Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет29/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58

 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника:
 
      1) клиникалық зерттеулер жүргізуге;
 
      2) дәрілік заттарды сараптауға;
 
      3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
 
      4) нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек 
көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің 
шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге;
 
      5) оларды кейіннен сату құқығынсыз көрмелер өткiзуге;
 
       6) төтенше жағдайларды болғызбауға және (немесе) олардың салдарларын жоюға; 
 
      7) денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген баламасы 
жоқ бірегей медициналық техникамен, сондай-ақ бірегей медициналық техниканы 
жинақтауға жататын және соған арналған медициналық мақсаттағы бұйымдармен 
жарақтандыруға;
 
      8) инновациялық медициналық технологияларды енгізуге арналған болса, оларды 
уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан 
Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.
 
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды 
қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы 
бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан 
Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
 
      Гуманитарлық көмекке (жәрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке 
арналған дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника 
(оның ішінде тіркелмегендері) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын 
тәртіппен берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан 
Республикасына әкелінеді.
 
      5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген, Қазақстан Республикасының 
денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн дәрiлiк 
заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тәркiленуге және 
жойылуға жатады.
 
      
Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 
№ 107-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      80-1-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
 
               бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан
 
               Республикасына әкелуге рұқсат берілген тұлғалар
 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен Қазақстан 
Республикасының аумағына дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканы әкелудi:
 
      1) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы өндіруге арналған лицензиясы бар өндiрушi ұйымдар;
 
      2) қызметін бастағаны туралы хабарлама бойынша, дәрiлiк заттарды көтерме 
саудада өткiзуге арналған лицензиясы бар не медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау 
субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;
 
      3) осы Кодекске сәйкес дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканы әзiрлеу және мемлекеттiк тiркеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдары, 
зертханалар;
 
      4) мемлекеттiк тiркеу кезiнде сараптама, клиникалық зерттеулер және (немесе) 
сынақтар жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiрушiлердiң көрмелерiне қатысу 


 
үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы 
шетелдiк өндiрушi ұйымдар, олардың уәкiлеттi өкiлдiктерi (филиалдары) немесе 
олардың сенiм бiлдiрiлген жеке және заңды тұлғалары;
 
      5) медициналық қызметтi жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге 
асыруы мүмкін.
 
      
Ескерту. 9-тарау 80-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.06.2013 
№ 107-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      80-2-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
 
               бұйымдар мен медициналық техниканы жеке
 
               пайдалану үшін және өзге де коммерциялық емес
 
               мақсаттарда әкелу
 
      1. Егер дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техника:
 
      1) жеке тұлғалардың, дипломатиялық корпус қызметкерлерінің немесе халықаралық 
ұйымдар өкілдерінің жеке пайдалануына;
 
      2) Кеден одағының кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен 
экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге;
 
      3) халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушылар мен халықаралық 
экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған болса, олар уәкілетті органның 
рұқсатынсыз әкелінеді.
 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасында 
тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.
 
      
Ескерту. 9-тарау 80-2-баппен толықтырылды - ҚР 21.06.2013 
№ 107-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      80-3-бап. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының
 
               кеден ісі саласындағы уәкілетті органының өзара
 
               іс-қимыл жасауы
 
      1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 және 4-тармақтарында, 80-2-бабында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс 
келетiн Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан 
Республикасының кеден органдарына мемлекеттiк тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiліп, 
әкелiнетін дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың әрқайсысының мемлекеттiк тiркелуi туралы уәкiлеттi орган растаған 
мәлiметтер ұсынылуға тиiс.
 
      2. Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органы дәрiлiк 
заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Кеден одағының кедендiк 
шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Кеден одағының кедендiк 
шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы мәлiметтердi 
уәкiлеттi органға ұсынады.
 
      
Ескерту. 9-тарау 80-3-баппен толықтырылды - ҚР 21.06.2013 
№ 107-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
 
               мен медициналық техниканы әкету тәртібі
 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау