Балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау саласындағЫ 2017 жылғы нәтижелер және 2018 жылға арналған негізгі қызметтердің басымдықтары туралы ақпарат



жүктеу 205,93 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.05.2018
өлшемі205,93 Kb.
#18166


 

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  



2017 ЖЫЛҒЫ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН 

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ  

 

 



I. 

Балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  нормативтік 

құжаттар.  

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес институционалдық 

және заңнамалық деңгейде қалыптасқан балалардың құқықтарын қорғау 

саласында мықты заңнама құрылды.  

Жыл сайын балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 

нормативтік құқықтық актілер әзірленеді.  

Сонымен, 2017 жылы 12 НҚА әзірленіп, қабылданды (2016 ж.-28).  

 

II. 

Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды іске асыру.  

Комитетте  ҚР  БҒМ  2017-2021  жылдарға  арналған  стратегиялық 

жоспардың 2 индикаторы бекітілген.  

1  Индикатор  «Балалардың  өз  құқықтары  мен  міндеттері  туралы 

хабардарлық  деңгейі»  жоспар  бойынша  2017  жылы  -72%,  факт-73,9% 

(2016ж.-68%).   

2  Индикатор  «Жыл  сайынғы,  қазақстандық  азаматтардың 

отбасыларына 

берілген 

жетім 


балалар 

мен 


ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  ұйым  тәрбиеленушілерінің 

үлесі» жоспар бойынша 2017 ж. - 19%, факт-21,6(

2016ж.  -15%,   факт   -

21%, жоспар – 1076, факт - 1726).  

 

2016-



2019  жылдарға  арналған  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  кезіндегі  3  іс-

шара: 

тамақтандыруды  ұйымдастыруды  мониторингілеу,  оқушылардың 

тамақтану мәдениетін қалыптастыру;  

жалпы спорт түрлерімен айналысу үшін жеңілдіктер ұсыну;  

тұрмысы  төмен  және  көп  балалы  отбасы  балаларының,  жетім 

балалардың,  девианттық  мінез-құлықты  балалардың  мәдениет    және 

спорт ұйымдарына баруы. 

Заңнамалардың сақталуына бақылау жасау 

Республиканың 

11 

өңірінде 



жетім 

және 


ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  құқықтарын  сақтау,  балалардың 

мектепке  баруы,  мектептік  тамақтандыру  және  тасымал  мәселелері 

бойынша 146 білім беру органдары мен ұйымдарының қызметіне тексеру 

жүргізілді:  (жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балалардың  құқықтарын  сақтау  мәселелері  бойынша  128  ұйымда 

Астана қаласында (4), Алматы қаласында (8), Қызылорда (9), Атырау 

(8),  Ақтөбе  (8),  Маңғыстау  (10),  Батыс  Қазақстан  (16),  Солтүстік 

Қазақстан  (15),  Алматы  (24),  Павлодар  (14),  Жамбыл  (11) 

облыстарында тексеріс жүргізілді;  



 

балалардың  білім  алуға  конституциялық  құқығын  қамтамасыз 



етуді,  жалпы  білім  беретін  мекемелерде  тамақтандыруды  және 

тасымалды 

ұйымдастыру, 

оқушылардың 

мектепке 

баруын 

қамтамасыз  етуді  бақылау  мәселелері  бойынша  18  білім  беру 

ұйымында  Астана  (1),  Маңғыстау  (10),  Павлодар  (4)  облыстары, 

Теміртау қ. (1), Қызылорда (1), Щучинск қ. (1) тексеріс жүргізілді.    

Олардың  ішінде  140  таңдаулы  тексерістер  ҚР  БҒМ  2017-2021 

жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспарға  сәйкес  өткізілді,  6  тексеріс 

жоспардан тыс азаматтардың өтініштері бойынша.  

Кәмелетке 

толмағандарды 

бейімдеу 

орталықтарының 

қызметтерін үйлестіру  

Республикада  20  кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталығы 

жұмыс  жасайды.  2017  жылдың  қорытындысы  бойынша  кәмелетке 

толмағандарды  бейімдеу  орталығына  7  539  кәмелетке  толмаған  бала 

орналастырылды.  

Оның  ішінде    937  (12,4%)  -  ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалғандар,  6  306  (83,6%)  -  бақылаусыз  және  қадағалаусыз  қалғандар, 

207  (2,7%)  - 

девиантты  мінез-құлықты  балаларға  арналған  арнайы 

ұйымдарға жіберілгендер, 89 (1,1%) - өмірдің қиын жағдайына тап болған 

кәмелетке толмағандар.  

Келіп  түскен  кәмелетке  толмағандардың  санынан  7 231  бала: 

олардың 


ішінде 

6 274 

кәмелетке 

толмаған 

бала 


отбасыға 

орналастырылды, 



578 

- 

жетім 


балалар 

мен 


ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  ұйымдарға  жіберілді,  124  -

бала  қамқоршылыққа  берілді,  21  -  бала  патронаттық  тәрбиеге  берілді,  

132 - 

бала арнайы мектептерге жіберілді, 41 - бала басқа облыстардағы 

бейімдеу орталықтары үлгісіндегі ұйымдарға жіберілді,  13 - бала  басқа 

елдердегі  бейімдеу  орталықтары  үлгісіндегі  ұйымдарға  жіберілді  және     



48 - 

бала қонақ отбасыларға берілді.  

Бейімдеу 

орталықтарының 

жанында 

отбасыларды 

қолдау 

қызметтері 



жұмыс 

жасайды, 

аталған 

қызметтер 

бейімдеу 

орталықтарының  тәрбиеленушілеріне  консультациялық,  психологиялық, 

анықтамалық-ақпараттық, 

әлеуметтік-құқықтық 

көмек 

көрсетуге 



бағытталған.  

Отбасыларды  қолдау  қызметі  жұмыстарын  талдау  2017  жылдың             

12  ай  жағдайында  140  ата-анаға  және  152  кәмелетке  толмағандарға 

құжаттарды  рәсімдеуге  көмек  көрсеткенін,  162  ата-ана  мен  204  балаға  

кеңестер  бергенін  көрсетті.  53  отбасы,  43  оқу  орны  және  37  жетім 

балаларға арналған ұйымдар тексерілді.   



III. 

Балалардың 

құқықтарын 

қорғау 

саласындағы 

ведомствоаралық ынтымақтастық   

«Балаға  мейірімді  қала»  БҰҰ  (ЮНИСЕФ)    балалар  қорымен 

бірлескен жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуда; 



 

Өңірлерде  балалар  үйінің  тәрбиеленушілерін  табысты  әлеуметтік 



бейімдеуге  бағытталған  «Өмір  мен  мансапты  жоспарлау»  жобасы  іске 

асырылуда;  

Халықаралық ұйымдардың өкілдерімен 5 кездесу өткізілді; 

Адам  құқықтары  жөнінде  халықаралық  шарттар  мен  халықаралық 

гуманитарлық  құқықтары  бойынша  ведомствоаралық  комиссияның                                      

2 отырысына қатысты; 

«Балаға  мейірімді  -  Қазақстан»  халықаралық  конференцияға 

қатысты; 

Жергілікті  атқарушы  органдар  мен  мемлекеттік  органдардың 

өкілдерімен  видео  конференция  байланысы  режимінде  ҚР  Үкіметі 

жанындағы  кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын 

қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық  комиссияның  2  отырысы  болды                                                               

(20, 21 отырыс); 

13 іс-сапар:  

ҚР  Президентінің  жанындағы  Әйелдер  істері  және  отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық  комиссияның  жұмыс  кеңесі 

(Алматы қаласы, 28 сәуір); 

Алматы  қаласы  Білім  басқармасына  девиантты  мінез  құлықты 

балаларға  арналған  арнайы  білім  беру  ұйымдарына  бару  (Алматы  қ,              

16 мамыр); 

«Девиантты  мінез  құлықты  балаларға  арналған  Қызылорда 

облыстық  интернаты»  ҚММ  және  Қызылорда  облысы  Білім  басқармасы 

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ, «Девиантты мінез 

құлықты балаларға арналған арнайы облыстық мектеп-интернаты» ҚММ, 

Маңғыстау  облысы  Білім  басқармасы  «Кәмелетке  толмағандарды 

бейімдеу орталығы» ММ (14, 15, 22, 23 маусым, Қызылорда, Маңғыстау 

облыстары); 

Азаптаудан  босату  құқығының  сақталуы,  сондай-ақ  ұлттық 

превентивті  механизмді  іске  қосуға  қатысты  заңнамаларды  алдағы 

уақытта  жетілдіру  бойынша  ұлттық  превентивті  механизмнің  ұлттық 

кеңесімен кездесуді кеңейту мәселелері бойынша конференция (Алматы 

қ., 16 маусым); 

Қарағанды  облысы  Білім  басқармасы  «Девиантты  мінез  құлықты 

балаларға  арналған  арнайы  мектеп-интернаты»  (Қарағанды  облысы,       

20 маусым); 

Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмыстың  алдын  алу  және 

Қазақстандағы  балаларға  арналған  жабылған  ұйымдарды  алдағы 

уақытта  қайта  құру  мәселелері  бойынша  ұлттық  кеңес  (Қарағанды 

қаласы, 21-22 маусым); 

«ВИЧ  ауруларын,  нашақорлыққа  құмарлықты  емдеу,  алдын  алу 

және қайта қалпына келтіру» тақырыптарында семинар (Алматы қаласы, 

28-

30 маусым); 




 

«Девиантты  мінез  құлықты  балаларға  арналған  Қызылорда 



облыстық интернаты» ҚММ-на бару (Қызылорда облысы, 31 маусымнан                       

4 тамызға дейін); 

ҚР-да  кәмелетке  толмағандар  арасында  суицидтің  алдын  алу 

бойынша  Қызылорда  облысының  тәжірибесінен  нәтиже  шығару 

семинары (Қызылорда облысы, ЮНИСЕФ ұйымдастырушысы); 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Білім  басқармасы  «Кәмелетке 

толмағандарды  бейімдеу  орталығы»  ММ,  «Оңтүстік  Қазақстан  облысы 

девиантты  мінез  құлықты  балаларға  арналған  мектеп-интернаты»  ҚММ 

бару (Шымкент қ., 23 қараша); 

 

IV. 



Әлеуметтік маңызды іс-шаралар: 

Ведомствоаралық  ынтымақтастық  шеңберінде,  сондай-ақ  ҚР  БҒМ 

және  БҚҚК  2017  жылға  арналған  жоспарын  орындау  шеңберінде 

балалардың  құқықтарын  қорғау  саласында  200-ден  астам  әлеуметтік 

маңызды іс-шаралар өтті (2016 жылы-100):  

1) республикалық қайырымдылық акциялары: 

 

«Қамқорлық».  «Қамқорлық»  акциясы  шеңберінде  әлеуметтік 

көмекке  мұқтаж  180 мың  952  аз  қамтылған,  көп  балалы  және  қолайсыз 

отбасылардан  шыққан  балаларға,  жетім  балаларға,  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  және  басқа  да  санаттағы  балаларға  

824  млн.  119  мың  теңгеге  жуық  әлеуметтік  көмек  берілді,  оның  ішінде 

160  мың  бала  421  млн.  122  мың  теңгеге  жуық  сомада  демеушілік 

көмекпен қамтылды (10 қаңтар 10 ақпан); 



«Мектепке  жол».  316  мыңнан  астам  бала  аталған  акциямен 

қамтылды, 2 млрд. 756 мың теңгеге жуық сомада көмек берілді. (2016ж. - 

2  млрд.  468  млн.  теңгеге  жуық  жалпы  сомада  321  мың  балаға 

материалдық көмек берілді (1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін). 



2) 

«Қазақстан  –  мейірімділік  мекені»  -  республикалық  балалар 

бастауы (24 қаңтар); 

3) 

«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» 

республикалық онкүндігі (2-нен 13 ақпан); 

4) 

«Скажи  жизни  -  ДА!»  республикалық  ақпараттық  компаниясы             

(10 

ақпаннан 10 наурыз); 



5) 

«21 


ғасырдың 

балалары: 

біздің 

құқықтарымыз 



бен 

мүмкіндіктеріміз» атты Ақмола облысында балалар мен жастар қоғамдық 

ұйымының VII саммиті (11-14 мамыр);  

6) 

«Жәбірлеудің  алдын  алу,  қазақстандық  және  халықаралық 

тәжірибе» превентивті тетіктің ұлттық форумы  (16-17 мамыр);  

7) 

Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне  арналған  «Нұрлы 

болашақ» республикалық акциясы (20 мамыр-15 маусым); 

8) 

балаларды  қорғау  күніне  арналған  100  балаға  арналған 

қайырымдылық іс-шаралар (1 маусым); 



 

9) 

ҚР  Үкіметі  жанындағы  кәмелетке  толмағандардың  ісі  және 

олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық  комиссияның     

20-

шы отырысы (12 шілде);  



10) 

«ЭКСПО-2017»  халықаралық  мамандандырылған  көрменің 

шеңберінде  «балалар  бастауы-2017»  балалар  әлеуметтік  бастамасы        

(26 шілде); 



11) 

«Қаланы  жоспарлауға  балалардың  қатысуы»  халықаралық 

семинары (17 тамыз);  

12) 

2017  жылғы  ҚР  педагогтардың  республикалық  тамыз  кеңесі                

(22 

тамыз);  



13) 

«Отбасы  –  Бақыт  мекені»  отбасы  апталығы  республикалық 

семинары (5 қыркүйектен 14 қыркүйек);  

14) 

«Под  счастливой  звездой»  жас  талантты  бүлдіршіндердің 

медиа-фестивалінің шығармашылық ашылу салтанаты (29 наурыз). 

15) 

төмендегі мәселелер бойынша  39 отырыс

«SOS Қазақстандағы балалар үйі» корпоративтік қорына ықпал ету 

мәселесі бойынша селекторлық кеңес (24 қаңтар);  

Балалардың  жазғы  демалысын  ұйымдастыру  бойынша  білім  беру 

ұйымдары   мен  органдары  басшыларына  арналған  республикалық 

ведомствоаралық отырыс (6 сәуір); 

2015-

2019  жылдарға  арналған  азаматтық  және  саяси  құқықтар 



туралы  халықаралық  пакты  жөнінде  Қазақстанның  екінші  мерзімдік 

баяндамасына  БҰҰ  адам  құқықтары  жөніндегі  Комитеттің  және  адам 

құқықтары  жөніндегі  әмбебап  мерзімдік  шолу  шеңберінде  БҰҰ 

мемлекеттік мүшелердің ұсынымдарын іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің 

іс-шараларын талқылау (18 сәуір); 

Мемлекеттік  қызметті  автоматтандыру,  үкіметтік  электрондық 

портал арқылы (18 сәуір, 3, 31 мамыр, 4, 18, 27 шілде, 3 тамыз); 

Тамақтандыруды ұйымдастыру ережелерінің нормаларын түсіндіру 

және  Қызылорда  облысының  білім  беру  органдарының  қызметкерлері 

үшін өтініштерді қарастыру, аталған өңірге бару арқылы (21-22 сәуір); 

«Балаға мейірімді Қазақстан» (27 сәуір); 

Қарауында  кәмелетке  толмаған  балалар  бар  отбасыларға 

ипотекалық қарыз беру проблемасы (28 сәуір); 

АҚ  «Тұрғын-үй  құрылыс  жинақтау  банкі»  жүйесі  арқылы  жергілікті 

атқарушы  органдарда  кезекте  тұрғандарды  тұрғын  үймен  қамтамасыз 

ету  (3 мамыр); 

ҚР-да асырап алу бойынша аккредиттеу агенттігі (10-12 мамыр); 

«Балалардың  құқықтарын  қорғау   саласындағы  өзекті  мәселелер» 

(18-

19 мамыр); 



Қадағалау  бақылау  функцияларын  азайту  (31  мамыр  БП  бағыты 

бойынша); 

Заңмен  шиеленіске  түскен  тұлғаларға  әлеуметтік  көмек  көрсетудің 

аумағын  құру.  Балалар  мен  әйелдерді:  қоғамнан  аластатусыз 

сотталғандарды әлеуметсіздендіру мәселелері (19,24 шілде, 1 тамыз); 



 

Орталық  Азияда  есірткіні  таратудың  алдын  алу  бағдарламасы  (24 



тамыз); 

«Қазақстан  Республикасындағы  халықаралық  міндеттемелерді 

тиімді  іске  асырудың  ұлттық  құқық  қорғау  тетігін  жетілдіру:  екінші  этап» 

жобасы  бойынша  келісімді  іске  асыру  шеңберіндегі  жұмыс  тобының 

сараптамалық отырысы (5 шілде);  

Маңғыстау  облысында  «Бала  және  заң»  грантын  іске  асыру 

шеңберінде жиналысы (4-6 тамыз); 

Қызылорда қаласында PRI бағдарламасы (11-13 тамыз); 

Оқушылардың  құқықтық  мәдениетін  қамтамасыз  ету  бойынша 

«Сандж»  зерттеу  орталығының  әлеуметтік  зерттеу  қорытындыларын 

талдау (8 қыркүйек). 

 

16) 

төмендегі мәселелер бойынша 52 отырыс өткізілді:  

Бәсекелестік  ортаға  және  өзін-өзі  басқару  ұйымдарына  беруге 

ұсынылған  мемлекеттік  органдардың  қызметтерін  инвентаризациялау 

(21 қаңтар, 31 наурыз, айына 2 отырыс); 

Видеоконференция режиміндегі қамқоршылық кеңесі (10 наурыз); 

Мемлекеттік  органдардың  бақылау  және  қадағалау   қызметтері 

бойынша (6 сәуір, 28 сәуір); 

Мемлекет  басшысының  соңғы  тапсырмаларында  көрсетілген 

мақсаттарға  жету  үшін  балалар  мен  жастар  арасында  өткізілетін  іс-

шараларды талқылау бойынша (17 сәуір); 

ҚР 

Парламенті 



Мәжілісі 

депутаттарының 

бастамасымен 

«Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды іске асыратын 

ұйымдардың  қызметтері  бойынша  Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»      

ҚР Заң жобасын талқылау (28 сәуір, 5,10,16 мамыр); 

«Балаларды  олардың  денсаулығы  мен  дамуына  зиянын  тигізетін 

ақпараттардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы» ҚР Заңы жобасын талқылау (16  мамыр); 

Балалардың  жазғы  демалысқа  дайындығын  талқылау  (22,  23,  24 

мамыр); 

«Балаларға  зорлық-зомбылық  көрсетудің  барлық  түрінен  қорғау 

бойынша шаралар» (24 мамыр); 

«Әлеуметтік бонд» қағидалар бойынша әлеуметтік жобаларды іске 

асыру мүмкіндіктерін пысықтау (1 маусым); 

Мемлекеттік стандарттардың реинжеринигі (4, 10 тамыз); 

Ақтау  және  Өскемен  қалаларында  балалардың  статистика 

бойынша ЮНИСЕФ ұсынымдарын орындау (23-29 тамыз); 

ҚР  ЕХӘҚ  министрлігінде  еңбек  мәселесіне  толықтырулар  мен 

өзгерістер енгізу (24 тамыз); 

Медициналық сақтандыру (25 тамыз); 



 

«Балалардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 



асыратын  ұйымдардың  қызметтері  мәселелері  бойынша  ҚР  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»                 

(12 қыркүйек); 

2016-


2018  жж.  демалыс  уақыттарында  балалар  туризмі, 

балалардың 

сауықтыру 

демалысы 

мен 

жұмыспен 



қамтылуын 

дамытудың жол картасын іске асыру (15 қыркүйек); 

«Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

кодексіне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заң  жобасын 

талқылау (5 қазан); 

«Балалардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 

асыратын  ұйымдардың  қызметтері  мәселелері  бойынша  ҚР  кейбір 

заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң 

жобасын Қазақстан Республикасы Мәжілісінде талқылау (13 қазан); 

 

«Қазақстан-2021:  Бірлік.  Тұрақтылық.  Құру.»  видео  конференция 



байланыс  режимінде  «Нұр  Отан»  партиясының  сайлау  алды 

бағдарламасы (26 қазан); 

«Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ҚР 

Парламенті  Мәжілісі  сот  реформасы  мен  заңнамасында  талқылау                      

(30 қазан);  

«Кейбір  заңнамалық  актілерге  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы» ҚР Заң жобасын талқылау (31 қазан); 

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  КЕАҚ  мемлекеттік  корпорация 

арқылы  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтерді  оңтайландыру  бойынша 

ведомствоаралық комиссияға дайындық (2 қараша); 

Оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалану  арқылы  талқыланған 

білім алу (2 қараша); 

Тізімге жасырын қызметтерді енгізу (10 қараша); 

Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға 

арналған 

білім 


беру 

ұйымдары 

басшыларының 

республикалық кеңесі (21 қараша);  

«Балаға  мейірімді  -  Қазақстан»  халықаралық  конференциясын 

өткізу шеңберінде диалогтық алаңның 13 отырысы (21 қараша);  

Ақпараттық қауіпсіздік (22 қараша); 

Бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға мемлекеттік 

органдардың қызметтерін беру (23 қараша);  

ҚР  БП-да  адам  құқықтары  жөнінде  ЕС-Қазақстан  диалогы                         

(29 қараша).  

 

17) 13 

ақпараттық кездесулер: 

Әлеуметтік-мәдени  даму  және  ғылым  комитетінің  мүшелерімен, 

комитеттің 

басшысы 


Б.Әйтімованың 

басшылығымен  

балалардың  құқықтарын  қорғау  мәселелері  бойынша    отырыс                           

(27 қаңтар); 




 

«Фресно»  халықаралық  консалтингтік  ұйым  сарапшыларымен 



отырыс (15 ақпан); 

Ақтөбе  облысында  ҚР  Президентінің  жолдауын  іске  асыру 

бойынша  ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары  шеңберінде  жиналыс                      

(17 ақпан); 

Атырау  облысында  ҚР  Президентінің  жолдауын  іске  асыру 

бойынша  ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары  шеңберінде  жиналыс                      

(22 ақпан); 

Оқушылардың  құқықтық  мәдениетін  қамтамасыз  ету  бойынша 

«Сандж» 

зерттеу 


орталығының 

әлеуметтік 

зерттеулерінің 

қорытындыларын талқылау бойынша презентация (8 қыркүйек); 

«Жаңғырту 

саясатына 

шолу» 

жобасының 



презентациясы                        

(10 шілде); 

Тәуелсіздік алған жылдардан бері ҚР-да білім жүйесін дамыту және 

оның жағдайы туралы ұлттық баяндаманың презентациясы (27 шілде) 

 

18) 

4 тренинг: 

 

«Азаматтық  бастамаларды  қолдау  орталығы»  КЕАҚ  грантының 

шеңберінде  «Балалар  мен  білім,  бос  уақыт  және  мәдени  іс-шаралар»  

(28 маусым);  

 

ҚР  балалардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  уәкілдің  талдамалық 



топтарына арналған оқыту тренингі (14,18 тамыз); 

 

ҚР-да  мемлекеттік  ұйымдардың  өкілдеріне  арналған  қауіпсіздік 



мәселелері мен діни-сенімдерге еркіндік жөнінде тренерлерді дайындау 

(5-


8 қыркүйек).  

19) 18 

теледидарлық бағдарламаларға қатысты:  

«Астана» 

телеарнасында 

«Кеш 


емес»  

бағдарламасында 

балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша (20, 24 қаңтар);  

«Қазақстан» 

телеарнасында 

«Әйел 


бақыты» 

ток-шоуында 

балаларға  білім  беруде  тәрбие  беру  әдісін  қолдану  мәселесі 

бойынша  (2 ақпан);  

«Астана»  телеарнасының  «Открытая  студия»  бағдарламасында 

балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша (28 наурыз); 

«Астана»  телеарнасында  жетім  балалар  мен  ата-анасының  

қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  республикалық  банк  мәліметтерін 

құру бойынша (29 наурыз);  

«Еуразия» телеарнасында «Пендеміз ғой» (25 сәуір); 

«Давай говорить» ток-шоуында балалардың қауіпсіздік мәселелері 

бойынша (4 мамыр);  

«Қазақстан»,  «Хабар»,  «Еуразия»  телеарнасында  балалардың 

құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сұхбат (12, 29, 30 мамыр); 

Балалар  лагерінде  балалардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

мәселелері бойынша Алматы телеарнасында Телебашня және Шарайна 

(4 шілде); 

Астана  теле  арнасында  ерте  жүктіліктің  алдын  алу  мәселесі 

бойынша ток шоу (12 шілде); 



 

 



«Евразия + ОРТ»  «Заң сөйлесін» телеарнасында бала асырап алу 

мәселелері бойынша (21 шілде); 

«Білім»  телеарнасында  каникул  уақытында  балалардың  жазғы 

демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша  (8 тамыз); 

 

«Евразия+ОРТ» 



телеарнасында 

Алматы 


қаласының 

№1,                       

2 балалар үйі мәселелері бойынша (14 тамыз);  

«Хабар»  телеарнасында  «Давайте  говорить»  әлеуметтік  ток-

шоуында мектеп оқушыларын тегін тамақпен қамту мәселелері бойынша 

(5 қыркүйек);  

«КТК»  телеарнасында  жаңалықтар  сюжетінде  қабылдаушы 

отбасылардың мәселелері бойынша сұхбат (13 қыркүйек);  

Каникул  кезінде  балалардың  жазғы  демалысын  ұйымдастыру 

туралы Қазақ радиосында сөз сөйлеу (маусым-шілде); 

«Хабар»  телеарнасында  «Бетпе-бет»  бағдарламасында  Алматы 

облысының Ақтерек ауылындағы жағымсыз жағдай бойынша (7 қазан); 

«Бала  отбасыда  тәрбиеленуі  тиіс»  жетекшілік  бойынша  пилоттық 

жобаның  қорытындысы  бойынша  Орталық  концерт  залында  брифинг          

(11 қазан); 

Хабар  телеарнасында  «Білім  құқығы»  тақырыбында  сұхбат                        

(16 қараша); 

Хабар  телеарнасында  балалардың  құқықтарын  қорғау  мәселелері 

бойынша сұхбат (23 қараша); 

КТК  телеарнасында  операцияға  мұқтаж  балалар  жөнінде  сұхбат  

(27 қараша).  

20

) брифингтер: 

«Балаларға қауіпсіз интернет» (14 наурыз); 

«Нұрлы болашақ» республикалық акциясы шеңберінде (1 маусым); 

«Мектепке жол» республикалық акциясының басталуы (31 шілде)  



21) 12 

дөңгелек үстел: 

«Әйелдер  мен  балалардың  құқықтарына  қасақана  қол  сұғылған, 

бас  бостандықтарынан  айрылған  осал  топтағылар  үшін  әділ  сотқа  қол 

жетімділік» (23 мамыр); 

«ҚР  кәсіпкерлікті  жауапкершілікпен  басқарудың  тәжірибесі  мен 

саясатын дамытуға ықпал ету» (26 мамыр); 

«Әйелдер  мен  балалардың  құқықтарына  қасақана  қол  сұғылған, 

бас  бостандықтарынан  айрылған  осал  топтағылар  үшін  әділ  сотқа  қол 

жетімділік» (1 маусым);  

«Балалар  туралы  мәліметтер,  балаларға  арналған  мәліметтер»    

(2 маусым);  

 

«Нельсона Манделы халықаралық күні»  (18 шілде); 



Әмбебап мерзімдік шолу шеңберінде адам құқықтары жөніндегі БҰҰ 

кеңесінің  ұсынымдарын  ҚР-да  орындау  бойынша  ҮЕҰ  аралық 

баяндамаларын ұсыну бойынша (27 қыркүйек);  



10 

 

«Қазақстандағы  балалы  отбасыларға  арналған  арнайы  әлеуметтік 



қызметтер  мен  әлеуметтік  көмекке  қолжетімділікпен  қамтамасыз  ету 

мәселелері бойынша» (5 қазан); 

«Қазақстан Республикасында контрацепті заттар мен қызметтерге, 

ақпараттарға жастардың қолжетімділігі» (11 қазан); 

«Отбасы кұндылықтары және қоғамдық жаңғыру» (31 қазан); 

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу  және  болдырмау 

саласында  жергілікті  полиция  қызметкерлерінің  құқық  қолдану  актілері 

мен заңнамалары» (30 қараша). 



 

V. 

Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары: 

«2017  жылғы  ҚР-да  балалардың  жағдайы  туралы»  баяндама 

шығарылды және ҚР Президентінің әкімшілігіне жолданды

«Қазақстан балалары» ғылыми-тәжірибелік журналының 4-ші нөмірі 

шықты; 

«ҚР-да  балалардың  құқықтарының  қорғалу  деңгейі»  әдістемелік 



құралы, «ҚР-да балалардың құқықтарын қорғау»,  «2017 жылға арналған 

ҚР-да балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер» 

брошюрасы шығарылды. 

«Основные  формы  семейного  устройства  детей»,  «Приемная 

семья», «Правила формирования безопасного поведения у детей» атты 

видеороликтер 

шығарылды, 

«Казахстан-страна 

без 

сирот», 


«Ответственность  родителей  за  жизнь  и  здоровье  детей»,  «Счастлив 

тот, кто счастлив дома» атты видео сабақтар шығарылды.  

20

07  жылы  желтоқсаннан  бастап  Балалардың  құқықтарын  қорғау 



комитетінің ресми сайты www.bala-kkk.kz. жұмыс жасайды.  

Комитеттің  ресми  сайтында  14  негізгі  айдар  жұмыс  жасайды,                 

30 қосымша айдар және 9 пайдалы сілтеме бар, олар үнемі жаңартылып 

отырады.  

2017  жылдың  қорытындысы  бойынша  веб-сайтқа  187 340-тан  аса 

интернет желісін қолданушылар кірген. 

Комитеттің  жұмыстары  орналастырылған  әлеуметтік  желілерде 

ресми аккаунттар құрылып, жұмыс жасайды (371).  

«Төрағаның  блогына»  келіп  түскен  өтініштерді  орналастыру 

бойынша  жұмыстар  жүргізілуде.  Ағымдағы  жылы  төрағаның  блогына  

188  азаматтардың  өтініштері  келіп  түсті,  олардың  167-не  түсіндірме 

берілді, 21-і бүгінде қарастырылуда (2016 жылы-336). 

Комитеттің  сайтына  50  елден  астам  елдердің  интернет 

қолданушылары  кіреді.  Орта  есеппен  айына  8000-дай  қолданушылары 

кіреді.  

Балалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  және 

қалпына  келтіру  үшін  БАҚ  құралдарында  балалар  туралы  негативтік 

мақалаларға  мониторинг  жүргізілді.  Олардың  саны  бүгінде  508-ді 

құрады,  әрбір  басылып  шыққан  материал  бойынша  жергілікті  атқарушы 

органдармен жұмыстар жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданған.  




11 

 

 



БАҚ-та  балалардың  құқықтарын  қорғау  мәселелері  бойынша 



598  ақпараттар  жарияланған.  Олардың  ішінде  республикалық 

телеарналарда  –  1021  сюжет,  республикалық  баспа  беттерінде  –  723 

мақала,  интернет-ресурстарында  –  964  басылым,  өңірлік  БАҚ-та  –  890 

материал (477 сюжет, 413 мақала).  

   

Комитеттегі  жалпы  құжат  айналым  9538    бірлікті  құрайды  (2016ж.-



7228),   

оның  ішінде  кіріс  құжаттар  –  6856  бірлік  (2016ж.-6771),  шығыс 

құжаттар  –  2682  бірлік  (2016ж.-  457).  6856  кіріс  құжаттарының  санынан  

ҚР  Президенті  Әкімшілігінен-42  (2016ж.-15),  Премьер-Министрінің 

кеңсесінен-82  (2016ж.-73),  Парламенті  Мәжілісінен-38  (2016ж.-41),  жеке 

және  заңды  тұлғалардың  өтініштері  –  291  бірлік  (2016ж.-191).  Сенім 

телефонына  келіп  түскен  1500  өтінішке  түсіндірмелер  беріліп,    қажетті 

шаралар қолданылды. (оның ішінде БҚҚК-800).  

 

VI. 

2017 жылғы қол жеткізілген жетістіктер: 

1. 

Республиканың  11  өңірінде  жетім  және  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  құқықтарын  сақтау,  балалардың 

мектепке  баруы,  мектептік  тамақтандыру  және  тасымал  мәселелері 

бойынша 146 білім беру органдары мен ұйымдарының қызметіне тексеру 

жүргізілді. 

Тексерудің  нәтижесінде  анықталған  бұзушылықтарға  қатысты 

шаралар  қолдану  үшін  аталған  облыстарға,  яғни  жергілікті  атқарушы 

органдарға анықтама жіберілді.  

Ағымдағы  жылдың  29  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  8  өңірде 

қамқоршылық  және  қорғаншылық  бөлімінің  мамандарына  қатысты 

тәртіптік  жазалар  қолданылды:  1-адам  жұмыстан  босатылды,  1-адамға 

қатаң  сөгіс,  7-адамға  сөгіс,  12-адамға  ескерту  жарияланды,  білім  беру 

ұйымдарының  басшылары  мен  қызметкерлеріне  қатысты:  1-адам 

жұмыстан  босатылды,  1-адам  атқарып  отырған  қызметіне  лайық  емес 

деп есептеледі, 2-адамға сөгіс, 5-адамға ескерту жарияланды.  

Республиканың  3-өңірінде  (Атырау,  Жамбыл  облыстары  мен 

Алматы қаласы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 7 хаттама құрылды 

және  3  маман  30  АЕК  мөлшерінде,  4  маман  30  АЕК  70%  мөлшерінде 

әкімшілік жазаға тартылды.  

2. 


Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға арналған ұйымдар желісі 2 бірлікке қысқартылды (2016ж.-140 

бірлік, 2017 ж.-138 бірлік).  

 

3

Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға  арналған  интернаттық  ұйымдардағы  тәрбиеленушілер  саны 

1013 балаға азайды (2016 ж.- 7236, 2017 ж.-  6223). 



 

4. 

Жетім  балаларды  өз  отбасыларына  қабылдауға  тілек  білдірген 

қазақстандық  азаматтардың  саны  көбейді.    2017  жылдың  қорытындысы 

бойынша  1561  (21,6%)  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған  бала  асырауға 

(в  2016  ж.-1726  (21%), 

берілді,


 

оның  ішінде 

қамқоршылық  және  қорғаншылыққа  (325),  патронаттық  тәрбиеге  (293), 

қабылдау отбасына (100), асырап алуға (168) бала берілді, оның ішінде 




12 

 

халықаралық  асырап  алуға  -20,  отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйіне  (45



бала берілді. Туған отбасына қайтарылғандар саны - 630. 

 

Республикада  27 274  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

бала  бар,  қамқоршылықтағылар-18 941,  патронаттық  тәрбиедегілер-1 900 

(қабылдаушы  отбасыларда  -  92),  отбасы  базасындағы  балалар  үйіндегілер-118, 

ұйымдарда-6 223.  

 

5. 

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған жетім және ата-

анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  саны  екі  есеге  азайды 

(2006-

2013 жылдар аралығында-1441, 2014 жылы-951, 2015 жылы-1169, 



2016  жылы-1486,  оның  ішінде  балалар  үйінің  тәрбиеленушілеріне-620) 

2017 жылы - 1084 оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне-378.  

 

6. 

Ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етілген  мектептердің  саны  өсті. 

6098  (88,5%)   

(2016  ж.  –    6071  (86,9%) 

мектепте  94,3%  (2  516 212)  балаға 

ұйымдастырылды.  2017  жылы  ыстық  тамақпен  442  263  (17,  6%)  бала 

қамтылды,  оның  ішінде  аз  қамтылған  отбасылардан  шыққан  189  455 

(100%) балаға ыстық тамақ ұйымдастырылды (2016ж. – 255 023 (100%). 

 

7. 

Білім  беру  ұйымдары  жоқ  1636  елді  мекенде  оқушыларды 

мектепке  және  мектептен  үйге  жеткізу  26  063  (97,5%)  оқушыға 

ұйымдастырылды  (2016ж.-22  278  (97,7%).  Автотранспортқа  деген 

қажеттілік  159  бірлікті  құрайды.  Ақтөбе,  Қостанай,  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарында 679 оқушы мектепке және мектептен үйлеріне жеткізумен 

қамтамасыз етілмеген.   

 

8.

 

2  млн.  492  мың,  немесе  92,4%  бала  сауықтырумен  қамтылған                

(2016

ж.  –  2  млн.  220  мың,  немесе  86,7%). 

2  млн.  278  мыңға  жуық  немесе 

84,4% 

бала  әртүрлі  жұмыстармен  қамтылды   



(2016 

ж.  –    2  млн.  084  мың 

немесе 81,4%). 

         9. 



«Қамқоршылық» және «Мектепке жол» акциялары шеңберінде 

516 мың балаға 3,5 млрд. теңге сомасында көмек берілді  



(371 723 

балаға 

2,1 млрд.теңге сомасында демеушілік көмек көрсетілді). 

 

    



10. 

ҚР-да  балалардың  құқықтық  сауаттылығы  деңгейі  көтерілді  -

73,9% 

(2016

ж.-69,8%).

 

 



   11. 

Бюджеттік жоспарлау  

 

Төлем  жөніндегі  қаржыландыруды  жоспарлау  кезінде  2017  жылы 



сома 460 753,0 мың теңгені құрады, игеру - 100%. 

 

51  келісім-шарт  жасалды,  оның  ішінде  конкурстық  тәсілмен  (ашық 



конкурс) - 3,  бағалы  ұсыныстар  сұранысы  тәсілімен - 4,  бір  көзден - 41, 

банк келісім-шарты арқылы - 2, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде - 1.  

 

Мемлекеттік  сатып  алу  жоспарында  көзделген  (жоспардың                     



74-

тармағы)  жоспарланған  мемлекеттік  сатып  алуға  өткізілген 

мемлекеттік сатып алу саны Комитет бойынша 100%-ды құрайды. 

 

  



Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары 

 

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу  

 

Денсаулық  сақтау,  білім  беру,  еңбек  және  әлеуметтік  қорғау 

ұйымдарындағы  6  мыңнан  жоғары  жетім  балалар  мен  ата-анасының 



13 

 

қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  санынан  80%-дан  астамы  ата-



аналары тірі бола тұра әлеуметтік жетім болып табылады. 

 

  



Шешу жолдары: 

         -   

балалар  үйінің  тәрбиеленушілері  санын  азайту  үшін  жетім 

балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 

отбасыға орналастыру басымдықтарын қамтамасыз ету; 

 

-   


отбасы  мен  балаларды  қолдау  орталықтарына  интернаттық 

ұйымдарды трансформациялау; 

 



қабылдаушы  ата-аналар  мектебі  мен  отбасын  қолдау 



орталықтарының қызметі желілерін дамыту;  

         - 

қазақстандық  отбасыларға  жетім  балаларды  орналастыру 

мәселелері  бойынша  позитивті  қоғамдық  пікірді  қалыптастыруға 

бағытталған әлеуметтік жарнамаларды жетілдіру.  

 

 



Балалар үйінің тәрбиеленушілерін тұрғын үй алу құқығымен 

қамтамасыз ету   

 

Шұғыл  аралықта  шешілетін  мәселелер  жетім  және  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету 

жоспарында әлеуметтендіру саласы болып табылады.  

 

Тұрғын  үй  алу  кезегінде  23 489  бала  бар.  2017  жылы  654  бала 



тұрғын-үй алды, 2016 жылы 1486 бала болған.    

 

 



 

Шешу жолдары:  

- 

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім 

балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын 

үйге  құқықтарын  қамтамасыз  ету  мәселелерi  бойынша  өзгерiстер  мен 

толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасының орындалуын бақылау;  

      - 

жетім  балалар,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 

арналған  ұйымдардың  тәрбиеленушілерін  жұмысқа  орналастыру  және 

тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  кешенді  жоспарды  енгізу 

бойынша  жергілікті  атқарушы  органдарының  Мемлекет  басшысының 

тапсырмасын орындауын қадағалау; 

      - 

өңірлерде «Өмірді және мансапты жоспарлау» жобасын іске асыру 

арқылы  балалар  үйінің  тәрбиеленушілерін  бастамашыл  еңбекке,  өз 

бетінше өмір сүруге бейімдеудің тиімді жүйелерін құру. 



 

Отбасыдағы балалардың амандығы деңгейі алаңдатушылық 

тудыратын, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды 

қорғаудың ықпалды механизмінің жоқтығы 

 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 

деректері  бойынша  2017  жылғы  9  ай  жағдайы  бойынша  қылмыстық 

тексеру  органдарының  тарапынан  кәмелетке  толмағандарға  қатысты 



1568 

қылмыс  тіркелген  (2016  жылғы  9  ай  бойынша-1997).    Жалпы 

аталған  мезгілде  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  жасалған 

қылмыстық 

құқық 

бұзушылықтар 



21,5%-ға 

қысқарған.  




14 

 

Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  құрбандары  2017  жылғы  9  ай 



бойынша 1655 кәмелетке толмағандар болды (2016 жылы 9 ай бойынша 

2013 


бала), зардап шеккен адамдардың саны 17,8%-ға қысқарған. 

Бүгінгі  таңда  республикада  11 788  мыңнан  астам  қолайсыз 

отбасылар  бар,  онда  17 045  бала  тәрбиеленуде.  Балалары  бар  ерлі-

зайыптылардың  ажырасуға  өтініш  бергендерінің  саны  2016  жылғы  9  ай 

жағдайынан  48083-тен  9%-ға  өскен:  осыған  ұқсас  мерзімде  2017  жылы 

52 152

Әрбір 



жазылған 

өтініш 


қанағаттандырылуда, 

қанағаттандырылған  талаптардың  үлесі  соңғы  үш  жыл  бойы  орта 

деңгейде  51%. 

 

Шешу жолдары: 

 -   

зорлық-зомбылық  пен  адам  саудасының  құрбандары  болған 

кәмелетке 

толмағандарға 

көмек 

көрсету 


бойынша 

тиімді 


ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;  

заңмен 



шиеленіске 

түскен 


балаларға 

арналған 

крезистік 

орталықтардың  жергілікті  атқарушы  органдар  тарапынан  қолдау  және 

жетілдіру;   

-     


отбасылық, адамгершілік-рухани құндылықтарды нығайту, балаларға 

қатысты  зорлық-зомбылықтың  барлық  түрлерін  жою  үшін  отбасы 

институттарының  әлеуетін  көтеру,  оның  ішінде  әлеуметтік  жетімдік 

бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысты күшейту;  

-         

БАҚ-та  кең  көлемді  ақпараттық-түсіндірме  компанияларды 

ұйымдастыру,  балалар  мен  жастардың  бағдарламалары  мен  хабарын 

алға жылжыту үшін ақпараттық кеңістікте көбейту.  

 

 

VII. 



2018 жылға арналған НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР:  

   

3. 

НҚА іске асыру. 

1. 


«Жетiм  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға  арналған  бiлiм  беру  ұйымдарының  түрлері  қызметінің  үлгiлік 

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрінің  2013  жылғы  18  маусымдағы  №  229  бұйрығына  өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы». 

2. 


«Отбасылық  үлгідегі  балалар  ауылы  мен  жасөспiрiмдер 

үйлерiнiң  қызметiн  реттейтiн  нормативтiк-құқықтық  кесімдерді  бекiту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің                       

2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы». 

3. 

«Отбасы  және  балалар  саласында  көрсетілетін  мемлекеттік 



қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  13  сәуірдегі  №  198  бұйрығына 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».  

   


4. 

«Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге 

асыратын  ұйымдардың  қызметтері  мәселелері  бойынша  ҚР  кейбір 

заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң 

жобасы шеңберінде НҚА әзірлеу.   

 



15 

 

   



 

   


Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру: 

   


ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың 

құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы; 

   

«Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық форум-фестивалі; 



   

«Нұрлы Болашақ» республикалық акция; 



   

Бүкіл әлемдік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» 

декадасы; 

   


Балалар маслихатының көшбасшысы слеты; 

   

«Зорлық-зомбылықтың  алдын  алу  және  жедел  әрекет  ету»  үлгілік 

бағдарламасын іске асыру; 

   

Кәмелетке  толмағандар  арасында  суицидтің  алдын  алу  бойынша 

жобаларды енгізу; 

   


«Қамқорлық»,  «Мектепке  жол»,  «Зорлық-зомбылықсыз  балалық 

шақ», «Түнгі қаладағы балалар», «Алғыс айту күні» акциялары; 



   

Әдістемелік, 

ақпараттық 

материалдарды 

шығару 

(«ҚР-да 


балалардың  жағдайы  туралы»  баяндама,  «Қазақстан  балалары» 

журналы); 



   

Жетім  балалар  мен  ата-анасынң  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларды,  сондай-ақ  EGOV  базасынан  балаларды  өз  отбасыларына 

қабылдауға 

тілек 

білдірген 



азаматтарды 

республикалық 

база 

деректеріне енгізу.  



   

 

2017 жылға арналған НҚА тізімдері: 



ҚР БҒМ бұйрықтары (12):  

 

   

1. 

«Жетім  балалардың,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған, 

отбасына  тәрбиелеуге  (асырап  алуға,  қорғаншылыққа  немесе 

қамқоршылыққа,  патронатқа)  берілген  балалардың  құқықтары  мен 

мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 

2015  жылғы  10  қыркүйектегі  №  557  бұйрығына  толықтырулар  енгізу 

туралы» ҚР БҒМ бұйрығы. 

   

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 6 наурызда 

№ 14869 болып тіркелді.  

   

2. 

«Орта  білім  беру  ұйымдарында  оқитындарды  тамақтандыруды 

ұйымдастыру  және  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында,  жетім 

балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 

арналған  білім  беру  ұйымдарында  тәрбие  алатын  және  оқитын 

балаларды  тамақтандыруды  қамтамасыз  етуге  байланысты  тауарлар 

сатып  алу  қағидаларын  бекіту  туралы»  ҚР  31  желтоқсандағы  №  717 

бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  БҒМ 

бұйрығы.  

   

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 наурызда 

№ 14956 болып тіркелді. 



16 

 

   



3. 

«Отбасы  және  балалар  саласында  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызметтер  стандарттарын  бекіту  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2015  жылғы  13  сәуірдегі  №  198  бұйрығына  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ бұйрығы.  

   

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 30 наурызда 

№ 14959 болып тіркелді. 

   


4. 

«Отбасы  және  балалар  саласында  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызметтер  стандарттарын  бекіту  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2015  жылғы  13  сәуірдегі  №  198  бұйрығына  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ бұйрығы.  

   

Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылы  5  сәуірдегі 

№ 14979 болып тіркелді. 

   

5.  «Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  жауапты 

хатшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 132-к 

бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  БҒМ 

бұйрығы.  

   


Мемлекеттік тіркеуге жатпайды.  

   


6. 

«Отбасы  және  балалар  саласында  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрінің 2015 жылғы 5 шілдедегі № 361 бұйрығы.



 

   

Қазақстан 

Республикасының 

Әділет 

министрлігінде 

2017 

жылы                                    

15 маусымдағы  № 15222 болып тіркелді. 

   

7. 


«Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік 

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрінің  2013  жылғы  18  маусымдағы  №  229  бұйрығына  өзгеріс  пен 

толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ бұйрығы.  

   

Қазақстан 

Республикасының 

Әділет 

министрлігінде 

2017 

жылы                              

23 маусымдағы  № 15258 болып тіркелді. 

   

8. «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта 

білім  алғанға  дейін  оларды  есепке  алуды  ұйымдастыру  қағидаларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 

2016  жылғы  15  қаңтардағы  №33  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы» 

ҚР БҒМ бұйрығы. 



   

Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы                        

18 тамызда № 15514 болып тіркелді. 

   

9.  «Білім  беру  ұйымдарында  қамқоршылық  кеңестің  жұмысын 

ұйымдастыру  және  оны  сайлау  тәртібінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту 

туралы» ҚР БҒМ бұйрығы.   

   

Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы                             

29 тамызда № 15584 болып тіркелді. 

   

10

«Баланың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 

асыратын  ұйымдардың  тауарлары  мен  көрсетілетін  қызметтерін  сатып 

алу  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 



17 

 

ғылым  министрінің  2016  жылғы  30  маусымдағы  №  412  бұйрығына 



өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ бұйрығы.  

   

Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы                                

4 тамызда №15436 болып тіркелді.  

   

11

«Отбасы  және  балалар  саласында  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызметтер  стандарттарын  бекіту  туралы»  «Балаға  кері  әсер  етпейтін 

ата-ана  құқықтарынан  айырылған  ата-аналарға  баламен  кездесуіне 

рұқсат беру»  ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі 

№ 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  ҚР БҒМ 

бұйрығы. 



   

Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы                              

3 тамызда №15425 болып тіркелді. 

   

12. 


«Патронаттық  тәрбие  туралы  ережені  бекіту  туралы»  ҚР 

Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  16  қаңтардағы  №  14 



бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ бұйрығы.   

   

Қазақстан 

Республикасының 

Әділет 

министрлігінде 

2017 

жылы                             

11 желтоқсанда №16086 болып тіркелді.

 

жүктеу 205,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау