бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу
қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның
ішінде карантин енгізудің шарттары
1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген
жағдайда, осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган кеден одағының кедендік шекарасымен
тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің
және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше
жағдайларымен карантин енгізеді.
2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру
бойынша оралымды басшылық жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою
жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі
аумақтық комиссияларға жүктеледі.
3. Жекелеген объектілерде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тиісті
аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның
орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде - халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).
4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және
пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин
енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30
№ 297-IV
(2011.07.01
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
151-бап. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен
улану оқиғаларын тіркеу және тексеру
1. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланудың барлық
оқиғалары, олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеуге
алуына, мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының
мемлекеттік есепке алуына және есептілікті жүргізуіне жатады. Көрсетілген аурулар
мен улану оқиғаларын тіркеу, есепке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша
есептілікті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғалары
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
мамандарының тексеру жүргізуіне жатады.
152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және
дератизациялық іс-шаралар
1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын
алу мақсатында дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық айғақтар
мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары,
қаулылары бойынша инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға
(дезинфекция), жәндіктерді, басқа да буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және
кеміргіштерді қыруға (дератизация) бағытталған шаралар кешенін өз қаражаты
есебінен жүргізуге міндетті.
2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен
кезектен тыс міндетті дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар
бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
25-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ
153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері
1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе
өршуінің, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.
2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді.
Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда
болуының алдын алу мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға
бағытталған.
Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуінің және
олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған.
Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршіп кеткен асқынуды, ағзалар мен
тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.
154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен
байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету,
гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс
тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектілері
уәкілетті органның үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да мемлекеттік
органдармен бірлесіп, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен
қамтамасыз етеді.
155-бап. Медициналық тексеріп-қарау
1. Медициналық тексеріп-қараудың негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға
және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде
кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ
ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік
қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды
қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету
болып табылады.
2. Медициналық тексеріп-қарау міндетті және профилактикалық болуы мүмкін.
3. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып
бөлінеді.
Алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау кәсібі немесе оқуы бойынша
міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың
алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа
тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі.
Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарау жұмыс істеушілердің денсаулық
жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін
уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және
паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізіледі.
4. Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік
факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің
тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-
қарауға жататын қызметкерлердің осындай тексеріп-қараудан уақтылы өтуін қамтамасыз
етеді.
6. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жаппай және іріктелген болып
Достарыңызбен бөлісу: |