Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет41/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58

 
шешімі негіз болып табылады.
 
      Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші, бірақ әрекетке қабілетсіз 
деп танылмаған, кәмелетке толған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру сот 
шешімі бойынша жүзеге асырылады.
 
      Қорытындыда адамның оны әлеуметтік қамсыздандыруға арналған 
мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкіндігінен айыратындай болып психикасының 
бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабілеттілігіне қатысты - сот алдында 
оны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіздің жоқтығы туралы 
мәліметтер де куәландырылуға тиіс.
 
      2. Қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын 
адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
 
      3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық 
ұйымға жіберу үшін адамның психикасының бұзылуы (ауруы) негіз болып табылады. Ол 
ата-анасының не оның заңды өкілінің өтініші және республикалық, облыстық немесе 
қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының 
негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуалдық дамуы 
бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп жағдайында оқыту қажеттігі туралы 
мәліметтер қамтылуға тиіс.
 
      4. Психиатр-дәрігер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация 
қатысқан дәрігерлік комиссияның мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға 
не оқуға медициналық айғақтардың жоқтығы туралы қорытындысы психикасының бұзылуынан 
(ауруынан) зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын 
мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болып табылады.
 
      5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
 
      1) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның жеке өтініші 
бойынша, психиатр-дәрігер қатысқан дәрігерлік комиссияның денсаулық жағдайы бойынша 
бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
 
      2) шығарылатын кәмелетке толмаған адамға не сот әрекетке қабілетсіз деп 
таныған адамға күтім-жасауды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге де 
туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізіледі.
 
      
Ескерту. 129-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 
N 375-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
   21-тарау. АЛКОГОЛИЗММЕН, НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ УЫТҚҰМАРЛЫҚПЕН 
АУЫРАТЫНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ 
      130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
 
                ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді
 
                ұйымдастыру
 
      1. Мемлекет алкоголизмнің, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу және 
оларды емдеу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.
 
      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған, алкоголизмнен 
немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға 
қатысты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен, 
нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде 
емделуден жалтарған адамдарға сот шешімі бойынша қолданылады.
 
      131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
 
                ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға
 
                мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш
 
                жасауы
 
      1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар 
наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш 
жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде жүргізіледі 


 
және пациенттің қалауы бойынша - жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
 
      2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын кәмелетке 
толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, сот әрекетке қабілетсіз деп 
таныған адамды медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен 
жүргізіледі.
 
      132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және
 
                уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі
 
      1. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануды 
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті медициналық куәландырудан кейін 
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
 
      2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адам 
мұнымен келіспеген жағдайда, оның мұндай шешімге жоғары тұрған денсаулық сақтауды 
басқару органына және (немесе) сотқа шағым жасауына болады.
 
      133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
 
                ауыратын адамдардың құқықтары
 
      1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың:
 
      1) білікті медициналық көмек алуға;
 
      2) наркологиялық ұйымды таңдауға;
 
      3) өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, емдеу 
мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың қолданылатын әдістері туралы ақпарат алуға;
 
      4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет 
болған жағдайда - жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар.
 
      2. Нашақорлықпен ауыратын науқастың немесе оның заңды өкілінің ұсынылатын 
медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар.
 
      3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне 
медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге 
тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы 
мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған 
нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог 
дәрігердің қолы қойылады.
 
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын нашақорлық 
диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық байқауда тұру фактісі негізінде 
ғана шектеуге жол берілмейді.
 
      134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
 
                ауыратын адамдарды есепке алу және байқау
 
      Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдар 
тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұруға және байқауға 
алынуға жатады және оларда уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен демеп емдеуден 
өтеді.
 
   22-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ 
      135-бап. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке
 
                кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік
 
                органдар және құқық қорғау органдары
 
                қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен
 
                осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық
 
                көмек көрсету
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы 
мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау