЕК тұжырымдамаларына толық сәйкестендіре жазылуы тиіс.
2.4.14. Жұмыстан шығуына байланысты еңбек кітапшасын қолына алғанда қызметкер еңбек кітапшалары мен оның қосымшаларының қозғалысының есебі кітабына қол қояды.
II. Еңбек шарты тараптарының негізгі құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
3.1. Қызметкер құқылы:
3.1.1. ҚР ЕК көзделген тәртіп пен жағдайда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3.1.2. жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттар жағдайларының орындалуын талап етуге;
3.1.3. еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
3.1.4. еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау туралы толық және сенімді ақпарат алуға;
3.1.5. еңбек, ұжымдық шарттар жағдайларына сәйкес уақытында және толық мөлшердегі жалақы төлеміне;
3.1.6. ҚР ЕК сәйкес жұмыстың бос тұрып қалу уақытының ақысына;
3.1.7. демалысқа, соның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;
3.1.8. өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
3.1.9. еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуін;
3.1.10. міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырулар;
3.1.11. еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
3.1.12. кепілдіктер мен өтемақылық төлемдерге;
3.1.13. заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
3.1.14. ешқандай кемсітушіліксіз бірдей жұмысқа тең еңбекақыға;
3.1.15. жеке еңбек дауын шешуге ҚР ЕК көзделген тәртіпте келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;
3.1.16. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
3.1.17. Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттармен көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
3.1.18. денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы дереу тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
3.1.19. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына тексеру жүргізу туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, сондай-ақ еңбек жағдайын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартумен байланысты мәселелерді тексеру және қарау кезінде өкілдік қатысуға өтініш білдіруге;
3.1.20. еңбек және тікелей сонымен байланысты қатынастар саласында жұмыс берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
3.1.21. біліктілікке, еңбек күрделілігіне, атқарылған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбекақыға;
3.1.22. ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген тәртіпте ереуілге құқығын қосқанда жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
3.1.23. жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етуге құқылы.
3.2. Қызметкер міндетті:
3.2.1. келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;
3.2.2. еңбек тәртіптемесін қадағалауға;
3.2.3. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жұмыс орнындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды қадағалауға;
3.2.4. жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүліктерін ұқыпты ұстауға;
3.2.5. адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүліктеріне қауіп төндіретін жағдай, сондай-ақ жұмыстың бос тұрып қалуы туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
3.2.6. мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария қылмауға;
3.2.7. жұмыс берушіге келтірілген шығынды ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленген мөлшерде өтеуге міндетті.
3.3. Педагог қызметкерлер құқылы:
3.3.1. оқыту еркіндігіне, өз пікірін еркін білдіруге, кәсіптік қызметке араласудан еркіндікке;
3.3.2. оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негізделген нысандарын, құралдарын, әдістерін таңдау мен қолдану еркіндігіне;
3.3.3. жүзеге асырылатын білім бағдарламасының, білім стандартының шегінде шығармашылық бастамаға, авторлық бағдарламалар мен оқыту және тәрбиелеу әдістерін әзірлеу мен қолдануға;
3.3.4. оқулықтар, оқу құралдарын, материалдар мен білім бағдарламасына сәйкес және білім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте өзге де оқыту және тәрбиелеу құралдарын таңдауға;
3.3.5. білім беру бағдарламаларын, соның ішінде оқу жоспарларын, күнтізбелік оқу кестелерін, оқыту жұмыс сабақтарын, курстарын, пәндерін (модульдерін), әдістемелік материалдары мен білім беру бағдарламаларының компоненттерін әзірлеуге қатысуға;
3.3.6. ғылыми, ғылыми-техникалық, шығармашылық, зерттеу қызметін іске асыруға, тәжірибелік және халықаралық қызметке, инновацияларды әзірлеуге және енгізуге қатысуға;
3.3.7. кітапханаларды және ақпарат қорларын тегін пайдалануға, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен белгіленген тәртіпте педагогикалық, ғылыми немесе зерттеу қызметін сапалы іске асыруға қажетті ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен деректер базасына, мұражайлық қорларға, білім беру қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарына қол жеткізуге;
3.3.8. колледж ұйымын басқаруға, соның ішінде осы колледж жарғысымен белгіленген тәртіпте басқарудың алқалы органдарына қатысуға;
3.3.9. Колледж ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға, соның ішінде басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арқылы қатысуға;
3.3.10. кәсіптік абырой мен намысты қорғауға, педагог қызметкерлердің кәсіптік этика нормаларын бұзушылықты әділ және дәлелді тексеруге құқылы.
3.4. Педагог қызметкерлер міндетті:
3.4.1. өз қызметтерін жоғары кәсіптік деңгейде жүзеге асыруға, дәріс беретін оқу сабақтарын, курстарын, пәндерін (модульдерін) бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес толық көлемде қамтамасыз етуге;
3.4.2. құқықтық, адамгершілік және әдептік нормаларын қадағалауға, кәсіптік әдеп талаптарына сай болуға;
3.4.3. білім алушылар мен білім қатынасының басқа да қатысушыларының абыройы мен намысын сыйлауға;
3.4.4. тәрбиеленушілер мен білім алушылардың танымдық белсенділігін, дербестігін, ынтасын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, азаматтық ұстанымды, қазіргі заман жағдайында еңбекке және өмірге қабілеттерін қалыптастыруға, білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салтының мәдениетін қалыптастыруға;
3.4.5. педагогикалық негізделген және білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу нысандарын, әдістерін қолдануға;
3.4.6. білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен олардың денсаулығының жағдайын ескеруге, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алулары үшін қажетті арнайы жағдайды қадағалауға, қажеттілік кезінде медициналық ұйымдармен бірлесіп әрекет жасауға;
3.4.7. өз кәсіптік деңгейін жүйелі түрде арттыруға;
3.4.8. білім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте атқаратын лауазымына сәйкестікке аттестациядан өтуге;
3.4.9. жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасына сәйкес міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден, сондай-ақ жұмыс берушінің жолдамасы бойынша кезектен тыс медициналық тексерулерден өтуге;
3.4.10. заңнамамен белгіленген тәртіпте еңбекті қорғау саласында білім мен дағдыға үйрету мен тексеруден өтуге;
3.4.11. Колледж жарғысын, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндетті.
3.5. Жұмыс беруші құқылы:
3.5.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
3.5.2. ҚР ЕК белгіленген тәртіп пен негізде қызметкерлермен еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3.5.3. өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
3.5.4. өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірлестіктер құрып, оған кіруге;
3.5.5. қызметкерлерден еңбек, ұжымдық шарттардың жағдайларын, еңбек тәртіптемесінің ережелерін және жұмыс берушінің басқа да актілерін орындауды талап етуге;
3.5.6. қызметкерлерді ынталандыруға, тәртіптік жаза қолдануға, ҚР ЕК көзделген жағдайлар мен тәртіпте оларды материалдық жауапкершілікке тартуға;
3.5.7. еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкермен келтірілген шығынның өтелуіне;
3.5.8. еңбек саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
3.5.9. қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
3.5.10. қызметкерлерге ҚР ЕК сәйкес кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге;
3.5.11. ҚР ЕК сәйкес қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарының өтелуіне;
3.5.12. жеке еңбек дауын шешу үшін ҚР ЕК көзделген тәртіпте келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге құқылы.
3.6. Жұмыс беруші міндетті:
3.6.1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, олармен шығарылған актілердің талаптарын қадағалауға;
3.6.2. жұмысқа қабылдау кезінде ҚР ЕК белгіленген тәртіп пен жағдайларда қызметкерлермен еңбек шартын жасасуға;
3.6.3. жұмысқа қабылдау кезінде ҚР ЕК 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
3.6.4. қызметкерге еңбек шартымен келісілген жұмысты беруге;
3.6.5. қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, еңбек, ұжымдық шарттармен, жұмыс берушінің актісімен көзделген жалақыны және өзге де төлемдерді уақытында және толық мөлшерде төлеуге;
3.6.6. қызметкерді ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар жұмыс берушінің өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
3.6.7. қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және оларға ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу үшін, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және сенімді ақпаратты беруге;
3.6.8. ҚР ЕК белгіленген тәртіпте ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;
3.6.9. қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
3.6.10. қызметкерлерді жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
3.6.11. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
3.6.12. мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындауға;
3.6.13. егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе, оны тоқтатуға;
3.6.14. қызметкерлердің міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруын жүзеге асыруға;
3.6.15. қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
3.6.16. мемлекеттік мұрағатқа қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және олардың зейнетақылық қамтамасыз етілуіне қаражаттың ұсталуы мен аударылуы туралы мәліметтердің сақталуы мен тапсырылуын қамтамасыз етуге;
3.6.17. қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайы мен кәсіптік аурудың мүмкіндігі туралы ескертуге;
3.6.18. жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдің алдын алу жөнінде шараларды қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып алдын алу жұмыстарын жүргізуге;
3.6.19. жұмыс уақытының, соның ішінде зиянды және (немесе) қауіпсіз еңбек жағдайларында, ауыр жұмыстарда әрбір қызметкермен орындалатын үстеме жұмыстар есебін жүргізуге;
3.6.20. қызметкердің өмірі мен денсаулығына еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде келтірілген зиянды ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;
3.6.21. еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның лауазымды тұлғаларын, қызметкерлердің өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын және Қазақстан Республикасы заңнамасының қадағалануын тексеру үшін, сондай-ақ еңбек қызметімен және кәсіптік аурумен байланысты жазатайым оқиғаларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге;
3.6.22. он сегіз жастан кіші қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлігінде көрсетілсе) және туылған күні көрсетілетін жұмыс берушімен анықталған басқа құжаттар реестрлерін жүргізуді қамтамасыз етуге;
3.6.23. Қазақстан Республикасының дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғауды жүзеге асыруға;
3.6.24. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
3.7. Еңбек шарты тараптарының жауапкершілігі:
3.7.1. Еңбек заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған тәртіп пен жағдайда тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралары қолданылады.
3.7.2. Еңбек шарты тарапының осы шарттың екінші тарапына өзі келтірген залал үшін материалдық жауапкершілігі, егер ҚР ЕК және өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, оның құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) нәтижесінде басталады.
3.7.3. Екінші тарапқа шығын келтірген еңбек шартының басқа тарапы (жұмыс беруші немесе қызметкер), сол шығынды ҚР ЕК сәйкес өтейді.
Еңбек шартымен немесе оған тіркелетін жазбаша нысанда жасалған келісімдерде осы шарттың тараптарының материалдық жауапкершіліктері айқындалады. Жұмыс берушінің қызметкер алдындағы шарттық жауапкершілігі ҚР ЕК көзделгендей төмен, ал қызметкердің жұмыс берушінің алдында – жоғары бола алмайды.
3.7.4. Жұмыс беруші ҚР ЕК сәйкес қызметкерге оны еңбектенуден заңсыз айырудың барлық жағдайында алынбаған жалақысын, соның ішінде жалақысы:
қызметкерді жұмысынан заңсыз шеттету, жұмыстан шығару немесе басқа жұмысқа ауыстыру;
қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта кіргізу туралы еңбек дауларын қарау жөніндегі органның шешімін жұмыс берушінің орындаудан бас тартуы немесе уақытында орындамауы нәтижесінде алынбаса, оны төлеуге міндетті.
3.7.5. Қызметкердің мүлкіне зиян келтірген жұмыс беруші, сол зиянды толық мөлшерде өтейді.
Қызметкердің зиянды өтеу туралы өтініші жұмыс берушіге жіберіледі. Жұмыс беруші түскен өтінішті қарауға және ол түскен күннен бастап он күн мерзімде тиісті шешім қабылдауға міндетті. Қызметкер жұмыс берушінің шешімімен келіспесе немесе белгіленген мерзімде жауап алмаған жағдайда, жеке еңбек дауын шешу жөніндегі органға жүгінуге құқылы.
3.7.6. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген нағыз тікелей шығынды өтеуге міндетті. Алынбаған табыстар (ұтылған пайда) қызметкерден өтелмейді.
Егер залал еңсерілмейтін күштің, қалыпты шаруашылық тәуекелдің, аса қажеттіліктің немесе қажетті қорғаныстың не болмаса қызметкерге тапсырылған мүліктің сақталуы үшін жұмыс берушінің тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, қызметкердің материалдық жауапкершілігі жойылады.
3.7.7. Келтірілген зиян үшін қызметкер өзінің айлық орташа жалақысы шамасында, егер ҚР ЕК немесе өзге де заңнамалық актілермен басқа жағдайлар қаралмаған болса, онда материалдық жауапкершілікке тартылады.
3.7.8. Залал келтірілгеннен кейін еңбек шартын бұзу осы шарттың тараптарын ҚР ЕК көзделген материалдық жауапкершіліктен босатпайды.
3.8. Педагогикалық және басқа қызметкерлерге колледж аумағындағы ғимараттарда тыйым салынады:
шылым шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге, сонымен қатар наркотикалық құралдар мен психотроптық заттарды алуға, сақтауға, жасауға (өндіруге), қолдануға және басқаларға таратуға;
тез тұтанатын және улы заттарды сақтауға.
IV. Жұмыс және тынығу уақыты
4.1. Жұмыс уақытының режимі:
4.1.1. Колледжде 40 сағаттан артық емес ұзақтықтағы жұмыс сағаты белгіленеді.
4.1.2. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктері ұжымдық шарттың ережелерімен белгіленеді.
Педагог және басқа қызметкерлердің демалыс күндері берілетін жұмыс пен тынығу уақытының режимі ұйым қызметінің режимін ескере отырып анықталады және ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, жұмыс кестесімен, ұжымдық шартпен белгіленеді.
4.1.3. Ұйым басшысының, оның орынбасарларының, басқа да басқарушы қызметкерлердің, ө/о шеберлерінің, техникалық және қызмет көрсету қызметкерлерінің, есеп бөлімінің жұмыс режимі еңбек заңнамасына сәйкес аптасына 40 сағаттан артық емес болып анықталады.
Тынығу мен тамақтануға 1 сағат беріледі (оқытушылар мен ө/о шеберлерін қоспағанда).
4.1.4. Ауысым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс режимі жұмыс берушімен құрылған ауысым кестесімен анықталады. Төмендегі қызмет түрлеріне ауысым бойынша жұмыс режимі айқындалады: күзетші, от жағушы.
Ауысым кестелері қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей қол қойғызып жеткізіледі.
4.1.5. Жұмыс жағдайын жалпы есепке алумен немесе жұмыстың жеке түрлерін орындау кезінде, қызметкерлердің белгілі санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмаса, есептік кезеңдегі 1 ай мерзімінде жұмыс уақытының ұзақтығы жұмыс сағаттарының қалыпты санынан аспайды. Жұмыс уақытының жинақты есебі және нақты жасалған сағаттардың есебі 174 сағаттан аспауы керек .
4.1.6. Педагог және басқа қызметкерлердің жұмыс кестелерін құру кезінде, қызметкерлердің тынығуымен және тамақтануымен байланысты емес жұмыс уақытындағы үзілістерге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген жағдайлардан қоспағанда жол берілмейді.
4.1.7. Оқыту сабақтарын және оқыту-тәрбиелеу сипатындағы басқа да шараларды жүргізу кезінде (құқықтық актілермен, ұжымдық шартпен көзделген басқа жағдайларды қоспағанда) жол берілмейді:
педагог қызметкерлерді тапсырмаларды орындау немесе олардың педагогикалық қызметімен байланысты емес шараларға қатысу үшін алаңдатуға;
қоғамдық жұмысқа байланысты жиналыстарға, отырыстарға және басқа да істер бойынша жинауға.
4.1.8. Ұйымда оқыту процесін бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру кезінде және басқа жағдайларда жол берілмейді:
сабақтарға жұмыс беруші өкілінің рұқсатынсыз бейтаныс тұлғалардың қатысуына;
топқа, жұмыс берушінің өкілін қоспағанда, сабақ басталғаннан кейін кіруге;
сабақ өткізу кезінде және тәрбиеленушілер қатысып отырғанда педагог қызметкерлерге олардың жұмысы жөнінде ескертулер жасауға.
4.2. Тынығу уақыты:
4.2.1. Тынығу кезінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос болуы және оны өзінің білгенінше пайдалануы тынығу уақыты болып табылады.
Тынығу уақытының түрлері:
жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер;
күнделікті (ауысымаралық) тынығу;
демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);
жұмыс емес мереке күндері;
еңбек демалыстары.
4.2.2. Педагог қызметкерлердің тынығуымен және тамақтануымен байланысты емес жұмыс уақытындағы үзілістерге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделмеген жағдайларды қоспағанда жол берілмейді.
Өз міндеттерін үздіксіз жұмыс күні ішінде орындайтын педагог қызметкерлер үшін тамақтану үшін үзіліс белгіленбейді. Бұл қызметкерлерге білім алушылармен бірге немесе осы мақсатқа арнайы жабдықталған орында тамақтану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
4.2.3. Демалыс және жұмыс емес мереке күндеріндегі жұмысқа тыйым салынады.
Ерекше жағдайларда қызметкерлерді бұл күндері жұмысқа тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі. Аталған шектеу ауысым кестесі бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге таратылмайды.
4.2.4. Демалыс және жұмыс емес мереке күндеріндегі жұмысқа кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.
Демалыс немесе жұмыс емес мереке күндерінде жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша оған басқа ақы төленетін демалыс күні берілуі мүмкін, ал демалыс немесе мереке күндеріндегі жұмысына бұл жағдайда бір есе мөлшерде ақы төленеді.
4.2.5. Қызметкерлерге беріледі:
- Педагог емес лауазымдағы азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн ұзақтығымен;
- Педагог қызметкерлерге жыл сайынғы негізгі ұзартылған ақылы еңбек демалысы – 56 күнтізбелік күн ұзақтығымен;
- Мамандықты қажет етпейтін жұмысшыларға - 24 күнтізбелік күн.
ҚР ЕК 89 б. 3т. сәйкес жыл сайынғы берілетін еңбек демалысына қосымша осы оқу мекемесінде үздіксіз 20 жылдан артық еңбек еткені, маңызды, күрделі және шұғыл жұмыстарды атқарғаны үшін қосымша 6 күн демалыс беріледі.
4.2.6. Еңбек демалысын берудің кезектілігі еңбек ұжымы кеңесінің пікірін ескере отырып, жұмыс берушімен бекітілген еңбек демалысының кестесімен анықталады.
Еңбек демалысының басталу уақыты туралы қызметкер ол басталардан кемінде екі апта бұрын қолын қойғызып хабарландырылуы тиіс.
4.2.7. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мынадай жағдайларда қызметкердің қалауын ескере отырып жұмыс берушімен анықталған басқа мерзімге созылуы немесе ауыстырылуы мүмкін:
қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде;
қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында, егер еңбек заңнамасымен осы жағдай үшін жұмыстан босату көзделген болса, мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде;
еңбек заңнамасымен көзделген басқа жағдайларда.
4.2.8. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөлімдерге бөлінуі мүмкін, бірақ сол еңбек демалысының ең болмағанда бір бөлігі кемінде 14 күн болуы тиіс.
4.2.9. Жұмыстан шығару кезінде қызметкерге барлық пайдаланбаған еңбек демалысының күндеріне ақшалай өтемақы төлемі жүргізіледі.
4.2.10. Еңбек демалысының ақысы ол басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын жүргізіледі.
Егер қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ақысы уақытында жүргізілмесе не қызметкер бұл еңбек демалысының басталу уақыты туралы ол басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ескертілсе, онда жұмыс беруші қызметкердің жазбаша өтініші бойынша бұл еңбек демалысын қызметкермен келісілген басқа мерзімге ауыстыруға міндетті.
4.2.11. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
4.2.12. Қызметкерді еңбек демалысынан тек оның келісімі бойынша шақыра алады.
4.2.13. Отбасы жағдайына және басқа да белгілі себептерге байланысты қызметкерге оның жазбаша өтініші негізінде жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін, оның ұзақтығы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша айқындалады.
Жұмыс беруші қызметкердің жазбаша өтініші негізінде ҚР ЕК немесе ұжымдық шартпен көзделген жағдайларда жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
V. Жұмыстағы жетістіктері үшін ынталандырулар
5.1. Жұмыс беруші еңбек міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге ынталандырудың мынадай түрлерін қолданады: алғыс жариялайды, сыйақы береді, құнды сыйлықпен, құрмет грамотасымен марапаттайды, кәсібі бойынша үздік атағына ұсынады және басқа да ынталандырулар.
5.2. Қоғам мен мемлекет алдындағы ерекше сіңірген еңбектері үшін қызметкерлер белгіленген тәртіпте мемлекеттік наградаларға ұсынылулары мүмкін.
VI. Еңбек тәртібі және оны бұзғаны үшін жауапкершілік
6.1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, яғни жүктелген міндеттерді қызметкердің кінәсінен орындамауы немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тәртіптік жазаның төмендегідей түрлерін қолдануға құқылы:
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
тиісті негіздемелер бойынша еңбек шартын бұзу.
6.2. Тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босату ҚР ЕК 64-бабына сәйкес:
- қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;
- қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған;
- тиісті актімен расталған, алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық күйге түсіретін заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
- қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған;
- қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған;
- ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;
- тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған;
- қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
- егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
- еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған;
- жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының (филиалдардың, өкілдіктердің және жұмыс берушінің актісімен анықталған жұмыс берушінің өзге де бөлімшелерінің) еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан жағдайларда қолданылуы мүмкін.
6.3. Тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы, қызметкердің оның алдындағы тәртібі мен оның жасалған мән-жайы ескерілуге тиіс.
6.4. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткесін қызметкер аталған түсініктемені бермесе, онда тиісті акт жасалады.
Қызметкердің түсініктемені бермеуі тәртіптік жазаны қолдануға кедергі бола алмайды.
6.5. Педагог қызметкердің кәсіптік тәртіп немесе ұйым жарғысының нормаларын бұзушылығын тәртіптік тексеру тек оған жазбаша нысанда шағым түскенде ғана жүргізіледі. Шағымның көшірмесі қызметкерге берілуі тиіс.
Тәртіптік жаза барысы мен оның нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер, педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салатын жағдайларды қоспағанда, тек мүдделі тұлғаның келісімімен немесе білім алушылардың мүдделерін қорғау қажеттілігі кезінде жариялауға берілуі мүмкін.
6.6. Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап, қызметкердің науқастану уақытын, оның еңбек демалыста болуын есептемегенде, бір айдан кешіктірмей қолданылады.
Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал ревизия, қаржы-шаруашылық қызметін тексеру немесе аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша өндіріс уақыты қосылмайды.
6.7. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.
Тәртіптік жаза қолдану туралы жұмыс берушінің бұйрығы (өкімі) ол шығарылған күнінен бастап қызметкердің жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, үш жұмыс күні ішінде қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Егер қызметкер аталған бұйрықпен (өкіммен) қол қойып танысудан бас тартса, онда тиісті акт жасалады.
6.8. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің, оның тікелей басшысының немесе Еңбек ұжымы Кеңесінің өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.
6.9. Жазалар туралы мәліметтер, тәртіптік жаза болып табылатын жұмыстан босатуды қоспағанда, еңбек кітапшасына енгізілмейді.
6.10. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде мемлекеттік еңбек инспекциясына шағым жасай алады.
VII. Қорытынды ережелер
7.1. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің мәтіні көзге түсетін жерге немесе колледж сайтына ілінеді.
7.2. Ішкі еңбек тәртібінің ережесіне өзгертулер мен толықтырулар жұмыс берушінің актілерді қабылдау үшін белгіленген тәртіпте жұмыс берушімен енгізіледі.
7.3. Қайта қабылданған ішкі еңбек тәртібінің ережесімен, оған енгізілген өзгертулер және толықтырулармен жұмыс беруші қызметкерлерді таныстыру күнін көрсете отырып қолын қойғызып таныстырады.
№ 2 қосымша
Мемлекеттік білім ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу ережесі
Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 Қаулысының 5-т.сәйкес қызметкерлерді лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісті орындағаны үшін ынталандыру, сондай-ақ еңбек функцияларын орындауда, білім сапасын арттыруда ұйым қызметкерлерінің материалдық қызығушылығын арттыру жүйесін реттеу мақсатында әзірленді.
2. Сыйлықақы беру шарттары
2.1. Қызметкердің жұмыс нәтижелерін сипаттап, оған сыйақы белгілеуге құқық беретін негізгі көрсеткіштер:
1) еңбек тәртібін қадағалау;
2) белгілі мерзімдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерін мінсіз орындау, жұмысына шығармашылық қатынаспен қарау және басқа да жетістіктері;
4) мерейтойлық, мерекелік даталар;
5) қызметкерге жүктелген қызметтер мен міндеттерді тиісті атқару;
2.2. Қызметкерге сыйақы мына жағдайларда берілмейді:
1) алынбаған (өтелмеген) тәртіптік жазасы болған жағдайда;
2) аталған ұйымда алты айдан артық жұмыс жасамаса;
3) сынақ мерзімінен өту кезінде;
4) қоса атқару жағдайымен жұмыс жасайтын болса.
3. Лауазымдық айлыққа үстеме ақы белгілеу шарттары
3.1. Қызметкердің лауазымдық айлығына үстеме ақы белгілеу оған кеңейтілген міндеттер аясын жүктеп, жоғары кәсіби деңгейі және құзіретімен, оларды тәжірибеде жетістікпен қолдана білуімен сай келетін жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтілі) мен дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.
3.2. Үстеме ақылар сондай-ақ осы ұйымда еңбек міндеттерін атқару кезінде алынған еңбек жарақатымен, кәсіби аурумен немесе басқа да денсаулығының зақымдануымен байланысты қызметкерді ақысы аз төленетін (анағұрлым жеңіл жұмысқа) лауазымға еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік тағайындалғанша ауыстыру кезінде белгіленеді.
3.3. Үстеме ақының ең жоғары мөлшері лауазымдық айлықтың 50 пайызынан аспауы тиіс.
4. Материалдық көмек көрсету шарттары
4.1. Қызметкерге, бюджеттен тыс қаражат болған жағдайда, материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай кездерде жүзеге асырылады:
1) отбасы мүшелері, жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағалары, апалары, балалары) қайтыс болғанда;
2) некеге отырғанда;
3) бала туылғанда, бала асырап алғанда;
4) қосымша қаржылық шығынды талап ететін емделу кезінде (санаторлықтан басқа, 10 күнтізбе күнінен астам стационарлық немесе амбулаторлық емделу);
5) қызметкерге құқыққа қайшы әрекеттер жасау (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ стихиялық апаттар (өрт, су тасқыны, жер сілкіну және т.б.) салдарынан оған мүліктік зиян келтірілген жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |