Халықаралық ЖҮйемен салыстырғанда қазақСТанда қоршаған ортағА Әсерін бағалау



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет18/18
Дата20.11.2018
өлшемі0,82 Mb.
#22453
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

КУМУЛЯТИВТІК ӘСЕР  

 

Кумулятивтік  әсер  Жобаның  экологиялық  және  әлеуметтік  әсері  басқа  дереккөздер  келетін  әсерге  тап 



болады, олар табиғи үдерістер, жобалар немесе аудандағы өзге қызмет түрлері болуы мүмкін. 

 

ЖОБАМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУЕТТІ КУМУЛЯТИВТІК ӘСЕР ҚАНДАЙ?  



 

ОЭВЖ-де болжанған Жобаның әсері төмен немесе орташа болады, және атмосфералық ауаға, топыраққа, 

су  ресурстарына,  биологиялық  әртүрлілікке  және  жергілікті  тұрғындарға  ететін  әсерден,  сондай-ақ  шу 

әсерінен тұратын болады. Осы мәнмәтінде Жобамен байланысты әлеуетті кумулятивтік әсер анықталған 

жоқ.   

 

КУМУЛЯТИВТІК ӘСЕРДІ БАС ҚАРУ НЕМЕСЕ БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР 



ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ?  

 

Полиметаллдың  жетекшісі  Әуезов  және  Шалабай  кенттеріндегі  әлеуетті  әсер  ету  көздерінің  дамуы 



туралы,  атап  айтсақ,  Жобаның  экологиялық  және  әлеуметтік  әсерін  ұлғайтатын  және  қосылуы  мүмкін 

өнеркәсіптік және ауыл шарушалығы кәсіпорындары туралы  үнемі хабардар болуы тиіс.    

 

 




ЖОБАНЫҢ БАЛАМАЛАРЫ 

 

Қызыл  жобасының  баламалары  экологиялық  және  әлеуметтіук  әсер  ету  тұрғысынан  егжей-тегжейлі 



қарастырылды. Қарастырылған нұсқаларға әртүрлі шығару және өңдеу технологиялары, сондай-ақ кеніш 

инфрақұрылымы нысандарының баламалы орналасқан орны кірді.     

 

БАЛАМАЛЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ 



 

Қызыл  жобасындағы  кен  орны  дәстүрлі  ашық 

тәсілмен,  сондай-ақ  жерасты  тәсілімен  өңдеу  үшін 

жарамды.  Жоба  үшін  өңдеудің  құрамдастырылған 

тәсілі таңдалды.  

 

БАЛАМАЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЫЗБАЛАР 



 

Кеннен  алтын  шығарудың  жалпы  қабылданған 

технологиялары  шоғырланған  немесе  ұсақталған 

кенді 


 

гравитациялық 

сепарациялау, 

сынап 


амальгамациясы  және  цианидпен  сілтісіздендіру 

болып табылады.     

 

Бақыршық  кен  орнында  қалған  алтын  кен 



минералдарының кристалды торымен байланысты және жоғарыда аталған тәсілдермен алтынды кеннен 

алып  шығу  үшін  жарамсыз.    Технологиялық  сынаулардың  нәтижелері  көрсеткендей,  Қызы  жобасының 

алтынын  кешенді  технологиялық  сызбаны  пайдаланған  кезде  дәстүрлі  көп  сатылы  флотация 

технологиясының көмегімен алып шығуға болады. 

 

Қызыл жобасында құрамында бір тоннаға шаққанда 99 грамм алтын бар концентраты өндіру және одан 



әрі  өңдеу  үшін  Ресейге  жөнелту  жоспарлануда.    Бұл  тәсілдеменің  кәсіпорын  үшін  экологиялық 

артықшылықтары  бар,  себебі  ол  учаскеде  цианид  сияқты  қауіпті  химикаттарды  пайдалануға  жол 

бермейді.  

 

 



КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНАЛАСУЫНЫҢ БАЛАМАЛАРЫ 

 

Кен орнының орналасқан жері мен тұспалдануы ашық карьердің күйі мен пішім үйлесімін анықтайды, 



алайда  кәсіпорын  инфрақұрылымының  қалған  нысандары  өндірістік  қажеттілікке,  топографияға, 

қоршаған және әлеуметтік ортаның әсеріге деген сезімталдыққа, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік 

шектеулерге  байланысты  орналасуы  мүмкін.  Учаскені  жобалаған  кезде  техникалық  және  техникалық 

емес  аспектілер,  соның  ішінде  жерлердің  жарамдылығы,  заңды  талаптар,  сондай-ақ  техникалық, 

экономикалық, экологиялық және әлеуметтік критерийлер ескерілді.    

 

Кәсіпорынның  инфрақұрылым  нысандарының  орналасуы  негізінен  қолданыстағы  тау  және  өнеркәсіп 



нысандарының орналасуына, сондай-ақ кеніш денесіне деген қолжетімдік сақталуына тәуелденеді. Бос 

жыныстардың  қайырмалары  мен  қалдық  қоймасы  кәсіпорынның  басқа  компоненттерінің  жанында 

болады.  Кеніш  инфрақұрылымының  орналасқан  жерін  жобалаған  кезде  оны  Әуезов  және  Солнечный 

кенттерінен ажыратуға үлкен назар аударылды.    



Өңдеу тәсілін таңдауды негіздеу 

1. 


Ашық  әдіс  жоғары  бөлікке  көлбеу 

орналасқан  және  Қызыл  Жобасына  ұқсас 

мәні  мен  сипаттамасы  бар  кен  орнын 

өңдеудің  экономикалық  тұғыдан  тиімді 

тәсілі болып табылады

2. 


Технологиялық 

қауіптер 

өндірудің 

жинақталған 

тәсілдерін 

пайдалану 

кезінде төмен болады; 

3. 


Алғашқы  ашық  өндіру  тәсілі  жерасты 

қорларын 

ұзақ 

мерзімде 



өңдеуді 

қаматамасыз етеді.  

4. 

Алғашқы  ашық  өндіру  тәсілі  кенді  тез 



табуды қамтамасыз етеді.  


Кеніш  инфрақұрылымының  орналасқан  орны  кеніштің  инженерлік  коммуникацияларының  желілері, 

соның  ішінде  сумен  қамту,  жылыту  және  электрмен  қамту  желілері  Әуезов  кентінің  инженерлік 

коммуникацияларынан бөлек өтетіндей етіп таңдалды.  

 

 



 


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 

 

Кәсіпорында барлық жобалау талаптарын қамтитын экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары, 



теріс  әсерді  жұмсарту  және  оларды  басқару  жөніндегі  шаралар,  сондай-ақ  ОЭВЖ-де  анықталған 

мониторинг жүргізу  жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылады.  Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар 

жоспарына  ұйымдастырушылық  талаптары,  қоршаған  және  әлеуметтік  ортаның  күйін  бақылау  және 

мониторинг жүргізу жөніндегі жан-жақты айрықша салалық жоспарлар кіреді, олар қоршаған орта мен 

жергілікті  тұрғындарға  әлеуетті  теріс  әсерді  болдырмауға  бағытталған  барлық  шаралардың 

қабылданғанын растау үшін қажет.   

 

Полиметалл  Жобаның  барлық  кезеңдерінде,  соның  ішінде  кеніштің  жобалау,  құрылыс,  өнідірістік 



кезеңдерінде және жапқан кезде экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын жүзеге аыру үшін 

толық жауапкершілік тартады.   Полиметалл Жобаға тартылатын барлық мердігерлердің барлық қажетті 

талаптарды орындауын қамтамасыз етеді. Мердігерлік ұйыммен келісім-шарт жасалғанға дейін бұл ұйым 

табиғатты  қорғау  талаптарын  қалай  орындайтыны  және  оның  әлеуметтік  жауапкершілік  деңгейі 

бағаланатын  болады.  Тендерлік  пакеттерге  Жобаның  осы  саладағы  талаптары  кіретін  болады. 

Экологиялық  және  әлеуметтік  іс-шаралар  жоспарының  талаптары  үнемі  орындалатынына  көз  жеткізу 

үшін  мердігерлік  ұйымдардың  жұмысын  Полиметаллдың  экологтары  мен  социологтары  қадағалайтын 

болады.  

 

Жобаны  жүзеге  асыру  барысында  Полиметалл  мониторинг  бойынша  жылдық  есептерді  жариялайтын 



болады, оларда басқару жоспарларының тиімділігіне және оларды жүзеге асыруға баға беріледі, сондай-

ақ қажет болған кезде Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын өзгерту/толықтыру бойынша 

ұсыныстар  жасалатын  болады.    Аталған  жылдық  есептерге  деген  қолжетімдік  билік  органдарының, 

сондай-ақ несиелік ұйымдардың әсеріне ұшыраған (жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман арқылы) 

жергілікті  тұрғындарға  ұсынылатын  болады.  Жұртшылыққа  таныстыру  үшін  жинақ  есеп  жарияланатын 

болады. Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарының талаптарына сәйкес Полиметалл кенішті 

жабу жоспарын үнемі жаңартуы тиіс және бұдан былай пайдаланылмайтын жердің құнарлығын қалпына 

клетіруі  тиіс.  Кенішті  жабу  және  топырақтың  құнарлылығын  қалпына  келтіру  жоспарында  өндірістік 

кезеңде  одан  арғы  зерттеулердің  нәтижелері,  соның  ішінде  өсімдік  жамылғысын  қалпына  келтіру 

бағдарламасы ескерілетін болады. Кенішті жабудың және топырақтың құнарлығын қалпына келтірудің 

кесімді жоспары кеніштің жабылуына екі жыл қалған кезде келісіліп, жарияланатын болады. 

 

 



 

Тау-кен  жобасының  экологиялық  және  әлеуметтік  тәуекелдері  тиісті  түрде  басқарылыпы,  даму 

мүмкіндіктері бір мезгілде жүзеге асырылатынына көз жеткізу үшін Полиметалл жергілікті тұрғындармен 

және мүдделі тұлғалармен тығыз жұмыс істейтін болады.   

 

МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРМЕН  ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ 



 

Бақыршы  жобасы  бойынша  мүдделі  тұлғалармен  өзара  әрекеттесу  көптеген  жылдар  бойы  жалғасып 

келеді,  бірақ  оларды  белгілі  нысанда  рәсімдеу  талпынысы  2010  жылы  ғана  жасалған  болатын.    Ресми 

түрде хаттамаланған қоғамдық тыңдаулар 2011 жылы Әуезов және Чарск кенттерінде қоршаған ортаға 

әсерін бағалау ауқымында өткізілді.   

 

ОЭВЖ  бойынша  негізгі  зерттеулерді  жүргізу  кезінде  және  Жобаның  ауқымында,  соның  ішінде  ОЭВЖ- 



шығарғаннан  кейін  кезеңде  және  жабу  кезеңінде  мүдделі  тұлғалармен  өзара  әрекеттесу  жоспары 


консультациялар  беру  үшін  және  мүдделі  тұлғалармен  өзара  әрекеттесу  үшін  құрастырылды.   

Полиметалл Мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттесу жоспарын кем дегенде жылына бір рет жүйелі түрде 

жаңартатын болады және теріс әсерді жұмсарту жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу 

бойынша өзара әрекеттесудің жол картасын ұсынатын болады. 

 

Әуезов  кентінің  тұрғындарының  арасында  жұртшылықтың  қатысуымен  іс-шаралар  жүйелі  түрде 



өткізіледі,  олар  негізінен  экологиялық  мониторингті,  сондай-ақ  анықталған  әсерлерді  талқылауға 

арналған. Осындай іс-шаралар әдетте айына бір рет жүргізіледі немесе жергілікті тұрғындарда қанда да 

бір  шағымдар  немесе  мәселелер  туындаса,  жиірек  жүргізіледі.  Полиметалл  2014  жылдың  тамызында 

«Қоршаған  ортаға  әсерді  алдын  ала  бағалау»  тақырыбында  қоғамдық  техникалық-экономикалық 

негіздемелер  нәтижелері  негізінде  Бақыршық  кен  орнының  параметрлерін  өңдеуге  негізде 

құрастырылған тыңдалымдар өткізді (ҚОӘБ-алдындағы кезең)  ТЭН және ҚОӘБ алды бойынша есептер 

ашық және жер асты өндіру, инфрақұрылым және кенді қайта өңдеу бойынша шешімдерден тұрады. 2015 

жылы  шілдеде  ҚР  заңнамасына  сәйкес  орындалған  «Қоршаған  ортаға  әсерді  бағалау»  бойынша 

тыңдалымдар өткізілді. Қазіргі кезде ҚОӘБ бойынша есеп қоғамдық кеңес сериясынан өтуде. 

 

ОЭВЖ әлеуметтік аспектісі бойынша мүдделі тараптармен кеңестер және өзара әрекеттестік 2015 жылдың 



маусым-шілдесінде жергілікті деңгейде Әуезов ауылында және облыстық деңгейде Өскемен қаласында 

өтті.  Ресми  кездесулер  мен  тыңдаулардан  басқа,  Әуезов  кентінің  тұрғыны  болып  табылатын 

Полиметаллдың  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  маманы  жекелеген  адамдармен  және  топтармен 

жүйелі бейресми кездесулер мен пікірталастар өткізеді. Өзара әрекеттесудің бұл механизмі қазіргі таңда 

мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттесудің қандай да бір жоспарымен немесе өзге құжатпен реттелмейді, 

өз батамасын және уақыт шектеулерін ескермегенде.     

 

Геологиялық барлау және техникалық-экономикалық негіздеу кезеңдерінде мүдделі тараптардың өзара 



әрекеттесуінің негізгі мақсаты Полиметалл мен иүдделі тараптар арасынла мемлекеттік, аймақтық және 

жергілікті деңгейде екі жақты тілдесуі тағайындалды, бұл мүдделі тұлғалардың пікірі ОЭВЖ орындаған 

кезде және жобалау кезінде ескерілгендігіне көз жеткізу үшін қажет. Мүдделі тұлғалар Өзара әрекеттесу 

жоспарын зерделеп, өз түсініктемелерін қалдыру үшін шақыртылады. Полиметалл Жоспардың мүдделі 

тұлғалар үшін орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді болуын қадағалайды.  

 

Мүдделі  тұлғалардың  пікірінше,  қазіргі  таңда  анықталған  негізгі  мәселелер  қатарына  Жобаның 



атмосфералық  ауаның,  топырақтың  сапасына,  сондай-ақ  биологиялық  әртүрлілікке,  тұрғындардың 

денсаулығына және жайылым алқаптарына әсері кіреді.  Сонымен қатар, мүдделі тұлғаларды кен өңдеу 

әдістемелері және кәсіпорынның ұзақ мерзімді экономикалық өміршеңдігі қызықтырады.  

 

ОЭВЖ бойынша есептің бастапқы нұсқасы және оған ілесетін техникалық емес түйін бойынша қоғамдық 



тыңдаулар  2015  жылғы  3  желтоқсанда  Әуезов  кентінде  жүргізілді.  Әуезов  кентіндегі  мектептің  акт 

залында  өткен  жиналыста  компанияның  қызметкерлері  мен  Әуезов  және  Шалабай  кенттерінің 

тұрғындары кеңінен құлақтандырылды.   Техникалық емес түйін жергілікті әкімдіктің сайтында тыңдаулар 

өткізілгенге дейін 20 күн қалған мерзімде жарияланды.   

 

ОЭВЖ-ң  соңғы  нұсқасы  бойынша  және  қосымша  экологиялық  және  әлеуметтік  жұмыстардың  есебі 



бойынша  ЕҚҚДБ-ң  тұрғындарға  жариялауға  қойылатын  талаптарының  ауқымында  талаптарының 

ауқымында  Әуезов,  Шалабай  кенттерінде  және  Өскемен  қаласында  үш  ақпараттық  сессия  өткізілетін 

болады. ОЭВЖ бойынша басып шығарылған есеп және қосымша экологиялық және әлеуметтік жұмыстар 

бойынша есеп орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді болады. Сондай-ақ бұл құжаттар ПМ, ЕҚҚДБ және 

жергілікті  әкімдіктердің  сайттарында  жарияланатын  болады.  Тұрғындар  өз  сұрақтарын  жазбаша  түрде 

шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы жолдай алады, мұндай жәшіктер әкімдіктердің 




және ПМ кеңселерінде орналастырылған, сондай-ақ тұрғындар өз сұрақтарын ақпараттық сессияларда 

ауызша қоя алады. Құжаттар 60 күндік кезеңде ашылатын болады, ақпараттық кзедесулер ақпаратты ашу 

үдерісінің ортасында өткізіледі.  

 

 



 

 

 




ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР   

 

БГП  және  Полиметалл  саясатында  жергілікті  мағынадағы 



жобаларды  қолдау  мақсаты  белгіленді.  Бұл  ешқандай 

тәуелділікті  тудырмай-ақ,  жергілікті  тұрғындардың  өмірін 

тұрақты 

түрде 


жақсартады. 

Полиметалл 

жергілікті 

тұрғындардың  арасында  әлеуметтік  және  қоғамдық  даму 

бойынша көптеген іс-шараларға демеушілік етті.   

 

ШАҒЫМДАР ТҮСІРУ МЕХАНИЗМІ 



 

Шағымдарды  алу  және  қарастыру  рәсімі  Жоба  барысында 

пайдаланылатын  өте  маңызды  тәсіл  болып  табылады.  Ол 

туралы  сыртқы  мүдделі  тараптармен  қарым-  қатынас 

ұстайтын  барлық  мамандар  айтатын  болады.  Шағымдар 

түсіру механизмі мен оларды тіркеу үдерісі туралы одан арғы 

ақпарат  жергілікті  тұрғындарға  арналған  ақпараттық 

бюллетеньдерде басып шығарылатын болады және жобалау 

аумағына  кіре-берісте  және  Әуезов  және  Шалабай  кенттерінің  әкімдіктерінің  жанында  орналасқан 

ақпараттық тақталарға орналастырылады.   

 

 

Полиметалл қаражат бөледі 

 

Білім беру мекемелеріне және әлеуметтік 



сала нысандарына 

 

Медициналық мекемелерге 



 

Әлеуметтік 

іс-шараларды 

қаржылық 

қолдау үшін 

 

Мұқтаж  зейнеткерлерге,  жағдайы  төмен 



жанұяларға  және  ҚОС  ардагерлеріне 

қаржылық 

көмек 

көрсетеді 



және 

сыйлықтар береді  

 

Әлеуметтік 



іс-шаралар 

мен 


фестивальдерді үйлестіру және демеушілік 

ету  



ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСУЫ 

 

Қазіргі таңда ОЭВЖ дайындау үдерісі бойынша жұртшылықпен өзара белсенді әрекеттесу жүргізлуде, ол 



ОЭВЖ бойынша есеп құрылыс және өндіріс кезеңдерінде орындау және ЕҚҚДБ қаржыландыру туралы 

басқару  жоспарлары  бекітілгенге  дейін  жалғасатын  болады.    ОЭВЖ  дайындаудың  қалған  мерзімінде 

өзара әрекеттесудің негізгі тәсілдері қоғамдық тыңдаулар мен жобалау және ақпараттық кездесулерден 

тұрады.  

 

Мүдделі  тараптармен  өзара  әрекеттесу  жоспарына  сәйкес  Полиметалл  жергілікті  тұрғындармен,  ҚР 



Үкіметімен,  жергілікті  және  халықаралық  үкіметтік  емес  ұйымдармен  және  өзге  мүдделі  тұлғалармен 

арадағы коммуникация бағдарламасын орындайтын болады.  

 

ОЭВЖ  жөніндегі  кесімді  есепке  мүдделі  тұлғалар  консультация  барысында  берген  түсініктемелер 



енгізілетін  болады.  ЕҚҚДБ  ақпаратын  ашу  мақсатында  ол  орыс  және  қазақ  тілдеріне  аударылатын 

болады. 


 

Жоба бойынша анағұрлым толық ақпаратты    



Polymetal International компаниясынан алуға болады.

 

Бейбіт Аскерканұлы Аскерканов 

 

«Бақыршық тау-кен шығару кәсіпорны» ЖШС 



жұртшылықпен байланыс жөніндегі жетекші маманы  

 

Тел.: +7 (7232)-49-26-00 (ext. 109),  +7 (771) 3027791 



Имейл: 

askerkanov@bgp.polymetal.ru

 

 

Галина Васильевна Чудина Galina  



 

Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы 

«Бақыршық тау-кен шығару кәсіпорны» ЖШС 

 

Тел: +7 (723) 249 26 00 (ext.144),  +7 (705) 311 83 39 



Имейл: 

GalinaCh@bgp.polymetal.ru

 

 

«Бақыршық тау-кен шығару кәсіпорны» ЖШС, Әуезов кенті, Жарма ауданы, 070605, Қазақстан Республикасы 




2016 жылдың қыркүйегі 

 

1 | б е т  



 

 

 




2016 жылдың қыркүйегі 

 

2 | б е т  



 

жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау