4
1.
Жалпы ережелер
Аталмыш ұсыныстар оқу жұмыс бағдарламалары мен оқыту жоспарларына
сәйкес техникалық және кәсіби білімнің оқыту бағдарламаларын игеру бойынша
білім алушылардың оқу және ӛндірістік тәжірибесін ұйымдастыру мен жүргізу
тәртібін анықтайды.
Аталмыш ұсыныстарда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына
және Техникалық пен кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.
Өндірістік оқыту – бұл білім алушының кәсіби білімі мен дағдысын
қалыптастыру және оны практикада қолдану бойынша оқу процесін ұйымдастыру.
Тақырыптары мен мақсаттарына сәйкес ӛндірістік оқытудың сабақтарының
ӛзінің тәртібі бар және түрлі құрылымдық кезеңдерге (бӛлімдерге) бӛлінеді, ал
сабақтың әрбір құрылымдық кезеңінің ӛзіне құрылымдық элементтер кіреді.
Оқыту-таныстыру тәжірибесі бекітілген оқыту жоспарына сәйкес
кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, оқыту құрылымдарында жүргізіледі.
Тәжірибе мазмұнына бағыттағы мамандығының бейіні бойынша ӛндірістік
нысанның ұйымдастыру құрылымымен, оның техникалық жабдықталуымен,
орындалатын
жұмыстардың
ерекшелігімен,
ӛндірістік
циклге
кіретін
технологиялық үдерістермен таныстыру кіреді. Оқыту-таныстыру тәжірибесі
емтихан сессиясы ақталғаннан соң бірінші курстың аяғында ӛтеді. Тәжірибеден
ӛту оқыту үдерісінің жоспар-кестесімен сәйкес оқыту пәндерін оқумен бірдей
міндетті болып табылады.
Кәсіби тәжірибе – ережеге сай шынайы ӛндіріс жағдайларында түрлі
кәсіпорындарда ӛтетін, білікті жұмыскерлер мен мамандарды дайындайтын оқыту
үдерісінің тәжірибелік бӛлімі.
Оқу-ӛндірістік жҧмыс білім алушылардың практикалық жұмыс
тәжірибесін және қажетті икемділікті алу, жалпы және кәсіби құзыреттілікті құру,
мамандық бойынша барлық кәсіби қызметтің түрлерін кешенді меңгеру
мақсатында жүргізіледі.
Оқу-таныстыру практикасы жұмыс оқу жоспарына сай білім беру
құрылымдарының ұйымдарында, мекемелерінде, кәсіпорындарында жүргізіледі.
Оқу орнында ӛтетін оқыту тәжірибесінің қорытынды бөлімі болып
табылады. Ӛндірістік тәжірибе кезінде игеретін біліктілігі мен таңдаған
мамандығы немесе кәсібі бойынша тәжірибелік жұмыстың іскерліктері мен
дағдыларын студенттердің алуы, теориялық оқу-тәжірибелік оқытудың
нәтижелерін бекіту мен нақтылау жүзеге асады.
Технологиялық (диплом алды) практика арнайы модульдер/пәндерді оқу
кезінде алған білімді жүйелендіру, тереңдеті және кеңейтуді, ӛндірісте
ұйымдастыру-технологиялық шешімдер бойынша практикалық тәжірибені, кәсіби
дағдыны меңгеруді, сонымен қатар мамандық бейініне байланысты дипломдық
жұмыс үшін материалдарды жинауды қарастырады.
Тәжірибе ережеге сай тәжірибені жүргізу туралы колледжбен келісім-шарты
бар, ТжКББ оқу орындарының бұйрығымен бекітілген кәсіпорындарда ӛтеді.
5
Тәжірибе бағдарламасы мен білікті басшы орындауына кепілдік беретін
кәсіпорыннан жеке шақыру-сұраным бойынша тәжірибеден ӛтуге жол беріледі.
Ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені ҧйымдастыр кезінде келесі
нормативті-қҧқықтық қҧжаттарды жетекшілікке алу ҧсынылады:
- 2013 жылдың 17 мамырындағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысымен бекітілген сәйкес типтердің (техникалық және кәсіби білім берудің)
білім ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың типтік ережелері;
- 2016 жылдың 28 сәуіріндегі № 93 Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген кәсіби тәжірибе жүргізуге білім беру
қызметі мен типтік келісім-шартты кӛрсетудің типтік келісім-шарты;
- оқу жылына оқыту-тәрбиелеу үдерісінің кестесі, техникалық және кәсіби
білім беретін оқу орнының басшысы бекіткен мамандық бойынша оқу жұмыс
бағдарламалары мен оқу жоспарлары.
2.
Ӛндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибенің мақсаты мен міндеттері.
Ӛндірістік оқыту білім алушыларда тәжірибелік кәсіби дағдыларды,
іскерліктерді қалыптастыруға және мамандық бойынша болашақ кәсіби қызметтің
түрлері бойынша ӛндірістік оқыту мен тәжірибенің кәсіби оқыту модульдері
аясындағы бастапқы практикалық тәжірибені алуға бағытталған.
Кәсіби тәжірибенің техникалық және кәсіби оқыту мамандығы бойынша
кәсіби қызметтің барлық түрлерінен білім алушыларды ӛткізу, жалпы және кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыру, қажетті іскерліктер мен мамандығы мен біліктілігі
бойынша практикалық жұмыс тәжірибесін қалыптастыру мақсаты бар.
Ӛндірістегі техникалық және кәсіби білімнің білім алушыларының кәсіби
тәжірибесіне тәжірибенің келесі екі түрі кіреді:
- мамандық бейіні бойынша ӛндірістік тәжірибе;
- мамандығы бойынша технологиялық (диплом алдындағы) тәжірибе.
Мамандық бейіні бойынша ӛндірістік тәжірибе студенттерде жалпы және
кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға, практикалық тәжірибені алуға
бағытталған және мамандықта қарастырылған кәсіби қызметтің әрбір түрі
бойынша ӛндірістік оқудың кәсіби модулі аясында жүзеге асады.
Технологиялық (диплом алдындағы) тәжірибе студенттердің бастапқы
кәсіби тәжірибесін тереңдетуге, жалпы және кәсіби құзыреттілікті дамытуға,
ӛзіндік еңбек қызметіне оның дайындығын тексеруге, мамандығы бойынша
бітіретін біліктілік жұмысын (дипломдық жұмысты) дайындауға бағытталған.
3. Ӛндірістік оқу мен кәсіби тәжірибенің мазмҧны және ҧйымдастыру
Мамандық бейіні бойынша ӛндірістік оқу мен кәсіби тәжірибе бірнеше
кезеңдерге шоғырлана да, сондай-ақ, кәсіби оқ модулі аясында теориялық
сабақтармен кезектесе бытырап та жүзеге асырылуы мүмкін.
Технологиялық (диплом алдындағы) тәжірибе мамандық бейіні бойынша
ӛндірістік оқыту мен ӛндірістік тәжірибені меңгергеннен кейін үздіксіз