Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет116/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   152
Айша

Айша - ғылымның қайнар бұлағы
351
Осыған қарамастан анамыз риуаят еткен хадис 
саны 2210
557
. Бұлардың 286-сы Бұхари, мүслим 
сияқты ең сенімді хадис кітаптарында орын алса, бұл 
хадистердің 174-інің тахрижинде
558
екі имам да бір 
пікірде. Тек Бұхариде кездесетін риуаят саны 54 болса, 
тек мүслимнің алған хадис саны 58. сол себепті 
Бұхариде жалпы 228, мүслимде 232 риуаяты бар. 
Бұдан тыс риуаяттары әртүрлі хадис кітаптарында 
кездеседі. ахмад ибн Ханбал алты томдық хадис 
кітабының соңғы томының 253 бетін тек айша ана-
мыздан жеткен 2404 хадиске арнаған. Бұл тұста айша 
анамыздың басқа муксируннан айырмашылығын 
көрсету мақсатында жеке туындылардың да 
жазылғанын ескертіп өткен жөн
559

айша анамыздың тәпсір ғылымында танытқан 
ерен еңбегі мен қажыр қайратын хадис ғылымынан 
да байқаймыз. Бір күні алла расулының (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
– Қиямет күні адамдар жалаңаш күйде жинала-
ды, – дегенін естіп:
– Бұл жағдайда ер кісілер мен әйелдер бір-біріне 
қарамай ма? – деп сұрады. Пайғамбарымыз:
557
Кейбір риуаяттардың кішкентай айырмашылықпен қайталануын 
жеке бір хадис деп қабылдамау немесе кез-келген бір себеп-
пен санақта негізге алынған қағидалардың айырмашылығынан 
туындаған сан айырмашылығы бар, бұл жерде біз жалпы 
қабылданған санды таңдадық. Әйтпесе, тек ахмад ибн Ханбалдың 
«мүснадында» анамызға қатысты 2403 хадис кездеседі.
558
Тахриж – (жету жолын анықтау)
559
анамыздың осы жағын назарға ұсынатын алғашқы еңбекті Әбу 
мансұр абдулмухсин ибни мұхаммед ибни Әли әл-Бағдади жазса 
кейіннен осы тақырыпта Әбу абдуллаһ Бәдруддин әл-Зәркәши «әл-
Ижаба» деген еңбек жазған.


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
352
– Қиямет күні – ешкімнің ешкімге қарауға 
шамасы болмайтындай ауыр күн!
560
– деп түсіндірді. 
Тағы бірде:
– Қиямет күні әркім өз сүйіктісін есіне ала ма? – 
деп сұрады. 
– Үш жерде есіне түсіре алмайды: ісі жеңілдеп 
я ауырлағанға дейін мизанда, кітабы оң яки сол 
жағынан берілетін сәтке дейін және тозақ мойнын 
созып өзіне түсетіндерді шақырған кезінде, – дейді 
алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
561
.
Бір мәселе туралы дұрыс шешім қабылдау үшін 
негізгі себепті білу керек екендігі мәлім. Осы тұрғыдан 
әр істің себебіне үңілуде хазірет айша басқа саха-
балардан ілгері тұрды. Ол тек естігендерімен шек-
телмей, қалай да сол үкімнің түсуіне себеп болған 
жайтты анықтап, сол оқиғаға өзі куәгер болып, не 
болмаса сол оқиғаны көрген кісілерден сұрап алатын. 
мысалы, алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жұма күні ғұсыл алуға кеңес беретін. Одан бұл хабар-
ды жеткізген басқа сахабалар хадисті қалай айтыл-
са, дәл солай берсе
562
, айша анамыздың риуаятын-
да хадиспен бірге, оның астарында жатқан себепті 
560
мүслим, Жәннәт 56 (2859). Басқа бір риуаятта алла расулы бұл 
сұраққа «Баршаның ісі басынан асады, ешкім ешкімді көрмейді» деп 
жауап берген. Қараңыз: Бұхари, риқақ 45 (6162); нәсәи, Жәнәиз 118 
(2083, 2084); Тирмизи, Тәфсир 72 (3332) 
561
Әбу Дәуіт, сүннә 28 (4755); ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\110 (24837); 
Хаким, мүстадрак 4\622 (8722); Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 10\358
562
абдуллаһ ибн Омар «расулалланың «Кімде-кім жұмаға барса, ғұсыл 
дәретін алсын» дегенін естідім» десе, (Бұхари, Жұма 2 (837); Тирми-
зи, Жұма 355 (492); нәсәи, Жұма 7 (1376)) басқа бір риуаятшы Әбу 
саид әл-Хұдри «расулалла «Жұма күні ғұсыл алу ихтилам болған 
барлық адамға уәжіп» деген» дейді. Қараңыз: Бұхари, Жұма 3 (840); 
мүслим, Жұма 5 (846), нәсәи, Жұма 6 (1377)


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
353
түсіндіретін мәліметтер де кездеседі. Жұма күні 
ғұсыл құйынудағы мақсат – жұмыс істеп қара терге 
түскен кісілердің рухани тазару мақсатында мешітке 
жиналғанында, тәндік кірден тазаланып, мерекелік 
көңіл-күйменен келуі, тіпті хош иіс себінуі. анамыз 
былай риуаят етеді:
Жұма күні адамдар мешітке шалғай жерлер-
ден келгендіктен денелерін тер басып, киімдері 
шаңданатын. расулалланың қасында отырған кезімде 
сондай шаруа кісілердің бірі келді. сонда расулалла 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): Күндердің сұлтаны 
мына жұма күнінің құрметі үшін тазалансаңдаршы, 
– деді
563
.
айша анамыздың осы тақырыпқа қатысты риуаят 
еткен тағы бір хадисінде:
«Әттең, ғұсыл алып, тазаланып келсеңдер 
ғой!» 
делінгенді айтылған
564
. Өйткені, кейбір кісілер 
жұмыстан шыққан кір күйлерінде намазға келетін.
Бір құрбан айт алла расулы (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм):
– сендер шалған құрбандықтарыңның етін үш 
күннен артық жемеңдер, – деген. абдулла ибн Омар 
және Әбу саид әл-Хұдри сияқты сахабалар осы 
хадисті нақты үкім ретінде қабылдаса
565
, анамыз бұл 
мәселені құрбандықтың етінен кедей-пақырларды 
құр қалдырып, үш күннен артық сақтамау деп түсінді. 
Өйткені, ол кезде мәдина тұрғындары құрбандықтың 
563
Бұхари, Жұма 13 (860); мүслим, Жұма 1 (847); Ибн Хиббан, сахих 
4\38 (1237)
564
Бұхари, Жұма 14 (861); Бүйуғ 15 (1965); Әбу Дәуіт, Тахара 130 (352)
565
мүслим, Әдахи; Хаким, мүстадрак 4\258 (7568); Ибн мажә, Әтғимә. 
Қараңыз: Бұхари, Әтғимә 26 (5107), 36 (5122)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
354
етін тұздап, ұзақ уақыт сақтайтын. Егер нақты тыйым 
болғанда, бұл әрекеттің де тоқтатылуы талап етілер 
еді. 
– шынымен-ақ, алғашқыда құрбандықтың 
етіне тыйым салынды ма? – деп осы үкімнің себебін 
сұраған ибн рабиаға:
– Жоқ! Ол кезде құрбандық шалатындардың 
саны аз болғандықтан құрбан шала алмағандарға 
осы еттен тигенді жөн санайтын. алайда, біз құрбан 
айттан он күн өткеннен кейін де қой етінен жегеніміз 
бар
566
– деген. 
Кутубу ситтәның басым көпшілігі алла 
расулының қойдың жауырынын жақсы көргенін 
риуаят етсе
567
, хазірет айша бұл хадис тек жақсы 
көргендігін ғана білдірмейтіндігін алға тартып:
– Қойдың жауырын еті расулалланың ең жақсы 
көретін мүшесі емес. Ол кездерде ет аз болатын. 
сонда ең тез пісіп, расулалланың алдына қойылатын 
ет қойдың жауырыны болатын!
568
алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жыл 
сайын зекет жинауға жауапкер кісіні жіберетін. Осы 
жағдайға қатысты риуаяттарда бұл қызметкердің еш 
себепсіз Хайбардан жиналған жемістерді бақылап, 
өзі болжам жасағаны айтылады. ал, айша анамыз-
дан келген бір хадисте бұл болжамның себебі анық 
түсіндіріледі:
566
Тирмизи, Әдахи 14 (1511), Ибн мажә, Әтғимә 30 (3313). сондай-ақ, 
қараңыз: Бұхари, Әтғимә, 26 (5107, 36 (5122) 
567
Қараңыз: мүслим, Иман 194; Әбу Дәуіт, Әтимә, 21 (3780); Дарими, 
мұқаддима 7 (44)
568
Тирмизи, Әтғимә 34 (1838)


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
355
– расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) зекет 
жинаушыға жиналған жемістерді жұртқа таратпай 
тұрып, содан алынатын зекетті анықтау үшін өз 
білгенімен мөлшерлеуін бұйырған
569
.
Басқа риуаятшылармен салыстырғанда айша 
анамыздың бұл ерекшелігінің негізінде оқиғаларға 
бірнеше рет куәгер болуы және өзіне беймәлім немесе 
әуелгі білетініне кереғар хадиске кезіксе, соны дереу 
айтушыдан анықтайтын қасиеті жатыр. Бұл мәселеде 
анамыз өте мұқиятты еді әрі үнемі ізденіс үстінде 
жүретін. 
Бір күні екі кісі келіп:
– Бақытсыздық мына үш нәрседе: әйел, мініс жа-
нуары және үй деген сияқты хадис риуаят етілгенін 
айта отырып: «Бұл мәселе туралы не дейсіз?» деп 
сұрады. айша анамыздың жүзінен ашуланғаны 
сезілді. Бір орында байыз таппай, ерсілі-қарсылы 
жүрді де кенет:
– Әбул Қасымға (пайғамбарымыз) Құранды 
түсірушіге ант етемін, бұл мәселе Әбу Хұрайраның 
айтқанындай емес. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) осы сөзін айтып жатқан кезде Әбу Хұрайра 
кіріп келген еді. сол мезет пайғамбарымыз «Жахилия 
дәуірінде жұрт «Бақытсыздық мына үш нәрседе: әйел, 
көлік және үй» деп есептейтін» деп хадисін аяқтаған 
болатын. Әбу Хұрайра хадистің аяғын естіп, басын 
естімеген ғой, – деді.
569
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\163 (25344); Әбу Дәуіт, Бүйу 36 (3413); 
Бәйхақи, сүнән 4\123 (7231); Ибн Хузәймә, сахих 4\41 (2315); 
Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 3\76; абдурраззақ мұсаннаф 4\123 (7203)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
356
Осының ізін ала 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау