ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ге қосқан үлесін көрсету мақсатында
қарастырды. Ал бертінде ғана шық-
қан «40-50 және 60 жылдардағы қазақ
әдебиеті» (1998) атты еңбектегі, сол
кездегі әдебиеттану мен сын тура-
лы тарауды жазған Д. Мыңбаев та
осы ізбен кеткен. Сол себептен де
болар, ұлттық әдебиеттану ғы лы-
мының осы жаңару дәуірі деп атап
отырған кезеңнен бастап жүргізген
ізденістері мен іркілістері жүйелі
сараланбай қалған. Бүгінгі таңда-
ғы көзқараста жаңаша пайымдау-
мен қоса, әдіснамалық мәселелеріне
бай ла ныстылықта қарау қажеттігі
айт паса да түсінікті. Біздің ойымыз-
ша, ұлттық әдебиеттану ғылымы
мен сынының сол кезеңде қол жет-
кізе алған табыстары мен әдеби
мұраның таптығы және халықтығы
көзқарасына сай қағидалар әсерінен
амалсыздықтан бұрмалай түсін дір-
ген тұсаулы қадамдарын басты-бас-
ты келелі мәселелердің төңірегіне
топтастыра жинақтай сөз еткен дұ-
рыс болмақ. Сонда біз осы пробле-
маларды шешу арқылы әдебиеттану
ғылымы өзінің қалыптасу жолын-
да қай салада қиындықсыз жетіліп,
қай арнада сүрінгенін, ол жолда
маркстік-лениндік әдіснаманың әсе-
рі қандай болғанын ғылыми тұр-
ғыда саралай аламыз. Қазірде ай-
тылып жүргендей, барлық кінәні
партиялық саясат пен идеологияға
жауып қаралай беретін болсақ, онда
керісінше айтылған «тұрпайы соци-
ологизм» теориясының ықпалында
кетеріміз анық. Сондықтан ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің өсу эволю-
циясын ғылыми әдіснаманы игеру
жолдарына қарай қарастырған жөн
болады деп ойлаймыз.
Қазақ әдебиеттануының съезден
кейін-ақ айрықша құлшыныспен
кіріскен саласы – әдебиет тари-
хын зерттеу мен дәуірлеу мәселесі.
Ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің
алғаш назар аударғаны 1920-1930
жылдардағы кеңес дәуіріндегі әде-
биет болды. Ол заңды да еді. Себебі,
жеке басқа табынудың зардабы-
на іліккен С. Сейфуллин, І. Жан-
сүгіров, Б. Майлин секілді қалам-
герлер шығармашылығы ақталып,
ғылыми тұрғыда зерттей бастауға
мүмкіндік туды. Бұған дейін осы
кезеңдегі әдебиеттің тарихи және
көркемдік даму жолы санаулы ақын-
жазушылармен сыдырта баянда-
лып, ал одан кейін Жамбыл бастаған
халық шығармашылығы өкілдері-
мен толықтырылып келгені жалған
емес. Хронологиялық тәртіппен қа-
ра ғанда, ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің 1920-1930 жылдар әдебие-
тіне жаңаша көзқараста қарай бас-
таған барлаулары 1956 жылғы осы
мәселені батыл көтерген бірнеше
ғылыми мақалалардан бастау ала-
ды. Бұл жолдағы бағыт-бағдарды
алғаш көрсеткен республикалық
партия жарияланым болып санала-
тын «Социалистік Қазақстандағы»
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
326
Достарыңызбен бөлісу: |