туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18
N 547-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп
емделуде жүрген науқастардың құқықтары
1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген
науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы
мамандандырылған ұйымда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен
пайдаланады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу
соттылыққа әкеп соқпайды.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
науқастың жұмыс орны сақталады.
4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек
стажына есептеледі.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулездің жұқпалы
түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл
уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.
109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда
туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
науқастарды емдеу және ұстау
1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда
туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді
ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен
тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан
туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады,
содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді жалғастыру
үшін шығарылуға жатады.
Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағдайда, туберкулездің жұқпалы түрімен
ауыратын науқас консилиумның қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұйымға
ауыстырылады және онда қарапайым стационарлық жағдайда емделуді жалғастырады.
110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі
медициналық байқау және емдеу
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар
туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері
бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен ауырудың қайталануын болғызбайтын ем алып
тұруға міндетті.
111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға
әлеуметтік көмек
Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған
медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға
жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына
көмек көрсетеді.
19-тарау. АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ЖӘНЕ ЖИТС-ПЕН
АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы,
диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі
мемлекет кепілдіктері
Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға:
1) тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық
зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз
етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық
көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;
4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол
бермеуіне;
5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі
профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.
113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды
әлеуметтік қорғау
1. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын балалардың мектепте және басқа оқу
орындарында оқуы қамтамасыз етіледі.
2. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға,
жұмысқа, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан
бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан
келтіруге, сол сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де
құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді.
3. АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауыруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық
қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы
салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.
114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
1) халықтың түрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және білім беру
бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша
эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету;
3) халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;
4) АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас және қан арқылы жұғуынан қорғау
жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық
консультациялар беру пункттерін құру;
6) тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты халыққа қызметтер көрсету
кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін негізде
ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және АИТВ
инфекциясы мәселелері бойынша консультациялар алуға құқығы бар.
2. АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-қаралуға:
1) қанның, оның компоненттерінің, тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар
бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттері;
2) өздеріне қатысты денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот
органдарының сұрау салуы негізінде АИТВ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті
негіздер бар адамдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық
Достарыңызбен бөлісу: |