И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Оқу міндеті және проблемалық ситуация



жүктеу 2,06 Mb.
бет86/188
Дата21.03.2023
өлшемі2,06 Mb.
#41837
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   188
Зимнаяя

Оқу міндеті және проблемалық ситуация

Оқу іс-әрекеті процесінде оқу міндеті белгілі бір оқу ситуациясында беріледі. (Біздің түсіндіруімізде оқу ситуациясы тұтас білім беру процесінің бірлігі ретінде көрсетіледі). Оқу ситуациясы әріптестік немесе қақтығыстық болуы мүмкін. Егер де пәндік қақтығыс, яғни оқу пәніне қатысты түрлі позициялардың, қатынастардың, көзқарастардың тартысы тұлғааралық игеруге ықпал етсе, ал тұлғаралық қақтығыс, яғни адамдар, тұлғалар ретінде оқушылардың арасындағы қақтығыс оған кедергі келтіреді.


Мазмұны бойынша оқу ситуациясы бейтарап немесе проблемалық болуы мүмкін. Ситуациялардың осы екі түрі де оқытуда көрсетілген, бірақ екіншісінің ұйымдасуы мұғалімнен (оқытушыдан) үлкен күш жігерді талап етеді, сондықтан да олар оқыту мәселендендірудің бүкіл маңыздылығын саналы түсінген кезде, проблемалық ситуациялар бейтараптарға қарағанда оқу процесінде неғұрлым сирек кездеседі. Проблемалық ситуацияны тудыру проблеманың (міндеттің), яғни жаңа мен белгілінің (берілген) ара қатынасының, оқушының оқу-танымдық қажеттілігінің және оның осы міндетті орындауға қабілетінің (мүмкіндігінің) болуын ұйғарады (В. Оконь, А.М. Матюшкин, А.В. Брушлинский, М.И. Махмутов және т.б.). Мұғалімнің алдында (оқытушының) оқушының мүмкіндіктеріне сай қарама-қайшылықтарға толы, біртіндеп субъективтіге айналатын объективті проблемалық ситуацияны ұйымдастырып, кейбір шешілуі керек проблема түрінде беру міндеті тұрады.
Проблемалық ситуацияны қалыптастыру едәуір педагогикалық қиындықты көрсетеді. Осы қиындық себептерін толығырақ қарастырайық. Ең алдымен, М.И. Махмутов берген проблемалық оқытудың жалпы дидактикалық анықтамасын еске салайық: «...бұл дамыта оқыту түрі, мұнда оқушының дербес жүйелік ізденуші іс-әрекеті мен олардың дайын ғылыми қорытындыларды игеруімен үйлеседі, ал әдістер жүйесі болса мақсатты ұйғару мен проблемалық принципін есепке ала отырып құрылған; оқыту мен оқудың өзара әрекеттесу процесі шәкірттердің ғылыми ... дүниетанымын, олардың танымдық дербестігін, оқуға деген тұрақты мотивтерінің қалыптасуына және де оларда проблемалық ситуациялар жүйесімен детерминациаланған іс-әркет тәсілдері мен ғылыми түсініктерді игеру барысындағы ақыл-ой қабілеттерінің (шығармашылық қабілеттерді қоса) қалыптасуына бағытталған» [137, 6 б.]. Психологиялық проблемалық ситуация адамның алдында шешілуі қажет проблемалардың, міндеттердің пайда болуын білдіреді. П.П. Блонскиий мен С.Л. Рубинштейн бойынша, белгілі бір проблемалық ситуацияларда адамның ойлауы пайда болады. «Проблеманы қоюдың өзі көбінесе үлкен және күрделі ақыл-ой жұмысын талап ететін ойлау әрекеті болып табылады» [194, 1 т., 374 б.].
А.М. Матюшкин көрсеткендей, проблемалық ситуация, субъект пен іс-әрекет шарттары арасындағы қатынасты анықтайды, өйткені онда белгісіздік және іздестіру ашылады. Тағы да атап өтейік, проблемалық ситуацияны қалыптастыру мен шешу үшін үш шарт қажет: 1) субъекттің танымдық қажеттілігі; 2) берілген деректер мен іздестіру арақатынасы; 3) орындаудың белгілі бір физикалық, интеллектуалдық, операциялық мүмкіндіктері. Басқаша айтқанда, субъект интеллектуалдық қиындықтар жүйесіне қойылуы тиіс және де одан шығуды өзі табу керек. Әдетте, проблемалық ситуация оқушыға «неге?», «қалай?» деген сұрақтар формасында беріледі. Бірақ адам үшін жаңа міндетті орындауда интеллектуалдық жұмысты талап ететін сұрақ қана проблемалық бола алатынын есепке алу керек. «Қанша?», «қайда?» тәрізді сұрақтар адам білетін, оның есінде сақталған нәрселерді қайта жаңғыртуға ғана бағдарланған және де оған жауап беру арнайы пайымдауды, шешімді талап етпейді.
Проблемалық ситуация проблемалық дәрежесі бойынша ажыратылады (ертеде көрсетілген проблемалық оқыту теориясынының сипаттамасын қараңыз). Проблемалықтың ең жоғарғы дәрежесі адам проблеманы өзі қалыптастыратын, оның шешімін өзі табатын, осы шешімнің дұрыстығын өзі қадағалайтын ситуация – оқу ситуациясына ғана тән. Оқушы осы процестің тек үшінші компонентін, яғни шешімді ғана жүзеге асырған жағдайда проблема неғұрлым төмен дәрежеде көрінген. Қалғанының барлығын педагог дайындайды, жасайды. Проблемалылық деңгейін анықтауға басқа позициядан да қарайды, мысалы міндетті орындау өнімділігінің өлшемі, әріптестік және т.б. Оқу процесін ұйымдастыруда педагог міндеттерді орындауда ұйғарылған қиындықтардың кезектілігін жасау керек екені айқын.
Проблемалық міндеттің басқаларынан айырмашылығын белгілей отырып, А.М. Матюшкин былай деп көрсетеді «жәй ғана қандай да бір ситуацияның, яғни міндет шарттарын құрайтын берілгендердің сипаттамасын қамтитын жағдайдың суреттемесі және осы шарттар негізінде ашылуы тиіс белгісіздерді көрсету беріліп қоймайды. Проблемалық міндетте субъекттің өзі міндет ситуациясына араласады». Бұл жерде «проблемалық ситуацияның пайда болуының негізгі шарты- адамның жаңа қатынасты, әрекеттің қасиеті мен тәсілін ашуға деген қажеттілігі болып табылады» [135, 275 б.].
Оқудың проблемалық ситуациясын жасау оқушыға оқу міндетін берудің алғышарты мен формасы. Бар оқу іс-әрекеті мұғалімнің проблемалық ситуацияны және кезектеп беруінде және оны оқушының оқу әрекеті арқылы тапсырманы орындау жолымен «шешуінде» жатыр. Іс жүзінде орын алатын оқу іс-әрекеті белгілі бір оқу ситуацияларында берілген және белгілі бір оқу әрекеттерін ұйғаратын оқу міндеттерінің жүйесі ретінде болуы тиіс. Атап өтетін жайт, «міндеттер» түсінігі «проблемалық ситуация» түсінігімен қатар заңсыз қолданып отыр. Осы екі түсінікті нақты ажырата білу керек: проблемалық ситуация дегеніміз іс-әрекет барысында адам қандай да бір белгісіз, түсініксіз нәрсеге жолығады, яғни пайда болған проблема белгілі бір адамнан алдымен ақыл-ойлық, ал соңынан мүмкін практикалық күш жұмсауды талап ететін объективті жағдайдан туындайды. Адамның іс-әрекетіне ойлау «қосылған» кезде проблемалық ситуация міндетке айналады – «міндет кез-келген түрдегі проблемалық ситуациядан туындайды, және де онымен тығыз байланысты, бірақ одан біршама ажыратылады» [36, 59 б.]. Міндет талдау нәтижесінде проблемалық ситуацияның салдары ретінде пайда болады (белгілі бір себептерге байланысты субъект проблемалық ситуацияны қабылдамаған кезде, ол міндетке айналмайды). Басқаша айтқанда, міндет оны орындаушы субъект қабылдаған «проблемалық ситуация моделі» (Л.М. Фридман) ретінде қарастырылады.



жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау