Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет49/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
149
екен. Күң сол мақсатына жету үшін дұғалатыпты. 
анамыз ашуланып:
– ант етемін, сені ешқашан азат етпеймін, – деді. 
сөйтті де, оны басқа біреуге сатып, орнына басқа күң 
сатып алып, соны азат етті
249

Оның бұл мәселедегі жомарттығын барша жұрт 
білетін. анамыздың азат еткен құлдарының саны 
алпыс жетіге жеткен
250

Барлық адаммен бірдей сөйлесетін, ешбірін бөліп-
жармайтын. Бір күні өзіне келіп, тамақ сұраған бір 
кісіге кесеге салып нан берді. Ол кеткеннен кейін 
ақыл-есі кемістеу бір кедей тағы келді. анамыз оны 
қасына шақырып, қолындағы тамағынан беріп қарнын 
тойдырды. Кедей кеткеннен кейін қасындағылар неге 
бұлай жасағанын сұрады. сонда:
– расулалланың 
«Әркімге жағдайына қарай 
сыпайылық танытыңдар»
дегені бар. Бұның мәнісі 
сол
251
– деп түсіндірді.
Әрдайым қанағатты ұстанып, ешкімге масыл 
болғысы келмейтін. Қолындағысын үнемдеп, 
ысырапқа жол бермейтін. Қасындағыларды да солай 
тәрбиеледі. Жұпыны өмір сүргеніне еш өкінген емес, 
керісінше өз еркімен осыны қалап, көбіне ақыретті 
ойлайтын. 
Бұл таңдау тек жоқшылықтан туындаған жоқ, 
қолында бар кездерде де осы әдетінен танбады. 
Хазірет Омар өзіне бір кесе алтын жіберген кезде 
249
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\68 (162); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 
6\40 (24172); Хаким, мүстадрак 4\244 (7516); Байһақи, сүнән 8\137; 
Дарақутни, сүнән 4\140 (53) 
250
санани, субус сәләм 4\139
251
Әбу Дәуіт, Әдәб 23 (4842)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
150
көңілі босап, алтынды дереу қасындағыларға тара-
тып жіберді. Тіпті, енді бұндай алтын келмесе екен 
деп тілеген
252

шәкіртінің бірі айша бинт Талха былай дейді:
– айшамен жақын араластығымызға байланы-
сты әркімдер хат жазып, кейде көмек ретінде тарту-
таралғылар жіберетін. мен:
– Әпке! мынау пәленшенің хаты, мынау 
сыйлығы, – деп заттарды бергенімде, маған: 
– Қызым, жауап ретінде оған былай деп хат жаз, 
сыйлық қоса жібер. Егер беретін ештеңең болмаса, 
мен саған беремін
253
, – деп өзі беретін. 
Өте жігерлі еді. Оны қасындағы адамдар да, болып 
жатқан оқиғалар да бет алған бағытынан өзгерте 
алмайтын. Әрдайым көздеген жоспарын орындап, 
өзіне тиіскен, жақындарына қысым жасағандарға 
әділ түрде сазайын беретін
254
. Өйткені, басқалардың 
жасаған жамандықтары мүминді қасиетсіз тірлікке 
итермелемеуі керектігін жақсы білетін. сондықтан 
әрбір мүмин үшін жақсылықты қолдайтын
255

Ешқашан кеудесін керіп, өркөкіректенбеген. 
Табиғиндердің үлкен имамы мәсруқ расулалла 
қайтыс болғанда, анамызға көңіл айта барғанын 
былай әңгімелеген:
– Көңіл айта барғанымда, алдыма ас қойды. 
Көңілі босап:
252
Қараңыз: Хаким, мүстадрак 4\9 (6725); Зәһәби, сиәр 2\190
253
Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\382 (1118)
254
Қараңыз: мүслим, 19 (1828), Ибн Хиббан, сахих 2\313 (553) 
255
Қараңыз: фұрқан, 25\72


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
151
– Көз жасым құрғағанға дейін жылағым 
келеді, аузыма ештеңе салғым келмейді, – деді. мен 
таңданып, себебін сұрағанымда:
– расулалланың дүниеден озардағы халі есімнен 
кетер емес. Уаллаһи, сол күні нан мен етті қосып 
бір-екі рет тіске басқаннан басқа ештеңе де ауызға 
алмады
256
, – деді. 
Бір қабат қана киімі болатын. Кірлесе, 
жуып кептіріп, қайтадан соны киетін. Бұл 
пайғамбарымыздың барлық әйелдеріне тән іс еді
257

мәдин аның алғашқы жылдары, шамамен 
тұрмысқа шыққанда, киіп келген құны бес дирхам 
тұратын іліп алар бір көйлегі бар болатын. Тойға не 
айрықша күндері өзге қыз-келіншектер соны сұрап 
алып кезектесе киетін
258

Киген киімін тозығы жеткенше тастамайтын. 
Жиені Уруә (р.а.) оның бұл қасиетін былай деп 
әңгімелеуде:
– айша анамыз киген киімін ескірген жерлерін 
жамап, бір жағы оңса, екінші жағын айналдырып, ол 
жағы да ескірмейінше тастамайтын.
Тіпті сол күндері:
– алла саған берер, жаңа киім алып кисеңші, – 
дегендерге:
– Жаңа үшін жаратылмағанға жаңа жараспай-
ды
259
,– деген.
256
Тирмизи, Зүһд 38 (2356); Исхақ ибн рахуиа, мүснәд 3\1046 (1811)
257
Бұхари, Хайз 11 (306); Әбу Дәуіт, Таһара 132 (358)
258
Қараңыз: Бұхари, Хиба 32 (2485); Байһақи, сүнән 6\88 (11253); Та-
барани, әл-мұғжамул әбсәт 4\119 (3761)
259
Әбу нуайм, Хилиятул Әулия 2\48; Байһақи, шуабул Иман 5\159; 
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\166



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау