Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет50/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
152
Үстіндегі жамау киімді көріп, қорашсынып 
«ауыстырсаңшы» 
дегендерге, 
бұл 
әдетін 
өзгертпейтінін айтатын
260

Осы себепті өзіне бір сыйлық келсе, алла 
елшісінің жұпыны өмірін еске алып, көңілі босап ол 
сыйлықтарды мұқтаждарға таратып беретін. Хали-
фат жылдары хазірет мұғауия оған киім, күміс және 
біраз заттар жіберді. Оларды көргенде тағы да көзіне 
жас алып:
– Бұлар алла елшісіне бұйырмаған нәрселер ғой 
– деп, бәрін мұқтаждарға үлестірді. Кешкісін қолында 
халифа жіберген нәрседен ештеңе қалмады
261
.
Бір күні біреу себет толы жүзім жіберіпті. Хазірет 
айша күңін шақырып, дереу оны тарата бастады. 
Кешкісін күңнің қолында қалып қойған бір шолақ 
жүзімді көргенде, реніш білдірді.
«Кешке беремін ғой», деп күң иесінен хабарсыз 
бір шетке алып қойған екен.
Өзінен хабарсыз үнем жасаған күңге қабақ шытып 
анамызға ол:
– ант етемін, бұған қолымды тигізбеймін, бір 
талын алып жемеймін
262
, – дейді. 
негізінде айша анамыздың бұл әрекеті өмірінің 
соңғы кездерінде ғана кездеспеген. алла елшісімен 
260
Табарани, әл-мұғжамул әбсәт 7\113 (7010); Тахмаз, әс-сәйидәту 
айша 167-168 
261
Әбу нуайм, Хилиятул әулия 2\48. Осындай жағдайдың әртүрлі 
кезеңдерде қайталанғаны және олардың ешқайсысында анамыздың 
әрекетінде өзгеріс болмағаны байқалады. Өзіне келген мың 
дирхамның біреуін де қалдырмастан кешке дейін таратып жіберген. 
Қараңыз: Әбу нуайм, Хилиятул әулия 2\47
262
Әбу нуайм, Хилиятул әулия 2\48


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
153
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге өткізген 
күндерінде де осы ұстанымды серік еткен. сол кезде 
де келген сыйлықты мұқтаждарға тарататын. Өйткені, 
қолындағы аз нәрсені қиса, сансыз қазынаның иесі 
ұлы Жаратушы одан да мол жақсылық беретінін 
білетін. сондықтан да қолындағы азды беріп, арты-
нан молынан келген нәрсеге куә болатын. алайда, 
оларды да өзі жұмсамай, мұқтаждарға беруді мақсат 
ететін. Ол үшін мұқтаждарды қуантудан асқан бақыт 
жоқ еді. 
Қолында жоқ кезде де сатуға тұратын нәрселерін 
сатып, ақшасын садақаға тарататын. Тіпті, бұны 
жақтырмағанын білдірген жиені абдулла ибн 
Зубәйрдің:
– айтқаным айтқан, не айша анамыз бұл 
жағдайдан бас тартады, не мен бұған ендігәрі жол 
бермеймін, – дегенін естиді. Хабар айтқан кісіден:
– мұны шынымен сол айтты ма? – деп сұрайды 
да, артынан:
– Ибн Зубәйрмен енді сөйлеспеспін, – деп, 
онымен енді сөйлеспеуге серт береді. Өйткені, жиені 
өмірде жақсылық жасау мен көмек берудің мәнін 
түсінбеуде еді.
расында да жиенімен сөйлеспей қойды. 
анамыздың бұл әрекеті абдулла ибн Зубәйрдің 
жүрегін жаралап, оған бір шара іздеді. Қанша рет 
есігіне барса да:
– Жоқ, уаллаһи мен кері шегінбеймін, сертімде 
тұрамын, – дегенін естіді. Уақыт ұзаған сайын ар-
ожданы мазалаған хазірет абдулла (р.а.) араға адам 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
154
салуды ойлады. сол үшін мисуар ибн махрама мен 
абдуррахман ибн абдуласуадтың есігін қақты. 
ренжіскен екі мүминнің арасын жарастырудың 
сауабы мол екені белгілі. Дегенмен, жағдай оңай 
болып тұрған жоқ. сондықтан екеуара жоспар құрып, 
іле анамыздың үйіне барды. Әуелі:
– алланың сәлемі мен берекеті жаусын! Кіруге 
бола ма? – деп рұқсат сұрады. Қастарында абдулла 
ибн Зубәйр де бар еді. Бірақ, оның бар екенін жасыр-
ды. Іштен:
– Келіңдер! – деген дауыс естілгенде қуанып:
– Бәріміз бе? – деп сұрады. 
– Иә, бәрің кіріңдер!
Жоспары іске асқандай, абдулла ибн Зубәйр де 
ішке кірді. Кіре сала анамыздың аяғына жығылып 
кешірім сұрады. мисуар ибн махрама мен абдуррах-
ман ибн абдуләсуад та оны қолдап, анамыздың аб-
дулланы кешіруін өтінді. алайда, барлық әрекеттерге 
қарамастан ол райынан қайтпай, жылап тұрған 
абдуллаһты кешірдім демеді. Елшілер:
– 
«Бір мұсылманның мұсылман бауырымен үш 
күннен артық араздасып жүруі халал емес»
деген 
хадисті есіне түсіргенде, анамыз: 
– сертке жай қарамау керек, – деді.
Бұл жауап оның жұмсарғанының белгісі еді. 
Өйткені, абдуллаһ пен хадиске қарсы тұра алмас еді. 
соңында хадиске бола абдулла ибн Зубәйрді кешірді. 
Онымен сөйлесті, бірақ берген серті үшін қырық 
құлды азат етті. сол уақыттарда сертті бұзғаны үшін 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
155
қиналып жылағанын еске алғандар, орамалының 
жасқа малшынғанын айтқан
263

Бірде қасына екі қызын ерткен бір әйел келді. 
Тақыр кедей екендіктері көрініп тұрды. Өз үйінде 
де онша ештеңе жоқ еді, тапқан үш құрмасын әкеп 
ұстатты. Әлгі әйел екі құрманы қыздарына беріп 
еді, қатты ашыққан олар құрмасын тез жеп тауысып, 
енді анасының қолындағы құрмаға қарады. Әйел ол 
құрманы да екіге бөліп қыздарының аузына тосты. 
Осы 
көрген 
оқиғасын 
әңгімелегенде, 
пайғамбарымыз мынадай сүйінші хабар айтты:
– Осы жасаған ісі үшін алла тағала ол әйелге 
жұмақты уәжіп етті немесе оны тозақтан құтқарды!
264
Хазірет айшаның (р.а.) көңілі бос, жүрегі нәзік 
болатын. Көзіне жас алатын кездері аз емес еді. 
Жасауы керек істі уақытында жасай алмаса, уәдесін 
орындай алмай өтеуін жасаса да артынан жылайтын, 
әділетсіздік көрсе де егілетін. 
Өз басы үшін емес, үмбеттің басына келетін 
нәрселерге де қайғырып, болашақ ұрпақ үшін де 
жылайтын. Бір күні есіне Дәжжал (тажал) түсіп, сол 
үшін үмбеттің басына келетін қиындықтарды ойлап 
көзінен жас парлады. Тіпті, сүйікті жарының келгенін 
де байқамай қалды. ардақты пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– неге жылап отырсың? – деп сұрағанда:
Дәжжал есіме түсіп кетті
265
, – дегені бар.
263
Бұхари, Әдәб, 62 (5725); мәнәқиб 2 (3314); Әбу нуайм, Хилиятул 
әулия 2\49
264
мүслим, Бирр уә сыла 148 (2630); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\92 
(24655); Қараңыз: Әбу нуайм, Хилиятул әулия 2\49
265
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\75 (24511); Ибн Хиббан, сахих 15\235 
(6822); Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 7\338; мәуаридуз заман 1\469 (1905)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
156

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау