Айша анамыздың некелескендегі жасы
429
келеді. нәтижеде пайғамбарымызбен үйленген кезде
кем дегенде он жеті жаста болса керек.
сүренің түскен мерзімі деп 618 жылды алсақ,
ол ең кеш дегенде 611 жылы дүниеге келген болуы
керек. алайда, барлық осы есептерде жария сөзінің
жас мөлшерлемесі 7-11 жас арасы болуы мүмкін
және әр риуаятта бұл санға бірнеше жылды тағы
қосуға болады. аталмыш ықтималды жағдайлар
бойынша ешқандай сан қоспастан және ешқандай
негізге сүйенбей жеті жасты есептейтін болсақ, ол
пайғамбарымызбен он үш жасында үйленген деген
сөзге саяды. Қалай есептесек те айша алла елшісіне
пайғамбарлық келгеннен 4 жылдан соң дүниеге келді
деп айта аламыз.
3. мекке жылдары жайлы естеліктері де айша
анамыздың алла елшісіне бой жетіп айттырылғанын
көрсетеді. мысалы:
а) Бір естелігінде «мен пілге мініскен екі кісінің
соқыр кейіпте меккеде қол жайып, қайыр тілеп
жүрген көрдім»
760
дейді.
Бұл екі кісі піл оқиғасына қатысқан кісілер еді.
Пайғамбарлықтан қырық жыл бұрын болған
бұл оқиғаға қатысқан бұл кісілер ол күні ең кем де-
генде алпыс немесе одан да көп жаста болуы керек.
Ендеше, бұл екі кісі исламның алғашқы жылдарын-
да өмірден озса керек. Піл оқиғасы меккеліктер үшін
елеулі оқиға. Бұл екі кісіні сахабалар байқамағанына
760
Ибн Хишам, сира 1\76, Хәйсәми, мәжмәуз Зәуәид 3\285, Ибн
Кәсир, Тәфсирул Құран 4\553, әл-Бидая уән нихая 2\214, Құртуби,
әл-Жами 20\195
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
430
қарағанда, олар пайғамбарлықтың алғашқы жылда-
рында дүниеден өткен.
айша анамыздың бұл жәйтты әпкесінен естуі
мүмкін емес. себебі өзінің «көрдім» дегені сөзі бұл
ықтималдықты жояды.
аталмыш оқиғаға қатысты айшаның «жасы
кіші болғанына қарамастан»
761
деген сөзді айтуы да
айрықша назар аударады. Демек, айша бұл екі кісіні
5-6 жасында көргеніне қарағанда, пайғамбарлықтан
5-6 жыл бұрын дүниеге келген.
ә) мекке жайлы естеліктері тек бұнымен
бітпейтінін айша тағы бір сөзінде: мен ес білгелі
ата-анам діндар болатын. мұсылмандар көп теперіш
көргенде, әкем Хабашстанға да һижрет жасаған еді,
762
– дейді.
Хазірет Әбу Бәкір алғашқы мұсылмандардың
санатында. яғни, хазірет айша мұсылман
шаңырағында туып-өскен. Бұған қарап анамыздың
Исламнан кейін дүниеге келгенін айтқандар болса да
бұл сөздер айшаның Ислам келгенде ес білген қыз
екенін аңғартуда. анығырақ айтқанда, бұл «туылған
кезінде әкесі мұсылман болатын» деген мағынадан
гөрі «оң-солын тани бастағанда әкесі мұсылман еді»
деген мағынаға жақынырақ. себебі алла елшісінің
үйлеріне келіп жүретінін, әкесінің һижрет жасағанын
айтқанына қарағанда, ол кезде айналасына болып
жатқан оқиғаларды бағамдай алатын жаста болған.
761
Куртуби, әл-Жами 20\195
762
Бұхари, салат 70, Кафалә 5, мәнақибул ансар 45, Әдәб 64, ахмад
ибн Ханбал, мүснад 6\198
Айша анамыздың некелескендегі жасы
431
сондықтан бұл айшаның исламға дейін туылғанын
білдіреді.
сахабалар Хабашстанға пайғамбарлықтың бесінші
жылы һижрет жасады. Әбу Бәкір сол жылы һижретке
ниет білдірді. Осы оқиғаны есте сақтай білгеніне
қарағанда айша (р.а.) ол кездері кем дегенде 7-8 жаста
болса керек. Әйтпесе, жаңа туылған сәби бұндайды
егжей-тегжейлі айтып беруі мүмкін емес.
б) алғаш рет намаздың екі рәкат болып
бекітілгенін, кейіннен төрт рәкатқа ауысқанын, тек
сапардағыларға екі рәкат болғанын да жеткізген
айша анамыз
763
.
айша анамыз айтқан намаз – Исра және миғражға
дейінгі оқылған, таңертең және кешкі намаз. ал
миғраж оқиғасынан кейін намаздың оқылу тәртібі
біраз өзгерді
764
.
мәселеге басқа тұрғыдан қарасақ, бұл
мағлұматты айшадан бөлек Ибн аббас
765
, сәлман
фариси
766
және саиб ибн язид
767
те жеткізген. саиб
ибн язид пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) мәдинаға һижрет еткеннен соң үш жылдан
кейін дүниеге келген
768
. яғни, мекке кезеңіндегі
оқиғаларды білмейді. сондықтан бұл мәліметті айша
763
Табарани, әл-муғжамул кәбир 2\285, 286, әл-мұғжамул Әбсад
12\145, Ибн Хишам, сира 1\243
764
Ибн Хишам, сира 1\243
765
мүслим, салатул мусафирин 5, 6 (687)
766
Табарани, әл-муғжамул әбсад 12\145
767
Табарани, әл-муғжәмул кәбир 2\285, 286
768
Хижри 94 жылы мәдинада қайтыс болатын саиб ибн язид өзі жеті
жастағы кезде әкесінің алла расулымен бірге қажылыққа барғанын
айтады. Өзі құралпы басқа мәдинаның балаларымен бірге Тәбүктен
қайтқанда, сәниәтул уәдаға шығып, алла расулын күтіп алғандарын
хабарлайды. Қараңыз: Бұхари, Жихад, 192 (2917) мәғази 77 (4164)
|