Ф Р 042-1.02-2015-01
|
24.08.2016 ж. №1 басылым
|
беттің -сі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
2016 жылғы 26 тамыздағы
№1 басылым
|
Ф Р 042-1.02-2015-01
|
«Патенттану» пәні бойынша тәжірибелік (семинарлық) сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар
|
Инженерлік-технологиялық факультет
Стандарттау және биотехнология кафедрасы
Инженерлік-технологиялық және ақпараттық-коммуникациялық факультеттер мамандықтары үшін
«ПАТЕНТТАНУ»
пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Семей
2016
Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы __________ 29.08.2016ж., Т.Г.Салкинбаева, «Стандарттау және биотехнология» кафедрасының оқытушысы
Әдістемелік нұсқаулық «Патенттану» пәні бойынша «5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша тәжірибелік (семинарлық) сабақтарды жүргізу үшін тағайындалған.
2 ТАЛҚЫЛАҒАН
2.1 Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Стандарттау және биотехнология» кафедрасының отырысында
«__» тамыз 2016ж., №11/1 хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Ж.Кәкімова
2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде
«05» қыркүйек 2014ж., № 5/1 хаттама
Төрайымы _____________ Нургазезова А.Н.
Мазмұны
1
|
Модуль 1. Кіріспе
|
|
|
Практикалық сабақ № 1. Зияткерлік меншік объектілері.
|
|
|
Практикалық сабақ № 2. Қазақстан Республикасының Патент заңы.
|
|
|
Практикалық сабақ № 3. Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңы
|
|
|
Практикалық сабақ № 4. Патенттік ведомстволардың ресми бюллетендері
|
|
|
Практикалық сабақ № 5. Өнертабыс сипаттамасының құрылымы
|
|
|
Практикалық сабақ № 6. Халықаралық патенттік классификация құрылымы
|
|
|
Практикалық сабақ № 7. Халықаралық патенттік классификациясы индекстерін анықтау
|
|
|
Практикалық жұмыс № 8. ГОСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі». («Патентные исследования. Содержание и порядок проведения»)
|
|
|
Практикалық жұмыс № 9-10 (2 сағат). Патенттік зерттеулерді жүргізу
|
|
|
Практикалық жұмыс № 11-12 (2 сағат). Патенттік зерттеулер нәтижелерін өңдеу
|
|
|
Практикалық сабақ № 13. Өнертабысқа өтінім беру тәртібін меңгеру
|
|
|
Практикалық сабақ № 14. Өнертабыс формуласын құру
|
|
|
Практикалық жұмыс №15. Өнертабысқа өтінім материалдарын жинақтау
|
|
Модуль 1. Кіріспе
КІРІСПЕ
Пәннің қысқаша мазмұны. «Патенттану» пәні дипломдық және курстық жоба жасау кезінде орындалатын патенттік-ақпараттық зерттеулерді жүргізу үшін маңызды болып табылады.
Курстың негізгі мақсаты болып білім алушыларға өнеркәсіптік меншік сақтау саласындағы халықаралық және Қазақстан Республикасының заңнамасы, өнертабысқа, пайдалы моделге патент алу тәртібі және т.б. осы саладағы мәселелер бойынша білім беру табылады.
Пәннің мақсаттары болып білім алушыларға өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқығын қорғау, сол үшін қажетті құжаттар өңдеу тәртібін үйрету; лицензиялық келісімге отыру тәртібін көрсету; халықаралық ұйымдардың құрылымымен таныстыру табылады.
Пәнді оқытудағы басты міндеттер – білім алушыларға өз бетімен өнертабысқа, пайдалы моделге патент алуға қажетті құжаттарды орындай алуды үйрету болып табылады.
Пәнді оқу нәтижесінде:
Білуі керек: патенттану бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды; патенттану саласында қолданылатын негізгі ұғымдарды; патенттану саласының негізгі мақсаттарын, принциптерін және критерийлерін;
Игеру керек: патенттану бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды қолдануда; патенттану саласындағы принциптерді және критерийлерді қолдануда; патенттану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және орындауда;
Меңгеру керек: пәннің дәрістік материалдарын;
Істей алу керек: патенттану саласындағы негізгі ұғымдарды; патенттану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру ережелерін;
Ойлау керек: патенттанудың отанымыздағы және шет елдеріндегі тарихы мен қазіргі жай-күйі жөнінде; дамыған мемлекеттерде патенттану жөніндегі қызметтердің ұйымдастырылуы жөнінде; патенттану жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдар жөнінде;
Болу керек: патенттану бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды қолдануда; патенттану объектілері және субъектілерін; ұлттық патенттану жүйесінің құрылымын және осы құрылымға кіретін органдардың құзыреттерін;
Алу керек: патенттану бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды; патенттану саласында қолданылатын негізгі ұғымдарды; патенттану саласының негізгі мақсаттарын, принциптерін және критерийлерін.
Курстың пререквизиттері: құқық негіздері, менеджмент және маркетинг
Курстың постреквизиттері: философия, физика, математика
Практикалық сабақ № 1.
Зияткерлік меншік объектілері.
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Қазақстан Республикасының Патент заңының мәтіні
2. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылытын жерлердің атаулары туралы» Заңының мәтіні.
3. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының мәтіні
Әдістемелік нұсқаулар.
Меншіктің өте маңызды сипаттамасы болып иесі немесе меншіктенуші өз меншігін өз еркімен қолданады және оның рұқсатынсыз заң жүзінде оны ешкім де қолдана алмайды.
Меншіктің үш түрі кездеседі:
- жылжымалы заттардан тұратын меншік;
- жылжымайтын меншік;
- зияткерлік меншік.
Зияткерлік меншік әдетте өнеркәсіптік меншік және авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға бөлінеді.
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Зияткерлік меншіктің дүниежүзілік ұйымын (ВОИС) бекіту туралы конвенциямен зияткерлік меншікке келесілерге құқықтар жататыны белгіленді:
- әдебиеттік, ғылыми, көркем шығармаларға;
- әртістердің орындаушылық қызметтері, дауыс жазу, радио – телевизиялық қызметтерге;
- адам әрекетінің барлық салаларындағы өнертабыстарға;
- ғылыми ашылуларға (открытия);
- өнеркісәптік үлгілерге;
- тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, фирмалық атаулары мен коммерциялық белгіленулерге;
- әділетсіз бәсекелестіктен қорғауға;
- сондай-ақ, өндіріс, ғылым, әдебиет және көркем өнер салаларындағы зияткерлік қызметке жататын барлық құқықтарға.
Зияткерлік меншік объектілеріне жатады:
1) зияткерлік қызмет нәтижелері;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жекешелендіру амалдары;
3) зияткерлік қызмет нәтижелері мен азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жекелшеендіру амалдары.
1- тапсырма. «Материалдық қамтамасыз ету» пунктінде аталған заңдарды оқып, адамның зияткерлік қызметінің нәтижелері мен жекешелендіру амалдары болып табылатын объектілер тізімін құру. Өнеркәсіптік меншік объектілерін астын сызу арқылы көрсету.
2- тапсырма. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің: өнертабыс, өндірістік үлгі, пайдалы модельдың анықтамаларын теріп жазу.
3- тапсырма. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің классификациялық кестесін құру.
4- тапсырма. 1- кестені толтыру.
1- кесте. Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңдары
Зияткерлік меншік объектілері
|
Құқықты қорғайтын заңның аталуы
|
Заңды қабылдау күні
|
Өнертабыстар
|
|
|
Тауар таңбалары
|
|
|
Шығармалар
|
|
|
Практикалық сабақ № 2. Қазақстан Республикасының Патент заңы.
Материалдық қамтамасыз ету:
Патент заңының мәтіні
Әдістемелік нұсқаулар.
Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін және зияткерлік меншік объектілерін жасау, құқықтық қорғау және пайдаланумен байланысты туындайтын мүліктік, сонымен қатар мүліктік емес қатынастарды реттейтің құқықтық база құрылған. Аталған құқықтық базаның негізін мыналар құрайды:
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,
Қазақстан Республикасының Патент заңы,
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы,
және Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік құжаттары.
1- тапсырма. Патент заңын оқып-үйрену.
2- тапсырма. 2-кестені толтыруды жалғастыру.
2- кесте. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілетін қорғау құжаттарының түрілері
Өнеркәсіптік меншік объектілерінің атаулары
|
Берілетін қорғау құжаттардың түрлері
|
Қорғайтын құжат беру алдындағы сараптау түрі
|
Қорғайтын құжат күшінің мерзімі
|
Қорғайтын құжаттың күшінің мерзімін ұзарту мүмкіндігі
|
Өнертабыс
|
Инновациялық патент
|
Үстірт сараптама
|
3 жыл
|
2 жылға
|
Өнертабыс
|
Патент
|
|
|
|
Пайдалы модель
|
|
|
|
|
Өнеркәсіптік үлгі
|
|
|
|
|
Практикалық сабақ № 3. Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңы
Материалдық қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңының мәтіні
1- тапсырма. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Заңын оқып-үйрену
2- тапсырма. 3- кестені толтыру.
3 кесте. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілетін қорғау құжаттарының түрлері
Өнеркәсіптік меншік объектілерінің атаулары
|
Берілетін қорғау құжаттардың түрлері
|
Қорғайтын құжат беру алдындағы сараптау түрі
|
Қорғайтын құжат күшінің мерзімі
|
Қорғайтын құжаттық күшінің мерзімін ұзарту мүмкіндігі
|
Қорғайтын құжаттың күшінің мерзімін ұзарту шарты
|
Тауар таңбасы
|
|
|
|
|
|
Қызмет көрсету таңбасы
|
|
|
|
|
|
Тауар шығарылған жерлердің атаулары
|
|
|
|
|
|
Практикалық сабақ № 4. Патенттік ведомстволардың ресми бюллетендері
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Қазақстан Республикасы патенттік ведомствосының (Қазпатент) ресми бюллетендері
2. Кеңес Одағының патенттік ведомствосының (Госкомизобретений) ресми бюллетендері
Әдістемелік нұсқаулар.
Патенттік құжаттама болып өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты, өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттік құқығы бар адамдар туралы мәліметті құрайтын құжаттама табылады.
Патенттік құжаттама қатаң анықталған құрылымды болады. Өнертабыс пен пайдалы модель формуласында қысқаша олардың мәні сипатталады. Өнертабыс сипаттамасы өнертабысты, пайдалы модельді құру қажеттілігін көрсету, ұсынылған техника объектісі мен қолданыстағы сондай объектілер арасындағы өзгешіліктерді табу және техниканың жаңа объектісінің жаңашылдығын дәлелдеу үшін қажет.
Патенттік құжаттамалардағы негізгі материал мен библиографиялық деректердің орналасатын орны қатаң белгіленеді.
Патенттік құжаттамада ақпараттың екі түрі болады: библиографиялық ақпарат және техникалық ақпарат. Библиографиялық ақпарат патенттік құжаттаманың бірінші бетінде келтіріледі және төмендегілер оның негізін құрайды:
- басып шығарылған күні, басып шығарушы ведомствоның аталуы және мекен жайы, патентке кіргізілген тұлғалардың мысалы: өнертабыс авторы, патенттік құқық иесі, оның өкілдері немесе патенттік агенттің тегі мен мекен жайлары;
- халықаралық классификация бойынша классификациялық белгіленулер;
- өнертабыс атауы, өнертабыс сипаттамасының рефераты, негізгі сызба немесе химиялық формула;
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (Қазпатент) екі бөлімнен құралалатын «Өнеркәсіптік меншік» ресми бюллетенің шығарады. Бірінші бөлімінде өнертабысқа берілген инновациялық патент (патент) және пайдалы модельдерге патент, ал екінші бөлімінде тауар таңбаларының (қызмет көрсету таңбаларының) тіркелуі, тауардың шыққан жерінің аталуы, өнеркәсіптік үлгіге патент берілуі туралы мәлімет болады.
Патенттік құжаттарда ИНИД- кодтары қолданылады.
ИНИД- кодтары дөңгелек жақшаға алынған екі орынды сан түрінде жазылады.
Мысалы, (11) 2012345 түріңдегі ақпаратты былайша оқу қажет.
(11) – ИНИД-код. Мағынасы – «қорғау құжатының нөмірі»;
2012345 – ИНИД-кодтың мәні.
Бірге алғанда бұл ақпарат өнертабысқа нөмірі 2012345 қорғау құжаты берілгенің көрсетеді.
(57) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет
(57) – ИНИД-код, «өтінім беруші» деп оқылады.
Сонда бұл ақпарат өнертабысқа қорғау құжатын алу үшін өтінім беруші Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті екенің білдіреді.
1- тапсырма. «Материалдық қамтамасыз ету» пунктіндегі құжаттарды оқып-үйрену, патенттік бюллетенде келтірілген ақпараттың құрылымын меңгеру.
2- тапсырма. 4- кестені толтыруды жалғастыру.
4 кесте. Патенттік құжаттардағы ИНИД – кодтары
ИНИД – код белгіленуі
|
ИНИД – код мағынасын ашу
|
ИНИД код арқылы алынатын ақпарат
|
(11)
|
Қорғайтын құжат нөмірі
|
1234567
|
(51)
|
МПК (МКИ) индексі
|
А 23 С 12/154
|
...
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Практикалық сабақ № 5. Өнертабыс сипаттамасының құрылымы
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Қазақстан Республикасы инновациялық патенттері мен патентерінің өнертабыс сипаттамалары
2. Кеңес Одағындағы авторлық куәліктерінің өнертабыс сипаттамалары
1- тапсырма. Оқытушымен берілген өнертабыс сипаттамаларын оқып-үйрену.
2- тапсырма. Жұмыстық дәптерге бір өнертабыс бойынша оның құрылымдық элементтерінің тізімін жазу.
Әдістемелік нұсқаулар.
Өнертабыс сипаттамасының құрылымдық элементтерінің тізімін жасау үлгісі:
1. Библиографиялық мәліметтер
2. Өнертабыс аталуы
3. Реферат
4. Қолдану облысы
5. Өнертабыс аналогтары және олардың кемшіліктері
6. …….
Практикалық сабақ № 6. Халықаралық патенттік классификация құрылымы
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Халықаралық патенттік классификация (Кіріспе. Негізгі топтардың тізімі)
2. Халықаралық патенттік классификация (Жеке бөлімдері)
3. Халықаралық патенттік классификация (Алфавиттік – тақырыптық көрсеткіштері)
Әдістемелік нұсқаулар.
Ғылыми техникалық әдебиеттің арнайы түрі ретінде патенттік құжаттамалардың ерекшелігі болып патенттік құжаттардың арнайы реттелу жүйесін - өнертабыс классификаторларын қолдану табылады.
Өнертабыстарды классификациялау өнертабыс сипаттамаларындағы және басқа да патенттік құжаттардағы техникалық шешімдерді патенттік рубрикалар бойынша үлестіру мақсатында енгізіледі. Өнертабыстарды классификациялау патенттік құжаттарды және сұранықа сәйкес материалдарды арнайы қорлардан оңай табуға мүмкіндік береді. Өйткені қабылданған өнертабыстарды классификациялау жүйесі негізінде өнертабысқа индекс беріледі және ол арнайы қорларда берілген индекске сәйкес орналастырылады.
Халықаралық өнертабыстар классификациясы (ХӨК) бірқатар Европа елдерінің ақылдасуы арқылы өнертабыстарды классификациялау жүйелерін жақындату туралы шешім ретінде жобаланған. 2000 жылдың 1 қаңтарынан ХӨК- тың 7– басылымы күшіне енді. 2000 жылдан бастап классификация «Халықаралық патенттік классификация» (ХПК) деп аталады.
Халықаралық патенттік классификация екі принцип: атқаратын функциясы бойынша және тақырыптық принцип бойынша құрылған.
Халықаралық патенттік классификация рубрикасының құрылымы:
Бөлім
Класс
Шағын класс
Негізгі топ немесе шағын топ.
1- апсырма. Халықаралық патенттік классификацияның құрылымын меңгеру.
2- тапсырма. Жұмыс дәптеріне Халықаралық патенттік классификацияның бір рубрикасының схемасын ашып жазу.
Әдістемелік нұсқаулар.
Халықаралық патенттік классификация рубрикасының схемасын орындау мысалы.
ХПК рубрикасы: D 06 F 53/02
Рубриканы ашу:
D – бөлім – Тоқыма; қағаз
D 06 – класс – Тоқыма өнімдерін өңдеу; жуу; басқа кластарға жатқызылмаған майыспалы материалдар
D 23 F – шағын класс – Тоқыма өнімдерді жуу; кептіру; үтіктеу; престеу немесе бүктеу
53/00 – негізгі топ - Кір жайылатын жіптер; оларға арналған бағандар;
9/12 – шағын топ – . кір жайылатын жіптер
Практикалық сабақ № 7. Халықаралық патенттік классификациясы индекстерін анықтау
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Халықаралық патенттік классификация (Кіріспе. Негізгі топтардың тізімі)
2. Халықаралық патенттік классификация (Жеке бөлімдері)
3. Халықаралық патенттік классификация (Алфавиттік – тақырыптық көрсеткіштері)
Тапсырма. Нұсқа кестесінен таңдалған объектінің Халықаралық патенттік классификация рубрикасының индексін анықтау (5 кесте)
5- кесте. Тапсырманың нұсқалары
Нұсқа нөмірі
|
Объект
|
Нұсқа нөмірі
|
Объект
|
1
|
Органикалық тыңайтқыштарды енгізетін машина
|
11
|
Қамыр илегіш машина
|
2
|
Спортшыларды дайындау құрылғысы
|
12
|
Тағам өнімдерін ұсақтайтын құрылғы
|
3
|
Картоптан тағам өнімдерін алу тәсілі
|
13
|
Майонезді алу тәсілі
|
4
|
Өсімдік қосылған сүт өнімдерін өндіру тәсілі
|
14
|
Ортадан тепкіш сұйық шашыратқыш
|
5
|
Мұзды алу құрылғысы
|
15
|
Балмұздақты дайындау үшін композиция
|
6
|
Тоқыма өнімдерді жуу әдісі
|
16
|
Піскен шұжықтарды дайындау әдісі
|
7
|
Душтық құрылғы
|
17
|
Іштен Жану двигатель үшін ауатазартқыш
|
8
|
Ортадан тепкіш насос
|
18
|
Бұйымдардың герметикалығын сынауға арналған құрылғы
|
9
|
Суреті бар пластинаны шығаратын механизімді ойыншық фотоаппарат
|
19
|
Шаңғышылар жүгіретін трассаны күтуге арналған құрылғы
|
10
|
Алыс қашықтыққа жүгіруге арналған шаңғылардың аяқ киімі
|
20
|
Галстукты жасау тәсілі
|
Практикалық жұмыс № 8. ГОСТ Р 15.011-96 «Патентные исследования. Содержание и порядок проведения» («Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі»)
Материалдық қамтамсыз ету:
ГОСТ Р 15.011-96 . «Патентные исследования. Содержание и порядок проведения».
Әдістемелік нұсқаулар.
Патенттік зерттеулер дегеніміз – шаруашылық қызметі объектілерінің техникалық деңгейі мен даму тенденцияларын, олардың патентке қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекеге қабілеттілігін патенттік және басқа да ақпарат негізінде зерттеу болып табылады.
Патенттік зерттеулердің мақсаттары: шығармашылық жұмыстың қайталануының алдын – алу және белгілі техникалық шешімдерді жобалау мен іздеуге қажетсіз бос күш жұмсаудың алдын – алу, ғылыми техникалық шығармашылық саласындағы авторлық және мемлекеттік мүдделерді қорғау, отандық және шетел ойларының жетістіктерін ғылыми техникалық прогресті үдейту үшін максималды қолдану, отандық және шетелдік өнертабыстардың жеткен деңгейінен асатын жаңа техника шығару.
Патенттік зерттеулер объектісі – шаруашылық қызметінің объектілері және шаруашылық қызметтің өзі.
1- тапсырма. ГОСТ Р 15.011-96 тараулары мен құрылымын меңгеріп, стандарттың ақпараттық деректерін жазып алу.
2- тапсырма. № 7- практикалық жұмыс нұсқасы бойынша осы Әдістемелік нұсқаулардың А қосымшасында келтірілген «Патенттік зерттеулерге тапсырма» формасын толтыру
Практикалық жұмыс № 9-10 (2 сағат). Патенттік зерттеулерді жүргізу
Материалдық қамтамасыз ету:
1. ГОСТ Р 15.011-96. «Патентные исследования. Содержание и порядок проведения».
2. Қазақстан Республикасы инновациялық патенттері мен алдын ала патенттерінің өнертабыс сипаттамалары
3. Кеңес Одағындағы авторлық куәліктерінің өнертабыс сипаттамалары
4. Ғылыми техникалық құжаттама (рефераттар журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар)
1-тапсырма. Алдынғы практикалық сабақта құрылған «Патенттік зерттеулерге тапсырма» бойынша іздеу жүргізу
2 Тапсырма. Табылған ақпаратты жұмыс дәптеріне жазып алу
Практикалық жұмыс № 11-12 (2 сағат). Патенттік зерттеулер нәтижелерін өңдеу
Материалдық қамтамасыз ету:
1. ГОСТ Р 15.011-96. «Патентные исследования. Содержание и порядок проведения».
2. Қазақстан Республикасы инновациялық патенттері мен алдын ала патенттерінің өнертабыс сипаттамалары
3. Кеңес Одағындағы авторлық куәліктерінің өнертабыс сипаттамалары
4. Ғылыми техникалық құжаттама (рефераттар журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар)
Тапсырма.
Алдыңғы практикалық сабақтарда жүргізілген іздеу нәтижелерін осы Әдістемелік нұсқаулардың Б қосымшасында келтірілген «Іздеу объектісін патенттік және ғылыми-техникалық әдебиеттер бойынша зерттеу туралы анықтама» формаларын толтыру арқылы өңдеу.
Практикалық сабақ № 13.
Өнертабысқа өтінім беру тәртібін меңгеру
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Практикалық сабақтарды орындаудың осы Әдістемелік нұсқаулары
2. Қазақстан Республикасының Патент заңы
Әдістемелік нұсқаулар.
Өнертабысқа патент алу үшін өтінім материалдарын өңдеу СХЕМАСЫ:
1. Өнертабыс объектісін анықтау, техникалық деңгейін саралау
2. Патент алу үшін өтінім материалдарын дайындау туралы шешім қабылдау
3. Құқықтар көлемін анықтау, өнертабыс формуласын құру
4. Формула негізінде өнертабыс сипаттамасын және басқа өтінім материалдарын дайындау
5. Инновациялық патент немесе патент беру туралы өтініш нысанын толтыру
6 . Өт інім беру үшін патенттік төлемді өтеу
7. Өтінім материалдарын патенттік ведомствоға жіберу
8. Өтініштің өтінімді тіркеу нөмірі және басымдылық күні көрсетілген бір данасын патент ведомствосынан алу
9. Сараптаманың сұранымдарына жауап беру, сараптама өту кезінде сарапшымен хат алмасу
10. Патент беру туралы шешім алу және құжаттарды беруге дайындау үшін төлемді өтеу
11. Патент алу
12. Патентті күшінде ұстау
Өнертабысқа өтінім құрамы.
Өтінім мыналарды құрау керек:
- өнертабыс авторлары мен инновациялық патент немесе патент оның атына сұралатын тұлғалар, сондай-ақ олардың мекен жайы немесе орналасқан орны көрсетілген инновациялық патент немесе патент беру туралы өтініші;
- оны жүзеге асыру үшін жеткілікті толықтықпен мәнің ашатын өнертабыс сипаттамасы;
- сипаттамаға толықтай негізделген, оның мәнін ашатын өнертабыс формуласы;
- өнертабыс мәнің ұғыну үшін қажет болса - сызбалар мен басқа материалдар;
- реферат;
және т.б. құжаттар.
Инновациялық патент немесе патент беру туралы өтініш орыс тілінде немесе мемлекеттік тілде беріледі. Басқа өтінім құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілдерде беріледі. Егер басқа өтінім құжаттары басқа тілде берілсе, онда өтінімге қоса оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы беріледі.
Инновациялық патент немесе патент беру туралы өтініш төрт данада беріледі, мемлекеттік немесе орыс тілінде құралған өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы, өнертабыстың мәнін ашатын қажетті сызбалар мен басқа материалдар, реферат үш данада беріледі.
Өтініш бір өнертабысқа немесе бір-бірімен тығыз байланысты, ортақ өнертабыстық ойды құрайтын өнертабыс тобына жату керек (өнертабыс бірлігі принципы).
Инновациялық патент беру туралы өтініш.
1) Инновациялық патент беру туралы өтініш ӨН-1И.П нысанында беріледі (осы Әдістемелік нұсқаудың Д қосымшасында).
2) инновациялық патент беру туралы өтiнiм бiлдiрiлген 71-кодты бағанда «өтiнiм иесі» деген сөзден кейiн инновациялық патент сұратылып отырған өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) туралы мәлiметтер келтiрiледi: жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болса) немесе ресми тiркеу туралы құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резиденттерi үшiн құжаттың көшiрмесi қоса берiледi) заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдiң ресми атауы мен толық пошта мекен-жайын қоса отырып, тиiсiнше олардың тұрғылықты жерi, орналасқан орны туралы мәлiметтер келтiрiледi.
Егер өтінім иелері бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың әрқайсысы үшін келтіріледі.
3) 54-кодтың астындағы бағанда өтініш берілген өнертабыстың (өнертабыс тобының) атауы келтіріледі, бүл өнертабыс сипаттамасында аталған атаумен сәйкес келуге тиіс. Өнертабыс атауына арнаулы атау енгізілген жағдайда тиісті түсқа "X" таңбасымен Заңның 9-бабының 4-тармағы талаптарының сақталуы ескеріледі.
4) «хат алмасу үшін мекен-жай» бағанында Қазақстан Республикасы аумағындағы толық почта мекен-жайы және адресаттың аты немесе атауы келтiрiледi;
5) 74-код астындағы бағанда өтiнiм берушiнiң (өтiнiм берушiлердiң) өкiлдерi, оның iшiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл (патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер) немесе өтінім иесінің өкілі туралы мәлiметтер келтiрiледi. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл үшін оның толық аты, уәкiлеттi органдағы тiркеу нөмiрi, тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi;
6) өтiнiштiң екiншi бетiндегi «Қоса берiлетін құжаттардың тiзбесi» бағанның тиiстi торына "Х" белгiсiн қою жолымен және даналар саны мен тiркелген құжаттардың әр данасындағы парақтар саны көрсетiле отырып толтырылады. Түрлерi өтiнiм нысанында қарастырылмаған («басқа құжат») қоса берiлетiн құжаттардың нақты аттары көрсетiледi;
7) «өтінім беруге және инновациялық патентті алуға құқықтың пайда болу негiзi» бағанына "Х" белгiсiн қоюмен инновациялық патентке өтiнiм беру және оны алу үшiн тиiстi негiз (негiздер) белгiленедi;
8) 72 код астындағы бағанда автордың (авторлардың) толық аты (аттары), 72 код астындағы бағанның жанындағы бағанға тұратын жерiнiң толық пошталық мекен-жайы келтiрiледi, шетелдiктер үшiн ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша елдiң коды көрсетiледi;
9) 72 код бағаны астындағы баған автор (авторлар) инновациялық патентке өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланымы кезiнде өзiн (өздерiн) осылай атамауды өтiнген жағдайда ғана толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезiнде атамауды өтiнген авторлардың әрқайсысының тегi, аты-жөні және олардың қолдары келтiрiледi.
1- тапсырма. Жұмыс дәптеріне өнертабысқа патент алу үшін өтінім материалдарын өңдеу схемасын жазу
2- тапсырма. ӨН-1И.П өтініш нысанын толтыру.
Практикалық сабақ № 14. Өнертабыс формуласын құру
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Қазақстан Республикасының алдын ала патенттері мен инновациялық патенттерінің өнертабыс сипаттамалары.
2. Кеңес Одағының авторлық куәліктерінің өнертабыс сипаттамалары.
3. «Өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтініш құрастыру, беру және құрау жөніндегі нұсқаулық» мәтіні.
Әдістемелік нұсқаулар.
Өнертабыс формуласы инновациялық патент пен патент беретін құқықтық қорғау көлемін анықтау үшін арналады.
Өнертабыс формуласы толығымен сипаттамада негізделу керек, яғни өнертабыс оның сипаттамасында берілген ұғымдармен сипатталу керек.
Өнертабыс формуласының құрылымы.
Формула бір тізбекті және көп тізбекті болуы немесе бір немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін.
Көп тізбекті формула тармақтары бірден (1) бастап, орналасу тәртібімен араб сандарымен нөмірленуге тиіс.
Формула тармағы, әдетте неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан ажыратын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады.
Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң «былайша ерекшеленетін» деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі.
Формула тармағы бір сөйлем ретінде баяндалады.
Өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін анықтайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау түрінде көрінеді.
Өнертабыс формуласының тәуелді тармағы тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын тәуелсіз тармақта, белгілерде келтірілген өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады.
Тапсырма.
Оқытушымен берілген тапсырма бойынша өнертабыс формуласын құру.
Практикалық жұмыс №15. Өнертабысқа өтінім материалдарын жинақтау
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Өнертабыс сипаттамасы
2. Қазақстан Республикасы Патент заңының мәтіні
Әдістемелік нұсқаулар.
Сызбалар және өзге де материалдар.
Сызбалар және өзге түсіндіруші материалдар егер олар өнертабыс мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайда ұсынылады.
Түсіндіруші материалдар графикалық кескіндемелер (тәсім, сурет, графика, эпюр, осциллограмма және т.б.), фотосуреттер және кестелер түрінде ресімделуі мүмкін.
Суреттер өнертабысты сызбалар немесе тәсімдермен бейнелеу мүмкін болмаған жағдайларда ұсынылады.
Ұсынылған сызбалар мен өзге де материалдар сипаттама мәтінімен келістірілуге тиіс. Сызбалардағы барлық мәндерге сипаттамада сілтеме болуы тиіс.
Реферат.
Реферат өнертабыс туралы қысқаша ақпарат ретінде ұсынады, яғни өнертабыс туралы ақпарат мақсаттары үшін қызмет етеді және атауы, өнертабыс жататын техника саласына сипаттамасы енетін, өнертабыс сипаттамамасының қысқаша баяндалған мазмұнын құрайды және/немесе егер бұл атауынан анық болмаса, қолдану саласы, қол жеткен техникалық деңгейі көрсетілген мәнінің сипаттамасы кіреді. Өнертабыс мәні рефератта әрбір тәуелсіз тармағының барлық маңызды белгілері сақтала отырып, формула еркін баяндалуымен сипатталады.
Қажет болған жағдайларда рефератқа сызба немесе химиялық формула кіреді.
Рефератта қосымша мәліметтері болуы мүмкін, атап айтқанда, формуланың тәуелді тармақтарының бар жоғы мен саны, графикалық кескіндемелер, кестелер.
Реферат мәтінінің көлемі – 1000 баспа таңбадай болуға тиіс.
1- тапсырма. Өнертабыс рефератын құру
2- тапсырма. Алдыңғы практикалық жұмыстардың материалдары бойынша, өнертабысқа өтінім беруге барлық құжаттарды дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |