Айша анамыздың некелескендегі жасы
437
6. Жасына қатысты тағы бір мәлімет айша
анамыздың өмірден озған уақыты туралы келген
риуаяттарға қатысты. Өйткені, оның қайтыс болған
жылы және сол кездегі жасы туралы хижри 55, 56,
57, 58 немесе 59
787
, ал жасы туралы алпыс бес, алпыс
алты, алпыс жеті немесе жетпіс төрт
788
деген сияқты
түрлі көзқарастар бар. ал, бұл туылған мерзімі секілді
қайтыс болған уақыты туралы да нақты деректің
жоқтығын көрсетеді.
Әсіресе, һижреттің 58-жылы 74 жасында көз
жұмғанын көрсететін риуаятта қайтыс болған
күнінің рамазан айының он жетінші түні сәрсенбі
күні екені, өсиеті бойынша үтір намазынан кейін
Жаннатул Бақиға түнде жерленгені, намазын хазірет
Әбу Хұрайраның оқытқаны, мазарына әпкесі хазірет
Әсманың екі баласы абдулла пен Уруа, бауыры
мұхаммедтің екі баласы Қасым мен абдулла және
тағы бір бауыры абдуррахманның баласы абдулла
сияқты туыстарының қойғаны сияқты мәліметтердің
болуы
789
басқаларға қарағанда бұл деректің қуатты
екенін көрсетеді. Ендеше, осы уақытты негізге
алып есептейтін болсақ, пайғамбарымыз көз
жұмғаннан кейін тағы қырық сегіз жыл өмір сүргенін
(48+10=58+13=71+3=74) көресіз. Бұл есеп бойынша ол
пайғамбарлықтан үш жыл бұрын дүниеге келген. Бұл
жағдайда үйленген күні оның (74-48=26-9=17+7 ай)
он жеті жастан жеті ай асқанын, яғни он сегіз жаста
екені аңғарылады.
787
Ибн абдулбәрр, Истиғаб 2\108, Тәхзибул кәмал 16\560
788
Ибн сағд, Табақат 8\75, нәдәуи, сиратус сәйидәти айша 202
789
Ибн абдулбәрр, Истиғаб2\108, Доғрул, асры саадет 2\142
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
438
Жоғарыдағы деректерге қосымша ер балалардың
өзі кері қайтарылған Ухуд күні оның да майданда
болуы
790
, ғылыми мәселелердегі білгірлігі, жала жабу
оқиғасында көрсеткен мінезі, фатима анамызбен
арасындағы жас айырмашылығы
791
, һижрет пен одан
кейін болған жағдайларды толық білуі, мәдинаға
келгеннен кейін үйленуді әкесінің қолға алуы және
мәхір белгілегеннен кейін жүзеге асуы
792
, келген
аяттарда үйлену мәселесіне қатысты балиғатқа толу
шартының қойылуы
793
, оның жасы мен үйленуіне
қатысты риуаяттардың әртүрлі келуі және сол кездегі
жасын айтқан кезде «алты немесе жеті» деуі
794
, ол
заманда адамның туылған және өмірден өткен жыл-
дарына мән берілмегендігін де қосуға болады. Бірақ,
нәтиже өзгермейді. Бұлардың барлығы айшаның
пайғамбарлықтан бұрын дүниеге келгенін, он төрт
немесе он бес жаста атастырылғанын және он жеті,
790
Бұхари, Жихад 65
791
Бұхаританушы Ибн Хажар фатима анамыздың Қағбаға жөндеу
жүргізілген жылы және пайғамбарымыздың отыз бес жасында
дүниеге келгенін, айша анамыздан бес жас үлкен болғанын айтады.
Бұл дерек дұрыс деп қабылданатын болса, айша анамыз уаһи келген
алғашқы жылы дүниеге келген болуы керек. Бұл бойынша оның
тоғыз жаста үйлену ықтималдығы толығымен жойылады. негізінде
Ибн Хажар бұл сөзімен өзі түсіндірме жасаған Бұхари хадисін анық
түрде бұзады.
792
Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23-25, Ибн абдулбәрр, Истиғаб
4\1937, Ибн сағд, Табақат, 8\63
793
ниса, 4\6
794
«Хижреттен бір жарым, екі немесе үш жыл бұрын», «алты немесе
жеті жаста», «Хадишаның қайтыс болған жылы немесе өлгеніне
үш жылдан кейін», «хижреттен жеті, сегіз айдан кейін, хижреттің
алғашқы жылы» немесе «Бәдірден кейін» деген сияқты риуаяттар
үшін қараңыз: Бұхари, мәнәқибул ансар 20, 44, мүслим, фадаи-
лус сахаба 74, айни, Умдәтул Қари 1\45, Ибн абдулбәрр, Истиғаб
4\1881, нәдәуи, сиратус сәйидәти айша 406 49
Айша анамыздың некелескендегі жасы
439
он сегіз немесе он тоғыз жасында алла расулы-
мен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отау құрғанын
көрсетеді.
Осы жерге дейін келтірген дәлелдеріміз
«атастырылғанда 6 немесе 7, ал үйленген кезде 9 жаста»
болғаны туралы риуаяттарды теріске шығаруымызды
керек етпейді. себебі, бұл риуаяттарды «ол кезде оң-
солын танып қалған қыз едім», «пайғамбарлық кел-
генде алты-жеті жасар қыз едім» немесе «ол кездері ес
біле бастаған едім» деген мағынада түсінуге болады.
айша анамыздың дене бітімінің шағын болуы да осы
болжамды қуаттай түседі. анамыз һижрет еткен-
де жол қиындығын көтере алмай ауырып қалған
795
,
анасы мәдинада ем-дом жасап жазып алған
796
. Бәни
мұсталық соғысынан қайтарда түйенің үстіне
үйшікке кіргенде, салмағы білінбеген
797
. Бұл оның
дене бітімінің шағын болғанын көрсетеді.
Тақырыптың басында айтылғандай, айша
анамыз егер тоғыз жасында үйленген болса да бұл
ол қоғам үшін қалыпты әрі табиғи жағдай. алайда
келтірген дәлелдеріміз 17, 18 немесе 19 жасын-
да «мүміндердің анасы» деген атқа ие болғанын
аңғартады.
795
Бұхари, мәнәқибул ансар 43, 44, мүслим, никах 69, Ибн мажә,
никах 13
796
Бұхари, мәнәқибул ансар 44, мүслим, никах 69, Әбу Дәуіт, Әдәб
55, Ибн мажә, никах 13, Дарими, никах 56, Табарани, әл-мұғжамул
кәбир 23\25, Ибн абдилбер, Истиғаб 4\1938, Ибн сағд, Табақат 8\63
797
Бұхари, шәхадат 15, мәғази 34, Тәфсир (24) 6, мүслим, Тәуба 56, Тир-
мизи, Тәфсир (63) 4, Ибн сағд, Табақат 2\65, Ибн Хишам, сира 3\310
441
Достарыңызбен бөлісу: |