Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
147
сөздер айтқан еді. Бұдан анамыздың өзін
жамандағандармен өштесіп, ұзақ жылға жалғасатын
дауға айналдырмағанына, өзіне қарсы келгендерді
кешіруде өзгелерге үлгі болғанын көреміз.
Бір күні жиені
хазірет Уруәнің Хассан ибн
сәбитты жамандағанын естігенде:
– Кезінде расулалланы қорғаған кісіні жаманда-
ма
242
, – деп ашуланған.
Әлдекімдерді сыртынан жамағандарды естігенде,
жамандаушыларға кешірім тілеп,
«Марқұмдарды тек
жақсы қасиетімен еске алыңдар!
243
деген хадисті
еске салатын.
Дін талабын орындауға өте мұқият қарайтын. Бір
күні жолда бара жатып алдыңғы жақтан қоңыраудың
даусын естіп тоқтай қалды. Қоңырау дауысын
жақамайтын. сол үшін де дереу шапшаң басып,
алла мен елшісі ұнатпайтын осы дауыстан алыстап,
естімеу үшін жүрісін тездетті
244
.
Үйінде өзімен бірге тұратын жетімдер бар еді.
Бір күні солардың бірі үйге
бір нарды сияқты ойын
әкелгенін естіді. ашуланғанын білдіріп оларға:
– не бұл ойын үйде тұрмасын, не сендер бұл
үйде тұрмаңдар!
245
– деді.
242
мүслим, фадаилус сахаба 155 (2488)
243
Әбу Дәуіт әт-Таялиси, мүснәд 1\209 (1494); Табарани, әл-мұғжамул
әбсат 3\154 (2770)
244
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\152
245
Бұхари, әл-Әдәбул мұфрад 1\435 (1274); Байһақи, сүнән 10\216;
шуабул Иман 5\239 (6505);
Ибн абдулбарр, Тәмһид 13\178
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
148
Көрген түстеріне алаңдаушылық танытатын.
Кейде жаман түс көрсе, дереу садақа таратып, кейде
сол үшін құл азат ететін
246
.
негізі сәл бір келеңсіз жағдай болса,
дереу құл
азат етуді өзіне әдетке айналдырған болатын. араға
әлдекімдер араласып, бір уәдесін орындамағаны үшін
қырық құлды азат еткен, бірақ сонда да өзін кешірмей
жасаған осы ісіне өмір бойы өкініп көзіне жас алған
247
.
Қасында Тәмим тайпасынан бір күң болатын. Бір
күні расулалладан бұл тайпаның хазірет Исмаилдың
тегінен шыққан естіді. мұны ести сала жаңағы күңді
азат етті
248
.
Тағы бірде науқастанып қалып, Зәт тайпасынан
бір кісіден жөн сұрады. анамызға келген ол кісі жын-
дарды меңзеп:
– Жындар құшағында баласы бар бір күңнің
сиқыр жасағанын, дәл қазір қолындағы баласы күңнің
үстіне сиіп қойғанын айтуда соны тауып әкеліңдер, –
деді.
Әлгі күңді іздеп тауып әкелгенде одан:
– сен маған сиқыр жасадың ба? – деп сұрады.
Барлығы өзіне тесіле қарап тұрғандықтан күң:
– Иә, – деп, өзінің сиқыр жасағанын мойындады.
– не үшін?
– азаттық алғым келді. айша анамыз оған өзі
қайтыс болған күні ғана азаттық берілетінін айтқан
246
Қараңыз: Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 1\484 (419); Құртуби, әл-Жами
1\317; Ибн әби шәйба, мұсаннаф 6\182 (30514); Ибн абдулбәрр,
Тәмһид 11\118;
Әбу нуайм, Хилиятул әулия 2\49
247
Бұхари, мәнәқиб 2 (3314); Әдәб 62 (5725); Табарани, әл-мұғжамул
кәбир 20\21 (24)
248
Бұхари, Итық 13 (2405)