ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
рінің шығармашылығын зерттеу де
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір бұл
деңгейде табыла алмады. Кезең
ың ғайына орай, халық шығарма-
шы лығының өкілдеріне көбірек,
көңіл аударылғаны да рас. Оған
соғыс кезінде қайта жанданған ай-
тыс өнерінің әсері де тимей қалма-
ды. Алайда, халық ақыны Нұрпейіс,
Доскей, Шашубай т.б. туралы ма-
қалалар ғұмырнамалық деңгейдегі
ой-қорытындылардан алысқа бара
алмады. Ең көп жазылды деген
Жамбыл
туралы
мақалалардың
өзін де ғылыми тереңдік пен әдеби
тео риялық талдау жасау жағы же-
тіспей жатты. Жамбылдың өмірі
мен шығармашылығы, жырлаған та-
қырыптары, толғауларының Отан
қор ғаудағы мәні, айтыстағы шебер-
лігі т.б. совет заманындағы халық
ақыны екенін дәлелдеуге құрылған
жалпылама баяндаудан аса алма-
ды. Әйтсе де бүгінде жамбылтану
атанып жан-жақты дамып отырған
саланың алғашқы іргетасы осы
1940 жылдары салына бастағанын
атап айтар едік. Олай деуге толық
негіз бар. Мақалалармен салысты-
ра қарағанда, 1946 жылы жарық
көрген К. Зелинскийдің «Джам-
бул», М. И. Ритман-Фетисовтың
«Д. Джабаев: Жизнь и творчество»
аталатын
еңбектерінің
ғылыми
құндылығын жоққа шығаруға бол-
майды. Бүгінгі күннің талап-тілегі
бойынша қарасақ, «күн көсемдерді»,
партияны жырлауы жағына көбі-
рек көңіл аударылғанымен де, Жам-
былды халық поэзияның алыбы
екенін дәлелдеп шығу жолындағы
тұжырымды пікірлер көңіл аударуға
тұрарлық. Сол сияқты С. Бегалин,
А. Тәжібаев, М. Фетисов шығарған
«Джамбул» атты өмірбаяндық очерк
пен библиографиялық көрсет кіш те
(орыс тілінде) жамбылта ну да тың
ізденістер болып жатқа нын дә лел-
дейді. Әдебиеттану ғылымы ның
ғылыми биіктіктерге қол созған
ұм тылыстарын саралаған уақытта
қазақ библиографиясы мен тексто-
логиясы да өз саралары бойынша
батыл қадамдар жасап жатқанын
айта кету керек. Жоғарыдағы тарауда
айтқанымыздай, төңкеріске дейінгі
ізденістері 20-30-жылдары белгілі
бір дәрежеде жалғасын тауып жатты.
Наркомпростың қолдауымен қазақ
тілінде басылған кітаптардың тізімін
алу, анықтау, көрсеткіш етіп шығару
жұмыстары қолға алына бастады. Ол
1924 жылы Орынборда өткен қазақ
білімпаздарының тұңғыш съезінде
де көтеріліп, бұрынғы шыққан кі-
таптардың тізімін алып, қажетті деп
тапқан таңдаулыларын қайта бас-
тырып шығару керектігіне көңіл ау-
дарылды. Ол 1926, 1927 жылдары
шыққан «Қазақ тілінде басылған
кітаптардың көрсеткіші» және «1929
жылдың 1 тамызына дейін шыққан
кітаптардың тізімі» (1929) деген ат-
пен жарық көрген библиографиялық
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
289
Достарыңызбен бөлісу: |