7-параграф. Қауіпсіздік аспаптары
385. Әрбір қазандық белгілі бір пайдалану режимінен ауытқушылық болған кезде қазандық пен оның элементтерін дер кезінде және сенімді түрде автоматты ажыратуды қамтамасыз ететін қауіпсіздік аспаптарымен жабдықталады.
386. Отынды камерадан жағатын бу қазандықтары отынды деңгейі төмендеген кезде жанарғыға беруді тоқтататын автоматты құрылғылармен жабдықталады, ал тікелей ағынды қазандықтар үшін қазандықтағы судың деңгейі шекті шамадан төмен болмайды.
387. Отынды қабат сайын жағатын қазандықтарда автоматты құрылғылар жоғарыда көрсетілген жағдайларда ауырлық күшінің үрлеу құрылғылары мен отын беретін тетіктерді ажыратады.
388. Көп еселік циркуляциясы мен отынды камералық жағатын су жылыту қазандықтары жанарғыға беруді автоматты тоқтататын аспаптармен, ал отынды қабат сайын жағатын қазандықтар гидравликалық соққы қаупі туындап, судың температурасы белгіленген шектен жоғары артқан кезде жүйеде су қысымы төмендеген жағдайда ауырлық күшінің үрлеу құрылғыларын ажырататын аспаптармен жабдықталады.
389. Отынды камералық жағатын су жылыту қазандықтары мынадай:
1) қазандық шығу жолындағы судың қысымы есептік немесе бұзатын қысымнан 5 % артқан;
2) қазандықтың шығу жолындағы судың қысымы қазандықтан шығу жолындағы судың температурасы жоғары болғанда тиісті қаныққан қысымның мәніне дейін төмендеген;
3) қазандық шығу жолындағы судың температурасы шығаратын коллектордағы жұмыс қысымындағы температурадан төмен тиісті қанығу температурасының мәніне 20ºС дейін артқан;
4) қазандық арқылы жүктеме мен шығатын коллектордағы жұмыс қысымы жоғары болғанда қайнау температурасынан төмен 20ºС қазандықтан шығу жолындағы судың температурасының мәніне дейін төмендеген жағдайда қазандық оттығына отын беруді тоқтататын, ал отынды қабат сайын жағу кезінде-ауырлық күшінің үрлеу құрылғыларымен және отын беру тетіктерімен ажырататын автоматты аспаптармен жабдықталады.
Бұл есепті анықтау төмендегі формула бойынша жүргізіледі:
G min , кг/сағ,
мұндағы: G min-қазандық арқылы судың ең төменгі шекті шығыны, кг/сағ;
Qmax-қазандықтың ең жоғарғы жылу өнімділігі, МВт (ккал/сағ);
ts -қазандықтан шығу жолындағы жұмыс қысымындағы судың қайнау температурасы, °С;
tвх –қазандыққа өту жолындағы судың температурасы, °С.
С-меншікті жылу сыйымдылығы , КДж/кг °С (ккал/кг °С).
390. Қазандықтарда автоматты жұмыс істейтін су деңгейінің жоғарғы және төменгі күйінің дыбыстық және жарық дабылы орнатылады.
391. Бу және су жылыту қазандықтары отынды камералық жағу кезінде мынадай:
1) оттықта жалын сөнген;
2) барлық түтін сорғыштар сөнген немесе ауырлық күші тоқтаған;
3) барлық үрлеу желдеткіштері ажыратылған жағдайда оттыққа отын беруді тоқтату үшін автоматты құрылғылармен жабдықталады.
392. Жеке желдеткіштермен жабдықталған жанарғылары бар қазандықтарда желдеткіш тоқтаған кезде жанарғыға отын беруді тоқтататын қорғағыш қарастырылады.
393. Қазандықтарды қосымша қауіпсіздік құралдарымен жарақтау қажеттілігін қазандық жобасын әзірлеуші анықтайды.
394. Сұйық немесе газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін бойлер қазандығы бойлерде су айналымы тоқтаған кезде оттыққа отын беруді тоқтататын автоматты құрылғылармен жабдықталады.
395. Қауіпсіздік аспаптары оларға қызмет көрсетумен және жөндеу байланысы жоқ тұлғалардың әсер етуінен (ажыратуынан, реттегішті өзгертуінен және басқалар) қорғалады және олардың жұмыс істеуге жарамдылығын тексеруге арналған құралдармен жарақталады.
396. Бу қазандықтары түрі мен бу өнімділігіне қарамастан, қоректі автоматты реттегіштермен жарақталады; бұл талап сыртқа бу алу 2 т/сағ аспайтын бойлер қазандықтарға қолданылмайды.
397. Негізгі немесе аралық бу қыздырғыштан шығу жолындағы температурасы 400ºС астам бу қазандықтары бу температурасын реттеу үшін автоматты құрылғылармен жарақталады.
8-параграф. Қоректендіру құрылғылары
398. Қазандықтарды қоректендіру қорек құбырымен немесе жеке қосылған қазандықтар үшін топтық болып тек бір қазандық үшін қарастырылады. Қоректендіру бойынша қазандықтарды әр қазандықтағы жұмыс қысымы 15 % аспаған жағдай бір топқа қосуға болады.
399. Жалпы магистралға қосылатын қорек сорғыларының сипаттамалары сорғылардың параллель жұмыс істеуін қарастыруы қажет.
400. Қазандықтарды сумен қоректендіру үшін:
1) электрлік жетегі бар орталықтан тебу және поршенді сорғыларды;
2) бу жетегі бар орталықтан тебу және поршенді сорғыларды;
3) бу инжекторларын;
4) қол жетегі бар сорғыларды;
5) су өткізу желісін қолдануға болады.
401. Су өткізгішті тек қазандықты қоректендіретін реттегіш органның алдындағы су өткізгіштегі судың ең төменгі қысымы қазандықтағы есептік немесе рұқсат етілген қысымнан кемінде 0,15 МПа (15 кгс/см2) артық болған жағдайда қазандықтарды резервтік қоректендіру көзі ретінде пайдалануға болады.
402. Бу ағынды инжектор бу жетегі бар сорғыға теңестіріледі.
403. Әрбір қорек сорғысының корпусында немесе инжекторда мынадай деректер жазылған көрсеткіш бекітіледі:
1) дайындаушыны атауы мен оның тауарлық белгісі;
2) зауыттық нөмірі;
3) судың нақты температурасында нақтылы беру;
4) орталықтан тебу сорғылары үшін минутына айналу саны және поршенді сорғылар үшін минутына жүру саны;
5) сорғы алдындағы нақтылы температура;
6) нақтылы беру кезіндегі ең жоғарғы арын.
404. Сорғының әрбір күрделі жөндеуінен кейін беру мен арынды анықтау үшін ол сынақтан өтеді. Сынақ нәтижесі актімен ресімделеді.
405. Сорғымен қамтамасыз етілетін арын гидро статистикалық биіктік пен құрылғыны реттейтін қазандық жолындағы және қорек суының жолындағы қысымның жұмсалуын ескере отырып, қазандықтағы жұмыс қысымында қазандықты сумен қоректендіруді қамтамасыз етеді.
406. Сорғы сипаттамасы оларды толықтай ашқан кездегі қысымның едәуір көбірек артуын ескере отырып, сақтандыру клапандары жұмыс істеген кезде қазандық қорегінде үзілістердің болмауын қамтамасыз етеді.
407. Қазандықтарды тобымен қоректендіру кезінде сорғы арыны жоғары көрсетілген талаптарды ескере отырып, едәуір көбірек жұмыс қысымымен немесе қорек құбырындағы арынды мейлінше көбірек жұмсап, қазандықты қоректендіруді қамтамасыз ету негізінде алынады.
408. Қорек құрылғыларын беру үздіксіз немесе мерзімді үрлеуге, бу салқындатқышқа, редуциялы-салқындату және салқындату құрылғыларына және суды немесе буды ықтимал шығындауға жұмсалатын су шығынын ескере отырып, нақтылы бу өнімділігі бойынша анықталады.
409. Сорғы құрылғыларын іске қосу түрін, сипатын, саны мен сызбасын авариялық тоқтатуды қоса алғанда, барлық режимде қазандықты сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қазандықтарды жобалау жөніндегі мамандандырылған ұйым таңдайды.
410. Сақтандыру клапаны жоқ және пайда болатын арыны құбырдың есептік қысымынан артық болатын қорек құбырында тиек органы мен поршенді сорғы арасында сақтандыру клапаны орнатылады.
6-тарау. Қазандықтарға арналған орынжайлар
1-параграф. Жалпы ережелер
411. Тұрақты қазандықтар ҚНжЕ ҚР4.02-08-2003 «Қазандық қондырғылары», ҚНжЕ П-58-75 «Жылу электр станциялары» және осы талапқа сәйкес келетін ғимараттарда және орынжайларда орналастырылады. Егер қазандық тиісті климаттық жағдайларда жұмыс істеу үшін жобаланған болса, қазандықтарды орынжайдан тыс орнатуға болады.
412. Орынжайлар мен шатыр жабындарын қазандықтардың үстінен орнатуға болмайды. Осы талап осы Талаптың 463-тармағына сәйкес өндірістік орынжайларда орнатылған қазандықтарға қолданылады.
413. Өндірістік орынжайлардың ішінде мыналарды:
1) бу өнімділігі әр қайсысы үшін 4 т/сағ аспайтын тікелей қазандықтарды;
2) (t-100) V ≤ 100 (әр қазандық үшін) жағдайды қанағаттандыратын қазандықтарды; мұндағы t-жұмыс қысымында қаныққан будың температуасы, °С; V-қазандықтың су көлемі, м3;
3) барабандары жоқ, әрқайсысының жылу өнімділігі 10,5 ГДж/ч (2,5 Гкал/ч) су жылыту қазандықтарын;
4) шектеусіз-пайдаға асыру қазандықтарын орнатуға болады.
414. Қазандықтарды өндірістік орынжайлардың ішінде орнату орындары орынжайдың қалған бөлігінен қазандықтың тұтас ұзындығы бойымен, бірақ 2 м төмен емес есіктері бар жанбайтын қалқалармен бөлінеді. Шығу жолдарын орнату орындары мен есіктерді ашу бағытын жергілікті жағдайлардың негізінде жобалау ұйымы анықтайды.
415. Пайдаға асыру қазандықтары өндірістік орынжайдың қалған бөлігінен технологиялық үдерістермен байланысты пештермен және агрегаттармен бірге бөлінеді.
416. Қазандық ғимаратында қазандық персоналына арналмаған тұрмыстық және қызметтік орынжайларды, қазандық жабдықтарын жөндеуге арналмаған шеберханаларды орналастыруға болмайды.
417. Қазандық орынжайының төменгі қабаты еденінің деңгейі қазандық ғимаратына жанасатын жердің жоспарлы бөлігінен төмен болмайды.
418. Қазандықтарда оймаларды орнатуға болмайды. Технологиялық қажеттілікпен негізделген жекеленген жағдайларда жобалау ұйымының шешімі бойынша бытыра тазалау жабдығын, жылу жолының кіру және шығу тораптарын және басқа да жабдықты орналастыру үшін оймаларды орнатуға болады.
419. Қазандық орынжайынан шығатын есіктер сыртқа қарай ашылатындай етіп орнатылады. Қызметтік, тұрмыстық, қосалқы өндірістік орынжайдан қазандық бөлмесіне баратын есіктер серіппемен жабдықталады және қазандық жағына қарай ашылады.
420. Жылжымалы тасымалдау қондырғысы мен энерго пойыздарға қазандықтарды орналастыру құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
2-параграф. Жарық беру
421. Қазандық орынжайы жеткілікті табиғи жарықпен, ал түнгі уақытта электрлік жарық берумен қамтамасыз етіледі. Техникалық себептерге байланысты табиғи жарықпен қамтамасыз етілмейтін орындар электрлік жарықпен қамтамасыз етіледі. Жарық беру ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарық беру» талаптарына сәйкес болады.
422. Қазандықтарда жұмыс жарығынан басқа авариялық электрлік жарық беру қарастырылады. Мынадай орындар авариялық жабдықпен міндетті жабдықтауға жатады:
1) қазандықтардың фронты, қазандықтар арасындағы өту жолдары, қазандықтардың артындағы және үстіндегі жолдар;
2) басқару қалқандары мен пульттері;
3) су көрсету және өлшеу аспаптары;
4) күл орынжайы;
5) желдету алаңдары;
6) түтін сору алаңдары;
7) бактар мен деаэраторларға арналған орынжайлар;
8) су дайындау жабдығы;
9) қазандықтардың алаңдары мен сатылары;
10) сорғы орынжайлары.
3-параграф. Қазандықтар мен қосалқы жабдықты орналастыру
423. Қазандықтардың фронтынан немесе оттықтың шығыңқы бөліктерінен бастап қазандықтың қарама-қарсы қабырғасына дейінгі қашықтық кемінде 3 м қарастырылады, бұл ретте газ тәріздес немесе сұйық отынмен жұмыс істейтін қазандықтар үшін жанарғы құрылғысының шығыңқы бөлігінен бастап қазандық орынжайының қабырғасына дейінгі қашықтық кемінде 1 м құрайды, ал механикаландырылған оттықпен жабдықталған қазандықтар үшін оттықтың шығыңқы бөлігінен бастап қашықтық кемінде 2 м құрайды.
424. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ аспайтын қазандықтар үшін қазандық фронтынан немесе оттықтың шығыңқы бөлігінен бастап қазандықтың қабырғасына дейінгі қашықтықты мынадай жағдайда 2 м дейін қысқаруға болады:
1) егер қатты отынды қолмен толтыратын оттыққа фронттан қызмет көрсетілсе және ұзындығы 1 м аспаса;
2) оттыққа фронттан қызмет көрсету қажеттілігі болмаса;
3) егер қазандықтар газ тәріздес және сұйық отынмен жұмыс істесе (жанарғы құрылғысынан бастап қазандық қабырғасына дейін кемінде 1 м қашықтықты сақтаған кезде).
425. Қазандық фронты мен бір-біріне қарама-қарсы орналасқан оттықтың шығыңқы бөліктері арасындағы қашықтық:
1) механикалық оттықпен жабдықталған қазандықтар үшін кемінде 4 м;
2) газ тәріздес немесе сұйық отынмен жұмыс істейтін қазандықтар үшін кемінде 4 м, бұл ретте жанарғы құрылғысы арасындағы қашықтық кемінде 2 м құрайды;
3) қатты отынды қолмен толтыратын қазандықтар үшін кемінде 5 м.
426. Қазандық фронттарының алдынан қосалқы қазандық жабдығын және қазандыққа қызмет көрсетуге кедергі келтірмейтін басқару қалқандарын орнатуға болады, бұл ретте фронттың бойымен еркін түрде өту жолының ені кемінде 1,5 м орнатылады.
427. Оттыққа немесе қазандыққа бүйір жағынан қызмет көрсету қажет болатын қазандықтарды орнату кезінде (көсеу, үрлеу, газ жүру жолын, барабандарды және коллекторларды тазалау, экономайзер мен бу жылытқыш пакеттерін алу, құбырларды алу, жанарғы құрылғыларына, қада белгілерге, оттық элементтеріне қызмет көрсету, мерзімді үрлеп қызмет көрсету) бүйірлік өту жолының енін бу өнімділігі 4 т/сағ дейінгі қазандықтар үшін 1,5 м кем емес, бу өнімділігі 4 т/сағ және одан астам қазандықтар үшін 2 м кем емес орнатылады.
428. Оттық пен қазандыққа бүйір жағынан қызмет көрсету қажет болмаған жағдайда шекті қазандықтар мен қазандық қабырғалары арасында өту жолын орнату міндетті. Бұл өту жолдарының, сондай-ақ қазандықтар мен қазандық орынжайының артқы қабырғасының арасындағы өту жолының ені кемінде 1 м етіп белгіленеді.
429. Қазандықтың жекелеген шығыңқы бөліктері (каркастар, құбырлар, сепараторлар және басқалары) арасындағы, осы бөліктер мен ғимараттың шығыңқы бөліктері (кронштейндер, бағаналар, сатылар, жұмыс алаңдары және басқалары) арасындағы өту жолының ені 0,7 м кем емес қабылданады.
430. Қазандық орынжайындағы өту жолдарында кемінде 2 м еркін биіктігі болады.
Барабан, бу құрғатқыш немесе экономайзер арқылы өткізу қажеттілігі болмаған жағдайда одан бастап қазандықтың төменгі құрылымдық жабын бөлігіне дейінгі қашықтық кемінде 0,7 м болады.
431. Бір орынжайда қазандықпен және экономайзермен бірге қазандықтарға қызмет көрсетуге және жөндеуге немесе бу және (немесе) ыстық су ал технологиясына тікелей қатысы жоқ жабдықтармен орнатуға болмайды.
432. Электр станцияларының қазандықтары мен құбыр агрегаттары жалпы орынжайда немесе аралас орынжайда қазандық пен машина залы арасындағы бөлу қабырғаларын салмай орнатылады.
433. Қазандықтар мен қосалқы жабдықты блок-контейнерлерге, тасымалданатын қазандық қондырғыларына және энерго пойызға орналастыру жобаға сәйкес жүзеге асырылады.
434. Камералық жағылатын қазандықтардың жалпы газ жүрісі жарылғыш сақтандыру клапанымен қамтамасыз етіледі.
4-параграф. Алаңдар мен сатылар
435. Қазандықтарға, бу жылытқыштарға және экономайзерлерге ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету үшін тұрақты алаңдар мен қанаттарының биіктігі кемінде 0,9 м, төменгі жағынан кемінде 100 мм тұтас қапталған сатылар қарастырылады.
436. Ауыспалы алаңдар мен сатыларда екі жағынан қанаттар, ал ұзындығы 5 м астам алаңдарда қарама-қайшы жақтарда орналасқан кемінде екі саты қарастырылады.
437. Алаңдар мен сатылардың баспалдақтары:
1) кесіп тартылатын қаңылтырдан;
2) рифленді қаңылтыр болаттан немесе балқымамен немесе басқа да тәсілмен алынған тегіс емес қабаттары бар қаңылтырдан;
3) ұяшықтардың саңылау ауданы 12 см2 аспайтын кәрез немесе жолақты болаттан (қабырғаға) жасалады.
438. Тегіс алаңдар мен саты баспалдақтарын қолдануға, оларды шыбықтардан (дөңгелек болаттан) жасауға болмайды.
439. Жартылай ашық және ашық түрдегі қазандық орынжайындағы алаңдар мен саты баспалдақтар кесіп тартылатын қаңылтырдан, кәрез немесе жолақты болаттан дайындалады.
440. Сатылардың өлшемдері: ені кемінде 600 мм, баспалдақтар арасындағы биіктігі 200 мм аспайды, баспалдақтар ені кемінде 80 мм. Биіктігі үлкен сатылар аралық алаңдармен орындалады. Алаңдар арасындағы қашықтық 4 м аспайды. Биіктігі 1,5 м астам сатыларда көкжиекке көлбеу бұрышы кемінде 50 градусты құрайды.
441. Алаңдардың еркін өту жолының ені кемінде 600 мм құрайды, ал арматураға, бақылау-өлшеу аспаптарына және басқа да жабдыққа қызмет көрсету үшін кемінде 800 мм болады. Қазандық орынжайындағы алаң едені мен саты баспалдақтары үстіндегі еркін биіктігі кемінде 2 м құрайды.
442. Су көрсеткіш аспаптарына қызмет көрсететін алаңдардан бастап су көрсететін қабырғалардың ортасына дейінгі тігінен қашықтығы кемінде 1 м болады және 1,5 м аспайды.
443. Қазандық орынжайының нөлдік белгісінен бастап қазандықтардың жоғарғы алаңына дейінгі қашықтық 20 м артық болғанда жылу электр станцияларын технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жүк, жолаушы лифтері орнатылады.
5-параграф. Отын беру және шлак-күл жою
444. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ және одан жоғары, қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтар үшін қазандық пен қазандық оттығына отын беру механикалық түрде орындалады, шлак пен күлді 150 кг/сағ және одан астам мөлшерде (қазандықтың өнімділігіне қарамастан) барлық қазандықтардан бірге шығаратын қазандық орындары үшін күл мен шлакты жою механикаландырылған түрде өтеді.
445. Күлді қолмен алу кезінде шлак және күл бункерлері күлге және шлакқа бункерлерде немесе вагоншаларда су құюға арналған құрылғылармен жарақталады. Соңғы жағдайда бункердің астынан вагоншаларды орнату үшін оларға күл мен шлакты түсіру алдында оқшауланған камералар қойылады. Камералар желдеткішпен, жарықпен және байқайтын орындары шыныланған тығыз жабылатын есіктермен жабдықталады.
446. Бункер ысырмасы мен шлак құйғышты басқару камерадан тыс қызмет көрсету үшін қауіпсіз орынға шығарылады.
447. Вагоншаның тұтас жылжу жолында еркін өту жолының биіктігі кемінде 2 м, ал бүйір саңылаулары кемінде 0,7 м құрайды.
448. Егер оттықтан күл мен шлак жұмыс алаңына тікелей алынатын болса, онда қазандық бөлмесінде қалдықтарды алу және құю орнынан жоғары сорғы желдеткіші орнатылады.
449. Ағаш отыны немесе шымтезек үшін қолмен толтырып шахталық жағу кезінде тиеу бункерлері қақпақпен және алмалы-салмалы түппен жабдықталады.
450. Сұйық отынды форсункадан кейін жағу кезінде отынның қазандық бөлмесінің еденіне түсуін болдырмау үшін құм салынған тұғырлар орнатылады.
7-тарау. Қазандықтардың су-химиялық режимі
1-параграф. Жалпы талаптар
451. Су-химиялық режим қазандық пен қорек жолын қаспақ пен қойыртпақтың жиналуы, қауіпті шекке дейін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуінің артуы салдарынан немесе металдың тотығуы нәтижесінде оларды элементтерін зақымдамай жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
452. Бу өнімділігі 0,7 т/сағ және одан астам табиғи және бірнеше еселі мәжбүрлі циркуляциясы бар барлық бу қазандықтары, бу өнімділігіне қарамастан тікелей ағынды барлық бу қазандықтары, барлық су жылыту қазандықтары суды қазандыққа дейін өңдеу үшін қондырғылармен жабдықталады. Осы талаптарды орындауға кепілдік беретін суды өңдеудің басқа да тиімді тәсілдерін қолдануға болады.
453. Қазандықтарды қоректендіру үшін суды өңдеу тәсілін таңдауды жобалау ұйымы жүргізеді.
454. Бу өнімділігі 0,7 т/сағ кем қазандықты тазалау үшін қазандықтың қыздыру қабатының жылу кернеулі учаскелерінде біршама қалыңдығы 0,5 мм аспайтын қаспақтар болғанда тоқтату қажет.
455. Суды қазандыққа дейін өңдеу құрылғыларымен жабдықталған қазандықты шикі су құюға болмайды. Қазандыққа шикі су құю жобада қарастырылатын авариялық жағдайларда жұмсартылған қоспа су немесе конденсат желісіне, сондай-ақ қорек багына қосылған шикі су желісінде екі тиек органы және олардың арасына бақылау краны орнатылады. Қалыпты пайдалану кезінде тиек органдары жабылады және пломба қойылады, ал бақылау краны ашық болады.
456. Қазандықтарды шикі сумен толтыратын әрбір жағдай сіңіру ұзақтығы мен сол мерзімдегі ауыз судың сапасын көрсете отырып, су дайындау журналында (су-химиялық режимі) жазылады.
457. Бу және су жылыту қазандықтары үшін осы Талаптағы дайындаушының құрылымдық құжаттамасын және өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаларды ескере отырып, су-химиялық режимін жүргізу және суды қазандыққа дейін өңдеу қондырғыларын пайдалану жөніндегі технологиялық регламент әзірленеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) негізгі тораптардың, негізгі және қосалқы жабдықтың, оның ішінде қазандықтың, турбиналардың, деаэрациялық қондырғылардың, жабдықты консервациялауға және химиялық тазартуға арналған қондырғылардың, қойма шаруашылығымен су дайындау қондырғыларының және басқаларының техникалық деректері мен қысқаша сипаттамасы;
2) қолмен және автоматты химиялық бақылау үшін судың, будың және конденсаттың сынамасын алу нүктесінің тізбесі мен сызбасы;
3) қоспалы, қорек және қазандық суының, буының және конденсатының сапа нормалары;
4) химиялық бақылау кестесі, көлемі мен әдістері;
5) басқару, өлшеу автоматикасы мен дабылы жүйесінің тізбесі мен қысқаша сипаты;
6) жабдықты іске қосуға дайындау және оны іске қосу жөніндегі операцияларды орындау тәртібі (жабдықтағы жұмыстың аяқталғанын тексеру, оны байқау, іске қосуға дайындығын тексеру, іске қосуға дайындау, жабдықты әр түрлі жылу күйінен іске қосу);
7) қалыпты жұмыс істеу кезінде жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі операцияларды орындау тәртібі;
8) деаэрация режимін, суды өзгертіп өңдеу режимін, қазандықты іске қосу, қалыпты пайдалану және тоқтату кезінде үздіксіз және мерзімді түрде үрлеу режимін бақылау бойынша операцияларды орындау тәртібін;
9) жабдықты тоқтатқан кезде операцияларды орындау тәртібі (резервке, жөндеу үшін, авариялық), тоқтату кезінде жүргізілетін іс-шараларды орындау тәртібі (жуу, консервациялау, тазарту қажеттілігін анықтау үшін жабдықтың жай-күйін бағалау, тотығып зақымдануға қарсы шаралар қабылдау, жөндеу және басқалары);
10) жабдықты іске қосу және ол жұмыс істеп тұрған кезде кейбір операцияларды орындау жүргізілмейтін жағдайлар;
11) ықтимал ақаулықтар мен оларды жою шараларының тізбесі;
12) негізгі және қосалқы жабдыққа қызмет көрсету және химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |