Автордың қазақ тілінде
шыққан басылымға алғы сөзі
Менің «Педагогикалық психология» атты оқулығымның қазақ тілінде жарыққа шығып, Қазақстанның университеттері мен институттарының педагогикалық факультеттері студенттерінің кеңінен пайдалана алу мүмкінідігіне жетулері мен үшін өте қуанышты жағдай.
Қазақстанда адамның этникалық-мәдени, тарихи контекстердегі, сонымен қатар, педагогикалық және жас ерекшеліктік психология саласында адамның сөйлеу, ойлау және рефлексивтік іс-әрекетін кең тұрғыдан зерттеген белгілі зерттеуші М. Мұқановтың «Педагогикалық психология» атты оқулығы қолданыста жүр. Қазақ тіліне аударылған менің оқулығымның мәтінін оған қосымша толықтыру болады деп ойлаймын. Бірнеше оқулықтарды пайдалану студенттерге әрқашан өздерінің зерттейтін проблемаларын өзіндік көруін шығармашылық тұрғыдан дамыту, салыстыру, жалпылау мүмкіндігін береді.
Қазақ тіліне аударылған «Педагогикалық психология» оқулығында педагогикалық психологияның қазіргі уақыттағы жағдайы А.Н. Леонтьев пен С.Л. Рубинштейннің іс-әрекеттің отандық теориясы тұрғысынан, сонымен қатар А. Маслоу, К. Роджерстің гуманистік психологиясының негізгі ережелерімен және Я. Корчак, В.А. Сухомлинский, Ш.А. Амонашвили және т.б. гуманистік позицияларына сәйкес Д.Б. Эльконин мен А.К. Маркованың оқу іс-әрекетінің позициясынан ұсынылған.
Оқулықты құрастыруда білім беру процесінде оқушының өз-өзін өзектендіруі, оның өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жетілдіруіне ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы жүзеге асырылатын адамгершіліктік принципі басшылыққа алынды. Оқулықтың лейтмотиві антикалық дәуірдің айнымас қағидасы «Адам – барлық заттардың өлшемі», ол дегеніміз адам - өркениеттің негізгі құндылығы, ал оның толыққанды рухани өмірі - кез-келген мемлекеттің қоғамдық дамуының және оның білім беру сияқты әлеуметтік құрылымының мағынасы дегенді білдіреді.
Мен Қазақстанның Білім беру министрлігіне менің оқулығыма қызығушылық тудырып, оны қазақ тіліне аударуға шешім қабылдағаны үшін, сонымен қатар оқулықты аударушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, психология доценті М.А. Құсаиноваға өз ризашылдығымды білдіремін.
Мен «Педагогикалық психология» оқулығының қазақ тіліндегі аудармасын басып шығаруға шешім қабылдаған баспаға өз ризашылдығымды білдіремін.
30. 06. 2005 ж. И.А. Зимняя
Достарыңызбен бөлісу: |