4-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шыкғару.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы білімдерін бекітіп, олардың арасындағы генетикалық байланыстың мәнін іс жүзінде түсіндіру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: магний, темір, магний оксиді, мыс (II) оксиді, темір (III) гидроксиді, магний карбонаты, натрий гидроксиді, тұз және күкірт қышқылының ерітінділері, индикаторлар, сынауықты штатив, сынауық ұстайтын қысқыш.
Жұмыс барысында қышқылдар мен негіздер қолданылатындықтан, сақтық шараларына мұқият болу керек.
Оқушылар жұмыс соңынан дәптерлеріне нәтижелерді жазып, жұмыс орнын жинайды.
«Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару тапсырмалары
1-есеп. Құрғақ заттары бар үш сынауық берілген: бірінші сынауықта – натрий сульфаты, екіншісінде – магний сульфаты, үшіншісінде – аммоний сульфаты. Қай сынауықта аммоний сульфаты бар екенін анықтаңдар.
2-есеп. Берілген зат – аммоний сульфаты екенін тәжірибе жүзінде анықтаңдар.
3-есеп. Лакмус пен аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділерін сынаңдар жіне байқалған өзгерісті түсіндіріңдер.
4-есеп. Сынауықтарда хлорсутек (тұз), азот және күкірт қышқылы ерітінділері бар. Қай сынауықта қандай ұышұыл бар екенін анықтаңдар.
6-есеп. Екі ақ ұнтақты: кальций карбонаты мен натрий карбонатын қалай ажыратуға болады?
7-есеп. а ) мыс нитратын; ә ) кальций карбонатын екәі әдіспен алыңдар.
8-есеп. Мынадай айналымдарды жүзеге асыру үшін тәжірибе жүргізіңдер:
А) C ;
Ә) P
5-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Органикалық заттардағы көміртегі, сутегі және хлорды сапалық жолмен анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Органикалық заттың құрамын анықтау барысында оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, сарамандық икемділігін дамыту.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, спиртшам, газ жүретін түтік, мыс сымы, керосин не вазелин майы, сусыздандырылған тотияйын, дихлорэтан.
Сабақты оқушыларға төмендегідей сұрақтар қою арқылы қорытындылауға болады:
Сұйық және қатты көмірсутектердің құрамында көміртегі, сутегі барын қалай анықтауға болады?
Органикалық затта хлорды сапалық жолмен анықтау әдісін түсіндіріңдер.
Мұғалім оқушыларда төмендегі икемділіктердің қалыптасуын қадағалайды:
Оқулықта көрсетілгендей құрал құрастыру.
Сынауықты қыздырғанда сақ болу.
Әкті судағы өзгерісті бақылау.
Мыс сымнан айналма жасап, жалынның түсін бақылау.
Органикалық заттар құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық анықтау жұмысының тапсырмалары
Органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді сапалық анықтау үшін оларды бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Мысалы, зат құрамындағы көміртекті көмірге (күйеге) немесе көміртек (IV) оксидіне, сутекті суға, хлорды мыс (II) хлоридіне айналдырып алып, түзілген қоспаларды анықтайды.
Бұл әдіс органикалық заттың құрамындағы көміртектің тотығып, көмірге айналуына негізделген. Тотықтырғыш – ауадағы оттек. Қара түс көмір түзілгенін дәлелдейді. Реакция нәтижесінде түзілген су буланып ұшып кетеді.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: глюкоза (қант немесе басқа органикалық зат), қандауыр, спиртшам.
Жұмыстың орындалуы.
Қандауырдың ұшымен глюкозаның (қанттың немесе басқа да органикалық заттың) бірнеше кристаллын алып, жалынға ұстап, ептеп қыздырыңдар. Глюкоза әуелі балқиды да, содан соң қоңырланып, жанып кетеді. Қандауырда қара түсті көмірленген масса қалады. Бұл нені дәлелдейді?
Жану өнімдері бойынша парафиннің сапалық құрамын анықтау.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: парафин, металл тұрғы, әк суы, стақан.
Жұмыстың орындалуы.
А) Жанып тқрған парафин шырақтың үстіне құрғақ стақанды төңкеріп, тқрғы сақинасына орналастырыңдар. Стақанның терлеуін бақылаңдар.
Ә) Жанып тұрған шырақтың үстіне әк суымен шайқалған стақанды төңкеріп, тұрғының сақинасына орналастырып, әк суының лайланғанын бақылаңдар.
CxHy+(2x+y/2)CuO (2x+y/2)Cu+xCO2 + H2O
Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Этилен алу жіне онымен тәжірибе жасау»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларды этиленнің зертханалық алыну әдісімен және органикалық заттармен таныстыру. Этиленнің физикалық, химиялық қасиеттеріндегі еркешеліктерге байланысты жұмыс жасаған кезде сақтық ережелерін пайдалана білу икемділіктерін бекіту. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттыру.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалатын сынауық, кішірек екі сынауық, кәрлен ыдыстың ұсақ сынықтары, этил спирті, концентрлі күкірт қышқылы, бром (йод) суы (50 мл суға 2-3 тамшы су) және калий перманганатының күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісі, сіріңке. Газ алуға қажетті құралдарды түгендеп алып, герметикалығын тексеріңдер.
Мұғалім практикалық жұмысты қорытындылағанда оқушылардың төмендегідей икемділіктердің қалыптасқандығын ескеруі қажет.
Құралды құрастырып, нағыз жабылғандығын тексере білу.
Этиленді физикалық, химиялық қасиеттері арқылы ажырату.
Тәжірибені орындауда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Жүргізілген тәжірибенің реакция теңдеуін жасап, қорытынды жасау.
Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу тапсырмалары
Жұмыстың орындалуы. Этил спиртін дегидраттау арқылы этилен алу.
Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1,0-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын (немесе екеуінің дайын қоспасынан 3-4 мл! Абайлап құйып алыңдар. Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнауы үшін, қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбеу етіп (2-суретте көрсетілгендей) тұрғыға бекітеді. Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.
Этиленнің бромды (йодты) сумен әрекеттесуі. Газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл-дей бром (йод) суы құйылған сынауыққа салып, ерітінді түссізденгенше газ өткізіңдер.
Этиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі. Қоспа құйылған сынауықты қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі құйылған сынауыққа батырып, ерітінді түссізденгенше этилен жіберіңдер.
Этиленнің жануы. Қоспаны қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын жоғары қаратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар. Қыздыруды тоқтатып, қоспа салқындағаннан кейін жұмыс орнын жинап, тәртіпке келтіру керек.
Сұрақтарға жауап беріңдер;
а ) Этид спирті мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда қандай газ бөлінеді?
ә ) Газды бромды (йодты) су және калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізгенде не байқайсыңдар?
б ) Этилен неліктен метанға қарағанда жарқыраған жалынмен жанады?
в ) Этилен қасиеттерінің қаныққан көмірсутектерінен өзгешелігі неде?
Сәйкес реакциялардың теңдеуін жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.
7-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Спирттердің қасиеттері»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зертханада спирттердің химиялық қасиеттерімен іс жүзінде таныстыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, сынауық, су сеңгелі, бөлгіш шұқырақ, этил спирті, калий бромиді, күкірт қышқылы.
Мұғалім практикалық жұмыстың негізгі мақсатын түсіндіріп, оқушылардың білімін, практикалық жұмысты өткізуге дайындықтарын төмендегідей сұрақтар беру арқылы тексереді:
Бір атомды қаныққан спирттер дегеніміз не?
Өздеріңе танысспирттерге тән химиялық қасиеттерді түсіндіріңдер.
Спирттен бромэтан алу үшін құралды қалай құрастырасыңдар?
Мұғалім оқушыларға төмендегі мәселелерді түсініп орындауына көмектесуі қажет:
Этил спиртіне күкірт қышқылын құйғанда сақ болуы.
Жасап отырған жұмыстың мәнін түсінуі.
Сабақ соңында оқушылар спирттерде химиялық реакцияға тек гидроксил тобындағы сутек тобында ғана емес, сонымен қатар көміртегімен байланысқан сутек атомдары да кірісе алатындығы, катализатор ретінде концентрациялы күкірт қышқылын қосып қыздырса, спирт оңай дегидраттанатыны туралы қорытындыға келуі тиіс.
Мұғалім практикалық сабақ барысында оқушылардың мынадай икемділіктерін қалыптастыруға көңіл бөлгені жөн: этил спирті, күкірт қышқылы ; бөлгіш шұқырықты дұрыс қолдана білу.
Спирттердің қасиеттері жұмысының тапсырмалары
Этанолдың мыс (II) оксидімен әрекеттесуі.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: этил спирті, ұшы зімпара қағазымен тазартылған мыс сымы, қысқыш.
Жұмыстың орындалуы.
Мыс сымын қысқышпен ұстап тұрып, оның тазартылған ұшын спирт шамының жалынында қара түске ауысқанша – мыс (II) оксиді түзіледі, қыздырыңдар да, 2 мл этил спирті құйылған сынауыққа салыңдар. Мұнда мыс (II) оксидінің әсерінен этил спирті сірке альдегидіне дейін тотығады, оны алынған қосылысқа тән иісінен білуге болады. Мыс (II) оксиді металдан мысқа дейін тотықсызданады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Глицериннің мыс (II) гидроксидімен реакциясы.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: глицерин, су, мыс (II) сульфатының 2%-тік ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10%-тік ерітіндісі, сынауықтар.
Жұмыстың орындалуы.
Сынауыққа 3-4 мл мыс (II) сульфатының ерітіндісін құйып, тұнба түзілгенше натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тәжірибе жақсы шығу үшін сілтінің артық мөлшерін алған жөн. Алынған қоспаны екі сынауыққа бөліп, біреуіне бірнеше тамшы глицерин құйып, екінші сынауықпен салыстырыңдар. Глицерині бар сынауықтағы тұнба ериді де, көгілдір түсті ерітінді түзіледі.
Байқалған құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
Спирттерді тотықтыру ақылы альдегидтер алу.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: метил спирті, калий перманганатының ерітіндісі, сынауықтар.
Жұмыстың орындалуы.
Сынауыққа 1 мл калий перманганатының ерітіндісімен метил спиртін құйып, қоспаны жаймен қыздырыңдар. Формальдегид түзіле бастағанда ерітіндінің күлгін түсі жойыла бастайды. Реакция теңдеуін жазыңдар.
8-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Карбон қышқылдарын алу және қасиеттері»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларға карбон қышқылының алыну жолын, олардың қасиеттері мен құрамын іс жүзінде таныстыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, газ жүретін түтігі бар тығын, штатив, спиртшам, сынауық ұстағыш, натрий ацетаты, күкірт қышқылы, лакмус, сілті ерітінділері, магний ұнтағы, күміс (I) оксидінің аммиакты ерітіндісі, тұз қышқылы мен кальций хлоридінің ерітіндісі.
Мұғалім сабақты практикалық жұмыстың мақсатын түсіндірумен бастайды. Тәжірибелердің жұмыс барысы оқулықта түсінікті, жақсы берілген. Сабақты жүйелі түрде өткізу үшін мұғалім оқушыларға қосымша нұсқаулар береді.
Оқушыларға сірке қышқылын алу құралын құрастыру кезінде, натрий ацетаты мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда сақ болуды ескерту қажет. Теория жүзінде қарастырған реакциялардың тәжірибелерін орындағанда нәтижесіне ұқыптылықпен назар аударған жөн.
Мұғалім практикалық жұмыстың қорытындысын жасап, оқушыларға баға қойғанда төмендегі икемділіктердің қалай орындалғанын ескеру керек:
Құралды дұрыс құрастыру;
Сақтық ережелерін ескере отырып, сірке қышқылының иісін ажырата білу;
Сірке қышқылының сілті ерітіндісімен нейтралдау реакциясын жазу;
Лакмустың түсін бақылау;
Сірке қышқылының тұзбен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазу;
Құмырсқа қышқылының күміс оксидіне (аммиактағы ерітіндісіне) әсерін тексеру;
Кір сабынның судағы ерітіндісін дайындау;
Қанықпаған қышқылдарға тән қасиеттерді ескере отырып, олеин қышқылының құрамын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |