3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын
қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын
пайдалану кезінде
болашақ баланың жынысын таңдауға жол берілмейді.
4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін
алуға болмайды.
5. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей
түрлерді өрбітіп-өсіруге тыйым салынады.
100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек
1. Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін
ұрықты көтеріп жеткізетін әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала
көтеруді және мерзімінен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды
білдіреді.
2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда,
психикалық, соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі
туралы медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер
суррогат ана бола алады.
3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың
құқықтары және келісімшарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасымен реттеледі.
101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау
1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау,
медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың
донорлары болуға құқығы бар.
2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының кейінгі тағдыры
туралы ақпаратқа құқығы жоқ.
3. Донорлықты жүргізудің және жыныстық жасушаларды сақтаудың тәртібі мен
шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
102-бап. Контрацепцияны пайдалану
1. Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық
контрацепция әдістері
мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар.
2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін
ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу
жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі.
103-бап. Хирургиялық стерилизациялау
1. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау
отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы
бар азаматтарға қатысты, ал
медициналық айғақтар мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда -
жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.
2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше
медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар
жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатыны туралы міндетті түрде алдын ала
хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.
3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті
орган бекітеді.
104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу
1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.
Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-
этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды
түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.
2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі
аптаға
дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі
аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер
төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің
өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар
болған кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.
3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-
аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды
түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция
әдістері мен құралдарын жеке
іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
5. Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті
орган бекітеді.
18-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық
көмек көрсету
1. Туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда
болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға
жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.
106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады
деп танудың тәртібі
1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық және
аспаптық зерттеулердің нәтижелері
ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының
қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында
медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау
ұйымының шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің
негізі мен тәртібі
1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу
пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы
ұйымдарда оқшаулау арқылы
туберкулезге қарсы және симптомдық емдеуді қамтиды.
2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге
олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы
негіз болып табылады.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын
азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының
(ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
4. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен
босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде
бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін
түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа
жібереді.
5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен
бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп
емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау
ұйымы немесе ішкі істер
органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.
6. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу