практикасын қорытуды, олардың қолданылуын бақылауды;
4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бірыңғай деректер
банкін қалыптастыру мен жүргізуді;
5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпыға бірдей
қабылданған халықаралық талаптармен үйлесімді етуді қамтиды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары
санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік
ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, техникалық регламенттер,
қағидалар мен стандарттар болып табылады.
3. Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қоспағанда,
санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу
мен бекітудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (оның ішінде мекендеу
факторларының, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігінің және (немесе) зиянсыздығының
критерийлерін) белгілейтін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілер санитариялық қағидалар болып табылады,
оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ
аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.
5. Гигиеналық норматив - зерттеулерде белгіленген, мекендеу ортасының белгілі
бір факторын сипаттайтын көрсеткіштің адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе)
зиянсыздығы тұрғысынан алғанда, жол берілетін ең жоғарғы немесе ең төменгі сандық
және (немесе) сапалық мәні.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының
аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
7. Мемлекеттік органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту кезінде
оларды уәкілетті органмен келісуге міндетті.
Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер:
1) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды,
құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;
2) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға;
3) объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге
және пайдалануға беруге әрі күтіп-ұстауға;
4) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;
5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды
өндіру технологияларына;
6) тамақ өнімдері мен тағамдық азық-түлікке, оларды өндірудің, өлшеп-
ораудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өткізудің, кәдеге жаратудың және жоюдың
шарттарына;
7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өнімдерге, онда генетикалық
түрлендірілген объектілердің және қауіпті химиялық заттардың, оның ішінде жойылуы
қиын органикалық ластауыштардың болуына бақылауды ұйымдастыруға және оның жүйесіне;
8) халықтың арнаулы, емдеу-профилактикалық, балалар тамағын, диеталық және
қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;
9) химиялық заттарды, уларды, биологиялық заттар мен материалдарды қолдануға;
10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарына), шаруашылық-
ауыз сумен жабдықтауға әрі мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су
объектілерінің қауіпсіздігіне;
11) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары
аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндірістік, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың
ауасына, микроклиматына;
12) топыраққа және оның қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді
мекендердің, өнеркәсіп, құрылыс алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға;
13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы және
емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;
15) биологиялық және химиялық заттармен, улармен, биологиялық және
микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерімен жұмыс істеу
жағдайларына;
16) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу
жағдайларына;
17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және
өндірістік практика жағдайларына;
18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;
19) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық,
паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа
түрлеріне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік
шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену
көздеріне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрілік заттарға, буып-түйетін және
полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық, полиграфиялық өнім мен кең
тұтынылатын басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттамаға
(стандарттарға, ұйымдардың стандарттарына, нормативтік құжаттарға, рецептерге);
21) дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау құралдарын,
жабдықтарын, материалдарын әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды,
тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен
пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен
қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды
жүргізу шарттарына;
23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына;
24) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға
(фортификациялауға);
25) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдану
мен пайдалануға және олардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануын айқындауға;
26) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын,
оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен
ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық
егуді жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
27) шикізатты сақтау мен қайта өңдеуге;
28) объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және
желдетуге;
29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтау шарттарына;
30) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;
Достарыңызбен бөлісу: |