2-параграф. Қорек суының сапасына қойылатын талаптар
458. Бу өнімділігі 0,7 т/сағ және астам табиғи және қайта-қайта мәжбүрлі циркуляциясы бар қазандықтар үшін қорек суының сапасын көрсеткіштер төменде көрсетілген мәндер шегінде болады:
1) газ құбырлы қазандықтар үшін-8.1-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;
2) табиғи циркуляциясы бар және будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін (оның ішінде бойлер қазандықтары)-8.2-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;
3) табиғи циркуляциясы бар және будың жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін (оның ішінде бойлер қазандықтары)-8.2-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;
4) будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) дейінгі энерго технологиялық қазандықтар мен пайдаға асырушы қазандықтар үшін, 5 МПа (50 кгс/см2) дейінгі қолданыстағы қазандықтар үшін-8.4-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;
5) будың жұмыс қысымы 11 МПа (110 кгс/см2) дейінгі энерго технологиялық қазандықтар мен пайдаға асырушы қазандықтар үшін-8.5-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;
6) бу, газ қондырғыларының жоғарғы арынды бу генераторлары үшін- 8.6-кестеде, 7-тарау, 3-параграф.
459. Табиғи циркуляциясы бар және будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін және барлық энергетикалық қазандықтар үшін қорек суы сапасының көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бекіткен 17 шілде 2008 жылғы № 11-П қолданыстағы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесінің (БҚ 34 ҚР 20.501-02) талаптарын қанағаттандырады.
460. Су жылыту қазандықтары үшін сіңірілетін және желі суының сапасы 8.7*-кестеде, 7-тарау, 3-параграф көрсетілген талаптарды қанағаттандырады.
3-параграф. Қазандық суының сапасына қойылатын талаптар
461. Қазандық суы сапасының нормалары, оны өзгеріп өңдеу режимі, үздіксіз және мерзімді үрлеу режимдері қазандықты дайындаушының құрылымдық құжаттамасы, су-химиялық режимді жүргізу жөніндегі технологиялық регламент, жылу химиялық сынақ нәтижелері негізінде жүргізіледі.
462. Бұл ретте қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) дейін қоса алғанда бастырма қосқыштары бар бу қазандықтары үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі шамамен 20 % қабылданады; дәнекерленген барабандары бар және жаныштап үгіту әдісімен құбырларды бекітетін (немесе тығыздап дәнекерлеп жаныштайтын) қазандықтар үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі 50 % дейін қабылданады; дәнекерленген барабандары мен құбырлары бар қазандықтар үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі нормаланбайды.
463. 10 МПа (100 кгс/см2) дейін қоса алғанда қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) астам бу қазандықтары үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі 50 % аспайды, 14 МПа (140 кгс/см2) дейін қоса алғанда қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) астам қазандықтар үшін 30 % аспайды.
8.1-кесте
Бу газ құбырлы қазандықтарға арналған қорек суы сапасының нормалары
Көрсеткіш
|
Қазандықтар
|
сұйық отынмен жұмыс істейтін
|
басқа отын түрімен жұмыс істейтін
|
Шрифт бойынша мөлдірлігі,см, кем емес
|
40
|
20
|
Жалпы қаттылығы, мкг экв/кг
|
30
|
100
|
Ерітілген оттегінің құрамы (бу өнімділігі 2 т/сағ және одан астам қазандықтар үшін), мкг/кг
|
50
|
100
|
Осы талап жылу электр станцияларына және жылу беру-желдету кестесі бойынша жұмыс істейтін жылу беру қазандықтарына орнатылған су жылыту қазандықтарына қолданылмайды, олар үшін судың сапасы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2008 жылы 17 шілдеде №11-П бекіткен қолданыстағы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесінің (БҚ 34 ҚР 20.501-02) талаптарына сәйкес болуы қажет.
Экономайзерлері жоқ қазандықтар үшін және шойын экономайзерлері бар қазандықтар үшін ерітілген оттегі құрамы 100 мкг/кг дейін болады.
8.2-кесте
Будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) дейін су құбырлы қазандықтардың қорек суы сапасының нормалары
Көрсеткіш
|
Жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2)
|
0,9 (9)
|
1,4 (14)
|
2,4 (24)
|
4 (40)
|
Шрифт бойынша мөлдірлігі, кем емес, см
|
30
|
40
|
40
|
40
|
Жалпы қаттылығы, мкг·экв/кг
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |