10
жағдайларды құру;
- ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені бастардың алдында кәсіпорында
жарамды тәртіп ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе
нұсқаулықпен, сонымен қатар, білім алушылар ӛндірістік оқу мен тәжірибеден
ӛтетін жұмыс орындарындағы толық нұсқаулықтарды ӛткізеді;
- білім алушы-тәжірибеден ӛтушілерге ӛндірістік оқыту мен кәсіби
тәжірибенің бүкіл кезеңінде білім алушылардың толық жүктемесін қамтамасыз
ететін, мамандық бойынша оқу жұмыс бағдарламаларымен сәйкес заманауи
техникамен жабдықталған және ӛндірістік жұмыстардың түрлерімен қамтамасыз
етілген жұмыс орындарын ұсыну;
- ӛндірістік
оқыту
мен
кәсіби
тәжірибе
бағдарламасында
қарастырылмағандарды жұмыста білім алушылардың пайдалануына, сонымен
қатар, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орнының басшысының
келісімінсіз бір жұмыс орнынан басқасына ауысуына жол бермеу;
- білім алушыларға еңбектің сәйкес санитарлық-гигиеналық шарттарын
қамтамасыз ету; білім алушылар мен ӛндірістік оқытудың шеберлеріне ӛндірістік-
тұрмыстық ғимараттарды беру;
-ӛндірістік жұмысты орындауға білім алушыларға уақытылы тапсырма беру;
- учаскедегі жұмыстың технологиялық үдерісіне сәйкес тапсырмаларды
орындау
үшін
материалдармен,
құралдармен,
шикізатпен,
жартылай
фабрикаттармен және басқа да құралдармен, сондай-ақ кәсіпорында орнатылған
нормалар бойынша осы техникаға қызмет кӛрсететін қызметкерлермен
қамтамасыз ету;
- кәсіпорында
орнатылған
тәртіппен білім
алушылар орындаған
жұмыстарды техникалық бақылауды, қабылдауды және есептеуді жүзеге асыру;
- білім алушылардың жұмысына техникалық жетекшілікті қамтамасыз ету;
- білім алушылардың ӛндірістік тәжірибесіне жетекшілік ету үшін
тағайындалған инженерлік-техникалық жұмыскерлері мен кәсіпорынның білікті
жұмыскерлерінің жұмысын бақылау.
Ӛндірістік тәжірибе аяқталардың алдында кәсіпорын бітіретін біліктілік
емтихандарын тапсыратын білім алушыларды біліктілік жұмысын орындау үшін
жабдықталған жұмыс орындарымен, материалдармен, құралдармен және барлық
қажеттіліктермен қамтамасыз етеді; әрбір білім алушыға ӛндірістік сипаттама
береді.
7. Ӛндірістік тәжірибе уақытында білім алушылардың еңбегін тӛлеу
Олар ӛндірістік тәжірибеден ӛту барысында ӛндірістік тапсырманың
белгіленген кӛлемін орындауға білім алушылардың еңбегінің мүмкін тӛлемінің
шарттары техникалық және кәсіби білім беретін оқу орны, кәсіпорын және білім
алушылар арасындағы келісім-шартта ескертілуі керек.
Ӛндірістік тәжірибе уақытында білім алушылар жұмыстың нақты түрлері
бойынша кәсіпорын орындалған жұмыс кӛлеміне белгіленген кесімді бағалау
бойынша немесе аталмыш кәсіпорын қолданысындағы істеліп біткен уақыт үшін
11
уақыт істейтін жұмысшының тарифтік мӛлшерлемесі бойынша оларға еңбекақы
қарастыруы мүмкін.
Білім алушыларға еңбекақыны есептеу кәсіпорынның жұмыскерлері мен
қызметкерлеріне еңбекақысын тӛлеу үшін белгіленген мерзімде жүзеге
асырылады.
8. Тәжірибе нәтижелері
Ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибе білім алушылардың жалпы және
кәсіби құзыреттілігін игеру нәтижесін бағалаумен аяқталады.
Ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибенің нәтижелері техникалық және
кәсіби білім беретін оқу орны ұйыммен бірлесе отырып жасаған тәжірибенің оқу
жұмыс бағдарламасының мазмұнын бағалау кӛрсеткіштеріне сәйкес бағаланады.
Кәсіби тәжірибе аяқталған соң білім алушылар мамандығы бойынша
біліктіліктің қарастырылған деңгейінен тӛмен емес жұмыс қиындығын
қарастыратын практикалық біліктілік (сынама) жұмысты орындайды.
Ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибенің аяқталу қорытындысы бойынша
білім алушылар ӛндірістік жұмыстар мен нәтижелерінің барлық түрлерін
кӛрсетумен тәжірибе жетекшісінің атына есеп құрады.
Егер кәсіби оқыту модульдері аясында ӛндірістік оқыту белгіленген
деңгейдегі біліктілігін жұмыскерлердің игеруі қарастырылса, онда олардың
аяқталу шамасына қарай білім алушылар кәсіби құзыреттілікті тәуелсіз бағалау
орталықтарында біліктілік емтихандарын тапсырады және біліктілік деңгейі турал
куәлік (сертификат) алады.
Ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибеден ӛту нәтижелерін білім алушыларға
техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында ұсынады және
қорытынды аттестаттау кезінде ескеріледі.
9. Кәсіби тәжірибе туралы есепті қҧрастыру мен рәсімдеуге қойылатын
талаптар
Кәсіби тәжірибе туралы есеп тәжірибеден ӛтуші дайындаған және тәжірибе
бойынша тапсырмаларды орындауды растайтын материалдарды, тәжірибеден
ӛтуге арналған құжаттарды (келісім-шарт, жолдама, тапсырма) кӛрсетеді. Кәсіби
тәжірибе туралы есепті әрбір білім алушы жеке құрастырады.
Кәсіби тәжірибе туралы есепті уақытылы құрастыру мен рәсімдеу үшін
білім алушыларға кәсіби тәжірибенің соңғы 2-3 күнін есеппен жұмыс жасау үшін
жоспарлау ұсынылады. Ӛндірістік немесе технологиялық (диплом алдындағы)
тәжірибе туралы есептерді келесі құрылым бойынша баяндау ұсынылады.
Кәсіби тәжірибе туралы есепті құрастыру мен рәсімдеу кезінде сипатын
келесі құрылым бойынша жасау ұсынылады:
1. Негізгі беті
2. Мазмұны
3. Кіріспе