Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет46/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68

96 
 
-  кәсiпкерлiк  қызметтi  заң  құжаттарында  көзделген  негiз  бойынша 
шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату;  
-  жеке  кәсiпкерлiк  үшiн  тыйым  салынған,  экспорт  немесе  импорт  үшiн 
тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлерi мен қызмет 
тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу;  
-  мемлекеттiк  органдарды,  лауазымды  адамдарды,  сондай-ақ  өзге  де 
жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi жасағаны үшiн 
олардың алдындағы заңдарда белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту;  

атқарушы  бақылау  және  қадағалау  органдарына  кәсiпкерлiк 
субъектiлерiмен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi 
орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу
-  коммерциялық  құпияны  Заңмен  қорғалатын  объект  ретінде  белгілеу 
айқындалған. 
Бұл  ретте  кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғау  тәсілдерінің  тізбесі  толық 
болып табылмайды. 
Одан  басқа,  Азаматтық  кодексте  лицензияланатын  қызметтің  түрлері 
шектелмеген.  Атап  айтқанда,  қызметтің  жекелеген  түрлері  бойынша 
лицензиялық тәртіп: 
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
- қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау 
мақсатында белгіленеді. 
Бұл ретте қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау, егер ҚР заңдарында 
белгіленген  өнімге  қойылатын  талаптар,  өнімнің  жекелеген  түрлерінің, 
процестердің  сәйкестігін  міндетті  түрде  растау  бойынша  талаптар  және 
(немесе) 
қызметті 
мемлекеттік 
бақылау 
мемлекеттік 
әкімшілендіру 
мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болса ғана белгіленеді. 
Дара кәсіпкерлердің мүдделерін қамтамасыз ету жалпы жеке кәсіпкерлікті 
және  атап  айтқанда  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  мен  дамыту 
арқылы  да  жүзеге  асырылады,  бұл  туралы  диссертацияның  алғашқы 
бөлімдерінде талдау жүргізілген.   
Азаматтық  кодекстің,  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  заңның  және  басқа 
заңнамалық  актілердің  мазмұны  кәсіпкерлердің  мүдделері  өте  жоғары  заңды 
деңгейде қамтамасыз етілген деп айтуға мүмкіндік береді. Осы екі арада, құқық 
қолдану  практикасы  керісінше  айтуға  болатынын  растайды,  себебі  Мемлекет 
басшысы  Қазақстан  халқына  жыл  сайынғы  Жолдауларында  қоятын  жеке 
кәсікерлікті  дамыту  бойынша  мақсаттарға  тиісті  мөлшерде  қол  жеткізілмейді. 
Кәсіпкерлік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қозғаушы күші 
бола алмайды.  
Білімнің 
түрлі 
(экономика, 
құқық, 
институционалдық 
теория) 
салаларындағы ғылыми зерттеулердің материалдарын талдау осының мынадай 
негізгі себептерін бөліп шығаруға мүмкіндік береді: 
-  қалыптасқан  демократиялық  дәстүрлердің,  институттар,  мүдделер 
топтары  арасындағы  өзара  әрекеттесу  мәдениетінің  болмауы,  саяси  ымыраға 
келудің дәстүрі жоқ; 


97 
 
- елдегі қиын қаржылық және экономикалық жағдай: инфляция, өндірістің 
төмендеуі,  шаруашылық  байланыстардың  үзілуі,  төлем  тәртібінің  нашарлауы, 
пайыздық  мөлшерлемелердің  жоғары  деңгейі,  кәсіпкерлердің  әлсіз  құқықтық 
қорғалуы; 
- кәсіпкерлердің экономикалық және құқықтық білімдерінің төмен деңгейі, 
бизнестегі,  сондай-ақ  мемлекеттік  сектордағы  тиісті  іскерлік  этиканың, 
шаруашылық мәдениеттің жоқтығы; 
-  кәсіпкерлікті  тікелей  сатып  алу-сатумен  ғана  байланыстыратын 
халықтың белгілі бөлігінің жағымсыз қарым-қатынасы; 
-  өңірлік  деңгейдегі  кәсіпкерлікті  реттеудің  ұйымдастырушылық  және 
құқықтық негіздерінің пысықталмағаны; 
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетігінің әлсіз іс-әрекеті; 
-  1998  жылдағы  және  кейінгі  жылдардағы  қаржылық-экономикалық 
дағдарыстың  нәтижесінде  өндірістің  барлық  факторларына  бағалардың  күрт 
өсуі, халықтың сатып алу қабілетінің едәуір төмендеуі. 
Ол  өзінің  тарихы  бар  және  жылдан  жылға  жалғасып  келе  жатқан  үлкен 
проблема  екенін  атап  өтеміз.  Мысалы,  соңғы  екі  онжылдықта  мемлекет  жыл 
сайын  жеке  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамыту  саласындағы  маңыздылығы 
бойынша әртүрлі көптеген нормативтік құқықтық актілерді қабылдауда, оларды 
іске  асыру  бойынша  он  шақты  бағдарламалар  қабылданды,  жеке  бизнестің 
инфрақұрылымдық  қамтамасыз  етілуіне  мемлекеттік  маңыз  берілді,  тақырып 
бойынша  оқыту  бағдарламалары  барлық  ниет  білдірушілер  үшін  қолжетімді 
болды,  кәсіпкерлер  олардың  мүдделерін  қорғауға  арналған  түрлі  қоғамдық 
ұйымдар  мен  қозғалыстарға  біріктірілді.  Алайда,  осындай  алуан  түрлі 
қолданған  және  қолданып  жатқан  шараларға  қарамастан,  қазақстандықтардың 
үміті ақталмады: кәсіпкер әлеуметтік-экономикалық дамудың барысына едәуір 
ықпал  ете  алатын  әлеуметтік  маңызы  бар  күшке  айналмады,  халыққа 
молшылық, сенім мен жайлылық әкелмеді. 
Дара кәсіпкерліктің проблемалары мен оның себептеріне, оны мемлекеттік 
қолдау  қажеттілігіне  көп  көңіл  бөлінеді.  Көптеген  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  материалдарында  белгілі  экономистердің,  саясаттанушылар  мен 
журналистердің  оны  жылдам  әрі  түбегейлі  шешу  мәселесіне  тиянақты 
қараулары  бүгінгі  күнде  де  жиі  кездеседі.  Біреулері  жеке  сектордағы 
дағдарыстың  басты  себебі  ретінде  заңды-құқықтық  базаның  әлсіздігі  жөнінде 
сөз  етеді.  Екіншілері  негізгі  тежеуші  фактор  ретіндегі  бастапқы  капиталдың 
болмауы  дейді.  Үшіншілер  тұншықтырғыш  салықтың  әсерінен  құтылса,  сол 
сәтте іс алға қарай өрлей береді деп ойлайды. Төртіншілердің пікірі бойынша, 
жаңа басқару білімін игерісімен табысқа қол жеткізіледі. 
Олар келтірген дәлелдер көбінде негізделген екенін айта кету керек. Бірақ 
барлығы  емес,  себебі,  жоғары  айтылғандай,  Қазақстанның  жеке  және  дара 
кәсіпкерлік  саласындағы  әлдеқайда  озық  құқықтық  базасы  бар,  мемлекеттік 
бағдарламалар  жұмыс  жасауда,  шағын  бизнестің  дамуына  және  оны 
мемлекеттік  қолдауға  едәуір  қаржы  қаражаты  бөлінуде  және  т.б.  Сонда 
себептер  белгілі  болғанымен,  мемлекет  барлық  қажетті  шаралар  қолданып 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау