135
және орындаған жұмыс көлемі бойынша 250 мың теңге борыш төленбей
қалғаны туралы құжаттарын сотқа тапсырды.
Жоғарыдағы дәлелдерге негізделе отырып, сот тараптардың арасында
еңбек қатынастары болғандығы, ол қатынастар жазбаша келісім шартпен
бекітілуі қажет екендігін мәлім етті. Дара кәсіпкер жұмыс беруші ретінде еңбек
заңнамаларының талаптарын өрескел бұзған деп тауып, сот талапкер азамат Ш-
ның талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды [111].
Қазіргі заманда жеке кәсіпкер тауарын алушыларға немесе ол жұмысын
орындайтын не қызмет көрсететін тұлғаларға қарағанда өз ісінің маманы, білікті
және тәжірибелі болуы тиіс деп түсініледі. Алайда Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлер мұндай әлеуметтік жауапкершілік презумциясын тұжырымдамалық
негізі ретінде ұстанбайды, әзірше бұл мәселе тәжірибеде жүзеге асырылған жоқ.
Керісінше, құқықтық санаға және құқықтық идеологияға, сондай-ақ жалпы
құқықтық тәртіпке кері әсер ететін жеке меншіктік иемдену мен шектен шыққан
жекелілік күй және әрекет орын алуда - деген С. Идрышеваның пікірмен келісеміз
[112, 11 б.].
Сонымен, осы бөлімді қорытындылай келе, дара кәсіпкер, тұтынушы және
мемлекет мүдделерінің жарасымды үйлесуін экономикалық жағынан тиімді
құқықтық реттеу негізінде «мүдде, игілік, субъективтік құқықтар», дара
кәсіпкерлікті құқықтық реттеудің императивтік және диспозитивтік әдістерінің
жарасымды үйлесуі секілді құқықтық санаттар жатыр деп санаймыз.
Көрсетілген субъектілердің мүдделері бір-бірімен байланысты және бір-біріне
шарттасқан, сондықтан аталған субъектілердің кез келгенінің мүдделеріне
негізсіз қысым жасау басқа субъектілердің мүдделеріне теріс әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде қоғамда осыны түсінушілік байқалмайды, сондықтан азаматтық
және кәсіпкерлік құқық салаларының міндеттерінің бірі белгіленген
субъектілер мүдделерінің жарасымды үйлесімін қамтамасыз етудің заңды
тетіктерін жасау болып табылады.
Дара кәсіпкердің шығаратын өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз
ету – бұл, бір жағынан, оның қызметінің нәтижесінің кепілі, басқа жағынан, –
Заңда белгіленген оның міндеті және оны орындамау құқықтық
жауапкершілікке әкеледі.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету белгілі бір
жүйе түрінде белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге
асырылады, ол жүйені:
- азаматтық-құқықтық
шарттың талаптары;
- тауарлар, жұмыстар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің
техникалық регламенттері және
стандарттары;
- тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кемшіліктерімен келтірілген
зиян мен тиіссіз сапа үшін кәсіпкерлік қатынастарға қатысушылардың заңды
жауапкершілігі құрайды.
Сонымен, дара кәсіпкердің шығаратын өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету – бұл, бір жағынан, оның қызметінің нәтижесінің кепілі, екінші
жағынан, – Заңда белгіленген оның міндеті және оны орындамау құқықтық
жауапкершілікке әкеледі.