ПОӘК 042-14.05.01.20.63. 01-2010
|
№1 басылым 02.09.2008 орнына
_______________ №2 басылым
|
беттің - шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-16.1.03/03-2013
|
«Жалпы психология І» пәні бойынша
оқу-әдістемелік материалдар
|
№1 басылым 18.09.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Жалпы психология І» «5В050300» – «Психология»мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық жұмыс (проект)
5 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.
Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.
Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.
Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.
Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.
Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.
Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.
Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.
Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.
Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.
Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.
Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.
Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.
Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.
Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.
Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.
Символ – белгі.
Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.
Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.
Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.
Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.
Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.
Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.
Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.
Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.
Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.
Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.
Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.
Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.
Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.
Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.
Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.
Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.
Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.
2.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
1-тақырып. Психология пәніне кіріспе.
Психология – ғылым ретінде.
Психологиялық білімнің маңызы.
Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар.
Психология аймағында қарастырылатын білімге деген қызығушылық өте ертедегі, б.э.д. соңғы ғасырлардағы философиялық ойлардан әлем жаратылысының, оның ішінде жан мен рух мәселелерінің құпияларын ашуға тырысқандықтарын байқауға болады.
Психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана психологиямен арнайы айналысуға болады.
Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс. Адамға психология өз түйсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы, қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі.
“Психология”термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, “психология” атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.
Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.
Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психиклық қасиет, психикалық кейіптер дейді(қажеттңлік, мақсат, қызығушылық, эмоция ,сезім, икемділік, және т.б..
Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып, түсіндіру үшін біз келесі “жеке тұлға ” ұғымына кездесеміз.
Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып, ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан – оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан – қоғамда қалыптасатын заңдылықтардың негізінде іздестіреді.
Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін схема түрінде көрсетуге болады:
психикалық психикалық психикалық
процестер кейіптер қасиеттер
жекелік топтық
ішкі сыртқы
(психикалық) (әрекет-қылықтық)
Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі түсініктер.
2-тақырып. Психиологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Психолгияның жеке салаларға тарамдалуы.
Қазіргі заман психологиясының міндеттері.
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болвды. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану, философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.
Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психоллогиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен , дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын.
Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика, социология, өнертану, заң және т.б. салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, - деді.
Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.
Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі.
Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.
Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология, психотерапия, психопрофилактика.
Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы психологиясы, орындаушы психологиясы.
Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология
Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын зерттейді.
Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда.
Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің өзіндік ерекшеліктері кіреді.
3-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері.
Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде.
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.
Психологияны зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.
Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады.
Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты:
Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды;
Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады..
Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды.
Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар:
Сыртқы дүние объектісі;
Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз.
Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс-әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты.
Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді.
Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикадапсихологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды:
Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер,
Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано..
Сана лгі теориясы (У.Джеймс.,
Феноменалды алаң теорисы,
В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы.
Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты.
Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар.
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.
Кесте 1
Негігі әдіс
|
Негізгі әдістің нұсқалары
|
Бақылау
|
Сырттан бақылау
Өзін-өзі бақылау
Еркінбақылау
Стандартизацияланған
Қосылған
Қосымша
|
Сауалнама
|
Жазбаша
Ауызша
Еркін
Стандартизацияланған
|
Тест
|
Сауалнама-тест
Тапсырма-тест
Проективті тест
|
Эксперимент
|
Табиғи
Лабораториялық
|
Үлгілеу
|
Математикалық
Логикалық
Техникалық
Кибернетикалық
|
Психологтар бақылауды адам психикасын танып білудің бірден бір жолы дейді . Дегенмен, 1968-1980 ж.ж. бақылауды тіптен қолданылмаған кездері де болды. Негізгі әдіс болып стандартизациялау кең қолданылды. Кейбір әдебиеттерде бақылау қосымша әдіс ретінде қабылданды. Алайда 1920-1930ж.ж. көптеген психологиялық жаңалықтар бақылау негізінде жасалды (Ш.Бюллер, В.Штерн, А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Ж.Пиаже және т.б... Жалпы бақылау ғылымға дейінгі психологияда ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, іс-әрекетерді бақылаулар арқылы берілді.
Бақылау бірінші, мақсат қоюдан басталады, одан кейін бізді қызықтырып отырған фактіден нені бақылауымыз керек, яғни бақылау пәні анықталады. Екіншіден, әдебиеттер мен бақылау объектісінің тәсілдерімен танысу. Үшіншіден, бақылау объектісін іріктеу, олар бақыланылатын құбылыстардың психикалық негізін ашып көрсетуі тиіс.
Бақылау техникасы:
Алдын-ала регистрациялық парақтарды даярлау;
Жазып алатын техникалық құралдарды тексеру;
Бақылауға енуі мүмкін жағдаяттарды алдын-ала ойластыру;
Орын әзірлеу;
Бақыланушының реалды өмірі мен бақылау кестесін белгілеу.
Бақылау сауалнамамен бірлікте қкарастырылады.
Ауызша сауалнама – сыналушының тәртібі мен реакциясын бақылау кезінде пайдаланылады. Сауалнаманың бұл түрі адам психикасына тереңрек үңілуіне әсерін тигізеді. Зерттеу барысының жүруіне сәйкес қойылатын сұрақтарды коррекциялауға мүмкіндік бар. Бірақ, сауалнаманың бұл түрі ұзақ мерзімді қажет етеді және жауаптың объективтілігі сыналушының жеке бас ерекшелігіне, оның тәртібіне байланысты.
Жазбаша сауалнама – қысқа мерзімде көп адамдарды қамтуға болады. Көп тараған түрі – анкета.Кемшілігі: сыналушының жауап кезіндегі реакциясын алдын алуға болмайды.
Еркін сауалнама – қойылатын сұрақтар алдыы-ала анықталмайды. Сыналушы туралы көптеген хабарлама алуға мүмкідік бар.
Психологиялық құбылыстарды сандық бағалау ХІХ ғ. ІІ-жартысында басталды. Математиканы психологияға енгізу әдістемелерді стандартизациялауға әкелді. Стандартизациялаудың негізгі мағынасы екі немесе бірнеше адамдарды салыстыру барысында психологиялық зерттеулердің қателік, кемшіліктерінің минималдылыққа жеткізу. Бұндай психологиялық әдіске тест жатады. Бұл әдіс кеңінен қолданылады. Себебі: алынған мәліметтерді нақты, сапалы түрде бір-бірімен салыстыруға, практикада қолдануға болады.
Экспериент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады. Экспериенттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі.
Лабораториялық экспериент зертелінетін құбылыстарды тереңірек бағалау үшін түрлі аспаптарды қолдану арқылы жасанды жағдаяттарды әзірлейді. Ал табиғи экспериент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Табиғи экспериентті алғаш қолдануға енгізген А.Ф.Лазурский болды.
Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кездері пайдаланған тиімді.Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсынсыз да жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |