Солнечный және Жаңаауыл серік қыстақтарының тұрғындарына қарағанда Әуезов және Шалабай
кенттерінің тұрғындарының көпшілігі үшін су құбырнан ағатын ауыз су қолжетімді. Ауылды жерлерде
әдетте кәріз жүйесі болмайды. Тұрмыстық ағынды сулар жиналатын жер шектелген, ол жеке меншікке
берілген, су жинау жүйелі түрде және тиімді жүргізілмейді, және жергілікті билік органыдарының
пікірінше, бұл күрделі мәселе болып табылады.
Қазақстанда денсаулықпен байланысты негізгі мәселелер адамнан адамға жұқпайтын, инфекциялық
емес сипаттағы аурулармен байланысты. Зертелетін ауданда денсаулыққа қатысты негізгі мәселелер
жүрек ауруларымен, семіздікпен және диабетпен байланысты. Ауданда жыныс жолымен берілетін
аурулардың деңгейі төмен, туберкулезге шалдығу деңгейі де төмен.
Денсаулыққа әсер ету әлеуеті және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі
Жоба жергілікті тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді деп күтілуде. Судың сапасымен және нашар
санитарлық-гигиеналық жағдайлармен байланысты жағдайлар төмендейді деп күтілуде. Санитарлық-
техникалық жүйелерді жөндеудің және инфекциялық емес аурулар туралы хабардар болу деңгейінің
артуының арқасында осындай аурулардың деңгейі айтарлықтай төмендеді.
Сондай-ақ жоба жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қандай да бір теріс әсер етуі
мүмкін деп күтілуде. Атап айтсақ, жыныстық жолмен берілетін аурулар саны артады, жол-көлік
оқиғаларының пайызы ұлғаяды, сондай-ақ тау-кен кәсіпорнының күзетшілері мен Жобаның әсеріне тап
болған жергілікті тұрғындардың арасында шиеленістер туындау тәуекелі де болуы мүмкін.
Кенішке қарай бағытталған көлік қозғалысының деңгейі айтарлықтай артады, бұл жол-көлік оқиғасы
тәуекелінің және шу деңгейінің ұлғаюына әкеп соғады. Жаңа жолдарды салу нәтижесінде жол
инфрақұрылымы ұлғайған көлік ағысының талаптарына сай келетін болады.
Егер күзетшілер оңтайлы емес жағдайларда күшін қолданса, онда Жобада күзеттің болуы шиеленіс
тудыруы мүмкін. Күзеттің болуы Әуезов кентінің полиция қызметкерлерімен толықтырылатын болады.
әсерді бақылау және басқару үшін не жасалатын болады?
денсаулық сақтау жүйесіне әсер ету
Әуезов және Шалабай кенттеріндегі дәрігерлер медициналық бақылау көмегімен Бақыршық кенішінің
қайта ашылуымен байланысты демографиялық ахуалдың өзгеруісін барынша қысқа мерзім ішінде жеңе
алатынына сенімді. Жобаның жетекшісі жергілікті тұрғындардың арасындағы демографиялық
өзгерістерді қадағалайтын болады және денсаулық сақтау мекемелерінің жергілікті халықтың
талаптарына сай келетінін анықтау үшін жергілікті денсаулық сақтау органдарынымен ынтымақтасатын
болады. Жобаның жетекшісі медициналық қызмет көрсету жұмыскерлердің талаптарына сәйкес келуін,
кәсіби гигиенаның сақталуын және жұмыскерлер жедел жәрдемді уақтылы алуын қадағалайды.
сексуалды денсаулық және инфекциялық аурулар
Сексуалды денсаулықпен байланысты мәселелерді басқару үшін
Кәсіпорынның жетекшісі бірнеше тәсілді қолдана алады. Бірінші
кезекте бұл - жұмыскерлерге жергілікті тұрғындардың арасындағы
жауапты және құрметті қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін
және сексуалды алымсақтыққа жол бермеу үшін бағытталған
саясатты, корпоративтік этика кодекстерін және білім беру
бағдарламаларын түсіндіру. Сексуалды денсаулықта және
жыныстық жолмен берілетін ауруларды бақылау бағдарламалары
мердігерлерге де таралатын болады. Жұмыскерлерді орналастыру
ауыру тәуекелдерін төмендететіндей етіп ұйымдастырылатын
болады.
Жұмыскерлер
арналған
тұрғын
орынжайлары
инфекциялық ауруларды барынша азайтудың халықаралық стандарттына сай келетін болады.
жазатайым оқиғалар мен жарақаттар
Әуезов
және
Шалабай
кенттеріндегі
дәрігерлер
медициналық
бақылау
көмегімен Бақыршық кенішінің
қайта ашылуымен байланысты
демографиялық
ахуалдың
өзгеруісін
барынша
қысқа
мерзім ішінде жеңе алатынына
сенімді.
Тау-кен және қосалқы өндіріспен байланысты жазатайым жағдайлар мөлшеріің ұлғаю тәуекелін басқару
үшін Жобаның жетекшісі жоспарланған өндіріс қызметінің тәуекелін бағалау негізінде халықтың
денсаулығы мен қауіпсіздігін басқару жоспарын құрастырады. Жоспарда төтенше жағдайларға
дайындық және жергілікті тұрғындарға, сондай-ақ жұмыс орындарында туындаған жазатайым
жағдайлар үшін апаттарды жою жоспарлары қамтылатын болады. Жазатайым жағдайларды болдырмау
үшін учаскеге жүктерді жеткізетін үлкен жүк көліктері үшін жылдамдықты шектеуді тағайындау және
бақылау, автокөліктердің қолдануға жарамдылығын анықтау стандарттарын енгізу және ішімдік пен
есірткі құралдарын тұтынуға қатысты саясатты енгізу жоспарлануда.
күзетпен арадағы шиеленістер және адамның құқықтары
Жергілікті тұрғындар мен компания өкілдерінің (соның ішінде күзеттің) арасында шиеленістердің
туындауына жол бермеу үшін Полиметалл күзет қызметкерлерін адам құқығына қатысты мәселелер
бойынша дайындайды. Күзеттің барлық қызметкерлері тиісті түрде оқытылады, олардың жұмысы зейін
қойып қадағаланатын болады.
қандай әсерлер қалады?
Жобаның денсаулық сақтау саласына келтіретін пайдасы жоба аяқталғаннан кейін де жалғасады деп
болжануда. Басқару шараларына қарамастан, жол-көлік оқиғалары жалғасуы ықтимал, себебі
Полиметалл үшінші тұлғалардың жолдағы мінез-қылығы үшін жауапкершілік тартпайды. Күзетпен
арадағы шиеленістер мұқият мониторинг жүргізуді талап ететін мәселе болып табылады.