әкетуіне жол берілмейді.
6. Адамның әкелуге және әкетуге арналған тiндерін және (немесе) ағзаларын
(ағзаларының бөлiктерiн) биологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан зерттеу, консервациялау
және тасымалдау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013
№ 107-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
173-бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін,
жасушаларының, тіндерінің, биологиялық
сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу,
әкету үшін негіздер
Ескерту. 172-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкелу:
1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған
кезде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу
қажет болған кезде;
3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан қан мен оның компоненттерін әкету:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының
азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
жердегi жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет
болған кезде;
3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;
4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген
жағдайларда;
6) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін
(келісімшарттық фракциялау) Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында
қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан
компоненттерінен плазмалық қан препараттарын шетелдік өндірушінің зауыттарында
өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген кезде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен
оның компоненттерін әкелу және әкету айырбастау тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Осындай айырбастау қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттері
болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5)
тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына
кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкілетті орган
медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша
қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.
5. Диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық
зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық
сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің,
физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру
құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
6. Қан мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол
берілмейді.
Ескерту. 173-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013
№ 107-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және
(немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн
әкелудiң, әкетудiң тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында
көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн)
және (немесе) тiндерін, қан мен оның компоненттерiн Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкетуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың
сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттарда және «Лицензиялау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия
негізінде жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган адамның тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге,
әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді үш жұмыс
күні ішінде, ал адамның ағзаларын әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе
беруден бас тарту туралы шешімді бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Ескерту. 174-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013
№ 107-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
8-БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
29-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және
фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының
білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын
іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім
беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге
асырылады. Клиникалық базалардың - медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық
бөлімшелерінің, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарымен шарт бойынша медицина
және фармацевтика кадрларын даярлау үшін тиісті жағдайлар жасайтын денсаулық сақтау
ұйымдарының болуы медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті
шарты болып табылады.
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен медициналық және
фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ
жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені,
оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу
орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын игерген адамдар
үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша
маман сертификаты да олардың медициналық ұйымдарда қызметке орналасуы үшін негіз
болып табылады.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім
Достарыңызбен бөлісу: |