1
«ХОЛДИНГ КӘСІПҚОР»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқыту ӛндірісін
дамыту жоспарын жасау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
(модульдік оқу кезінде)
Астана қ. 2016
2
Әзірлеушілер: Бӛрібеков К.К., Г.Т. Бегалиева.,
И.М. Нурмагамбетов.
Ҧсынымдардың мақсаты – оқудың техникалық және
кәсіби білім беретін оқу
орындарының оқыту ӛндірісін дамыту жоспарын жасау оқу бӛлімі
қызметкерлеріне кӛмек кӛрсету.
Ҧсынымдар модульдік оқу кезінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу
орындарының оқыту ӛндірісін дамыту жоспарын жасау бойынша нысандармен
сүйемелденеді.
Әдістемелік ҧсынымдар директорлардың орынбасарларына, бӛлімше
меңгерушілеріне, циклдік комиссиялардың тӛрағаларына, білім беру
ұйымдарының оқу бӛлімінің қызметкерлеріне ТжКБ оқу орындарында
техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқыту ӛндірісін дамыту
жоспарын жасау бойынша модульдік оқу кезінде барысында қолдануы
пайдалану үшін арналған.
Әдістемелік ҧсынымдар «Кәсіпқор Холдингі» коммерциялық
емес акционерлі
қоғамы Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 2 шешімімен
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқыту өндірісін дамыту
жоспарын жасау бойынша оқу орындарының
модульдік оқу кезінде барысында
қолдануы үшін мақұлданған.
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқыту өндірісін дамыту
жоспарын жасау бойынша Әдістемелік ұсынымдардың сапасын жақсарту
жөніндегі барлық ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық
мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:
kboribekov@tvet.kz
,
gbegalieva@tvet.kz
,
gulnara-beg@mail.ru
3
Кіріспе
17 Техникалық және кәсіби білім берудің оқыту бағдарламалары бабының 5
тармағына сәйкес. Техникалық және кәсіби білім берудің оқыту бағдарламалары
теориялық пен ӛндірістік оқыту және кәсіби тәжірибеден тұрады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 38 бабына сәйкес
білім алушылардың кәсіби тәжірибесі мамандарды дайындаудың оқыту
бағдарламаларының құрамдас бӛлігі болып табылады.
Кәсіби тәжірибе сәйкес ұйымдарда жүргізіледі және оқыту үдерісінде алған
білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдыларды алуға және озық тәжірибені игеруге
бағытталған.
Кәсіби тәжірибенің түрлері, мерзімі және мазмұны оқу жұмыс
бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен анықталады.
Келісім-шарт негізінде білім ұйымдарының кәсіби тәжірибесін жүргізу үшін
тәжірибе базасы ретінде ұйымдарды анықтайды, олармен бірге келісілген
тәжірибеден ӛту бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
Келісім-шартта тәжірибе базасы болып табылатын ұйымдардың, білім
ұйымдарының және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершіліктері
анықталады.
Білім алушылардың кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру келісім-шарты
белгіленген түрдегі құқықтық құжатқа жатады, оның негізінде колледж білім
алушыларын келісім-шартта кӛрсетілген кәсіпорынға тәжірибеден ӛту үшін
жібереді.
Келісім-шарт екі данада рәсімделеді, техникалық және кәсіби білім беретін
оқу орнының директоры және тәжірибе орны бойынша кәсіпорынның басшысы
қол қояды, тараптардың мӛрімен расталады. Келісім-шарттың бір данасы
кәсіпорында, екіншісі ТжКББ оқу орнында сақталады.
Ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибе техникалық және қызмет ету
еңбегінің білікті қызметкерлерін, сонымен қатар, орта топ мамандарын кәсіби
дайындау бойынша кәсіби оқыту бағдарламасын оқу мен игеруді қамтамасыз
ететін техникалық және кәсіби білім берудің оқыту бағдарламаларының маңызды
құрамдас бӛлігі болып табылады.
Ӛндірістің оқу мамандық/біліктілік бойынша болашақ кәсіби қызметінің
бастапқы дағдылары мен іскерліктерін игеруді қамтамасыз ететін оқу
сабақтарының түрін кӛрсетеді. Мамандықтар бойынша ӛндірістік оқудың оқу
жұмыс бағдарламаларын олардың оқыту-ӛндірістік шеберханалары, оқыту
шаруашылықтары
немесе
полигондарының
мүмкіндіктеріне
негізделіп
техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары ӛздері жасайды.
Кәсіби тәжірибе – болашақ кәсіби қызметімен байланысты жұмыстың
нақты бір түрлерін орындау үдерісінде тәжірибелік дағдылар мен
құзыреттіліктерді игеру мен дамытуға, теориялық білімдерді, іскерлікті бекітуге
бағытталған оқу қызметінің түрі (30-1 т. қар.) «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңының 1 бабы).
Кәсіби тәжірибенің тҥрлері: оқыту-таныстыру, ӛндірістік және
технологиялық (диплом алдындағы) тәжірибе.