Халқының батыр ұлдары



жүктеу 0,96 Mb.
бет7/10
Дата09.01.2020
өлшемі0,96 Mb.
#26119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жанайдар батыр
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818-1870) – Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан батыр. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын Арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекіністеріне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жібереді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қолбастаушы батырларының біріне айналады.

Жанайдар өзінің інілері Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген. Кенесары, Наурызбайдан айырылып, көтеріліс тығырыққа тірелген тұста, Жаңайдар амалсыздан ат басын Арқа еліне бұрады. Ұлытаудағы ата қонысын Бағаналы Найман елінен қайтаруды талап етіп, Санкт-Петербургке барады. Көтеріліске қатысқанына Ресей Патшасы кешірім жасағаннан кейін Жанайдар Терісаққан өзені бойы мен Арғанаты тауының етегіне қоныстанады. Жанайдар 1868 жылы қазақтың игі жақсыларымен бірге князь Владимирдің Омбыға келген құрметіне жасалған салтанатқа қатысады. Қажылық сапарынан қайтып келе жатып жолда қайтыс болады.

Сарамен айтысында Біржан: «Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы, алты жүз жас бота мен тайлағы бар» деп байлығын, парасаттылығын тілге тиек еткен. [9, б.143]

Атбасар жағындағы Сүйіндік руынан Кенесары ханның қасына қосылған Жанайдар батыр туралы: «Сүйіндік Малай, Жәдігер атасынан шыққан Жанайдар батыр кешегі Кенесары, Наурызбай сұлтандарға серік болып, хан Кене Ақтауды шапқанда, жанынан безіп қайрат көрсеткен. Кенесарыны қырғыздар қоршағанда, «үш дүркін» «тақсыр жүріңіз» деп барған екен. Кенесары хан көнбеген соң кетуге бет алады, сонда қырғыз Суданбек батыр ханға қылыш суырып, дүрсе қоя береді. Жанайдар батыр Суданбекке жаңса беріп шауып жібереді, Суданбектің басы допша домалап жерге түседі. Сонан ол қылыш «Суданбекті шапқан көк қылыш» атанады. Жанайдар батырдың үйінде әлі бар. Қолмен ұстап, көзбен көрген соң айтамыз да», - деп жазған Мәшһүр Жүсіп. [24, б. 65]


Аманжол батыр
Ел аузында Аманжол батыр туралы аңызға айналған әңгімелер баршылық. Ол XVIII ғасырда өмір сүрген Түгел батырдың тұңғышы Кенжеғараның Нұржаннан туған немересі екендігін ескерсек, жобасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген тәрізді.

Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде Әнжекен (жерлестері осылай атаған екен) есік алдында намазын оқып, жайнамазын жинап болғанда, ауыл сыртында сойыл сүйреткен бір салт аттының өтіп бара жатқанын байқап қалады.

Әдетте бұл ауылға келген адам батырға сәлем бермей өтпейді екен. Кейде бірнеше күндік жерден оған арнайы сәлем үшін келетіндер де болады. Ал мынау жолаушы намаз оқып отырған батырды менсінбегендей, қасынан өте шығуы қалай? Басынғаны ма? Жоқ ондай бейбастықтың тәубесін есіне түсіру қажет.

Осы ойға бекіген батыр сойылын қарына іліп, жолаушының ізімен атын көсілте женеледі. Мақсаты бейкүн біреуді үрып жығу емес, бірақ өзін сыйламағаны үшін атынан бір аударып тастау болса керек. Ол жолаушыға екпіндете жетіп келіп сойылымен сілтегенінде аса қатты соқпай нұқып қалады. Жолаушы қайратты екен, сойылды жұлқа тартқанда сабы Аманжолдың қолынан шығып кетеді. Жолаушы енді екі сойылды қарына іліп алып, ақырын жорта жөнеледі.



Аманжол қолайсыз жағдайда қалды. Жалғыз атты жолаушыдан жеңіліп, сойылынан айырылып, ауылына қайту - өліммен тең. Ал жолаушының онымен тілдескісі де жоқ. Менсінбей бара жатқан тәрізді. Не істеу керек? Батыр сол жерде біраз аңырып тұрды да, жолаушының ізіне түсті. Оның жай адам емес, алып күш иесі екенін түсінді. Ойы - оның ауылына дейін барып, кім екеніне қанығып қайту.

Екеуі қанша жер жүргенін кім білсін. Жолаушы ат басын үлкен ауылдың ақбоз үйіне тірегенде, оны төрт әйел аттан түсіріп алады. Біраздан кейін осы жерге жеткен Аманжолға да сондай құрмет көрсетіледі. Бірақ жолаушы ақбоз үйге, ал Аманжол басқа бір оңаша үйге еңгізілді.

Қонақүйде ауқаттанып алған Аманжол кешке қарай сыртқа шығып, өрістен қайтып жатқан малдың көптігіне таң қалды. Мыңды айдаған бай ауыл екен. Ал Аманжолды көбірек таңдандырған жәйіт қой бағып келген келіншек болады. Өңі ажарлы, сымбатты. Жасы отыз бен қырықтың арасында тәрізді. Қолында таяқ. Арқасында адамның бас сүйегі таңулы тұр. Бұл не ғажап?



Ымырт жабылып қас қарайды. Ауылға келгеннен бері ешкіммен тілдеспей қойғанына іштей назаланып отырған Аманжол ақбоз үйге шақырылды.

Он екі қанатты ақбоз үйдің төрінде ауылдың бірнеше ақсақалы отыр. Аманжолға да төрден орын берілді. Бұл үйде таңырқарлық көрініс бар екен. Үйдің бір бүйірінде жатқан тазының астына жұмсақ бөстек төселген. Қарғы бауы алтын ба, күміс пе, әйтеуір жарқ-жұрқ етеді. Бұнда не сыр бар?

Үй иесі барып қайтқан сапарын әңгімелеп, ақсақалдар ауылдың жаңалығын айтып жатты. Бір мезетте үй иесі Аманжолға қарады.

Ал қонағым, сөйле! Ауылға тегін келген жоқ шығарсың. Кімсің? Қайдансың? Уәжің не? Қуып жетіп сойылдағандай, менің жазығым не? Бәрін баянда.

Ақсақалдар да Аманжолға қарасады. Кінә менен, - деп бастады сөзін Аманжол, - менде өз елімде батырсынып жүретін едім. Біздің ауылды басып өткен адам маған сәлем бермей өтпейтін. Бұл әбден қалыптасқан дәстүр іспетті еді. Намаз оқып тұрған мені көре тұра менсінбегендей қасымнан өте шыққан адамға ашуланып, соңынан қуып жетіп сойыл сілтегенім әбестік.

Енді осы отағасының, - ол үй иесін нұсқады, - ерен батыр екендігіне көзім жетті де соңынан еріп келіп таныссам, әбестігімді мойындап, кешірім сұрасам деп едім. Енді өзімді таныстырайын.


  • Өзіңізді айтпай-ақ қойыңыз! - деді отағасы. Сізді біз сырттай жақсы білеміз. Басқа уэжіңіз болса...

  • Басқадай екі сауалым бар. Екі көрініске таңырқап отырмын, - деді батыр. Әуелі бостектің үстінде жатқан итке көз тастап - иттің аты ит қой. Бүған осыншама неге құрмет көрсетіледі? Екінші сауалым, осыған қарама қайшы. Адамның аты адам ғой, қой бағып жүрген келіншектің арқасына қу бас таңып масқаралағандай, кінәсі не? Осы екі көріністің де астарында бір құпия сыр жатқан сияқты. Әйтпесе, ит неге адамнан қадірлі? Адам неліктен иттен қадірсіз?

Аманжолды отағасының мейлінше байсалдылығы, сөзге сараңдығы таң қалдырды. Жол бойы бірне-ше күн соңынан ергенде, бір сэт тіл қатайын деген сыңай аңғартпады. Ауылына келгеннен кейін де тіл қатпай, оңаша үйге жайғастырды. Енді міне, қойған екі сауалға да жауап қатпай, естімеген адамша жайымен отыр.

Әңгіме басқа тақырыптарға ауысты. Ет желінді, шай ішілді. Ауыл қарттары тарауға айналағанда ғана отағасы манағы әңгімеге оралды.

- Бұл бір ашылмай жүрген сыр еді, - деді Аманжолға бетін бұрып, - сен де бір елдің ері, қадірлі қонағымсың ғой... Айтайын...

- Бұл осыдан он бес шақты жыл бұрын болған оқиға еді. Менің жаңада үйленген кезім болатын.



Бірде тау кезіп аң аулап бірнеше күннен кейін ауылыма оралсам, ауылды жау шауып, малды айдап кетіпті. Менің сұлу келіншегімді де ала кеткен...

Ауылдастардың айтуынша, жау бес - алты-ақ адам. Ішінде еңгезердей бір батыры бар. Менің де батыр атағым жайыла бастаған. Қасыма мен де бес - алты жігітті іріктеп алып, шапқыншыларды қуа жөнелдім.

Атым жүйрік. Жау тобына бұрынырақ жетіп айғай салдым: «Жекпе - жек! Жекпе - жек!» Менің айғайымды естіп қалмақтың батыры қарсы шықты. Қасында менің келіншегім. Қалмақтың батыры аттан түсті. Мен де түстім. Екеуіміздің қолымызда қанжар. Айқаса кеттік. Ол күшіне сенсе керек. Мен де бола қоймадым. Алысымыз созылды. Қызығымызға келіншегім міз бақпай, қарап тұр.

Байқаймын, менен гөрі қалмақтың жеңгенін қалайтын тәрізді. Мені еңсерген кезде күлімсіреп, қалмақ деңделген кезде үрейлене қалғандығын аңғардым. Қалмақтың күші басымдау сияқты. Еңсеріп әкетіп барады. Осы кезде соңымнан келе жатқан құмайым да жетті - ау. Ол әйелімнің, иттің атын атап өзіне шақырғанына қарамастан, қалмақтың артқы жағынан келіп жанды жерін шайнап жіберді. Сол - ақ екен қалмақ өкіріп барып кұлады. Қалмақтың жеңілгеніне әйелімнің ренжігені де байқалып қалды.

Әйелім опасыздығын көрсетті. Ал итім мені ажалдан арашалап алды. Содан бері итімді астына бөстек төсеп құрметтеймін. Ал әйелімді арқасына қу бас арқалатып мал баққызудамын. Ол қу бас - деп аяқтады сөзін отағасы, - баяғы қалмақ батырының басы...

Бір күні таңертең жылқышылардың бірі келіп отағасына өткен түнде көл жағасында топ қасқыр бір байталды жеп кеткенін хабарлады. Жылқышылар көрген екен. Қасқырлардың ішінде кіші-гірім тайыншадай бір арланы бар.

Отағасы екі ат ерттетіп әкелдірді. Аманжолға қарап, - бүгін қасқырға шығатын болдық, - деді, - құмайдың өнерін көресің. Сол бір топ қасқырды түгел алмай тоқтамайды. Бір бірлеп жайратып тастап кетіп отырады. Қасқырдың да сырттаны болады. Онымен бірден алыса кетпей, андысып жатып алуы мүмкін. Ондай-да ит жағынан емес, қасқыр жағынан барғаның жөн. Қасқыр саған жалт қарағанда, ит бас салады.

Бұл жолы иттің соңынан сен жүріп отырасың. Ал мен өлген қасқырларды жинастырып, соңынан жетермін.

Топ қасқыр семіз байталдың жарты етін тауысқан екен. Іздері сайрап жатыр. Ізге түскен құмайдын соңынан екі батыр аттанды. Қасқыр бесеу екен, құмай жайратып кеткен қасқырларды отағасы жинастырып келеді. Аманжол алда. Ең соңғы арлан қасқыр қашпай, итпен андысып жатып алады.

Отағасының айтқаны есінен шығып кетсе керек, Аманжол қасқыр жағынан емес, ит жағынан барып, «айт!» деп айғайлап қалады. Сол кезде Аманжолға жалт караған құмайдың желкесіне сырттан азу басып үлгереді. Құмай жан тапсырады.

Аманжол тағы да ұятқа калды. Өзін құрметтеп отырған, отағасын ажалдан құтқарған, адамнан артық қастерлейтін Құмайынан айырды.

Отағасы бірақ бұған да ренжімепті, кұмайды сойдырып, ішіне шөп тығындап, терісін қайта тіктіріп қояды.


  • Бұл тап осы сияқты құмайды таңдап алу үшін керек, - дейді. Осы кұмай кебіне тайсалмай бас салған күшіктен өнер шығады. Жай ит бұған беттей алмайды.

  • Олай болса, бұл итті маған беріңіз. Мен ауыл - ауылды аралап көрсетіп, бәлкім, тауып әкелермін. Бұл сапардан Аманжол бірнеше айдан кейін оралды. Қай ауылға барса да иттер құмай кебіне жақындай бере, қайта қашады. Тек бір ауылға ғана келгенде кепті көрген күшік дереу бас салып, парша парша-сын шығарады.

Сол күшікті Аманжол сатып алады.

  • Иә, бұл нағыз құмай тұқымы екен! - деп қуанады отағасы оны көргенде. Енді бірнеше ай осында болып осы күшіктің қасқыр алғанының куәсі болыңыз. Айтқанындай осы күшік қасқыр мен түлкі көрсе қоймайтын алғыр құмайға айналып, екі батырдың кұмарын қандырады. Үйіне қайтарда Аманжолға отағасы ризалығын білдіріп, өзінен не қалайтьшъш сұрайды.

  • Менің де өзімдікі өзіме жеткілікті - дейді ол досына, менің сізден жалғыз - ак қалауым бар, оны тек алдын ала «беремін» деген сөзіңізді естісем ғана айтамын.

  • Бердім! - дейді досы сөзін нықтап, - кісі жанын сұрамассың! Айт қалауыңды? - Айтсам... Құдайдыңда кешірмейтін күнәсі жоқ дейді. Анау әйел бір кездегі некелі жарың еді ғой. Соның кінәсін кешіріп, азаптан құтқарсаң. Ол да Алланың пендесі ғой.

Отағасы қиналады. Бірақ ол екі сөйлейтін адам емес. Біраз ойланып отырып шешімге келеді. «Ауылымның ақсақалдарымен ақылдасайын!»

Ақсақалдар Аманжолдың өтінішін құптайды. Олар да батырға «бәйбішеңді азаптан құтқар» деуге бата алмай жүрсе керек.



Осы кезде бұл әңгімені тыңдап отырған жас жігіт, өкіріп жылап келіп отағасын құшақтай береді.

- Әкежан мен де анамды кешір деп айтуға бата алмай жүр едім. Енді екі дүниеде ризамын!

Бұл бала отағасының алғаш эйелінен туған тұңғышы екен.

Осы оқиғаға байланысты ауылда той өткізіліп, риза болған ауыл жігіттері Аманжолды бір күншілік жерге дейін шығарып салыпты. [20, б.77-84]


4 ХХ ғасыр батырлары
Иван Васильевич Бабин
Иван Васильевич Бабин 1899 жылы Павлодар облысы Үрілтүб ауданы Железинка селосында кедей шаруа отбасында туған.

Соғысқа дейін туған жері «Железинский» колхозында жұмыс істеп, егіс бригадасының бригадирі болды. Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың маусым айының аяғында Үрілтүб ауданының әскери коммисариаты шақырды. Батыр 1944 жылы 13 қыркүйекте Польшаны азат етуде қайтыс болды.

Совет қимылдары поляктардың аумағына 1944 жылдың шілдесінде көшеді. ССРО сыртқы істер халық комиссариаты совет әскерлерінің басты мақсаты поляк халқын фашист басқыншыларынан құтқарып, көмек көрсету және тәуелсіз демократиялық Польшаны қалпына келтіру екенің мәлімдеді.

Бірінші Белоруссия майданының әскерлері Батыс Бугтан өтіп, поляктардың жерімен батысқа жылдам жылжып шілденің айында Висло өзеніне жетіп, поляктардың астанасы Варшаваға жақындады. Лондонда эмиграцияда жүрген поляк басшысы өзінің саяси мақсатына қол жеткізу үшін қолдауды қажет етті. Көтеріліс тоқтап қалды. Гитлершілер Варшаваны талқандап, ал оның мындаған тұрғындары саяси меңмендіктің бақытсыз құрбандарына айналды.

1-ші Белоруссия майданымен бірге 1-ші Украина майданы Батыс Бугтан өтіп, 17 шілдеде Польшаның аумағына кірді.

Польшаның жеріндегі ұрыстарға көптеген павлодарлықтар қатысты. Железинка селосының тұрғыны атты әскерлер бөлімшесінің командирі, кіші сержант Иван Бабин 1944 жылдың 13 қыркүйегінде поляктың Конты деревнясы маңында болған қатты ұрыстардан кейін полктің 1-ші эскадроны кейін серпілді. 3-ші эскадронға бұл жағдайды қалпына келтіру бұйрық етілді. Шабуыл басталған кезде Бабин жауынгерлік саптың алдында болып, өз үлгісімен жауынгерлерді жігерлендіріп отырды. Жойқын ұрыс өз жалғасын тауып, И.Бабин автоматымен және жекпе-жек күресте жаудың 17 сарбазын, 2 офицерін мерт қылады. Жау жағы қайсар кавалеристердің езгісіне шыдамай тылдағы орынға ауысады. Фашистерге бекінуге мүмкіндік бермес үшін оның жауынгер жолдастары іздерінен өкшелеуге кірісті. Бірақ бұл уақытта дзоттан жау пулеметі қылт етіп, эскадронның бірінші байқаған Иван Васильевичтің жылжуына кедергі жасады. Өз жауынгерлерінің көзінше «Отан үшін жолдастар алға!» деп ұран тастаған ол жау дзотының амбразурасын кеудесімен жауып Матросовтың ерлігін қайталады.

1944 жылы 13 қыркүйекте Польшаны азат ету үшін болған ұрыстарды ерлікпен қаза тапты. Александр Матросывтың ерекше ерлігін қайталаған біздің жерлесіміз үкіметтің ең жоғары наградасына ие болды.

Қайтыс болғаннан кейін 1945 жылдың 10 сәуірінде Иван Васильевич Бабинге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Туған жерінде батырға бюст орнатылып, көшелердің біріне оның есімі берілген. [26, б. 87-88; 27, б. 17-19]



Алексей Федорович Горобец
Алексей Федорович Горобец 1922 жылы 9 наурызда Ертіс ауданы, Корниловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты Украин. 1959 жылдан КПСС мүшесі. Білімі орта. 1941 жылы Ширяеев аудандық военкаматымен Одесса облысынан шақырылады.

Ұлы Отан Соғысы майданында 1942 жылы ақпан айында Полтав облысы, Кременчуг ауданы, Клеберда ауылы тұсында комсомол, 139 рота бөлімшесінің аға радисі А.Ф. Горобец кешкілік 1943 жылы 29 қыркүйекте жау оғының астында Днепрден өтіп, рацияны бұрып абонементтермен байланыс орнатады. Келесі күні дене жарақатын алып, радиостанцияға зақым келеді. Бастығымен бірге радиостанцияны жөндеп, жараланғанына қарамастан байланысты орнатады.

Кеңес Одағы Батыр атағын 20.12.1943 жылы беріледі. 1947 жылы Киев әскери байланыс училищесін аяқтайды. Ленин орденімен және көптеген медальдарымен марапатталған.

1961 жылы 16-ші шілдеде майор Горобец қызметтік міндеттерін атқару барысында ажалынан бұрын дүниеден өтті. [28, б.5, 29, б.356]


Андрей Николаевич Елгин
1898 ж. 4-қыркүйекте Максим-Горький ауданының Качиры ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. КОКП орыс мүшесі. Азамат соғысына қатысушы. 1929 ж. колхоз ұйымдастыруға қатысушылардың бірі. Соғыстың алғашқы жылдарында колхоз төрағасының орынбасарлық қызметін атқарады. Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың 29 қыркүйегінде шақырылады.

Қиын-қыстау әскери соғыс жолын аға сержант Андрей Николаевич Елгин Минск полкінің 88-ші Витебск Қызылту ордені, Суворов дивизиясы атындағы автоматшыларының 611-ші атқыштар ротасының бөлімше командирі болады.

1943 жылғы суық қараша ұрыстарында Андрей Елгин өзге жауынгерлерге үлгі ретінде жауға ерлікпен қарсы тұрады. Бірінші болып жау траншеясына аяқ басып, 8 қарсыласты мерт қылады. Мерген ретінде ол 37 гитлерліктің көзін жояды. Бас командование болса батырдың ұстамдылығына және қайтпас қайсарлығына қарап сеніп, аға сержант А.Н. Елгинге әскери бөлімшелік - жауынгер полктің туын тапсырады.

1944 жылдың 22 қазанында біздің 88 атқыштар дивизиясы Шығыс Пруссияның Голдап қаласын иеленеді. 11 күн бойы табанды күрес, тақалы тірес жүреді. 3 қарашада гитлерліктер қаланы қайтарып алуға әрекет жасайды. Оларға біздің жауынгерлеріміздің кейін шегінетін жолын кесіп, қоршауға алуға мүмкіндік туады. 4 қарашада түн мезгілінде полк штабынан қоршауды бұзып өтуге бұйрық келіп түседі.

Қайсар ту ұстаушы жау пулеметіне «Ура!» - деп қарсы қол бастайды. Көп кешікпей жау пулеметшілері талқандалып, бірақ Андрей Николаевич қатты жарақат алады. Қан аққанына қарамай өз жауынгерлерінің бағытына қарай еңбектеп жылжи берді. Неміс солдаттарының бір тобы оны тұтқынға алмақшы болғанымен, бірақ бұл жолы да батыр Елгин соңғы күші қалғанша, теңсіз күшке қарамай жауды жеңіп шығып, фашистерін өлтіреді. Бірақ бұл жолы екінші жарақаты, өлім жарақатын алған еді. Полк туы қанға боялғанымен, кеңес жауынгерінің ерлігі арқасында қорғалып қалды.

КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша 1945 жылдың 20 наурызынан Андрей Николаевич Елгинге өмірден өткен соң Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Качиры ауылының орталығында Батырға арналған ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар Қашырда батыр есіміне орта мектеп және көше аты берілген. Ол тұрған үйде мемориалды тақта да орнатылды. Оның есімімен қаламызда көше атауы беріліп (1965), Женіс көшесінде (1975) бюст орнатылды. [30, б.247-248, 31, б.37-38]
Сергей Алексеевич Елистратов
1923 жылы Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы Кіші Владимировка ауылында (1959 жылдан Семей облысы) шаруа отбасында дүниеге келді. КОКП орыс мүшесі. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылып, кіші командирлер мектебінен дайындық курысын өткеннен кейін майдан даласына аттанады. Сталинград, Орталық, 2-ші Украин майданындағы ұрыстарға қатысқан.

Кеңес әскерилерінің соққысынан фашистер Днепрге қарай шегінеді. Суы мол Днепр өзенің жау жағы үлкен қорған болады деп есептеді.

1943 жылдың қазан айының ортасына қарай кескілескен ұрыста жаудың соңғы ошақтарын құртып, Қызылтулы Кеңес атқыштар дивизиясының 69-полкі Днепрге шығады.

20-шы барлау ротасының бөлімше командирі сержант Елистратов барлаушылар тобымен бірге Чернигов облысы, Радуль селосы манында Днепр өзенінен өтіп, жаудың қорғаныс шебін анықтап және дивизияның десанттар отрядын қондыруға плацдарм дайындау үшін арнайы әскери тапсырма алады.

Барлау тобы қайыққа отырып, оқ астында жағаның келесі жағына жүзіп өтеді. Фашистер болса бірнеше қабат қарсы шабуылға шығып, барлаушыларды тірідей ұстауды көздейді. Сәтті уақытты пайдаланған барлаушылар, бар қарқындарымен жау окопына басып кіреді. Азғантай плацдармды алғаннан кейін, біздің жауынгерлеріміздің ерліктері мен тапқырлықтары арқасында десант отрядтарын түсіруге мүмкіндік алынды.

Бұл соғыста Елистратов немістердің біздің өткелімізге бағыттап, бұрқыратып оқ жаудырған жау дзотын гранатамен жойып жібереді. Өз тобымен бірге бір күн ішінде бірнеше жаудың контратакасын қайтарып, жау офицерін құнды қағаздарымен бірге тұтқынға түсіреді.

1943 жылдың 30 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша С.А. Елистратовқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

1945 С.А. Елистратов соғыстың соңғы айларында Ленинград артиллерия училищесін аяқтады. 1947 жылы Ленинградта қызметтік міндеткерліктерін орындау барысында қайғылы уақиғамен дүниеден өтті. [32, б.251, 33, б.5]


Қанаш Камзин
Қанаш Камзин 1919 жылы 29 қарашада қазіргі Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында дүниеге келген. Әкес-шешесінен ерте айырылған ол үлкен ағасының қамқорлығында өседі, отбасында бұл үшінші баласы еді. Көп ұзамай ағасы Қанышты Павлодар қаласындағы қазақ балалар коммунасына орналастырады. 1936 жылы үздік оқушы ретінде жұмысшы факультетіне жіберіледі, оны бітірген соң ауылға жолдаманың орнына әскери комиссариаттан шақыру қағазы қолына тиеді.

Соғыс басталған күні Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Лейтенант Қанаш Камзин 52-ші атқыштар дивизиясының 429-шы атқыштар полкіның 3-ротасында қанша майдан жолдарынан өтіп, 1944 жылы 13 сәуірде Молдаваның Тирасполь ауданы Бычек селосының маңында Днестр жағасына жетеді. Полктың алдынғы шебінде келе жатқан ротаға Днестрден өту, арғы жағындағы плацдарм жасау бұйырылды. 13 сәуірде жаудың артиллерия мен минометтен атқылауы астында көктемде кемерінен шыққан днестрді кешіп өтіп, дұшпанның алғы шебіне рота басып кіреді.

Молдава жаудан толық азат етіліп, Днестрден әрі Румыния болатын. Гкра-Букули үшін ұрыста 18 сарбаз бен офицер Кеңес Одағының Батыры атанды. Соның бірі Қанаш Камзин болатын.

Кеңес Одағының батыры Қанаш Камзин мәңгі есте қалды. Молдавада оның есімі қастерлеп еске алынады. Молдаваның азат етілуінің 55 жылдығында Қанаш есімі салтанатты жиында ерекше аталынды.

2 - Украина бағытындағы майданда Жолқұдық ауылының тумасы лейтенант, атқыштар ротасының командирі Қанаш Камзин ерекше ерлігімен көзге түсті. 1944 жылғы 13 қыркүйекте болған кезекті жекпе-жек шайқастардың бірінде ерекше ерлігімен көзге түсті. 1944 жылы 13 қыркүйекте болған кезекті жекпе-жек шайқастардың бірінде лейтенант Қ.Камзин қаза болады. Осы шайқаста көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағы беріледі.

Батыр есімі «Жолқұдық» совхозына берілді. Ақтоғай селосының бір көшесі батыр атымен аталады. Павлодар қаласының батыр атындағы көшеде үлкен ескерткіш Қанаш Камзинге арналған. 1966 жылы Жолқұдық ауылындағы мектепке Қанаш есімі берілді. [30, б.335-336, 34, б.161, 35, б.8]


Михаил Михайлович Катаев
1903 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Осьмерыжск ауылында дүниеге келеді. Ұлты орыс. Бала күнінде қаражат тапшылығынан бастауыш мектепті аяқтауға ғана мүмкіндігі болды. 1925 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оңтүстік шекарадағы басмачтық бандалардан тазарту үшін кавалериялық әскер құрамында әскери міндетін орындады. 1927 жылы әскер қатарынан келген соң ауылдастары М.М. Катаевты ауылдың төрағасы етіп сайлайды.

ІІ – ші дүние жүзілік соғыстың алдында М.М. Катаев Павлодардың денсаулық сақтау бөлімінде бугалтерлік қызмет атқарады. Майданға 1941 жылдан аттанады.

Москва түбіндегі шайқаста М.М. Катаевтың майдандық өміріндегі батырлық, ерлік жолдарының бастамасы болды. Көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Жаудың тірескен қарсылығын тойтара отырып, 1943 жылдың қыркүйек айының соңына таман, Днепрге жақындап келген 7-ші гвардиялық кавалериялық корпустың, 7-ші гвардиялық танкіге қарсы атқыштар дивизиясының нысанашысы сержант Катаев ұрысқа қатысты. Қыркүйектің 26-нан 27-не қараған түнде, танкіге қарсы өзі құрап қолдан істеген қайықпен үш мәрте есепке алып, қалын пулемет оғының астында Днепрдің батыс жағалауына өтуге талпыныс жасады. Өзеннің ортасына келгенде қайығы оқ астында қалды. Қайсар жауынгер көп абыржымай өз жауынгерлерін бастап суға ұмтылды. Жағаға бірінші болып жеткен гвардия старшинашысы күші басым жауға қарсы ұмтылады. Түнгі уақытты жамыла М. Катаев бір топ жауынгерлерімен жау траншеясына жақындайды. М.Катаевтің қолынан осы тұста жаудың 8 сарбазы мерт болады. Отанына деген сүйіспеншілігі, Днепрден өтуде сәтті қадамдарға жол бастады.

Көрсеткен ерлігі үшін 1944 жылғы 15 қаңтарда СССР Жоғарғы Кеңес Одағы Президиумының жарлығына сәйкес Михаил Михайлович Катаевқа Совет Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылдың қаңтар айында біздің әскерилер Белоруссияның оңтүстік-шығысын азат ету үшін күресті. 26 қаңтарда 7-ші гвардиялық кавалериялық корпустың бір бөлігі жаудың қарсы күшін тойтара отырып, Мозырь қаласына бас ұрды. Қала көшелерінде қатты ұрыстар жүріп жатыр. Кеңес әскерилерінің соққысы арқасында жау жағы ақырындап қаладан шыға бастады. Қала көшелерінің бірімен шегініп бара жатқан танктерге М.Катаев өз сарбаздарына танкілердің алдың орауға бұйрық береді. Ал өзі қос гранатаны бірінен соң бірін алдынғы танкіге атқылай бастайды. Бірақ танк алдыға жылжуын тоқтатпаған тұста, Кеңес Одағының Батыры қалған гранатасымен танк астына жүгіреді. Жанған танктің артынан бірнеше танктер де кептетіліп, біздің әскерилердің оғына ұшырайды. Батыр сол жерде қаза тапқанымен, оның есімі мәңгілікке сақталған еді.

Қазіргі таңда Мозырь көшелерінің бірі Батыр есімімен аталады. Қала орталығында Батырдың суретімен және көрсеткен ерлігі жөнінде тақта орнатылған. [36, б.19, 37, б.4]

Александр Спиридонович Квитков
Александр Спиридонович Квитков 1922 жылы Павлодар облысы Үрілтүп (қазір Железинка) ауданында Железинка селосында жұмысшы отбасында туған. Орта мектепті аяқтаған соң Кайманачихинск совхозында, кейін Үрілтүп аудандық партия комитетінде жұмыс істеді.

1941 жылы наурыз айында армия қатарына шақырылады. 77-ші гвардияшылар дивизиясының, 218-ші гвардия атқыштар полкінің, 5-ші ротаның бөлімше командирі, гвардия аға сержанты Александр Квитков жүздеген шақырым майдан жолынан өтті.

Соғыстан кейін де Кеңес Армиясының құрамында қалды. Әскери училищені бітірген соң, кейін В.И. Ленин атындағы әскери-политехникалық академиясында өз білімін келешек жас жауынгерлерге беруін жалғастырған еді.

А.Квитковтың алғашқы наградасы «Ерлік үшін» медалін Украинаның Киреевка селосы түбінде жау күшіне барлау жасап, онда ерлік және батылдық көрсеткені үшін алды. Бұл жерде басым күші бар гитлерліктер дзоттар орнатып, траншеялар жыртып, қару-жарақ қоймаларын орналастырған еді. Жаудың қару-жарақ нысаналары да Киреевкаға қарай бағытталған еді. Квитков басқарған жауынгерлер түнгі мезгілде жасырын түрде жаудың қорғаныс шебіне барып, барлық оқ жаудыратын орындарын картаға түсіріп өз бөлімшелеріне қайтып оралады. Біздің барлаушыларымыздың белгілеген нақты нысаналары артиллеристерімізге гитлерліктердің қару орналасқан жерлерін жаусатып, қорғаныстарын бұзуға мүмкіндік берді.

Шегінген жаудың ізіне түскен 77-ші гвардия атқыштар дивизиясы Черниговкаға қарай жақындай түсті. Қала маңында кескілескен ұрыс етек алды. Квитков бөлімшесі қатардағылардан бұрын қала ішіне кіреді. Бірақ қираған үйдің бірінін ішінен олардың үстінен бұршақтай оқтың астына алады. Жау пулеметінен атқылаған оқ тоқтаусыз еді. Бірнеше солдаттарынан айырылып қалып, екі солдатымен Квитков сол үйдің ішіне қарай бас ұрады. Жасырын түрде үй шатырына шыққан олар, пулеметтің үнін өшіріп, екі фашисін мерт қылады. Қалғандары тым-тырақай қашқан болатын. Көше жаудан тазартылып, А.С. Квитков екінші мәрте – Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталынды.

Чернигов қаласын тазартқан дивизия ендігі кезекте Днепрге шығады. 1943 жылдың 26-нан 27-не қараған түнде бөлімше командирі Квитков десант қайығымен үздіксіз атқылаған жау оғының астына қарамастан өзеннің арғы бетіне ұмтылады. Оң жақ жағалауға тақағанда снаряд соққысынан қайық аударылып түсті. Кеңірдегіне дейің суық суда қалған Квитков пен оның сарбаздары жағаға шығып, жау траншеясына алғашқылардың бірі болып жақындайды.

Адам санының аздығын ескерген сарбаздарымыз қисынды бағытта оқ жаудыра бастайды. Кеңес әскерилерінің саны артық деп абыржыған олар, ақырындап шегіне бастайды. Іздеріне түскен жауынгерлеріміздің ішінен Квитков окопқа біріші болып кіріп, фашистермен жекпе-жек айқасқа түседі. Бірақ көп ұзамай жау жағы алданғандарын түсініп, қайтадан жоғалтқан бағыттарын қайтаруға ұмтылады. Осы сәтте Квитков бөлімшесі үш мәрте жаудың қайта шабуылын кері қайтарып, біздің полкімізге жағадан өтуге мүмкіндік жасады.

Днепрді жаудан тазартуда көрсеткен ерлігі үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1944 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен Александр Спиридонович Квитковқа Совет Одағының Батыры атағын береді. [30, б.357-358, 38, б.3]


Иван Илларинович Кривенко
Иван Кривенко 1925 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданы Марковка селосында кедей шаруа отбасында туған. 1928 жылы ата-анасымен бірге Горький ауданы, Октябрь совхозына көшіп барады. 1938 жылы 6 сыныпты аяқтап, И. Кривенко трактористер курысына түседі.

Ұлы Отан Соғысына дейін МТС-те трактор жүргізушісі болды. 1942 жылғы көктемде әскер қатарына шақырылып, майданда 50-ші гвардия танк полкінің құрамында соғыс аяқталғанға дейін қызмет етті.

Иван Кривенко механик жүргізуші болған танк экипажы жауға қарсы шайқастарда шеберлік көрсетіп, ерліктерімен көзге түсті. Сондықтан да командование оған барлау жұмысын жиі тапсырып отырды. Бір уақытта советтік үш танкі жаудын тылына баса көктеп кіреді. Орманнан шыққаннан танкистер жол бойында жылжып бара жатқан шанды көреді. Осыны көрген танктер жылдамдатып ғажайып құбылысқа қарай жүрдектете берді. Сөйтсе онысы шегініп бара жатқан неміс арбасы мен оны қорғауға алған «пантера» танкісі болып шықты. Танкті бірнеше қабат снарядтің астына алған кеңес жауынгерлері бірнеше минуттан кейін арбасымен бірге жойып жіберді.

Танктеріміз алдыға қарай жылжи берді. Күтпеген жерден олар жау батареясының қарсы бағытталған нысанасына жолықты. Фашистер кеңес танктеріне қарсы қалын оқ жаудырып, екі танкімізді жойып жіберді. Бірақ Кривенко қиын кезеңді сәтті пайдаланып, оқ жаудырған төңіректен сытылып шығып, жаудын артын орап екі танкісін істен шығарады. Ал үшіншісін тұтқындыққа алады.

Көп кешікпей батыр тағы да ұрыс болған жерге жақындап келе жатқан бес гитлерлікті көзі шалады. Олар еніді жақындады деген кезде, танкистер пулеметпен оқ жаудырып төртеуін өлтіріп, бесіншісін тұтқындыққа алады. Осы тұтқынның айтуы бойынша көрші ауылда құрамында 110 адамы бар неміс фашистерінің 3000 поляк тұтқындарын әкетіп бара жатқанын және оларда 4 пулемет пен автомат бар екенін жеткізеді.

Танкистер тез арада ауылға қарай беттей түсті. Завод ауласындағы кірпіш іргеге бекінген немістер пулеметпен қарсы оқ жаудырды. Кривенко мінген көлік болса тез арада іргені бұзып кіріп, немістердің жартысын жойып, жартысын тым-тырақай қылады. Тұтқындықтан босаған поляктардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес еді. Поляктарға қару таратып және керекті мәліметтерді алған Кривенко экипажы өз бөлімшесіне қайтып оралады.

Одер өзеніне өткен бір топ танкистердің ішінде Кривенко да бар еді. Вриценнің солтүстік-батысынан күшті артиллериялық қарсыласты кезіктірді. Немістер біздің бес танкімізді жағып жібергенімен, қалған фашист артеллеристерін жоюға кеңес әскерилерінің мүмкіндігі туды. Кривенконың көлігі бұл ұрыста үш жерден жарақат алғанымен, немістің бірнеше пушкасын және үш танкісін жойып жіберді.

И. Кривенко Берлинге алғаш кіргендердің бірі болды. Берлинде оның экипажы дұшпанның 10 зеңбірегін, 30 автомашинасын, көптеген солдаттары мен офицерлерін көзін жойды.

Кеңес үкіметі ер жүрек те батыр танкистің ерлігін жоғары бағалады. 1945 жылы 31 майда Иван Илларинович Кривенкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1994 жылы И.И.Кривенко есіміне қаламыздан көше атауы берілді. [30, 423-424, 39, б.14]
Иван Ильич Корнев
Иван Ильич Корнев 1900 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келеді. Ұлты орыс. 1928 жылдан КПСС мүшесі. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға белсене қатысқандарыдың бірі. Соғысқа дейін “Прииртышская правда” газеті атындағы колхоздың төрағасы. Қызыл армия қатарына 1941 жылдан шақырылады. Қызыл Жұлдыз ордені және “Ленинградты қорғау” медальімен марапатталған.

Висло-Одер операциясымен бір мезгілде Совет әскерлерінің тағы бір аса ірі шабуылдау операциясы басталды.

1945 жылдың 13 қаңтарында 3-ші Белоруссия майданының әскері Кенигсберг бағытында шабуылға шығып, Пилькаллен қаласын алулары керек болды. Таң ата жауынгерлер шабуылдауға шықты. Корнев батальонның штурмалық қатарында болды. Ол жаудың траншеясына бірінші болып түсіп, жекпе-жек күрескендердің бірі болды. Штыкпен жаудың 5 солдатын және бір унтер-офицерін өлтіреді. Қатты ұрыс үстінде біздің рота командирі мерт болады. Бөлімшелеріміз абыржып тұрған сәтте ротаны басқаруды өз қолына алады. Еш қорқыныштан сескенбеген Корнев ротасын үш рет ұрандап бастап, үш рет жаудың контратакасын қайтарады. Корнев басқарған рота қалағы алғашқылардың бірі болып кіріп, көше бойындағы ұрыстарға кірісті.

Қала үйлерінің біріне бекінген неміс автоматшылары біздің бөлімшелерімізге алдыға жылжуына мүмкіндік бермеді. Осы сәтте Корнев бастаған сарбаздар тобы үйге тарпа бас салып гранатаның астына алады. Автоматшылардың көзі жойылады. Жаяу әскерге жол ашылып, Корнев жарақат алса дағы ротасын тастамай ұрысты жалғастыра берді. Бұл ұрыста оның қолынан жаудың 30 солдаты қаза табады.

Ержүрек командирге тиген екінші оқ өлім аузына әкелген тұста ақырындап ұрыста бәсендей түсті.

Бір тәуліктен соң 2-ші Белоруссия майданы Мариенбург бағытында шабуылды бастады. Шабуыл мейілінше қиын жағдайда өтті. Алайда, дұшпанның қуатты бекіністері де жанталаса қарсыласуы да Совет әскерінің қысымына төтеп бере алмады. Қаңтардың аяғында дұшпанның Шығыс Пруссия тобы үшке бөлініп қалды.

Қайтыс болған соң 1945 жылдың 19 сәуірінде Иван Ильич Корневке Совет Одағының Батыры атағы берілді. Павлодар қаласында Батырдың құлпы тасы орнатылған. [40, б.24]
Иван Назарович Кудин
Кудин Иван Назарович 1923 жылы 3 мамырда Днепропетровск облысы, Криворожск ауданы, Новозлатовка шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты украин. 1948 КПСС мүшесі. 1941 ж. 9 класстық мектепті бітіреді. Кеңес Армиясы құрамында 1941 жылдан.

Ұлы Отан Соғысына 1943 жылдан қатысады. 753-ші атқыштар полкінің взвод командование құрамында. 1944 жылы Борисов қаласы үшін күресте (Минск облысы) жау оғының астында тура нысанаға қаруын бағыттап, жаудың оқ жаудыратын үш нүктесінің көзін жояды. Березина өзенінен алғашқылардың қатарында бірінші болып өтеді.

Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 жылдың 24 наурызынан беріледі.

1946 жылдан запаста. 1961 жылы Донецк сауда институтын аяқтайды. Қоғамдық тамақтандыру орталығында жұмыс істейді. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендері және медальдарымен марапатталады. 1972 жылы қайтыс болады. [32, б.356]


Иван Васильевич Кутурга
1924 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Добромысловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты Украин, КОКП–ның мүшесі. Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың қыркүйек айында шақырылған соң Орлов жаяу әскер училищесіне жіберіледі. Оқуын аяқтауға мүмкіндік болмай – 1943 жылдың ақпанында өз курсантарымен бірге Брянск майданына аттанады. Ұрыс даласын Белоруссия және Балтық маңында өткізді. Тильзита, Кенигсберг, Данцига қалаларын алуға қатысады. Барлаушы, артеллерист болып соғысады. Төрт рет жарақат алады.

1945 жылдың басында 682-ші артиллериялық Қызылту полкінің 235-ші Витебск Қызылту Суворов ордені дивизиясының атқыштары қатарында нысанашы кіші сержант Иван Васильевич Кутурга Шығыс Пруссияда жойқын ұрыстарға қатысты. 20 қаңтарда оның батареясы Грос-Фридрихсдорф аймағында, шегініп келе жатқан жаудың ізіне түсіп келе жатып, жаудың жаяу әскер батальоны шамасындағы қорғаныста жатқан тобын кезіктіреді. Кіші Сержант Кутурга тез арада өз қаруын жауға бұрып оқ жаудырады. Бұл ұрыста оның оғынан жаудың 50 солдаты қайтыс болады. Нысанашының ерлігі мен тапқырлығы арқасында атқыштар бөлімінің шабуылын үдетуге көп көмегін тигізді.

Айырылып қалған рубеждерін қайтару мақсатында Лабиау қаласы маңында, 23 қаңтарда фашистер бірнеше қарсы шабуылға көшті. Соның бірі үлкен артиллериялық дайындықтан кейін үлкен жаяу әскер тобымен 10 танкті жібереді. Иван Кутурга нысанасын жауға дәл бағыттап, танктің шынжыр табанынан дәл түсіреді. Танк тоқтап қалып, келесі оқтары танк мұнарасына тиеді. Артынан іле екінші танк Кутурганың қақпанына түседі. Қалған фашист танктері жаяу әскерлерін тастап тым-тырақай қаша бастады.

Кутурганың қайсарлығы жаяу әскер бөлімшелеріне Лабиау қаласын иемденуге мүмкіндік береді.

19 наурыз Куменен ауданы тұсында жау жағы 20 танкіні алдыға алып қысқа мерізімдік дайындықтан кейін қайта шабуылға көшті. Жағдай күрделене түсті. Артиллерист Кутурга жау танкілерінің жақындағанын тосып, әуелі біреуін артынан екіншіснің көзін жояды. Бірақ неміс танкистеріне оның қолындағы қаруды істен шығаруға мүмкіндіктері туды. Осы уақытта Кутурга көрші жатқан қаруға ұмтылып, үшінші танкісін атып түсіріп және көпірді істен шығарады.

1945 жылы сәуірдің 6 мен 9 аралығында 235 атқыштар дивизиясы Кенигсбергке шабуыл жасауға қатысты. Иван Кутурга бұл соғыста 8 станкті пулемет, 1 бронетранспортер және жаудың 20 солдатының көзін жояды. Кірпіш зауыты үшін ұрыс барысында жау жағы екі пулеметті біздің бөлімшелерге қарсы қояды. И.В. Кутурганың есебінің арқасында дәл көзделген оғымен жаудың осы қаруынан басқа, екі автомат пушкасымен 30 шақты солдатын өлтіреді.

Соғыстағы ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша Иван Васильевич Кутургаға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Кейін офицер Иван Васильевич Кутурга Баку қаласында тұрып, әскери кадр болып қызмет жасайды. [30, б.447-448, 41, б.6]


Махмет Қайырбайұлы Қайырбаев
Махмет Қайырбаев 1925 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында туған.

Соғысқа дейін Семияр орта мектебінде мұғалім болып, жоғары білім алуды мақсат еткен. Соғыс басталып, 17 жасында әскери комиссариятқа барды. 1942 жылы тамызда Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 1943 жылы бірден әскери-артиллерия училищесіне оқуға жіберілді.

Ол кісінің өмірі біздің облысымыздың тыныс-тіршілігімен тығыз байланысып жатты. Оның балалық шағы Аршалы жазығындағы Құлмырза тауы етегінде (Май ауданы) өтеді. Ол Қайырбай Мұқатаевтың шаруа отбасында дүниеге келді. Ұжымдастыру барысында оның отбасы туған жерлерін тастауға мәжбүр болады. Мамыртүбек арқылы (қазір Курчатов) Семиярка ауылына өтеді.

Махметтің жас күнінде оның әкесін халық жауы деп қалай ұстағандары бәрі есінде болатын. Ал соғыс басталған уақытта 16 жасар М.Қайырбаев соғысқа баруға өтініш білдіреді. Бірақ ол кезде рұқсат бермей кейін бір жылдан соң артиллериялық училищеге оқуға жібереді. Жауынгерлік жігерді жас лейтенант Калинин, Смоленск, Витебск түбіндегі шайқастардан дарытты. Ал оған бар жоғы 18 жасқа толған уақытта 1943 жылы батарея басшысы бола жүріп, “Ерлік үшін” медалімен марапатталады.

Сол жылдың сәуір айында соғысқа аттанады. Бас командование резервіндегі 17 дербес танкіге қарсы, жойғыш артиллерия бригадасы құрамында әртүрлі майдандарда соғысты.

1944 жылдың 3 шілдесінде 3-Белоруссия майданының әскерлерімен және партизан құрамаларымен бірлесе отырып, фашистік басқыншылардан советтік Белоруссияның астанасы Минскіні азат етті. Бұл кезде 2-ші Белоруссия майданының әскерлері Березинадан өтіп, Минскіге жылжыған. Соның нәтижесінде Минскінің шығыс жағында жау әскерлерінің 18 дивизиядан тұратын үлкен бөлігі қоршауда қалып жойылды. Осы күндері Москва көшелерімен күзетпен неміс армиясының 60-мыңдай солдаттары, офицерлері мен генералдары өткізілді. Олар советтік астананы тұтқын ретінде ғана көре алады.

Совет әскерлерінің Белоруссия мен Прибалтикада шабуылы одан әрі жалғастырылды. 1-ші Прибалтика майданының әскерлері шілдеде жаңа ірі табыстарға қол жеткізді. Олар литвалық Паневежис, Шяуляй қалаларын және ірі Елгава темір жол торабын азат етті.

Шяуляйдың батыс жағындағы ұрыста Бесқарағай ауданының тумасы, жойғыш танкке қарсы артилерия полкі батареясының командирі аға лейтенант Махмет Қайырбаев ерлік жасады. Қоршауда ұрыс жүргізіп жатқан полк батареяларының біріне көмек көрсетуге бұйрық алған аға лейтенант Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен күші басым дұшпанмен айқасқа түсіп, бұйрықты орындайды, сол жолы үш жау танкісі мен бір батальондай гитлершілді жояды. 1945 жылдың 24 наурызында Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевқа Совет Одағының Батыры атағы беріледі.

Соғыстан кейін Батыр, Алтын Жұлдыз кавалері Отанына оралып, қажырлы еңбегіне кіріседі. 1946-57 жылдары Успен және Ермак аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, 1957-68 жылдары Краснакутск аудандық партиясының хатшысы болады. 1968-76 жылдары Павлодар облыстық комитеттің 2-ші хатшысы, 1976-1982 жж. Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. 9 орденмен марапатталған, соның ішінде Ленин ордені (1945), Александр Невский (1945), Еңбек Қызыл Ту ордендері (1957,1966,1971), І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, ордендерімен, Октябрь революциясы және көптеген медальдармен марапатталды. Республиканың Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1994 жылы қаланың бір көшесіне Махмет Қайырбаев есімі берілді. 1997 жылы Данқ аланыңда бюст тұрғызылып, ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. М.Қайырбаев 1945 жылы Ф.Дзержинский атындағы соғыс академия курсын, ал, 1960 жылы Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебін бітірді. [30, 329-330, 42, б.6, 43, б.5]
Иван Григоревич Ледовский
1920 жылы Железинка ауданының Моисеевка ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. Отбасы әкелерінен ертерек айырылғандықтан, оған мектепті тастауға тура келді. Су тасушы, табыншы, бу диірменінде от қыздырушы кейін колхозда тракторис және комбайнер болып қызмет жасайды. 1938 жылы әскер қатарына шақырылды.

Алдымен ол Ленинградта әскер қатарында болып, фин соғысына қатысады. Кейін Брест бағытына жолдама алады. Ол осында фашистердің соққысына ұшырап, екі рет жараланып, тұтқыннан әзер дегенде босап шығады. 1944 ж. 24 маусымда Гомель облысының, Рогачев ауданының Озераны ауылы үшін күресте, 2-ші Белорус майданының 250-ші атқыштар дивизиясы 918-ші атқыштар полкінің пулемет взводының командирі аға лейтенант И.Г.Ледовский айырықша көрінген еді.

Днепрден бірнеше жерден өтіп, 28 маусымда гитлершілер қорғанысының маңызды торабы Могилев қаласын басып алған 2-ші Белоруссия майданы шабуыл қарқынын үдетті. 1-ші Белоруссия майданы әскерлермен бір мезгілде шабуылға шығып, дұшпанның қорғанысын бұзып, Бобруйск маңында бес неміс дивизиясын қоршап алды. 29 маусымда «Бобруйский котел» жойылды. Шабуылды үдете отырып, майдан әскері Друть, Березина өзендердің бойындғы аралық шептерде дұшпанның қарсылығын басып, 2-ші және 3-ші Белоруссия майдандарының әскерлерімен бірге Минскіге беттеді.

1-ші Беларуссия майданында маусымның аяғында Березина өзенінен Железинка ауданы Моисеевка селосының тумасы, аға лейтенант Иван Ледовскийдің взводы өтті. Взводқа дұшпанның күшін барлау тапсырған болатын. Барлаумен шектеліп қоймай, аға лейтенант өз взводымен жаумен шайқасқа түседі. Осы ұрыста 70-тен аса гитлершілер өлтіріліп және тұтқынға алынып, қару-жарақтар қоймасы мен басты паромды қолға түсіреді. Паромның және өткелдің алынуы совет әскерлерінің өзен арқылы жылдамырақ өткізіп, одан әрі шабуылды үдетуге мүмкіндік берді.

1945 жылдың 24 наурызында Иван Григоревич Ледовскийге Совет Одағының Батыры атағы беріледі. И.Г. Ледовский сонымен қатар Ленин орденімен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталды.

1945 жылы әскер қатарынан босап, соғыстан кейін Новокузнецкіде, Талғарда өмір сүрді. Өмірінің соңғы жылдары өзі дүниеден өтіп, жерленген жері Павлодарда өмір сүрді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде оның фотосуреттері, марапаттау қағазы, құжаттары, хаттары және естеліктері сақтаулы. Оның Павлодар қаласында көше атауы беріліп, Жеңіс аланыңда Батыр мүсіні орнатылды (1990). [44, б.7, 45, б.4]
Спартак Иосифович Маковский
1920 жылы Павлодарда коммунист жұмыскер отбасында дүниеге келеді. Украин, КОКП мүшесі. 1936 жылы Запарожье қаласында аяқталмаған орта мектепті аяқтаған соң, Спартак «Запарожсталь» заводына оқушы электрик болып орналасып және сонымен қатар жергілікті аэроклубтың оқуын оқиды. 1937 жылы Спартак Маковский Качино ұщқыштар мектебіне алынып, оны 1939 жылы ойдағыдай тәмамдайды. Ұшқыш Маковский үш жылдан аса Қиыр Шығыста қызмет еткен, ал 1943 жылдың 19 сәуірінен бастап фашист басқыншыларына қарсы шайқасты.

278-итребитель авияция дивизиясының 43 истребитель авиаполкіндегі эскадриля командирі Лейтенант Маковский Белгород ауданындағы майданға 1943 жылдың 19 апрелінде келіп жетті.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Маковский төрт истребительдерден тұратын тобымен бірге Новороссийск ауданында біздің штурмовиктерімізге жолсерік қызметін көрсетеді. Бірақ олар күтпеген жерден «МЕ-109» истребильтелдерінің шабуылына ұшырайды. Лейтанант Маковский болса оларға батыл қарсы шығып, истребительдің біреуін атып түсірген.

Соғыста көрсеткен ерлігі үшін С.И. Маковский І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады.

Маковскийдің келесі бір әуедегі ұрысы бүкіл елге танымал болды. 1943 жылғы 8 май күні эскадриля командирі Маковский басқарған алты «яков» Крымская станциясы ауданында жердегі әскерлерді әуеден қорғап, жауынгерлік тапсырманы атқарып жүрді. Бір кезде бір топ «мессершмитт» көріне кеткені сол-ақ екен, біздің «ястребкилер» оларға тап берді. Әлдеқалай командир қас-қағым уақытқа жалғыз қалды. Ол артына жалт қарағанда, бір «МЕ-109»-дың өз самолетін өкшелеп келіп қалғанын көрді. Маковский тәуекелге бел байлап, самолетін шырқ көбелек айналдырып, жауға қасқая қарсы ұшады… «Ме-109» әуеде тоңқалан асып, төмен құлдилай жөнеледі.

Бұл жөнінде 1944 жылы 4 қаңтарда Кеңес ақпарат бюросы былай деп хабарлайды:

«Аға лейтенант Маковский басқарған біздің ұшқыштар тобы кеше жау аэродромдарының біріне шабуыл жасады. Көздеген мақсатына жетпейінше Кеңес ұшақтары жаудың истребительдерімен кезігеді. Кескілескен әуе ұрысында жаудың 4 ұшағы құлатылады.

Жау аэродромына шабуыл үстінде ұшқыш Кузнецовтың ұшағы зениталық артиллерия оғына ұшырайды, осыдан кейін ол ұшағын жау территориясына қондыруға мәжбүр болады. Бұл жерде Кеңес ұшқыштары өз жолдасын далаға тастаған жоқ. Топ командирі оққа ұшыраған самолеттің қасына қонып, самолетті жағып жіберуге көмектескен соң, Кузнецовты аман-есен аэродромға алып ұшты».

Осындай ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша Спартак Иосифович Маковскийге 1944 жылдың 13 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Спартак Иосифович Маковский 216 рет майдан әуесіне ұшып, 76 рет әуе ұрыстарына қатысып, соның ішінде жалғыз өзі 30 неміс ұшағын және 7-н топ ішінде атып түсіреді.

Соғыс аяқталған соң, С.И. Маковский истребитель авиациясында қызмет атқарады.

1958 жылы подполковник С.И. Маковский ауырған дертіне байланысты запасқа алынып, ары қарай Запарожьеде өмір сүріп, жұмыс істеді. [306, б.9-10, 46, б.135-168]


Максим Иванович Милевский
Максим Милевский 1923 жылы Павлодар облысы, Лозов ауданы (қазір Успенка ауданы), Павловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты украин, КОКП мүшесі. Орта мектепті аяқтаған соң туған селосында еңбекке араласты. 1942 жылы ақпанда Лозов райвоенкоматымен Қызыл Армия қатарына шақырылады. Кіші командирлер мектебін бітірген соң, Сталинград, Оңтүстік, 4-ші Украин, І-ші Балтықмаңы, 3 – ші Беларус майдандарына қатысқан.

1945 жылдың 5 ақпанында күні құлқын сәріде Занд ауданында (Шығыс Пруссия) гитлершілер ұрысқа дайындық жүргізе бастады: зеңбіректерді орнатып, жаяу әскерді жақындатып та қойды. Ал, нақ сол шақта Волноваха атындағы Қызылтулы гвардияшы 3-ші атқыштар дивизиясына қарасты танкіге қарсы арнайы дивизионның зеңбірек командирі гвардияшы сержант Максим Милевскийдің бейтарап аймаққа өз пушкасын түн жамыла алып келіп, жақсылап жасырып қойғанын олар сезген де жоқ. Көп кешікпей фашистер шабуылға шықты. Қатарласа сап түзеп, адымдасып келеді. Олардың минометтері мен артиллериясы түйдектете оқ жаудырды. Міне, жау танктері де көрінді. Біздің жаяу әскерлер шегінуге мәжбүр болды. Танктер мен өздігінен жүретін зеңбіректер жақындап келген сәтте, Милевскийдің зеңбірегі бебеу қатты. Алғаш рет оқ бүркегенде ақ, алда келе жатқан үш танкі мен өздігінен жүретін зеңбіректің тас-талқаны шықты.

Жау күшін қайта топтастырып, екінші рет алғашқысынан да қатты өршелене түсті.

Ақпанның қытымыр аязына қарамастан артиллеристер қызулы-ақ: олар шинельдері мен сырмаларын сыпырып тастап, түйдек-түйдек оқ атуда. Неміс автоматшылары жата-жата қалысты. Сол кезде гвардияшы аға сержант Милевский зеңбіректің жанына нысанашы мен оқ атушыны қалдырып, екі жауынгерді қасына ерітті де, алға шығып гитлершілерге граната лақтыра бастады. Қолда бар гранаттары тез таусылған, ал фашситердің жер бауырлап таяп қалғаны сонша, бір секірсе-ақ тап бергелі тұр. Осыны сезген Милевский окопқа жасырынды да, біз жатқан жерге атыңдар, - деп зеңбірек қасындағыларға белгі берді. Тек осылай етіп қана жауды кейін шегіндірген.

Үркердей ғана совет жауынгерлерін тұтас жаяу әскер күшімен қолға түсіре алмайтынына көзі жеткен жау оларға қарсы өздігінен жүретін екі зеңбірек жіберді. Бұл бронемашиналардың бірі 400-500 метр таяп келген кезде, коммунист Милевский жолдастарына оқ атуға бұйрық берді. Бронды тесетін алғашқы снарядтің өзі-ақ өздігінен жүретін пушканы жойып жіберді, ал зеңбіректің екіншісі кейін бұрылып, тартып отырды. Осы кезде біздің жаяу әскерлеріміз де көмекке жетіп, Милевский зеңбірегінің сүйемелдеуімен шабуылға шықты.

Осылай кеңес артеллерисі мен оның жауынгер жолдастары арқасында жаудың төрт тұтқиыл шабуылын қайтарған олар, көздеген рубежді алып, 60 гитлерліктерін мерт қылады. Біздің өзге атқыштар бөлімдерінің бағытын қалпына келтіріп берді.

КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша аға сержант Максим Иванович Милевскийге 1945 жылдың 19 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Соғыстан кейінгі уақытта Милевский Успенка ауданында өмір сүріп, автобаза директоры болып қызмет атқарды. [30, б.51-52]




жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау