ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
лыстыра қарап, түпнұсқасын табу
жолында кейбір жаңсақтықтар жі-
бермеу жағы қатты ескертіледі.
Абайдың 1933 жылғы толық жина-
ғы текстологиялық жағынан сапасы
тө мен болғандығын М. Әуезов өзі
ескерткен болатын. Енді М. Әуезов
айтқандай, «текстологиялық талдау-
лар үшін Абайдың творчестволық
методы мен индивидуалдық ақын-
дық ерекшелігі негіз болатыны»
басшылыққа алына бастады. Ол
Т. Әбдірахмановтың «Абай шы-
ғармаларының текстологиясы жай-
ында» атты мақаласында біршама
тарамдатыла баяндалды да, ақын
өлеңдерінің бастапқы түпнұсқасын
қалпына келтіру ғылыми тұрғыда
қарастырыла басталды.
Абайға арналған осы екі көрсет-
кіш қазақ библиографиясының ал-
ғашқы іс-тәжірбиесі болғандықтан
және абайтанудың барлық мәсе ле-
лерін «ұлтшылдар» мен «халық жау-
ларына» байланысты көз қа растың
кесірінен қамти алмаған дықтан, то-
лық мәнді еңбек бола алмағаны айт-
паса да түсінікті. Алайда, олар же ке
ақын-жазушы
шығармашы лы ғын
биб лиографиялық тұрғыда жүйе леу-
ге бастама салды. Н. Сәби тов бұл
саладағы ізденістерін жалғастыра
оты рып, Ғылыми академиясы ның
«Ха баршысында» (1950, № 2) Ш. Уәли -
ханов, Ы. Алтынсарин туралы жа-
рияланған материалдардың библиог-
рафиялық көрсеткішін орыс тілінде
жариялады. Бұл секілді сәтті қа-
дамдар қазақ библиографиясының
өзге түрлерінің де туа бастауы-
на әсерін тигізбей қалмады. Енді
ретроспективті сипаты анық, ғылыми-
зерттеу жұмыстарына бағытталған
жалпы библиографиялық көрсет-
кіштер жазыла бастады. Ол алғаш-
қыда «Әдебиет және искусство»
журналындағы Ә. Тоқмағамбетов-
тің «Революцияға дейінгі басылған
қазақ көркем әдебиетінің библиогра-
фиясы» (1940, №7-8) атты еңбегін-
де біршама қарастырса, Н. Сәбитов
«Қазақ әдебиетінің библиография лық
көрсеткіші» атты кітабында 1862-
1917 жылдар аралығындағы әдеби,
ғылыми материалдарды бір жүйеге
келтірді. «Бұл библиографиялардың
олқы жері: оларға әр түрлі се-
бептермен байланысты көптеген
маңызды материалдардың енбей
қалуында. Толық болмаса да, тұң-
ғыш тәжірибелер ретінде қазақ
әде биет библиографиясының та-
рихында Н. Сәбитов құрастырған
биб лиог ра фиялық көрсеткіштерінің
өзіндік орны бары даусыз» [25, 18].
Бұлардың қатарына 1948 жылғы
«Қазақ әдебиеті тарихының» 1 то-
мындағы көрсеткіш пен Ғылым
академиясы басылымдарының би-
блиографиясын (1952) қоссақ, ағым-
дағы және бұрынғы баспасөз бен
басылымдардағы әдебиетке қатыс-
ты материалдарды бір жүйеге келті-
ру, пайдалану жұмыстары үздіксіз
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
291
Достарыңызбен бөлісу: |