ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сөз еткен ғылыми мақалалар тура-
лы ойымызды қорыта айтсақ, олар-
дан қазақ әдебиеттану ғылымы ның
туу кезеңіндегі әдеби-теориялық,
әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің ізденістер
жолында іркілістерге ұшырай оты-
рып өсу, ғылыми сипатқа көшу эво-
люциясын анық байқаймыз. Қазақ
әдебиетінің революцияға дейінгі та-
рихындағы көрнекті өкілдердің шы-
ғармашылығын бағалауда нигилис-
тік көзқараспен, «тұрпайы социоло-
гизм» теориясымен күресе отырып,
таза ғылыми-зерттеушілік мәндегі
ой-тұжырымдар мен пікірлер нақты
айтыла бастады. Сонымен қатар, қа-
зақ әдебиетінің ғылымдық тарихын
жасау мәселесі де көтерілді. Ол, яғни
қазақ әдебиетінің тарихи курсын жа-
сау мен дәуірге бөлу проблемасының
ғылыми жүйеленуі, оқу құралдары
мен әдебиет хрестоматияларда жү-
зеге асты. «Қазақ халқымен талай
ғасырдан бері бірге жасап, рухани
байлығы болған ауыз әдебиетінің
озық үлгілері мен жеке дарындар-
дың, әсіресе, Абай сияқты даныш-
пан ақынның шығармашылығын
иге ру барысында қазақ әдебиетінің
сы ны өсу дәуірінде екені танылып
қана қоймай, қазақ әдебиеттану ғы-
лымының туып, қалыптасып келе
жатқаны аян болды» [31]. Яғни,
Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдар-
да қазақ әдебиеттану ғылымының
әдебиет тарихын зерттеу арқылы
өзінің туу кезеңін бастан өткізіп,
қалыптасу кезеңіне бет бұрудағы
ізденістерінде ғылыми-зерттеушілік
сипаттағы мақалалардың қосқан үле-
сі айтарлықтай мол болды.
Тапсырмалар мен сұрақтар
1. Фольклортанудағы 1920-1930 жылдардағы іргелі еңбектер.
2. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі мен классификациялану тарихы.
3. М. Әуезов – фольклортанушы және әдебиет тарихын зерттеуші.
4. Х. Досмұхамедовтің фольклортануға қосқан үлесі қандай?
5. Әдеби мұраны зерттеудегі 1920 жылдардағы алғашқы қадамдар.
6. «Пролеткульшылдық» көзқарастың пайда болу себебі неде?
7. «Тұрпайы социологизм» теориясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына
әсері қандай болды?
8. «Бірыңғай ағым теориясының» принциптері қандай?
9. 1920 жылдардағы ғылыми зерттеудегі теориялар және ұлт әдебиеті тари-
хының мәселелері.
10. Қате теориялардың ұлттық сынға әсері мен ықпалы.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
173
Достарыңызбен бөлісу: |