Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет33/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58

 
есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;
 
      13) егер кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе 
денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;
 
      14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын 
лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық 
нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеруі мақсатында оларға кедергісіз кіруін 
қамтамасыз етуге;
 
      15) эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің 
лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау 
және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
 
      
Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 
N 378-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2011.07.15 
N 461-IV
 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      91-бап. Пациенттердің құқықтары
 
      1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:
 
      1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат 
жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
 
      2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық 
критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;
 
      3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;
 
      4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер 
қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;
 
      5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, 
сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;
 
      6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум 
өткізілуіне;
 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.
 
      2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы 
қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға 
құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт 
орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.
 
      Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер 
көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық 
ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.
 
      3. Медициналық көмек пациенттің ауызша немесе жазбаша хабардар етілген ерікті 
түрдегі келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс.
 
      4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу 
әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас 
тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын 
нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса 
алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге 
шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына 
құқығы бар.
 
      5. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын 
адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді 
және медициналық құжаттамаға енгізіледі.
 
      6. Егер медициналық апараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай 
тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен 
жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның 
жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.
 


 
      7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары 
жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-
ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан 
бас тартуға құқығы бар.
 
      8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, 
сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
 
      9. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы 
толық ақпарат алуға құқығы бар.
 
      10. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық 
зерттеп-қаралуға құқығы бар.
 
      92-бап. Пациенттердің міндеттері
 
      1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:
 
      1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
 
      2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
 
      3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге 
хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық 
нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
 
      4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне 
ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта 
болуға;
 
      5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп 
төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-
күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
 
      6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді 
орындауға міндетті.
 
      2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің 
міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-
анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.
 
      93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы
 
      1. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің 
немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.
 
      2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды 
өкіліне оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.
 
      3. Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, 
медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, 
сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.
 
      Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас 
тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазбаны медицина 
қызметкері жүзеге асырады және оған қол қояды.
 
      4. Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері 
аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан 
кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы 
органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.
 
      94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек
 
               көрсету
 
      1. Азаматтардың келісімінсіз:
 
      1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;
 
      2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;
 
      3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші;
 
      4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау