Халқының батыр ұлдары


Аударған - Әлібек Елемесов



жүктеу 0,96 Mb.
бет10/10
Дата09.01.2020
өлшемі0,96 Mb.
#26119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Аударған - Әлібек Елемесов

Қосымша Б

(міндетті)
Ә.Қ. Елемесов

ХVІІІ ғасырда қазақ батырларының қоғамдағы әлеуметтік және саяси орыны мен орта жүз батырларының елшілік қызметтерге қатысуы

Отандық тарихымызда алғаш ғылыми дәлелдерге сүйеніп, қазақ батырларының әлеуметтік табиғатын ашып көрсетуге ат салысқан тарихшы Е.Бекмаханов еді. Ғалым қазақ фольклорын танушы тарихшылар мен әдебиеттшілердің арасында батырлардың әлеуметтік бейнесі жөнінде сұрақтар бойынша ғылымда қайшы көзқарастар орын алғандығын жазады. Тарихи фактілерге қарамастан, барлық қазақтың батырлары еңбекші халықтың мүддесін ғана қорғаушылар қатарына жатқызылып келгенін, батырлардың әлеуметтік табиғаты жөнінде мұндай талқылаулар маркстік-лениндік түсінікпен қоғамдық-тарихи процесте еш бір қатынасы жоқ екендігін айқындап берген. [58, б.63-64]

Қазақ батырлары жөнінде ізденістер баршылық, бірақ оларға жүйелілік, методологиялық бағыт-бағдар жетіспейді, осы мәселені жазған тарихшы К. Есмағанбетов бұның себебін ең алдымен кеңес заманында батырларды «үстем тап» өкілдеріне жатқызған кеңестік идеология мен тарихнаманың салқыны деп тапса, екіншіден өзіміздің ұлттық идеологияны қалыптастырудағы салақтығымыздың салдарынан іздейді. [59, б.65]

Е.Бекмаханов батырлар институтының эволюциясын межелеп көрсетуді міндетіне алмағандығын атай отырып, бұны арнаулы зерттеу тақырып аясына қалдырған. Ғалымның мақсаты – ХІХ ғ. тарихының нақты мысалдарынан батырлардың қоғамдағы әлеуметтік табиғатын ашып көрсету болды. [58, б.63-64] Осыдан кейін кеңес заманында батырлар институтын жеке алып қарастырған арнаулы зерттеулердің болмағандығы көңілге кірбін келтіреді. Қазақ мемлекеттілігін сақтап, еркіндік үшін күресімізде ел қорғаны болған қазақ батырларының асыл қасиеттерін танып білу, насихаттау жұмыстары жүргізілетіні мәлім. Бірақ, батырларымызды белгілі бір реттік методологиялық ізденіс, ғылыми жүйе аясына қамтымай келе жатқанымыз тағы бар.

Қалай айтсақ та, қанша ғасырды басынан өткерген қазақ халқы, батырлар образдарын батырлар жыры, аңыз, дастан, қисса секілді ауыз әдебиеті үлгілерінде ұмыт қылмай сақтап келетінін баршамыз білеміз.

Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-потестарлы топтың шығуымен тығыз байланысты болса, «батыр» терминінің пайда болуы ерте ортағасырлардан бастау алады. Ортағасырларда батырлардың жеке басына тәң ерлік, күш иесі, қаһармандық, ұлтжандылық т.б. қасиеттеріне қарамастан қоғамда жеке белгілі бір әлеуметтік топты қамтымаған. [3, б.64]

Батыр сөзінің түп төркіні қайдан шыққан? Осы термин түркі тілдерінен кірген кірме сөз ретінде түркі халықтарында «батор», «бахадүр», «багадүр» секілді әр түрлі формада айтады. Халық батырлары көршілес башқұрт, алтай, қырғыз және монғол халықтарында «батыр» атауымен болғаны белгілі, бұл түп тамыры түркі-моңғолдық атау. Қазақ халқында батырлар институты шынайы, айырықша белгілерімен көрінді. Қазақстан территориясындағы тайпалар көшпеліліктің классикалық үлгісін құрап, Европа мен Азияның арасында транзиттік жағдайды иеленген. Бұл территориялар арқылы әр кезеңде Шығыстан Батысқа немесе керсінше миграция толқындары жүріп отырған. Төрт құбыладан бірдей жау қыспаққа алған уақытта, сыртқы күштерге қарсы төтеп беруде әскери ұйымдастыру мен халықтың бойындағы жауынгерлік қасиеттердің ерекше маңызы болды. Батырлар бостан-бос қазақ эпостарының аңызына айналмағаны белгілі. Славян халықтарына «батыр» термині XIV ғасырда п. б. Мысалы, Шығыс славян халықтарында әуелде «батыр» термині - «батыл» (орыс. храбр) сөзімен алмасып «жүректілік» мағынасын берсе, енді XIV ғасырда - батыр, богадур, ақыр аяғы богатырь сөздерімен алмасады. XVI ғасырдың белгілі неміс саяхатшысы, Москвада болған елші Сигизмунд Герберштейн «батыр» титулын батыл, ержүрек жауынгердің символы ретінде алғаш орыстардан жазып алуы біршама мәліметті анықтай түседі. [60, б.45]

Көрнекті ғалым Ш. Уәлиханов: «Батыр ұрыста әрқашан топтың алдында болуы керек, жолбарыс секілді ержүрек, арыстан секілді күшті болуы қажет. Мұндай батырды көбінесе Үлкен ордада (Ұлы жүз): «Жолбарыс жүректі және арыстан қолды батыр» деп атайды. Кейін келе батыр ұғымы кеңейе түсіп, ру арасындағы күресте, барымтада т.б. көзге түскендерді де атай бастады. Мысалға, С.Трубиннің мәліметінше қазақтар барымтада түсірген олжалары үшін «құрметті батыр атауына» лайық деп жазады. [58, 64 б.]

Қазақ халқының арасында батырлық жоңғарларға қарсы күреске дейін, кен таралғаны түсінікті. Жоңғар шапқыншылығы тұсында Жоңғар мемлекеті қазақ даласына көп уақытқа созылған басқыншылық әрекеттері халықтың жағдайын тым ауырлатып жібереді. Тәуке ханның бастамасымен 1710 жылы Қарақұмда бүкіл қазақ ордасын жоңғарларға халықтық жасақ құрып қарсы тұру үшін құрылтайға шақырады. Бұл құрылтай бұдан ертерек өткізілу керек болатын, алайда дәл осы кезде жоңғарлардың кезекті шабуылы тағы да өрістей түсті. Қазақ ордасының тарихында алғаш рет ұлыс тағдыры ханға емес, сұлтанға емес, Кіші жүздің табын руынан шыққан қара қылыш батыры Бөкенбайға тапсырылады. [61, б.91]

Жоңғарлармен көпжылдық соғыс барысында, әсіресе ұзаққа созылған 1723-1730 жж. қантөгіс соғыстардың өзі соғысқа барлық күштерді жұмылдыруға әрекет етсе, тарихи кезеннің өзі үлкен батылдық пен ерлікті қажетсінген еді. Барлық жүздерде, тайпалар мен руларда әскери істі кәсіпке айналдыруға ұмтылатын көптеген адамдар тобы ұйымдасады. Бұл топ бір ғана батырлар емес – тұтастай әскери көсемдер мен кәсіби жауынгерлердің сословиесіне айналады. Сондықтан да өз заманының тарихынан қарымды қалам тартқан Ш.Уәлиханов қазақтардың жоңғарлармен қарсы күрес жылдарын «серілер заманы» деп атауы тегін емес.

Егер, басылым беттерінен батырлар жөнінде қарап отырсаңыз көбінесе жоңғарларға қарсы күресте XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы батырларды көптеп кездестіреміз. Осы кезең батырлар институтының гүлденген кезеңі болса, кейін бұл әлеуметтік топ өз маңызын жоғалта бастайды. XIX ғ. І жартысы Кенесарының қозғалысы тұсында батырлар рухының соңғы бейнелерінің байқалу себебі неде? Қорғаныс саласын Ресей империясының мемлекеттік институттары қолға алғаннан бастап, далалық серілер заманы біртіндеп тарих сахынасынан алшақтай береді. [3, б.4]

Патша өкіметі қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік институттарын жоюды, ең алдымен батырлардың көзін құрту жолдарын іздестіруден бастады. Себебі олар елдіктің, қазақ жерінің тәуелсіздігі мен бүтіндігінің жоқшысы еді. Батырлардан құтылу, сол арқылы қазақ халқын жуасытуға, рухсыздандыруға бағытталған әрекет отарлық саясаттың құрамдас бөлігі, басты бағыттарының бірі болған патшалық Ресейдің ресми құжаттарында да кездеседі. 1806 жылы 31 мамырда император І Александр Бөкей ордасы үшін бекіткен «хан кеңесі үшін ережелерінде» «батырлар пайдасы болмасын және күшеймесін» деген нұсқау жазылған. [59, б.65]

Қазақ халқы сыртқы жаулардың езгісіне түскен уақытта, жауға қарсы күресте әскери қолбасшылары бар арнайы халықтық жасақтар құрғаны белгілі. Бұл халықтық жасақтар ішінен айырықша ұрыста көзге түскендерді қазақтар «батырлар» деп атағандығын Е.Бекмаханов жазады. [58, б.64] Ал И.Ерофееваның айтуынша: «Біз көп уақыттардан бері батыр деп жеке басының ерлік, батылдық секілді қасиеттеріне қарап айтып келгенбіз. Бірақ батыл да ержүрек жауынгерлердің көп болғанымен, олардың кейбіріне батыр атағы берілсе, басқа біреулеріне берілмеді. Батыр болу үшін қандай критериелер керек болды? XVIII –XIX ғ. басында қазақтар жөнінде мәліметтер жинақтаған белгісіз бір саяхатшының қолжазбасында батыр атағын тек қана ержүректер ғана емес, с.қ. ұрыс басталарда жауға қарсы үш рет атойлап шыққандарға немесе бірінші болып жауды қылыш немесе найзамен өлтіргендерге де берілгендігін» атап өтеді [60, б.48].

Қазақтың бай-феодалдары ру-аралық тартыстарда, шонжарлар арасындағы төбелестерде көзге түскен адамдарына батыр атағын берген. Батыр атағына халықтың төменгі кедей топтарынан шыққан адамдар да ие болған. Мысалға, Кенесары Қасымұлы көтерілісінде әскери ірі тұлғалармен қатар кедейленген батырлар қатарынан шыққандар: Арғын руынан (Орта жүз) Бұқарбай-батыр (дұрысы Табын руы, Кіші жүз Ә.Е.), Шұбыртпалы руынан (Орта жүз) Ағыбай батыр т.б. болған еді. [58, б.65]

Батырлар алғашқы бетте тайпалар мен рулардың әскери қолбасшылары болғандығын ұмытпауымыз керек. Бірақ кейін, феодалдық қатынастардың туындауына байланысты, әскери қолбасшылардың міндеттері өзгере бастады. Өзінің шыққан тегіне қарамастан, тіпті кедейлер қатарынан болмасын батырлар ақырындап рулық беделдікті қалыптастырып, қоғамдық өмірде ру бетке ұстарларымен тепе-тең орынға ие болды. Батырлардың біртіндеп қоғамдық орнынындағы даму эвалюциясына қатысты мысалдар келтірумізге болады: ХІХ ғ. бірінші жартысында Арғын руының Шеген-батыр-биі мен Тұяқбай руының – ағаманы Есет Көтібарұлы оларға бағынышты рудың көшбасшылары болды. Олар салық жинап, өз руластарынан сот тағайындап, өзге рулармен келіссөздер барысында өз руластарының атынан шығып отырды. Көріп отырғанымыздай батырлардың рулық дәрежеден өтіп, әскери-феодалдық дәрежедегі өкілдерге жеткендігін байқаймыз. [58, б.66,]

Шоқан Уәлихановтың батырлықтың таптық табиғатына берген бағасынан біз батырлардың феодалдық иерархияда көрнекті орын алғанын көреміз.

Бірақ бұдан батырларды әлеуметтік категория ретінде тек соғыстардың арқасында ғана шықты деген қорытынды жасау асығыстық болады. Әскери-феодалдық шендегілердің өкілдері ретінде батырлардың таптық қалыптасуы ең бірінші кезекте қоғамның одан әрі феодалдануымен байланысты.

Осыған қатысты ХІХ ғ. ортасында көптеген бай, сұлтандар батыр титулын иемдене бастауын атап өту қызық болары сөзссіз. Мысалға, Тезек сұлтан Тезек-батыр атанған. А. Голубевтің көрсеткеніндей, Тезек әуелде қарапайым батыр болса, кейін келе аға сұлтан дәрежесіне дейін көтеріледі. Бұл батырлардың қазақ қоғамындағы феодалдық билікте дәрежелерінің көтерілгендігіне куә бола алады.

ХІХ ғ. ұзына бойы, әсіресе екінші жартысында батырлар қазақ қоғамының қоғамдық-экономикалық өмірінде басыбайлы феодалдық биліктің бір түрі ретінде көрнекті орын алған.

Қазақ-жоңғар соғыстарында ұйымдастыру қабілеттерін арттырып қана қоймай, материалдық мүліктік жетістікке жеткенненн соң саяси жағдайға да өз ықпалдарын тигізе бастады. Ертеде старшындар көбінесе билердің арасынан сайланса, XVIII ғасырда қазақ старшындарының жартысына жуығы батырлардан құралғаны белгілі. [60, б.49] Батырлар, күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда хан, би, сұлтандармен бірге немесе өз алдына жеке өзге мемлекеттерге елшілік қызметтерін де атқарды. Қазақ батырларының ішінде елшілік қызметтерге барғандары көптеп кездеседі. Біздің мақсатымыз ХVIII ғасырда солардың ішінде Орта жүз батырларының елшілік қызметпен барғандарын қарастыру.

Қысылтаян кезеңде қазақ халқының ауыр жағдайда жоңғарларға тойтарыс беру үшін Ресей секілді ірі империяға арқа сүйеймін деп опық көріп келгенін қарастыра отырып, артынан бұл мәселелерге қатысты қазақ батырларының саяси-елшілік іс-әрекеттерін қамтып өтеміз. Ойраттың алғашқы елшісі Томскіге 1607 жылы барады. Ойраттың Батыр қонтайшысы билікте болған бастапқы 15 жылда (1635-1650) 17 елші алмасқаны жайлы моңғол елшісі хабарлайды. Бұл қарым-қатынастар жалғаса береді. 1722 жылы І Петр тапсырмасымен капитан И.Унковский жоңғар ханы Цэван Равданмен жолығады. Орыс патшасының сәлемін жеткізеді. Егер Ресей шынымен қазаққа жаны ашып, қазақ халқының мүддесін қорғайтының жеткізетін болса, бір жылдан кейін (1723 ж.) Ц.Рабданның ұлы Шона Доба қазақты шауып, қайғылы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы басталмаған болар еді. Бірақ өйтпеді. Жоңғарлар қазақты шығысынан шауып жатқанда, орыстар «бізге өз еркінмен қосылсан ғана құтқарыласын» деп үгіттеумен, қыспақтаумен болды.

Ресей тарапы Еділ қалмақтарын үнемі қолдап отырды. Қалмақ жасақтары казактармен бірлесіп қазақты батысынан шапты. Сөйтіп, қазақ екі бүйірінен қыспаққа алынды да, Ресей «арашаның» кебін киіп, от көсеп отырды. [5, б.46]

Ер басына күн туған заманда әскери қолбасшылық қызыметімен қатар Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы қазақ қоғамында саяси қайраткер, елші, мәмлегер ретінде көзге түседі. Шақшақ Жәнібетің саяси-елшілік қызметі Е.Қ.Жүсіповтың мақаласында жан-жақты қамтылған: «В.А. Мойсеев пікірінше, Жәнібек даладағы ықпалды адамдардың бірі болған. «Орыс» партиясын ұстанған. 1736 жылы 23 ноябрде Орта жүз билеушілерінің бірі есебінде Ресейге бодан болуға ант берген. Өз ара жасасқан келісім-шартын орындап, Жәнібек батыр 1837-1838 жылы Ресейге қарсы Башқұрттардың бас көтеруіне әскери көмекте көрсетеді.

1741 – 1742 жылы Абылайдың тұтқыннан босатылуына ат салысады. Осыған байланысты жүргізілген орыс-қазақ-жоңғар келіссөздерінде Ресей бағытын ұстанғаны үшін 1743 жылы 11 шілдеде императорша Елизавета Петровна жарлығы бойынша оған тархан атағы берілді. 1743 жылы 11 қарашада Қалдан Серен жіберген Тор би елшісінің Абылай сұлтан орнына аманат берілсін деген ұсынысына қарсы шығады. 1748 жылы 2 қазанда Кіші жүзге Нұралыны хан сайлауға қатысады. Елші мәлімгер ретінде 1742 жылы қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт бейбіт келісімдерін жасасады. 1749 жылы Әбілхайыр балаларына Барақ сұлтанды өлтіруіне жол бермейді. И. Неплюев, В.А. Урусовтармен келісе отырып, өз ара тұтқындарды қайтару, айырбастау, тоналған орыс керуенінің шығының толтыру мәселелерін реттейді. 1749 жылы Кіші жүз ханы Нұралының әкесі Әбілхайырдың кегін алу үшін Севан Доржымен некелік одақ құруына қарсы болады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы аңыз-әңгімесінде Жәнібек батыр Абылайдың қара-қалмақ Қатысыбанға қарсы жорығына қатысып, бас батырлар сайысында қатысады, қалмақ елінің Сырттан батырын, жайсанын жеңгені айтылады.

Жәнібек батыр шарушылық істерімен де айналысқан. 1739 жылы 22 қазанда Орта жүздің Жайыққа өтуін сұраған өтініші, 1743 жылы Урусовпен Ресейдің шекаралық қалаларымен тікелей сауда жүргізу келісімін жасауы, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бұған дәлел бола алады. М.Ж. Көпейұлы жазбаларында бұл мәселе туралы мәлімет сақталынған: «…1750-де Абылай хан мен өр Жәнібек орыспен сауда араластыру үшін Тройцкіден базар аштырған». [3, б.74]

Жәнібек тархан Әбілқайырдың жағында болып орыс партиясын қолдап отырса, керісінше Қалмақ жағын жақтап, маңызды келіссөздерге арқау болған Малайсарының ұстанған бағыты бір басқа. «ХVІІІ ғ. бірінші жартысында халық арасында Абылайдың алғашқы жақтастарының бірі болған Малайсарының беделі өсті... Абылай манына әр- түрлі партиялар топтасты. Солардың арасында азаттық партиясын Малайсары басқарды», - деген мәлімет Шоқан жазбасында келтірілген. В.А. Моисеев пікірінше ХVІІІ ғ. 40 жылдары Қалдан Серен саясатынан туындаған «қалмақ» бағытын жақтаушылар тобының партиясын Малайсары бастаған. Тарихта Абылайдың тұтқынға түсіп, 1741-1742 жылы жүргізілген келіссөздер барысында босатылғаны белгілі. Тұтқынға түскен Абылайды қалмақ қолынан босатып алуда Қазыбек би мен Малайсарылар бастап барған елшіліктің маңызы зор. Осы оқиғаға қатысты кейбір деректерді орыстың Абылайға келген елшісі капитан Яковлев жазып алады. Деректі айтушы Бөгенбай мен Жәпек батырлар. Бөгенбай қазаққа да, оның сырт көршілеріне де белгілі батыр - қолбасшы, ал Жәпек атығай руынан, Абылайдың сенімді нөкері, тұтқында бірге болған, тағдыры бір адамдар. Олардың баяндауынша Қалдан Серенге қазақтың тоқсан жақсысы Әбілмәмбет баласы Әбілпейізді аманатқа /Абылайды босату үшін/ алып келгенде Қалдан қатты ашуланса керек. Оның түсінігінде Абылайды босату үшін қазақ елі өзінің басты - басты адамдарының балаларын қалмақ ордасына түгел беруі керек еді. Қазақтың игі жақсылары осы сәтте қантарылып, үндемей қалғанында қонтәжіге жауапты Малайсары береді: «у нас и в Россию со всех родов в аманаты не требуют, а ты де хочешь быть больше Великорусского государства». А.И.Яковлевтің жазуына қарағанда әңгіме осылай болған - мыс.

1741 – 1742 жж. Абылайды тұтқыннан қайтару жөнінде жүргізілген келіссөздер барысында қалмақ жағын жақтағаны үшін, Қалдан-Серен Малайсарыға 1743 жылы тархан атағын берген. [4, б.93]

1739-1742 ж. қалыптасқан саяси жағдай талабы бойынша, жоңғар ықпалын шектеу және Абылайды тұтқыннан босаттыру шараларын дипломатиялық тәсiл арқылы жүзеге асыру мақсатында Олжабай батыр Толыбайұлы 1742 ж. Әбiлхайыр бастаған қазақ билеушiлерiнiң бiрi есебiнде Арғын тайпасы атынан Ресей мемлекетiне қарауға ант бередi. Елшi ретiнде Олжабайдың 1749, 1761 ж, 2 рет Орынбор қаласына жiберiлуi де оның қазақ билеушiлерi‚ үшiн сенiмдi адам болғанын, әрі Ресей мен Жоңғар хандығы үшiн елеулi тарихи тұлғаға айналғанын аңғартады.

Жоңғарлармен, қытайлармен болған шайқастарда ерлiк көрсеткен қаҺарман бейбiт өмiр уақытында өз руының шаруашылығының қамын ойлаған азамат ретiнде танылады. Бұған Олжабайдың Едiге бимен бiрлесiп, 1761 ж. Екатеринаға жазған өтiнiш хаты дәлел болады. [8, б.56] 1769 ж. Олжабай батыр мен Отаршы би Абылайдың жіберуімен Улясутайға саяси мәселелер бойынша барады. [66, б.78]

Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы Тұрсынбай ел тарихында жоңғар, қытай, қырғыз әскерімен соғысқан батыр, қол бастаған қолбасшы, елші, мәмлегер ретінде белгілі. Бірақ ол туралы Мәшһүр-Жүсіп, Шоқан жазбалары мен архив құжаттарынан басқа дерек кездестірілмейді. Қаһарманның өзінен тікелей ұрпақ қалмағандығы (Мәшһүр-Жүсіп дерегі), батырлық істеріне қарай халық арасында «Балта керей Тұрсынбай» атанып кеткені мәлім. М.Ж. Көпеев жазбаларында Тұрсынбайдың әлеуметтік жағдайы, қалмақтарға барған елшілік қызметі, Абылаймен бірге Арғын руымен келіссөз жүргізгені, батырлығының сыналуы баяндалады.

1749-1750 ж. Нұралы ханмен құдалық байланыс орнату мақсатымен келген Қарабас сұлтан елшілігі туралы мәлімет сақталынған.

Қалмаққа елші болып келген Тұрсынбайды Қарабас ханым: «Мына отырған Балтакерей Тұрсынбай құлағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен. Ерлігінің де міні жоқ, еңбекшілігінде де міні жоқ. Жалғыз ақ айыбы жауы желкесінде екен. Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек», - деп сынайды. Мұнда құлағы жоқ шұнақ деп туысқанының жаман болғанын, құйрығы жоқ шолақ деп баласы жоқтығын, жауы желкесінде деп кедейлігін айтқаны екен.

Ботақан құнын жоқтап, Арғын руы адамдары 1779 ж. Абылайға қарсы көтеріледі. Сол кезде Абылай ханды жақтап, ханмен бірге Тұрсынбай да Шотанамен келіссөз жүргізеді.

Бұған қарап отырып, Тұрсынбайдың Абылайды жақтағаны, сүйенер сенімді адамы болғанын ғана емес, екі жақты да бітістірген мәмлегер, ел тыныштығын, Берік хан билігін ойлаған қоғам қайраткері болғанын да танимыз. [5, б.86-89]

Орта жүздің арғын-қаракесек руынан шыққан белділердің бірі Қотыр батыр. Шілде айының 20 күні Қотыр батыр Орынбордағы брегадир Тевкелевке келіп, Қашғар мен Ташкенттен аттанған көпестерді Кіші жүз қырғыздары тиіспес үшін Жайық өзенінің ішкі жағына жеткізіп салуға жол серіктерін беруді сұрайды. Сонымен қатар олардың арасында Орта жүз адамдарының сауда қарым-қатынастары жөнінде мәселелерді қарастырады. Екеуінің арасындағы сауда мәселелері жөнінде үзіндіде: «Брегадир Тевкелев еще вопросил: лисиц и корсаков калмыки на что покупают и куды девают, понеже у них и у самих многа, а ежели в Орской крепости будет торг, Средняя орда вся будет ли торговать? На то Кутырь-батырь сказал, что зюнгорцы лисиц и корсаков куды девают, о том он не знает, а ежели в Орской крепости будет торг, то Средняя орда вся блиско к Орской крепости прикочюют и тут станут торговать, к зюнгор-цам и в Бухары отнюдь торговать не поедут». [62, б.207]

Бөгенбайдың жақын серіктері әрі інілері Атаң мен Досай батырлардың болғаны белгілі. Ағалы-інілі Атан мен Досай Қанжығалының Жапар тармағынан тарайды. Атан мен Досайдың қыстауы Ерейменнің Ырғайды, кейіннен Атанның қара тауы атанған жерде болған.

Аталмыш батырлардың есімдері сол заманның ресми іс-қағаздарының бірінде 1742 жылдың 23-30 тамыз аралығында орыс патшайымы Елизавета Петровнаны мойындап ант бергендердің ішінде қанжығалы ұлысынан Шомақ бай, Жантай, Атаң Досайлардың болғаны анықталып отыр. [17, б.56] Сонымен қатар 1759 ж. Орыс сұлтан Сұлтанмәметұлымен Досай батыр (35 адамы бар) Абылайдың жіберуімен Пекинге саяси мәселелер бойынша барған. [2, б.79]

Нияз батыр тысқы жаулардың жойқын жорықтарына қазақ сарбаздарын бастап, талай дүркін ерлік әрекеттер ұйымдастыра білген қолбасшы, ділмар, саясаткер болған деп сипатталынады.

Нияз Барқыұлы Әбілмәмбет ханның сенімді серігі, 1740 ж. тамыз айында Ресей әкімшілігінің ордадағы өкілдерімен Әбілмәмбет, Абылай сұлтандармен қатар келіссөздерде бірге болады. [63, б.3] 1742 ж. Орта жүз кеңесі атынан Қазыбек би, Малайсары және Нияз батырлар Жоңғария ұрғасына Әбілпейізді ақ үйлі аманатқа беріп Абылайды босатып алу шараларына да қатысқан. [2, б.47]

А.И.Тевкелевтің Орынбор өлкесіндегі әкімшілік іс-әрекеті қазақтың үш жүзінің белділерімен болған қатынасы жан-жақты қырынан табылады. Орынбор экспедициясының құрылуынан бастап ол Кіші жүздік Әбілхайыр ханмен, әйелі Бопай ханыммен, Батыр сұлтан, Нияз, Барақ, Қотыр батыр, Орта жүздік арғын тайпасының Шақшақ руының қос батыры Жәнібек және Бірқұртқаұлы Бөкенбай батырлармен тығыз қарым-қатынаста болып, әкімшілік, сауда, айырбас, шекара, көршілес халықтармен (башқұрт, казак, татар т.б.) және руаралық қатынастарда туындаған мәселелерді шешкені жан-жақты қамтылған. [17, б.26-27]

Бұл мақаламызда батырлардың немесе батырлар институтының қоғамдағы орнына, олардың таптық ортадағы әлеуметтік табиғатына тоқталып, қосымша материалдармен толықтыруға тырыстық. Жалпы қазақ батырлары жөнінде матеиалдар жетерлік. Бұған себеп, өзіміз байқап отырғандай жаугершілік заманда бір өз басы оң мын жасақ шығара алатын батырларды былай қойғанда, сол заманның әр бір қоңсы ауылында алдыға тартар батыры немесе ер азаматы болғанын білеміз. Ендігі кезекте батырларға қатысты дерек көздерін жинақтай отырып, бұдан әрі батырлардың қоғамдағы орны, саяси-әлеуметтік қырлары бойынша ғылыми-методолгиялық зерттеу жүйесі қажет екеніне тағы тоқталып отырмыз. Осыған байланысты біз батырлардың саяси елшілік қызметтері, оның ішінде ХVІІІ ғ. Орта жүз батырларына қатысты материал жинақтауға тырыстық. Біздегі бар деректермен Орта жүз батырларының елшіліктерге қатысты жақтарын толықтай игердік деп атауға әлі ерте.



Мазмұны
Алғы сөз…………………..……………………………..……....3

Құрастырушыдан................................................................….....4

1 ХVII- ХVIIІ ғғ. батырлар................................................……....5

Бөгенбай батыр…………………………………………...…….5

Олжабай батыр……………………………………………..... .13

Барлыбай батыр………………………………………………..20

Малайсары батыр ……………………………………………..22

Жасыбай батыр ……………………………..............................26

Шақшақұлы Жәнібек.................................................................31

Қабанбай батыр .........................................................................34

Жидебай батыр………………………………………………...36

Сырымбет батыр…………………………………………….....41

Байғозы батыр............................................................................43

Баян батыр..................................................................................45

Сары батыр.................................................................................48

Шотана батыр………………………………………………….50

Қошқарбай батыр……………………………………………...51

Тұрсынбай батыр………………………………………………57

Гаухар батыр…………………………………...........................60

Сенкібай батыр……………………………………………...…65

Жантай батыр…………………………………………….....…71

Барақ батыр.................................................................................75

Арқалық батыр...........................................................................79

Шоқпар батыр.............................................................................81

Атан мен Досай батырлар.........................................................83

Балағаз батыр.............................................................................85

Түгел батыр.................................................................................87

Жазы батыр.................................................................................89

Шерубай батыр...........................................................................90

Жаңабатыр әңгімесі...................................................................94

Әйтей батыр................................................................................98

Таңыбай батыр..................................................................................99

Жарылғап батыр.....................................................................…99

2 VII- ХVIIІ ғғ. жауынгер жыраулар..........................................100

Бұқар жырау..............................................................................100

Үмбетай жырау.........................................................................105

3 ХІХ ғ.батырлары.......................................................................109

Ағыбай батыр...........................................................................109

Жеке батыр (Толабай).............................................................113

Сейтен мен Тайжан батырлар.................................................114

Жанайдар батыр.......................................................................120

Аманжол батыр........................................................................121

4 ХХ ғ. батырлары.......................................................................125

И.В. Бабин.................................................................................125

А.Ф. Горобец.............................................................................127

А.Н. Елгин.................................................................................127

С.А. Елистратов........................................................................128

Қ. Камзин..................................................................................129

М.М. Катаев..............................................................................130

А.С. Квитков.............................................................................132

И.И. Кривенко...........................................................................133

И.И. Корнев...............................................................................134

И.Н. Кудин................................................................................135

И.В. Кутурга.............................................................................136

М. Қ. Қайырбаев.......................................................................137

И.Г. Ледовский.........................................................................139

С. Маковский............................................................................140

М.И. Милевский.......................................................................141

С. Мүткенов..............................................................................143

Д.К. Потапов.............................................................................144

К.А. Семенченко.......................................................................146

В.В. Степаненко.......................................................................147

Қ.М. Сұрағанов.........................................................................148

И. Суптель.................................................................................150

С. К. Токарев.............................................................................151

К.Ф. Шувалов...........................................................................152

Әдебиеттер................................................................................154

Қосымша А Уәлиханов Ш.Ш. ХVІІІ ғғ. батырлар

туралы тарихи аңыздар............................................................158

Қосымша Ә Бекмаханов Е.Б. Батырлардың әлеуметтік

табиғаты туралы сұрағы бойынша (ХІХ ғ.)...........................167

Қосымша Б Елемесов Ә.Қ. ХVІІІ ғасырда қазақ

батырларының қоғамдағы әлеуметтік және саяси орыны

мен Орта жүз батырларының елшілік қызметтерге



қатысуы.....................................................................................171



жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау