Халқының батыр ұлдары



жүктеу 0,96 Mb.
бет2/10
Дата09.01.2020
өлшемі0,96 Mb.
#26119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Батырдың ата-тегі


Жасыбай батырдың ата-тегі туралы қалыптасқан негізгі пікір бойынша ол — Бәсентиін. Атап айтқанда, Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жарыққа шығарған «Қазақ тарихи жырларының маселелері» («Ғылым», Алматы, 1979 ж.) атты кітаптың 145 бетінде: «Халық аныз-әңгімелерінің қайсысына назар аудар-сақ та Бәсентиін Жасыбай батыр (астын сызған — Ж- М.). Баянауыл мен Жасыбай көлі маңында болған кырғын соғыста өлгең және содан былай бұл көлді батырдың құрметіне Жасыбай атап кеткен» деген сөздер осының айғағы. Академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде де басқа пікір кездеспейді. Сайып келгенде ҚСЭ-нің дерегіне, білгір ғалымдардың жоғарыда келтірген мағлұматына күмән келтірер негіз жоқ.

Оның үстіне қолдағы бар шежірелерді қарап, Жасыбай атты ұрпақты Бәсентиін шежіресінен басқадан таба алмадық. Жасыбайдай батырдың есімі өз руының шежіресіне кірмей қалуы мүмкін емес.



«Ер Жасыбай»
...Ақынның қиыстырса келеді ебі,

Болған іс бәрі айтылмай қалмас тегі.

Аң қуып таудан құлап суға кеткен,

Қалмақтың Шойын деген батыр бегі.

Ол күнде бұл тауларды Қалмақ алған,

Қорған ғып әрбір жерге бекін салған.

Тұлпардың екпінінен суға құлап,

Атанып Шойындыкөл содан қалған.

Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,

Әркімнің ертеден-ақ аузында бар.

Арқадан қазақ ауып өз жеріне,

Қеткен соң ат қойылған Жасыбай көл.

Жасыбай батыр екен ту көтерген,

Басшы ғып біздің қазақ соңына ерген.

Сол жолмен аңғал батыр келе жатса,

Отырған тау басында қалмақ көрген.

Жол тосқан жауыз қалмақ Құба мерген,

Туы бар келе жатқан көзі көрген.

Көрінбей тас түбінде тұра қалып,

Тосыннан садақпенен тартып берген.

Моласы Жасыбайдың тау басында,

Қияның өзі салған қырқасында.

Қалған сөз үлкендерден бірден-бірге,

Өлгендерім болыпты сол қасында.

Бекініп Серіктасқа қалмақ қолы,

Батырлар басқа жаққа кеткен бәрі.

Есітіп бұл хабарды келген дейді,

Бөгенбай, Олжабай мен Малайсары.

Батырдың не секілді бәрі барған,

Қан төгіп қазақ, қалмақ соғыс салған.

Айтуы бұрынғының рас болса,

Қалмақтан осы жолы көп олжа қалған.

Соғыста қолға түскен Құба мерген,

Қалмақтың батырлары көп қырылған.

Серіктас деген атты қалдырысып,

Аталып Қалмаққырған содан қалған. [6, б.60-63]

(Жамал қожа қолжазбасынан үзінді)



Шақшақ Жәнібек батыр

(1693-1752)
Қазақ елі тарихында жан-жақты қырымен танылған тарихи тұлға- Жәнібек Қошқарұлы.

Батыр, қолбасшы, рубасы (старшын), би, шешен, қоғам қайраткері, тархан, елші, мәмлегер Шақшақ Жәнібек туралы мәліметтерді қолжазба қорынан, Ресейлік архив құжаттарынан, кездестіреміз. Қаһарман өмірі Ш.Ш. Уалиханов, М. Тынышпаев, Р.Б. Сүлейменов, В.А. Моиссев, А.И. Левшин зерттеулерінде сөз болады. Жәнібек хақында арнайы зертеу еңбектері де бар.

«Абылай хан» жинағына кірген Мәшһүр-Жүсіп аңызы да батыртануда өз үлесін қосатын бір дерек көзі болып табылады. Сондай-ақ М.Ж. Көпейұлының әлі баспа бетінде жарияланбай жүрген архив материалдары да арнайы салыстырып қарастыруды міндеттейді. Өйткені Мәшһүр қолжазбасы шежіре нұсқаларымен ғана шектелмей ара-тұра әзірше ешбір зертеулерде кездестірілмеген тарихи фактіні де ұсынады «...1750-Абылай хан мен өр Жәнібек орыспен сауда араластыру үшін Тройцкідегі базар аштырған».

1907 ж. Қазаннан басылып шыққан «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында М.Ж. Көпеев қазақ зиялыларының арасынан алғаш рет Шақшақұлы Жәнібек ...т.б. батырлардың қалмақтардан азат еткен қазақ жерін патшалы Ресейдің басып алып отарлап жатқанын ашық сынайды.

Қаһарманның өмір сүрген жылдарын нақты көрсете алмаймыз. Энциклопедиядан оның 1751 ж. қайтыс болғаны туралы ғана мәлімет берілген.

Мәшһүр-Жүсіп те ақпарат тапшылығынан батырдың қай жылы туып, қай жылы өлгенін көрсете алмаған, тек қазақ арасындағы Жәнібектерді сипаттауда оның жоңғар қоңтайшысы Қалдан Шерінмен замандас болғанын ғана атап өтеді: «Және бір сөз бар көп ортасына салатұғын. Біз бұрыннан естуші едік; «Үш Жәнібек болған, - деп,- бірі - әз Жәнібек, бірі - өр Жәнібек, бірі - қыз Жәнібек». Әз Жәнібек- Жиренше шешеннің заманындағы хан.

«Жаны биік ноғайлының ханы болған. Жайық бойында ордасы болған. Мұның хан күнінде қазақта бұған қараған», деседі.

Өр Жәнібек – Шақшақ немересі. Жәнібек қалмақ ханы Қалдан Шерінмен замандас болған.

Қыз Жәнібек Керейден шыққан. Өзін өмірінде жан ашуландыра алмаған. Орысқа бағынбаған бодамсыз Керейді бастап аудырған бетінде жолшыбай жолаушылықта қаза тапқан. Бұл үшеуінен басқа Жәнібек аты қазақтан көп шықты...».

Осы орайда, С.Шүкірұлының болжамы назар аудартады. 1710 ж. жоңғарларға қарсы кең көлемді шабуылға Жәнібектің 17 жасында араласқан хақында ел аузындағы аңыздарда жиі айтылуына қарағанда ол 1693 ж. туған. 1752 ж. жазға салым қазіргі Торғай обылысы, Жанкелдин ауданындағы Тосын құмында дүниеден өтіп, сүйегі Түркістандағы Яссауи кесенесіне жерленді.

Академик М.Қ. Қозыбаев еңбегінде Жәнібектің көшіп қонған жерлері хақында мәлімет берген: «Аңырақайдан кейін... Жәнібек – қыста Сыр, Торғай, жазда Ор, Елек, Орынборды...жайлайды».

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мен «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы шежірелеріндегі өзгешелік салыстыра зерттеуді міндеттейді:

1) Арғын – Тәнбісопы –Елемес – Үсембай – Ермен – Шағыр – Аманжол – Шақшақ – Көшей – Қошқар – Жәнібек. («Қазақ халқының қаһармандары»);

2) Аманжол – Көшей – Шақшақ – Қошқар – Жәнібек. (Мәшһүр нұсқасы)

Ата-тегін таратуда шежіре үлгілері Жәнібектің әкесі Қошқар деп мәлімдейді, бірақ халық жадында ол «Шақшақұлы Жәнібек» атанып кеткен.

М.Ж. Көпейұлының шежіре сөздерінің бір құндылығы – бір мезгілде өмір сүрген бірнеше Жәнібектердің жіктелініп көрсетілуі. Шақшақ Жәнібектің қара қалмақтың сырттан батырын жеңген аңыз оқиғасының баяндауының соңында Мәшһүр жазбасы керей Жәнібекке тоқтала өтеді «…Керейден бір Жәнібек деген батыр шығыпты. Шақшақ Жәнібектің жиені екен деп естіген едім. Бұл қыз Жәнібек атаныпты».

Енді бір нұсқада: «Шақшақ ұғылы Қошқар. Қошқар ұғылы Жәнібек батыр. Қара балуан Жәнібек басқа, батыр Жәнібек басқа. Екеуі де тоқал арғыннан шығып, бірінен-бірі дөкей болған ерлер. Батыр Жәнібектен Дәуітбай. Дәуітбайдан мосы батыр», деген дерек жазылған.

М. Ж. Көпеевтің хандар шежіресінің бір үлгісінде Жәнібектің шешесі «Қатаған қырғыны» оқиғасы кезінде Қошқарға берілген Тұрсын ханның қос қызының бірі деп берілген. Алайда уақыт алшақтығы (1628-1695) Тұрсын ханның қызын батырдың әжесі ретінде ғана пайымдауымызға жол береді.

Ресей архив құжаттарында батырдың тарихи өміріндегі саяси-әскери жақтары кең суреттеледі. 1723-1725 ж. Ақтабан шұбырындыдан соң ол жоңғарларға қарсы бытыраңқы қимылдаған жекелеген жасақтардың бірін басқарды. 1731 жылдың қысында Сәмеке, Барақ сұлтан, Әбілмәмбет, Жәнібек бастаған 6000 мың қол Жоңғарияға басып кіреді. Еділ қалмақтарына қарсы 1738 ж. Әбілхайыр, 1740 ж. Есет, Нұрбай батырлар, Әбілмәмбет, Күшік, Барақ сұлтандар ұйымдастырған жорықтарға белсене қатысады. 1746 ж. Әбілхайыр, Есет, Нұралылармен бірге қарақалпақтарға, 1750 жылдың қысында Айшуақ, Батыр сұлтандармен бірлесіп, Хиуаға жорық жасайды.

Осындай әскери қолбасшылық қызыметімен қатар Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы қазақ қоғамында саяси қайраткер, елші, мәмлегер ретінде көзге түседі. В.А. Мойсеев пікірінше, Жәнібек даладағы ықпалды адамдардың бірі болған. «Орыс» партиясын ұстанған. 1736 жылы 23 ноябрде Орта жүз билеушілерінің бірі есебінде Ресейге бодан болуға ант берген. Өз ара жасасқан келісім-шартын орындап, Жәнібек батыр 1837-1838 жылы Ресейге қарсы Башқұрттардың бас көтеруіне әскери көмекте көрсетеді.

1741 – 1742 жылы Абылайдың тұтқыннан босатылуына ат салысады. Осыған байланысты жүргізілген орыс-қазақ жоңғар келіссөздеріне Ресей бағытын ұстанғаны үшін 1743 жылы 11 шілдеде императорша Елизавета Петровна жарлығы бойынша оған тархан атағы берілді. 1743 жылы 11 қарашада Қалдан Серен жіберген Тор би елшісінің Абылай сұлтан орнына аманат берілсін деген ұсынысына қарсы шығады. 1748 жылы 2 қазанда Кіші жүзге Нұралыны хан сайлауға қатысады. Елші мәлімгер ретінде 1742 жылы қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт бейбіт келісімдерін жасасады. 1749 жылы Әбілхайыр балаларына Барақ сұлтанды өлтіруіне жол бермейді. И. Неплюев, В.А. Урусовтармен келісе отырып, өз ара тұтқындарды қайтару, айырбастау, тоналған орыс керуенінің шығының толтыру мәселелерін реттейді. 1749 жылы Кіші жүз ханы Нұралының әкесі Әбілхайырдың кегін алу үшін Севан Доржымен некелік одақ құруына қарсы болады.

Мәшһүр аңыз-әңгімесінде Жәнібек батыр Абылайдың қара-қалмақ Қатысыбанға қарсы жорығына қатысып, бас батырлар сайысында қатысады, қалмақ елінің Сырттан батырын, жайсанын жеңгені айтылады.

Жәнібек батыр шарушылық істерімен де айналысқан. 1739 жылы 22 қазанда Орта жүздің Жайыққа өтуін сұраған өтініші, 1743 жылы Урусовпен Ресейдің шекаралық қалаларымен тікелей сауда жүргізу келісімін жасауы, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бұған дәлел бола алады. М.Ж. Көпейұлы жазбаларында бұл мәселе туралы мәлімет сақталынған: «…1750-де Абылай хан мен өр Жәнібек орыспен сауда араластыру үшін Тройцкіден базар аштырған». [5, б.70-75]
Қабанбай батыр
Қожағұлұлы Қабанбай – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батыр әулетінен. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Ел аузындағы әңгімелер дерегіне қарағанда Күшік батыр Еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын хан өлген жылы жамбасына улы найзаның ұшы тиіп, 25 жасында қайтыс болады. Оның әкесі Қожағұл өз тұсында Жалаңтөс баһадүрмен тізе қосып, Хиуа хандығына қарсы соғысқан қолбасылардың бірі. Сондай-ақ оның Бұхар жыраудың әкесі Қалқаман батырмен де серіктес болғаны туралы ел аузында әңгіме сақталған. Ал Қабанбайдың өз ұрпақтары Сапақ, Төлебай, Мойнақ әлі де жауына теңдік бермеген жауынгерлер.

Осындай әке мен аға көрген қызы Назым да үлкен соғыстардың бірінде дағдарып қалған қазақ қолын «Қабанбайлап» жауға бастаған екен.

Қабекеңнің өмірлік серігі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы Гауһар анамыз да жауға бетпе-бет шығып, айқасқа түскен батыр болған.

Найман ішінде Қаракерейден шыққан Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты Ерасыл. Одан соң алып денесіне қарап Нарбала атаныпты. Ал ата, әке жолын ұстанып көрсеткен ерлігіне, батылдығына, жауына да кешірімділігіне қарап елі оны Ізбасар атайды. 1724 жылдары Түркістанда жасақ құрған кезінде батыр бабамыз Қабанбай атымен елге танымал болған екен.

Жоңғарларға қарсы күресте Қаракерей Қабанбай батырдың ерлігі: 1724 Түркістан қаласын қорғау шайқасы, 1725 жылғы әйгілі Алакөл мына жайлардан айқын шайқасы, 1725 жылғы әйгілі Алакөл шайқасы, 1728 жылғы Шұбартеңіз жағасындағы шайқас, 1729 жылғы Бұланты өзенінің маңындағы шайқас, Балқаш көлінің оңтүстік өңіріндегі қол жеткен жеңістер, сексен күнге созылған Шора соғысы, бір жарым жылға созылған Шаған шайқасы, 1730 жылы жоңғарлардың Іле өңіріне дейін қуылуы, одан 1750 жылдардың соңындағы Жоңғар қақпасындағы соңғы жеңіс, тағы басқаларынан көрінеді. Байқап отырсақ, Қабанбай қатыспаған бірде-бір ірі шайқас болмаған. Осылардың көбінде ол қолбасшы міңдетін атқарған. Ұзын ұрғасы Қабанбай батыр соғысқа 103 рет кірген адам. Осының ішінде Қабанбайдың қолбасшылық дарыны мен батырлығы әсіресе жарқын көрінгені, оның есімін үш жүзге ұран еткен бір жарым жылдық Шаған шайқасы болса керек. Батыр мұнда әскербасшылық қабілеті мен қатар, ең шешуші шақта «Қабанбайлап» ұрандап жауға шауып, жоңғардың талай батырын жекпе-жекте жамсатып, барлық қазақты түпкілікті жеңіске бастайды. Оның осы қимылына разы болған Абылай «Арқауылды жамсатқан (қалмақ батыры) алыбым, жау шебіне атой салып шыққан Дарабозым Қабанбай мұнан кейін ханның ұраны болсын. Мұнан кейін жауға шапқанда «Қабанбайлап» шабыңдар» деген екен.

Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери қақтығысы 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы. Бұл – осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белесі.

Қабанбай қай жылы туып, қай жылы дүние салғандығы туралы нақтылы дерек жоқ. Мынадай есеп жасауға ғана болады: 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғанда бір дерек бойынша Бұқар жырау жүзге шыққан екен. Қабанбай қайтыс болғанда «Сексеннің сегізіне Бұхар келді» делінеді. Олай болғанда Қабанбай Абылайдан он екі жыл бұрын, 1769 жылы қайтыс болған болады. Қабанбай Қубас атпен серттескенде «Жетпіс сегізге мен келдім, отыз сегізге сен келдің» дейді. 1769 жылы жетпіс сегізге келсе батыр 1691 жылы туған болады. Сонда 1723жылы ол кісінің отыз екі жас шамасында болғаны. І. Есенберлиннің «Жанталас» романында «1750 жылы Абылай Шіріккөл маңына үш жүздің барлық игі жақсыларын жинаған.

Тархан Жәнібекпен бірге Абылайға қосылғандар алпысты алқымдаған әйгілі батыр Қабанбай және оның әйелі батыр ГауҺар, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Арғын Малайсары, Оразбай батыр, Уақ Баян батыр, тағы басқалары бар» делінген. Бұлда жоғарыдағы мөлшердің дұрыстығын байқатады.

Қабанбайдың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атаған. Осының Әлісі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді.

Қабанбайдың ерлік істері көзі тірісінде мадақталып, көз жұмған соң сүйегі «Сарыбел» деген жерге үлкен құрметпен қойылғаны туралы халық аузында сөз бар. Бірақ бұл әліде анықтай түсуді қажет етеді. [6, б.40-42]


Жидебай батыр
Қазақ елінің азаттығы үшін күрескен жандардың бірі - Әлтеке Жидебай Қожназарұлы.

Ол туралы жазба дерек қолжазба қорында, баспасөз материалдарында ғана кездеседі. Мәшһүр-Жүсіптің Жидебай туралы жазғаны баспа бетінде жарық көрген. М.Ж. Көпеев жазбаларында қаһарманның ата-тегі таратылады, өмір сүрген жылдары, ортасы, ел қорғаудағы қызмет баяндалады.

Тарихта Әлтеке Жидебай атақты батыр, Абылай қолбасшыларының бірі ретінде сипатталынады. Мысалы, М. Әбдуіов мақаласында оның майдандағы ұрыс тағдырын шешетін, әрі қосымша тың күш ретінде ұсынылатын 5000 қолды басқарғаны айтылады.

Ресми жазба деректер әлі кездестірілмегендіктен нақтылы қай жылдары өмір сүргенін айту қиынға соғады.

Жасымның жүзге келгені

Алты алаштың алғысы,

Қос жанардың сөнгені

Қарақожаның қарғысы, - деген Жидебай сөзіне сүйене отырып, М. Әбдуіов 1700-1800 ж. өмір сүрген деп топшылайды.

М. Әбдуіов пікірі бойынша, кейінгі жылдары қойылған моласының көк тасындағы: «Туған ж. 1575, қайтыс болған ж. 1675», - деген жазу шындыққа жанаспайды. Өйткені, онда Абылай хан замандасы болған Жидебай басы Есім хан соңы Тәуке хан тұсында өмір сүрген болып шығады.

Ал Т. Ақышев оны 1713-1815 ж. аралығында өмір сүрген деп есептейді.

Жидебай батыр болғаным –

Абылай ханның батасы,

Жоңғар ханды жеңгенім –

Қабанбай мен Бөгенбайдың арқасы.

Жасымның жүзге жеткені –

Мұсылманның алғысы,

Екі көзімнің кеткені –

Жоңғарлардың қарғысы, - деген сөзін келтіріп, Жидебай жасы жүзден асқанда қайтыс болған деп тұжырымдайды.

Ал Мәшһүр-Жүсіп шежіресіндегі: «Жидебай батыр жеті қатын алған, жүз беске келіп өлген», - деген жолдарға қарап, батыр не 1700-1805 жылы не 1713-1818 жылы ғұмыр кешкен деп болжаймыз. М. Әбдуіов пен М.Ж. Шежірелерінде бергі генеологиялық секілді ұқсас болғанымен батырдың арғы аталарын таратуда өзгешелік бар.

1) Болатқожа (Қаракесек) – Түйте – Майқы – Айтуған - Әлтеке – Дос – Қожаназар - Жидебай. (М.Әбдуіовта)

2) Қаракесек – Түйте – Майқы – Әлтіке – Дос – Қожаназар – Жидебай. (Мәшһүр-Жүсіп).

Мәшһүр-Жүсіп тек шежірелік кестені ғана ұсынып қоймай, Жидебайдың атасы Дос батырға тоқталады. Жидебай жастайынан жетімдікті көріп өседі. 7-8 жасында жорыққа кетіп бара жатқан Қабанбайдың батасын алады. Қаракерей Қабанбай оған алмажайымынның бірін (Қызыл түлкі) байлайды.

Кейін Абылай қазаққа хан болып көтерілгенде атақты батырының бірі, қолбасшы болады. Абылай хан қосын жүргізгенде Үйсіннен ақ Шабдар атты алғызып, Жидебайға мінгізеді. Қызыл түлкі алмажайымы арқасында қараңғы түнде тал түстей боранды ашық күндей көріп жүретін болған. Біреудің жоғалған пышақ шақпағын жауын-шашын болса да, тауып беретін болған.

Бұл мәліметтер арқылы Жидебай өмір сүрген әлеуметтік ортасын, Абылай жасағындағы батырдың жоғары бағаланғанын білеміз. Ал алмажайымы болу себебін халықтың қаһарманын ерекше қасиетті жанға бала ұғымымен де байланыстырамыз.

Мәшһүр-Жүсіп аңызында Алатаудағы ешкім таба алмайтұғын жерден бір ауылынай елді Жидебай тауып, шауып талайды. Сонда сол елдегі Сары қожа қарғысына Жидебайдың көзі көрмей көр болады. Аңыздағы Жидебайға атасы Дос батырдың аруағы аян беруі (анимизм), алмажайымы – Қызыл түлкісі (тотемизм), қожа қарғысы – (ислам) 18 ғасырлардағы қазақ нанымында әртүрлі сенімдердің сабақтасып жатқандығын көрсетеді.

Батырдың қай елге, қашан жорық жасағанын анықтау қиынға соғады. М. Әбдуіов еңбегінде Жидебай Абылай хан әскерімен барып, бағындыра алмаған Қаратаудағы Қарақожа елін бес мың қолды бастап, бағындырып қайтады.

Салыстыра қарастырсақ, Жидебай шапқан ел не Алатаудағы белгісіз бір ауылынай жұрт, не Қаратаудағы қарақожа халқы болып шығады. Жидебайдың: екі көзімнің кеткені – жоңғарлардың қарғысы, - деген сөзіне мән берсек, батырды жоңғарлармен соғысқан деп анықтаймыз. Сондай-ақ, бұл оқиға негізі ретінде Абылай ханның 1765-1766 жылы, 1770 жылы Алатау қырғыздарына жасалған жорығында келтіруімізге болады.

Мәшһүр-Жүсіп қолжазбасымен Т. Ақышев, Н. Әбдуов зерттеулеріндегі мәліметтерді жинақтай қарастырсақ, Жидебай Қожаназарұлы Сыр бойындағы Қаратау өңірінде туып, Сарыарқадағы Қарқаралы сыртындағы Қызылтауды ағатұғын Шеркбай - Нұра өзені бойында дүниеден өткен. Сүйегі қазіргі Жезқазған облысы, Шет ауданының орталығынан 15 шақырым қашықтықта, Ақсу-Аюлы тауының солтүстік-батысындағы мазарға қойылған. [5, б.89-92]


Жидебай батыр
(М.Ж. Көпеев қолжазбаларының ішінде Жидебай батыр

жөніндегі екінші нұсқасы)

Болатқожаның бел баласы: Ақша, Төйте. Мұның Ақшасынан- Бошан, Айтілді. Төйтеден- Майқы, Танас (Танаш). Майқыдан- Әлтеке-Сарым. Әлтекенің бәйбішесінен- Өтеген. Өтегеннен: Байдәулет, Байымбет, Жанығұл, Қойгел. Жанығұлды «Жамаңке»- десе, жұрт біледі. Әлтекенің тоқалынан: Есболай, Дос, Әлмұрат.

Дос батыр болған, қалмаққа таң атырып, күн шығармаған. Жетпіс сегіз жасында жалғыз баласы Қожаназармен екеуі қолға түскен. Сонда қалмақ:

- Өлтіріп тастайық,-деп сыбырласады дейді. Сол сыбырласқанын құлағы шалып, естіп қалып, Досбатырдың айтқаны:

Сыбыр-сыбыр етеді,

Сыр құлақтан өтеді.

Сырласпаған жат, шіркін,

Әлде не етіп кетеді?

Өзім өлсем, боғым-ай,

Қожаназар құлыным-ай!- деп жылайды дейді.

Қалмақ мұнысын көрген соң:

- Әкелі-балалы өзді-өзі кеңессін, бірін бізге олжаға қалдырсын, бірін еліне баруға босатайық,- депті.

Сонда бала ұшып тұра келіп, жылап қоя беріпті:

- Әкетай, мен көк лағың (ұлағың) болайын, мені: «Құдай жолына құрмалдық!»- деп, қалмаққа бер де, ел-жұртыңды таба гөр! Сақалыңның ағында, өлеріңнің шағында қалмақтың моласында қалмай, қазақтың даласына барып, малыңның өрісінде қала гөр!- депті.

Дос батыр айтыпты:

- Қалмаққа шал зәру емес, жас ұлан зәру. Жас ұланды өлтірмейді, өздеріне балап, ел-жұрт қылып алады. Мен елге тірі барғанда, не боламын? Қаздың етін асадым, жетпіс сегіз жасадым. Сені қалдырып, мен елге барсам, «екінің бірі, егіздің сыңары» айтады, алысым бұлай тұрсын, жуығым айтады.

Дұшпаным бұлай тұрсын, досым айтады: «Мына жалмауыз талайдың басын жалмаған жалмауыз емес пе?! Жалғыз баласы Қожаназарды жалмап, ұялмай, жылт етіп келуін қайтерсің?- дейді. Сен барсаң: «Дос өлген жоқ, міне, тірі!»-деп, қуанады. Қатын алсаң, балалы болсаң, сенен туған бала менің құнымды қалмақтан күндердің күнінде бір алмай, қоймайды!- деп, батасын беріп, баласын қайырып жіберіп, өзі қалды.

Қожаназар ел-жұртына аман-есен келді, қатын алды. Бір ұл туды, атын «Жидебай» қойды. Жидебай бала күнінде тапқан шешесі өліп қалып, Қожаназар бір тоқал алды. Тоқалдың аты «Апар» еді. Бойы бір қарыс кемпірдің шабаданындай неме еді. Жүреміте алты ұл тапты. Алты ұл тауып жүрген иттің бес қанат үйдің уығын байлауға бойы жетпей, уық байлағанда, Жидебайды аяғының астына жатқызып, неше уық бар, сөйтіп байлайды екен.



Ол заманда жаугершілік: жалшы жалдауды білмейді, біреуге біреу бұрылмайды. Апардың түрін таныдыңдар: бір үйге қараған бейнет Жидебайда болмақ қой. Алты ит, иттің күшігіндей, арасына жыл айналмай, туа берген немелер, оның жалғызы Жидебайға бұрыла ма? Тезек теру, от жағу-бәрі Жидебайдың мойнында. Ол күнде көшершілік қалай көп: күнде көш, күнде көш. Үй тігіліп, уық бауы байланатұғын болса, аяқ астына төсеп, «бой өсіруге» Жидебай дап-даяр. Қатын-қалаш:

- Шырағым-ай, көзің ашылмады-ау! Өз шешең болса, үйі құрғыр тігілмей қалса да, бүйтпес еді-ау!- дегенде,

Жидебай айтады екен:

- Ол қылып жүргені маған қастық емес, достық: «Жасынан пісіп-қатып, көнтерлі, шыдамды болсын»- дейді ғой. Сүт пісіргенде, алтауының алдын-да- алты аяқ, алтауының қолында алты қасық. Бас-басына бөлек-бөлек көбік қалқып құйып береді. «Мынаны жалай отырындар»- деп. Менің қолыма тезек салған шанаш қапты береді. «Отты қалай отыр!»- деп, нұқып, түртіп қояды. Сонысы ғана!- дейді екен.

Жеті-сегізден жасы асқан кезде: «Дос батырдың қара шаңырақта отырған інісі Әлмұрат байдың үйіне Қаракерей-Қабанбай батыр келіпті!»-деп, Жидебайдың құлағына тиеді. «Барсам, көрсем-ау!»- деп, Жидебайдың түн бойы көзі ілінбей, алас ұрды. Таң жаңа атуға сәуле беріп, келе жатқан қарсаңда көзі ілініп кетіп еді, бабасы Досбатыр түсінде аян берді:

- Балам, алашқа аты шыққан Қабанбай батырдан барып, бата алып қал!-деп. Шошып оянды, ұшып тұра келіп, үстінде боз жейдесі бар, құстай ұшып бара жатса, Қабанбай батыр да жорыққа аттанып, алаң-қарақта жүріп барады екен.



Алыстан немене екенін айырып, тани алмады. Еліктей ұшып келе жатқан бала екенін таныған соң, тосып тұра калды. Бала жетіп келіп: Әлтекенің үшінші қатынынан- Сапақ, Сапақтан-Жиымбай, Боғық (Бүғоқ).

Жиымбайдан-Байжігіт, Боқан. Боғықтан: Жәнібек, Қоянбай.



Әлтеке-Сарымның Сарымынан: Өтеміс, Тоқсан. Тоқсаннан: Жиенгелді, Мастан, Алдияр. Мастаннан: Қожағұл, Құлжан, Мамыр. Құлжаннан- Айдабол, Айдаболдан-Дербісәлі (Деріпсәлі), Маман, Шуаш. Шуаштан: Атантай, Ботантай, Абайла. Ботантайдан-Жанғұтты: бұл Жанғұтты Мұса- Секербай заманында ауызға ілініп, көзге түскен, қазақ жақсыларының қасқа маңдайы болған кісі. Қазақ орысқа бағынған соң, екі түрлі заман болған: бірі- ескі закон, бірі-жаңа закон. Бұл Жанғұтты жаңа законды көрген жоқ, ескі законда қажыға барып, Мәдине мүннареде жент әл-бақияда қалып, басына тас орнаттырып, тасына жаздырған: «Қазақ-Арғын- Жанғұтты Ботантайұғлы: «Мекке мен Мединені көрмеген кісі: «Анадан тумадым, жалған дүниенің жүзіне келмедім!»-десе де болар!- деп. Онан бұрын әулиелерді зиарат қыла Алатау, Қаратауға барған: «Үйсін Төле бидің басында отырып, төре берген төбесін көремін деп!»- деп, барғанда, Алатау, Қаратаудың: «Пәлен қалай, түген қалай?»- деп, сұрағандарына айтқаны:

-Тобықты Құнанбайшыңның басынан шыққан қайнар бұлақ, Қыпшақ: Ыбырай- қажымас қара болат. Мұса-қабыршығы жоқ, қолға тұрмас, жылмағай қара балық. Шыңғыс төре- мұсылманға суық, орысқа жуық.

Бұл сөздерді Кектіңұлы -Сапақтың бел баласы Имамберді датқа сөйлеген: «Тобықты-Құнанбай, Қыпшақ-Ыбырай, Төртуыл-Мұса- осы үшеуі қазақ маңдайына не ғып сыйып жүргеніне айран-асырмын!- деген.

Құдай рақмет қылсын Жанғұтты Ботантай ұғлына! Әлтеке: Сарымда атамның басы, енемнің бірдемесі бар ма: Жанғұтты мен Жидебай батырдың аруағы- еркіме қоймай, жаздырып отырған. [7, б.142-145]


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау